Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет79/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105

257
2)  тəрбиеленушілерді  шынайы  өмірлік  қатынастарға,  əртүрлі 
қоғамдық пайдалы еңбектерге араластыру.
И. П. Павлов адам ағзасының өмірлік іс-əрекеті қоршаған орта 
əсеріне, өмір сүру жағдайына байланысты екендігін атап көрсеткен. 
Бұл əсерді ол «өмірлік тəрбие» деп атаған. Бұл тəрбиені, яғни «өмір 
мектебін» барлық өскелең ұрпақ өз басынан өткізеді. Нəтижесінде, 
оларда  іс-əрекет  тəжірибесі  жинақталады,  қоғамдық  өмірге  кіруге 
қажетті дағдылары қалыптасады.
Кəсіптік  оқу  орындарындағы  тəрбиенің  өмірмен  байланысты 
болу принципін дұрыс іске асыру педагогтан төмендегі бірліктерді 
қамтамасыз етуді талап етеді:
 
– білім  алушыларға,  қоғам  өмірі  мен  əрбір  адам  үшін 
еңбектің  рөлін,  азаматтардың  үздіксіз  толастамаған  сұраныстарын 
қанағаттандыру  үшін  қоғамның  экономикалық  базасының  мəнін 
түсіндіру;
 
– материалды жəне рухани байлықтар мен құндылықтарды жа-
сайтын еңбек адамдарына сый-құрмет жасау;
 
– көп жəне табысты еңбек ету ептіліктерін дамыту, өзі үшін жəне 
қоғам пайдасына орай жауапкершілікпен жəне шығармашылықпен 
еңбектенуге ниеттендіру;
 
– қазіргі  өндірістің  жалпы  негіздерін  түсіну,  политехникалық 
білімдерін  кеңейтуге  талпыну,  еңбекті  ғылыми  ұйымдастыру 
негіздерін жəне жалпы мəдениетті меңгеруге бағыт беру;
 
– еңбек іс-əрекетінде жеке мүдделері мен қоғамдық нанымдар-
ды  үйлестіру  жəне  шаруашылық  қажеттілігіне  сəйкес  мамандық 
таңдай білуге баулу;
 
– қоғамдық  мүлік  пен  табиғат  байлықтарына  күтіммен  қарау, 
өз  еңбегі  арқылы  қоғамдық  меншікті  көбейтуге  талпыну  ниетін 
қалыптастыру;
 
– ауапсыздыққа, жұмыссыздыққа, еңбек тəртібін бұзушылыққа, 
жайбарақаттылыққа, енжарлық пен іссіздікке, сергелдеңдікке төтеп 
беріп,  қоғамдық  меншікті  жəне  табиғат  байлығын  талан-таражға 
түсіруге ымырасыз болуға тəрбиелеу.
Еңбекпен, өмірмен байланысқан тəрбие келесі ережелерді ұстану 
арқылы іске асады.
Білім  алушылардың  əлеуметтік  жəне  еңбек  тəрбиесіндегі 
абстрактілік пен догматизмді шегеріп, оларды нақты жəне ерен іс-
əрекетке  кірістіру.  Тəрбие  жұмыстарында  көзделген  талаптарды 
орындау принципінің бағдарламасы болуы шарт. Оларды біртіндеп 
барып іске асыру қажет.


258
Тəрбиеші өз əрекеттерін отбасы мүддесімен үйлестіре отырып, 
əрбір  тəрбиеленушіге,  қоғамдық  өндіріске  негізгі  тигізер  пайдасы, 
оның оқу еңбегі, отбасы мен мектептегі көмегі екендігін түсіндіреді. 
Жасөспірімдердің  өндірістік  ұжымға,  шаруашылық  есептегі 
бригадаларға  бірігіп,  демалыс  кездерінде  еңбек  етулерін  қолдап, 
қуаттау керек.
Білім  алушылар  əдетте  іс-əрекет  жасауға  құлшыныс  білдіріп 
тұрады. Енжарлық, іссіздік дегендер бала табиғатына жат нəрселер. 
Осыны ескермеген тəрбиеші тұлғаның əлеуметтену үдерісін бұзып, 
оның дамуын бəсеңдетеді.
Бұл  принципті  іске  асыру  сабақтар  мен  сыныптан  тыс  тəрбие 
жұмыстарында жергілікті өлкелік материалдарды кеңінен пайдала-
нуды талап етеді.
Білім  алушылар,  маңызды  өмірлік  мəселелерді  шешуге 
ұстаздармен бірдей қатыса отырып, өз шешімдеріне жауапкершілікпен 
қарауға үйренеді, сонымен бірге, оларда азаматтық сапалар шапшаң 
əрі табысты қалыптаса бастайды.
Елдің  əлеуметтік  өмірі  мен  шаруашылығындағы  өзгерістерге 
сəйкес  тəрбиенің  өмірмен  байланысы  принципінің  табысты  іске 
асырылуы  тəрбие  мазмұнын,  ұйымдастырылуын  жəне  əдістемесін 
үнемі қайта қарап, жаңартып отыру міндетті іс.
Кəсіптік  оқу  орындарындағы  тəрбие  үдерісінде  білім  алушы-
лар  өз  еңбегінің  қоғамға,  адамдарға  қажет  екендігін  сезініп,  одан 
қанағат, лəззат алуы қажет.
Ұнамды  өнеге-үлгіге  арқа  сүйеу 
принципінің  талаптарының 
бəрі қарапайым болып келеді. Олар мыналар: педагогтар адамдағы 
жақсы қасиеттерді анықтауға міндетті, соларға сүйене отырып, əлі 
толық қалыптаспаған немесе кері бағыттағы қасиеттерді үнемі да-
мытып,  оларды  қажетті  деңгей  мен  жан-жақты  үйлесімге  жеткізуі 
қажет.
Бұл  принциптің  философиялық  негізі – адам  табиғатының 
«қарама-қайшылықтығы»  туралы  белгілі  философиялық  ереже. 
Адамдағы  жақсы  қасиеттер  (жан-жануарды  жақсы  көру,  табиғи 
кішіпейілділік  т.б.)  оған  кері  қасиеттермен  (өз  сөзінде  тұра  алмау, 
өтірік айту, еріншектік т.б.) бірге жүреді. Тек «жаман», сол сияқты 
жүз-пайыздық «жақсы» адам болмайды. Тұлғаны жақсылыққа қарай 
бағыттайтын  тəрбиенің  міндеті  адамда  өнегелі  қасиеттерді  молай-
тып, кері қаситтердің азаюына қол жеткізу.
Тəрбиеші  іс-əрекетінің  табысты,  жылдам  əрі  нəтижелі  бо-
луы  үшін  принциптерді  іске  асыру  ережелерін  басшылыққа 


259
алу  керек.  Тəрбие  үдерісіндегі  келіспеушілік  (конфронтация), 
тəрбиеші  мен  тəрбиеленушілердің  өзара  ой-пікір  тайталасы  мен 
көзқарастарының  үйлесімсіздігінен  туындайды.  Тек  бірлесіп 
жұмыс  істеу,  шыдамдылық,  тəрбиешінің  тəрбиеленуші  тағдырына 
қызығушылықпен араласуы жақсы нəтижелер береді.
 Білім алушылардың қателіктері мен қылығындағы кемшіліктеріне 
ғана мəн беру де дұрыс емес. Тəрбиенің басты парызы, керісінше, 
жақсы  қасиеттерді  анықтап,  оларға  үнемі  қолдау  көрсетіп  отыру. 
Əрине, кері қасиетті айыптау жəне түзету керек. Бірақ, ең негізгісі 
– алдымен, қажетті оң қасиеттерді дұрыс танып жəне олардың даму-
ына жол ашу.
Тəрбиеленушілердің 
қызығушылықтарына 
(танымдық, 
эстетикалық,  табиғатқа,  жан-жануарға  деген  сүйіспеншілік  жəне 
т.б.)  сүйену  педагогикалық  тұрғыдан  əрқашан  ұтымды  нəтижеге 
жетудің  кепілі.  Осылардың  көмегі  арқылы  еңбек,  ізгіліктілік  жəне 
эстетикалық тəрбиенің көптеген міндеттерін шешуге болады. Жақсы 
нəрсеге сүйену принципі тəрбие үдерісінде жетекші əрекетті таңдап 
алумен де байланысты. Осы əрекетті əрбір нақты жағдайға үйлестіре 
білу – тəрбиешінің міндеті.
Өнеге-үлгіге  сүйенудің  тағы  бір  жағы  бар,  оны  ұнамды 
тəрбиелік  жағдай  жасау  құралы  ретінде  пайдалануға  болады.  Бұл 
тəрбиеленушілердің өмірлік іс-əрекеті жəне тəрбиелік қатынас жасау 
стилі, тіпті оқу-тəрбие мекемелерінің «рухы». Əрқайсысы өз ісімен 
шұғылданып, ешкім бір-біріне кедергі жасамайтын, тыныш, іскерлік 
жағдайындағы,  сенімді  əрі  ерікті  ілгері  жылжуға  ықпал  ететін, 
еңбек  пен  демалысты,  əрбір  ұсақ  бөлшегіне  дейін  ойластырылған, 
жоғары дəрежеде ұйымдастыруда, оқу орнының тəрбиелік мəнінен 
бірлескен  əрекет  сезілген  жерде,  өнімді  табыс  мотивацияларының 
болмауы мүмкін емес.
Тəрбиеленушілердің  кемшіліктерін  бетіне  баса  бергеннен, 
олардың өз-өзіне, күш-жігері мен мүмкіндіктеріне деген сенімі азая-
ды. Тəжірибелі тəрбиешілер осыны сезіп, баланы мақтап-мадақтауда, 
оның алдағы болатын жақсы қасиеттеріне күні бұрын қолдау береді. 
Келешек  əрекет-қылықтардың  жобасын  жасап,  тəрбиеленушілерді 
еңбек  нəтижелерінің  табыстылығына  орнықтырады,  оларға  сеніп, 
сəтсіздіктерде олардың тірегі болып, көмек көрсетеді.
Кəсіптік  оқу  орындарындағы  тəрбиенің  гуманизациялылығы. 
Жақсы  (жағымды)  өнегеге  сүйену  принципіне  тағы  бір  маңызды 
принцип жатады – ол 
гуманизация.
 Бұл принциптің талаптары:


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау