Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет89/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   105

288
23. Тұлғаның санасын қалыптастыру əдістерін көрсетіңіз :
А) əңгіме;
Ə) қоғамдық өмір;
Б) түсіндіру;
В) жарыс;
Г) үлгі.
24. Еңбекке баулу əдістерін таңдап алу шарттары:
А) еңбекке баулудың мақсаты мен міндеті, мазмұнына қарай;
Ə) ұжымның ұжымшылдығына қарай;
Б) білім алушыларға кəсіптік бағдар беруге сəйкес; 
В) білім алушылардың ата-аналарының тілегіне қарай;
Г) білім алушыларға политехникалық білім беруге қарай.
25.  Қандай  белгілеріне  қарай  тəрбие  əдістері  сендіру,  жаттығу, 
мадақтау жəне жазалау болып бөлінеді?
А) əсер ету нəтижесіне;
Ə) сипатына;
Б) бағыттылық негізіне;
В) тəрбиеленушілердің іс-əрекеті сипаты негізінде;
Г) сауаттылығына қарай.
26. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру əдісі:
А) лекция, əңгіме, пікірталас;
Ə) педагогикалық талап, үйрету, жаттықтыру;
Б) мадақтау, жарыс, жазалау;
В) лекция, əңгіме, тəрбиелік ситуация;
Г) өнеге, жарыс, пікірталас.
27. Этикалық əңгімелерге қойылатын талаптар: 
А) проблемасы, тақырыбы, жоспары болуы;
Ə) пікірталас тудыру, сценарийі болуы;
Б) барлық көзқарастарды салыстыру;
В) сенімді басшылық жасалуы, пікірталас тудыру;
Г) кəсіптік бағдар берілу қажет.


289
28. Мадақтау-бұл:
А) білім алушыларды ынталандыру əдістерінің бірі;
Ə) жақсы əрекеттерге сыйлық беру;
Б) тəрбиеленушіге алғыс айту;
В) білім алушыларды өз міндетін дұрыс орындауға итермелеу;
Г) ата-аналар тілегі.
29. Жазалау – бұл:
А) жағымсыз əрекеттерді жоюға бағытталған балаға ықпал ету 
əдісі;
Ə) ұжым тарапынан ықпал ету;
Б) қатал талап қою;
В) тəрбиеленушіге білдірілген  алғыс;
Г)  тəрбиеленушіге сөгіс беру.
30. Төмендегілердің қайсысы тəрбие əдісіне жатады:
А) тəрбиелік жағдайлар тудыру;
Ə) жеке тұлғаның белсенді позициясы;
Б) мысал, бақылау;
В) педагогтардың тиімді жұмыстары;
Г) өзін-өзі тəрбиелеу.


290
VIII БӨЛІМ.
ЕҢБЕК ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖƏНЕ КƏСІПКЕ БАУЛУ 
МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ ЖƏНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ
Жоспар:
8.1. 
Кəсіпке 
баулу 
мұғалімдерінің 
(оқытушыларының) 
əдістемелік жəне арнайы дайындығына қойылатын талаптар.
8.2. Еңбекке жəне кəсіпке баулу бойынша əдістемелік жұмыстар 
жүйесі.
8.3. Кəсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) даярлығы 
жəне олардың біліктілігін жетілдіру.
8.1 Кəсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) 
əдістемелік жəне арнайы дайындығына қойылатын 
талаптар
Кəсіпке  даярлау  білім  мекемесінің  негізгі  міндеті  болашақ 
кəсіптік  оқыту  мамандарын  даярлау.  Ондай  педагогтарды  Қақстан 
Республикасында  колледждерде  (орта  кəсіби-педагогикалық  білім; 
біліктілігі – өндірістік оқыту шебері) жəне жоғары оқу орындарының 
мамандандырылған  факультеттері  мен  кафедраларында  (біліктілігі 
– «кəсіптік  оқу  орны  оқытушысы», «еңбек  технологиясы 
оқытушысы», «инженерлік-педагогикалық білім» терминдерінің ба-
ламасы ретіндегі инженер-педагог жəне т.б.) даярлайды. Сонымен, 
кəсіби-педагогикалық білім беру жүйесі педагогикалық жəне кəсіби 
бағыттағы маман даярлауды жүзеге асырады.
Кəсіптік оқыту мамандығы бойынша бітіруші-тəрбиеленушілерді 
қоғамда өмір сүруге  даярлау, олардың əлеуметтенуін жəне өмірдегі 
өз  жолын  таба  алуын  қамтамасыз  ету.  Ал  кəсіптік-педагогикалық 
білімнің мақсаты тар мағынасында, мамандарды білім орындарында, 
сонымен қатар, өндірісте кəсіптік білімдермен жəне іскерліктермен 
қаруландыру.
Болашақ маманның белгілі бір кəсіп салаларының ерекшеліктерін 
жəне ондағы мамандық технологиясын меңгеруіне, К.Д.Ушинскийдің 
«Тəрбиеде барлығы да тəрбиешінің жеке тұлғасына негізделуі тиіс, 
өйткені  тəрбие  тек  қана  адамның  жеке  тұлғасының  жанды  бастау-


291
ынан  ғана  нəрленеді»,-деп  пайымдағанындай,  өсу  үстіндегі  жеке 
тұлғаның қалыптасуына, өзі де жеке тұлға болған, баланың жүрегі 
мен еркін жаулап алу қабілеті жоғары тəрбиеші ғана көмектесе ала-
ды
1
.
Мамандар даярлығына қойылатын талаптарды анықтауда педа-
гогика, психология ғылымдары ең алдымен оның кəсіби іс-əрекетке 
даярлығын қамтамасыз ете алатын  мейлінше жинақтап қорытылған 
сапа-қасиеттерін біріктіріп қарастырады.
Нақты сипат алған ішкі кəсіби дифференциалау жағдайындағы 
түрлі 
мамандықтар 
педагогтарының 
іс-əрекеттері 
замана-
уи  оқытушы-тəрбиешіні-оқытушыны  бөлектеп  көрсетуге  жəне 
тұтас  педагогикалық  үдерісте  ұйымдастырушылық  міндеттерінің 
айрықша  шешімін  іздестіруге  бағытталған.  Жоғары  кəсіптік 
білімді кəсіптік білім беру педагогы жалпы жəне арнайы пəндердің 
оқытушысы, сонымен қатар, өндірістік оқыту қызметін атқара ала-
ды.  Ол  кəсіпке  баулу  жəне  тəрбиелеу,  өндірістік-технологиялық 
іс-əрекет,  оқу-əдістемелік  жұмыс,  ұйымдастырушылық-басқару  іс-
əрекеті,  ғылыми-зерттеушілік,  мəдени-насихат  іс-əрекеті  сияқты 
кəсіби-педагогикалық іс-əрекеттерді орындауға даяр болуы тиіс.
Экономикалық  жəне  əлеуметтік  ортаның  даму  болашағы 
орта  торап  мамандарынан  жүйелі  ойлау,  экологиялық,  құқықтық, 
ақпараттық, коммуникативтік мəдениеті, кəсіби іскерлік мəдениеті, 
өздігінен  саналы  пайымдау  жəне  оны  өзгелерден  талап  ету,  өзінің 
іс-əрекетін  саналы  пайымдауға,  белгісіз  жағдаяттарда  өз  бетімен 
əрекет ету қабілеттерін, шығармашылық белсенділік жəне орында-
латын  жұмыстың  нəтижесіне  жауапкершілік  таныту  сияқты  жаңа 
кəсіби жəне жеке тұлғалық сапаларын талап етеді.
Кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің  (оқытушыларының)  атқаруына 
қажетті кəсіби міндеттері бітірушінің біліктілік талаптарында жəне 
cтандартта  көрініс  алған.  Ол  маманның  өндіріс  саласында  алатын 
орнын, оның азаматтық, дүниетанымдық жəне еңбек функцияларын 
орындауға  қажетті  кəсіби  сапаларына,  білімдеріне,  іскерліктеріне 
қойылатын  талаптарды  анықтайды.  Кəсіпке  баулу  педагогы  жал-
пы жəне арнайы, сонымен бірге өндірістік (біртектес кəсіптер топ-
тары  бойынша  практикалық  оқыту)  пəндерді  теориялық  оқытуды 
ұйымдастырады  жəне  өткізеді.  Ол  жастарға  кəсіби  бағдар  беру, 
заманауи  жұмыскердің  жеке  тұлғалық  кəсіби  маңызды  əрі  мəнді 
1
Ушинский К.Д. Педагогические сочинения: В 6 т. – Т. 1. – М., 1988. – С. 191.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау