Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет84/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105

272
Үшіншіден, кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие  үдерісінің тағы 
бір ерекшелігі - оның үзіліссіз болуы. Кəсіптік оқу орындарындағы 
тəрбие - бұл жұмыстың белгілі бір мақсатты көздейтін тəрбиеші мен 
тəрбиеленушілердің өзара жүйелі, үздіксіз əрекеттесу  үдерісі.
Төртіншіден,  кəсіптік  оқу  орындарындағы    тəрбие  үдерісі – 
кешенді  үдеріс,  тəрбиелік  жұмыстардың  мақсаты,  мазмұны,  фор-
малары  мен  əдістерінің  бірлігін  білдіреді.  Жеке  тұлғаның  сапалы 
қалыптасуы  алма-кезек  жүзеге  асырылиайды,  тəрбие  міндеттері 
бір  мезетте  қарастырылатындықтан  педагогикалық  ықпал  ету 
кешенді сипатта болады. Қалыптастыру кезінде бір қасиеттер екінші 
қасиеттердің дамуына ыңғайлы əсер етіп отырады.
Бесіншіден,  кəсіптік  оқу  орындарындағы    тəрбие  үдерісіі- 
екіжақты 
сипаты 
мен 
ерекшеленеді. 
Олар 
тəрбиешіден 
тəрбиеленушіге  (тікелей  байланыс)  жəне  тəрбиеленушіден 
тəрбиешіге қарай (кері байланыс).  Үдерісті басқару негізінен кері 
байланыс  арқылы  құрылады,  яғни  тəрбиеленушілерден  түсетін 
ақпараттар  арқылы  ерекшеленеді.  Осы  кері  байланысты  тəрбиеші 
неғұрлым көп пайдаланса, соғұрлым тəрбиелік əсер де жоғары бо-
лады.
Қазіргі  кəсіптік  оқу  орындарындағы  тəрбиелеу  үдерісі  нақты 
осы мақсаттардың бірлігі мен оған жетудегі өзара байланыс арқылы 
сипатталады
Кəсіптік  оқу  орындарындағы  тəрбие  үдерісін  ұйымдастыру 
үдерісі – күрделі
  динамикалық  жүйе.
  Бұл  жүйенің  əр  компоненті 
өз  кезегінде,  өзіндік  компоненттері  бар  жүйе  ретінде  қаралады. 
Қолайлы  анықтау  шектерін  қолдану  арқылы  əрқилы  жүйе  мен 
құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада кəсіптік 
оқу  орындарындағы  тəрбие  үдерісі  талаптарымен  құрылған  мына-
дай жүйелер белгілі: кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие үдерісінің 
мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  үдерістің  өту  жағдайлары,  тəрбиеші 
мен  тəрбиеленушінің  қарым-қатынасы,  тəрбие  іс-əрекетінің 
қолданылатын  əдістері  мен  формалары,  үдерістің  даму  кезеңдері 
жəне т.б. Солардың кейбіреулерін қарастырайық:
Мақсаттық  талап. 
Кəсіптік  оқу  орындарындағы  тəрбие 
үдерісінің 
құрылымын 
шешуге 
бағытталған 
міндеттердің 
бірізділігін  білдіреді.  Қазіргі  кəсіптік  мектеп  жағдайында  кəсіптік 
оқу орындарындағы тəрбие үдерісінің бағыттары мынадай:
 
– үйлесімді,  жан-жақты  дамыту  мақсатын  есепке  ала  отырып, 
тұлғаны біртұтас қалыптастыру;


273
 
– азаматтық  құндылықтар,  əлеуметтік-бағдарлы  мотивация, 
ақыл-ой,  эмоционалдық  жəне  еріктік  үйлесім  ауқымы  негізінде 
тұлғаның ізгіліктілік сапаларын қалыптастыру;
 
– білім алушыларды ғылыми, мəдени жəне өнер, т.б. қоғамдық 
құндылыққа қатыстыру;
 
– қоғамның  демократиялық  өңделуіне,  тұлғаның  құқықтары 
мен міндеттеріне сəйкес өмірлік позицияға тəрбиелеу;
 
– тұлғаның  мүмкіндіктері  мен  тілектерін,  сонымен  бірге 
əлеуметтік  талаптарын  ескере  отырып,  оның  икемділігін,  ептілігін 
жəне қызығушылығын дамыту;
 
– білім алушылардың даралық жəне қоғамдық түсініктерін да-
мытатын танымдық іс-əрекет ұйымдастыру;
 
– тұлғаны сапалы тəрбиелеу мақсатында əлеуметтік құнды, əрі 
жан-жақты іс-əрекет ұйымдастыру;
 
– тұлғаның аса маңызды əлеуметтік функциясын, яғни, өзгермелі 
еңбек  іс-əрекеті  жағдайындағы  қатынастарын  дамыту,  əлеуметтік 
қуаттылықты жоғарылату.
Келесі құрылым кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие үдерісінің
 
негізгі сатыларын
 белгілеуге негізделеді. Бұл сатылар – қойылған 
міндеттердің  сапалы  шешілуіне  бағытталған,  бірізді  кезеңдердің 
міндетті түрде өтетін үдерісі. Құрылым кəсіптік оқу  орындарындағы 
тəрбие  үдерісі  бірізділігінің  жəне  бірлігінің  терең  заңдылығын 
түсінуде өте маңызды:
 
– қойылатын  талаптар  мен  ережелерді  тəрбиеленушілердің 
түсінуі;
 
– білімнің сенімділігі;
 
– сезім қалыптастыру;
 
– іс-əрекетке араласу жəне іс-əрекет арқылы тəрбиелеу.
Келесі  құрылым  да  бірізді  үдеріс  кезеңдерін  анықтауға 
негізделеді, бірақ ол енді басқа талаптарға, яғни үдерістің жүруінің 
пəрменділігін  қамтамасыз  ететін
  бірліктер  арасындағы  байла-
ныстар мен тəуелділіктерге
 негізделеді:
а)  тəрбиенің  негізгі  міндеттері  мен  мақсаттарын  қамтитын 
үдерісті жоспарлау;
ə) материалды (еңбек, табиғатты қорғау); қоғамдық (ұжымдық, 
ұйымдастыру-басқарушылық, 
коммуникативтік); 
рухани   
(эмоционалды-сезімдік, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) іс-
əрекеттерді ұйымдастыру; 
б)  тəрбиеленушілердің  негізгі  іс-əрекеттеріндегі  тұлғааралық 
қарым-қатынасын жəне оның дамуын реттеу; 


274
в)  жоспарланған  жəне  алынған  нəтижелердің  айырмашылығын 
бақылау жəне қорытындылар шығару, жіберілген қателіктер мен қол 
жеткізетін жетістіктерге талдау жасау.
Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие үдерісі кезеңдерінің өлшем 
шектері ретінде
 педагогикалық əрекеттің бірізділігін 
пайдалануға 
болады. Бұл жағдайда құрылымда мынадай бірліктер пайда болады:
- жалпы нормалар жəне талаптармен танысу;
- қарым-қатынас қалыптастыру;
- көзқарастар мен тұжырымдар қалыптастыру;
- тұлғаның жалпы бағытын қалыптастыру.
Бұл  əрекеттердің  барлығының  нəтижесі – нормалық  қалыпта-
ғы  тұрақты  мінез-құлық  əдеттерін  баулу.  Əрекеттердің  əдеттенуі 
біртіндеп мінез бітістеріне, тұлғалық қасиеттерге ауысады.
Негізгі ұғымдар сөздігі
Тəрбие  –  қоғамдық  құбылыс  рентінде  күрделі  жəне  қарама-
қайшылықты  əлеуметтік-тарихи  үдеріс  барлық  əлеуметтік  инсти-
туттар  (қоғамдық  ұйымдар  көпшілік  ақпараттық  жəне  мəдениет 
құралдары,  мешіт  жəне  шіркеу,  отбасы,  түрлі  деңгейдегі  жəне 
бағыттағы білім мекемелері) арқылы жүзеге асырылатын іс-əрекет. 
Тəрбие
 - адамның рухани дамуы мен оны қоғамдағы өмір мен 
еңбекке даярлаудың мақсатты бағытталған үдерісі.
Тəрбиеленгендік  -
  жеке  адамның  интегративті  ерекшелігі,  ол 
əрекетте  жүзеге  асырылатын  меңгерген  білімнің,  іскерлік,  дағды, 
əдет, сана жəне қасиеттерінің көлемімен жəне сипатымен мінезделеді.
Тəртіптілік
 
/лат.ёівеірііпа-оқыту, 
тəрбиелеу/ - білім 
алушылардың  мектепте  орнатылған  ережелерінің  қатаң  жəне  дəл 
орындалуы, өз міндеттерін, ұжым жəне білім алушылардың талап-
тарын  шын  жүректен  орындауы,  өз  борышын  саналы  мойындап, 
жүзеге асыру.
Тəртіпсіздік
 – мінез-құлықтың, өзін-өзі ұстауының əлеуметтік 
нормаларын орындағысы келмейтін жеке адамның қасиеті. Тəрбиенің 
кемшілігі, яғни еріктік дағдылардың жоқтығының көрінісі.
Тəрбие  теориясы
 – ғылыми  пəн,  оның  объектісі  жеке  адам-
ды  жəне  ұжымды  қалыптастырудың  мақсатты  бағытталған  үдерісі 
болады,  ал  пəні  осы  үдерістің  қасиеттері,  қарама-қайшылықтары, 
заңдылықтары, қатынастары, педагогикалық технологиялары болып 
табылады.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау