278
Үйрету – тəрбиеленушінің қоғамдық мінез-құлықтың əдетті
формасына айналдыру мақсатындағы белгілі бір əрекеттерді жо-
спарлы жəне ұдайы орындалалуын ұйымдастыру əдісі.
Жаттықтыру əдісі – тəрбиеленушілердің белгілі бір іскерліктері
мен дағдыларын қалыптастыру немесе жетілдіру мақсатында жо-
спарлы түрде ұйымдастырылатын көп рет қайталауды шамалайтын
іс-əрекет.
Тəрбиелік жағдай туғыз - тəрбиешінің тəрбиеленушілердің
қажетті психологиялық жай-күйін, ұғым-түсініктерін, сезімдерін,
мотивтерін, қылықтарын туындататын сыртқы жағдай туғызу əдісі.
Іс-
əрекетті жəне мінез-құлықты ынталандыру əдісі –
тəрбиеленушілердің өзінің мінез-құлқын жақсартуға талпындыру,
оларда мінез-құлықтың жағымды мотивацияларын дамыту жолы
(жазалау, мадақтау, талап қою).
Мадақтау – жеке тəрбиеленушінің немесе ұжымның мінез-
құлқы мен іс-əрекетіне қоғамдық жағымды баға беру арқылы ын-
таландыру əдісі. Түрлері: құрметті міндеттер тапсыру, көтермелеу
сыйлықтары, құрмет жəне мақтау грамоталары, ұжымдық жəне жеке
алғыс, түрлі марапаттаулар т.б.
Жазалау - жеке тұлғаның жағымсыз қылықтарын жөнге салып
тежеу салу арқылы кінəсін түсіну, өкіну сезімдерін тудыру əдісі.
Этика тақырыбындағы баяндау – бұл ізгіліктілік мазмұны бар
нақты деректер мен оқиғаларды эмоционалды түрде жеткізу.
Сендіру (внушение) – тəрбиеленушіге белгілі бір шешім
қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендіру басқа тəрбие
əдістерінің əсерін күшейту үшін қолданылады.
Еңбек тəрбиесі - жеке тұлғаның еңбек етуге міндеттілігін, сенімі
мен санасын орнықтыруға, еңбек етуге қажеттіліктері мен талпы-
ныстарын тəрбиелеуге, белгілі бір кəсіби мамандыққа даярлығын
қалыптастыруды көздейтін тəрбие жүйесінің негізгі бір саласы.
Еңбек тəрбиесі үдерісінің ерекшеліктері
- еңбек етуге білім,
іскерлік, дағдылармен қаруландыруға бағытталатын тəрбиенің
мақсатты бағытталғандығы, көп факторлылығы, ұзақтығы,
өзгермелілігі, үзіліссіздігі.
Еңбек тəрбиесінің принциптері - еңбек тəрбиесінің қоғамдық
бағыттылығы, өмірмен байланыстылығы.
Өзін-өзі тəрбиелеу - адамның алға қойған мақсатына, идеалы-
на, сеніміне сəйкес тұлғалық өзгерістерге бағытталған саналы іс-
əрекеті.
280
* Жеке тұлғаны іс-əрекеттің субъектісі ретінде қарастыру пе-
дагогтары мен өндірістік оқыту шеберлеріне қандай мүмкіндіктер
туындатады?
* Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның əлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
бағдарламалық мақаласында кəсіптік білім беруге байланысты
қандай міндеттер жүктелген?
* Еңбек тəрбиесінің басты қағидаларын жүзеге асыру үшін
қандай педагогикалық шарттар орындалуы тиіс?
* «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі
тəрбие тұжырымдамасында тəрбие үдерісінің
проблемалары ерек-
ше назар аударуды қажет етеді?
* Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие үдерісіндегі объективті,
субъективті факторлар ондағы қандай ерекшелікті есепке алу
қажеттігін көрсетеді?
* Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие үдерісінде тəрбиелік
ықпал ету басталғаннан бастап, соңғы нəтижелердің арасын
қамтитын ерекшелігіне сипаттама беріңіздер.
* Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие үдерісінде тəрбиелік
жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары мен əдістерінің
бірлігін талап ететін ерекшелігі қандай?
* Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие үдерісін кері байланыс
арқылы құрылатын басқаруда көрініс беретін ерекшелігін ашып
көрсетіңіз.
Əдебиеттер:
Негізгі əдебиеттер:
Əбенбаев С. Тəрбие теориясы мен əдістемесі: Оқу құралы. – Ал-
маты: Дарын, 2004.- 152 б.
Əбиев Ж. Еңбек тəрбиесінің педагогикалық негіздері. –Алматы:
Рауан, 1997.
Кукушкин В.С. Теория и методика воспитательной работы: Учеб-
ное пособие.- Ростов н /Д: Издательский центр «МаРт», 2002.- 320 с.
Рожков М.И., Байбородова Л.В. Теория и методика воспита-
ния: Учеб. Пособие для студ. Высш. Учеб. Заведенийю –М.: Изд-во
ВЛАДОС-ПРЕСС,2004.- 384 с.
Тажбаева С.Г. Подготовка учителя к технологии воспитательно-
го үдеріса в школе: Методическое пособие. -Алматы: АГУ им. Абая,
2003.- 226 с.