254
Еңбекке
психологиялық
дайындық
тəрбие
жүйесінде
қалыптасады, ол келесі міндеттер негізінде шешіледі:
– еңбек мақсаты мен міндетін түсіну;
– еңбек мотивтерін тəрбиелеу;
– еңбек дағдылары мен біліктерін қалыптастыру.
Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие принциптері. Кəсіптік
оқу орындарындағы тəрбие үдерісінің принциптері (тəрбие
принциптері) – бұл тəрбие үдерісінің мазмұнын, əдістерін, оны
ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау
ережелері. Олар тəрбие үдерісінің өзіндік ерекшелігін танытады.
Педагогикалық үдерістің жалпы принциптерінен нақты тəрбие
принциптерінің өзгешелігі – тəрбие міндеттерін шешудегі педагог-
тар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге
қойылатын талаптарды сипаттайық.
Міндеттілік.
Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие принциптері
– бұл кеңес, нұсқау беру емес, олар толық жəне міндетті түрде
тəжірибеге ұласуды талап етеді. Принциптерді əрдайым дөрекі
түрде бұзу жəне ондағы міндеттерді орындамау тəрбиелеу үдерісінің
пəрменділігін кемітіп қана қоймай, сонымен бірге ол принциптердің
негізін, түптамырын ыдыратады. Егер тəрбиеші принцип
міндеттерін бұзса, онда ол тəрбие үдерісі жетекшілігінен аластаты-
лады. Тіпті, мысалы, егер педагог гуманистік принциптерді, жеке ба-
сты қадірлеу принциптерін қасақана əрі дөрекі бұзса, онда ол заңды
жауапкершілікке тартылуы қажет.
Кешенділік.
Принциптер кешенді, бөлінбеген талаптар түрінде
тəрбие үдерісінің барлық кезеңдерінде бірлікте қолданылуы тиіс.
Принциптер тармақталмай, фронтальды, əрі барлығы бірдей іске
асып отырады.
Бірмəнділік.
Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие принциптері
жалпыға бірдей, ортақ ережелер ретінде бірмəнді болып келеді,
олардың арасында біреуін бірінші кезекте орындау керектігі неме-
се ертеңге қалдыра салуға болатын сияқты негізгі немесе қосалқы
принциптері болмайды. Барлық принциптерді теңдей, мəнді деп
бағалау тəрбиелеу үдерісінің жемісті болуының кепілі.
Сонымен бірге, тəрбие принциптері – дайын нұсқау емес, тіпті
оларды ұстану арқылы жоғары нəтижеге автоматты түрде жеткізе
салатын əмбебап (универсал) ережелер де емес. Олар тəрбиеге
қажет арнайы білімдерді, тұлға тəжірибесін, шеберлігін алмастыра
255
алмайды. Тəрбие принциптерінің талаптары баршаға бірдей болса
да, олардың практика жүзінде іске асырылуы тұлғалық шарттарға
байланысты болады.
Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие үдерісі сүйенетін принцип-
тер белгілі бір жүйені құрайды. Тəрбие жүйелерінің түрлері бұрын
да, қазір де көптеп саналады. Əлбетте, олардағы принциптердің сипа-
ты, жекелей міндеттері, тіпті кейбір принциптердің өздері өзгеріске
түседі. Қазіргі тəрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады:
- тəрбиенің қоғамдық бағытта болуы;
- тəрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;
- тəрбиеде дұрыстыққа, əділдікке арқа сүйеу;
- тəрбие гуманизациясы;
- тəрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;
- тəрбиелік ықпалдардың бірлігі.
Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбиенің қоғамдық бағытта
болуы. Тəрбие мемлекеттік құрылымның, ондағы өкімет билігі мен
мекемелерінің қуатына арқа сүйейтін, сонымен бірге мемлекетте
қабылданған жəне жүргізіліп жатқан саясат. Ата Заң мен заңдар
негізіндегі азаматтық жəне əлеуметтік сапалардың қалыптасуына
бағытталады. Бұл принцип мемлекеттік тəрбие стратегиясына
сəйкес, педагог іс-əрекетін өскелең ұрпақты тəрбиелеу міндеттеріне
бағындыруды көздейді жəне тəрбиешінің іс-əрекетін қажетті тұлға
типін қалыптастыруға бағдарлайды. Мемлекеттік қызметте жұмыс
істейтіндіктен, тəрбиеші тəрбие саласы бойынша мемлекеттік тапсы-
рысты орындайды. Егер, мемлекеттік жəне қоғамдық мүдделер бір-
біріне сай келіп, азаматтардың жеке мүдделерімен келісімді болса,
онда жоғарыдағы принцип талаптары, əлбетте, тəрбие мақсаттары
мен міндеттері құрылымына сəйкестенеді. Ал мемлекет, қоғам жəне
тұлға мақсаттары үйлеспесе, ол принциптің орындалуы қиындайды.
Тəрбиешіде, толыққанды тəрбие беру үшін, нақты деректі мате-
риалдар жеткілікті бола бермейді. Кəсіптік мектеп бұл мемлекеттің,
қоғамның жəне тұлғаның білімділік сұраныстарын қанағаттандыруға
бағытталған əлеуметтік мекеме жəне қоғамдық-мемлекеттік жүйе.
Кəсіптік мектеп қоғамдық-мемлекеттік мекеме ретінде тек мемле-
кет қолдауымен ғана өмір сүре алмайды. Ерте ме, кеш пе оған қоғам
көмекке келуі қажет. Қоғамның мектептен, мектептің қоғамнан
бөлініп қалуын, қоғамдық өмірдегі болып жатқан үдерістерден
мектептің ажырауын, кəсіби педагогтардың тар жəне біржақты
жұмыс істеуін болдырмау шаралары қарастырылуы қажет. Педагог-
256
тар өздерін, тəрбие билігінің жалғыз иегеріміз деп ұғынбай, тəрбие
ісінің халықтық өкілі ретінде сезінуі керек.
Қоғамдық бағытты іске асыра отырып, тəрбиеленушілермен
тəжірибелік себеп-түрткілі өзара əркетке жетудің маңызы зор. Бұл
жерде ұрандаған педагогикадан аулақ болған жөн, өйткені тиімді
тəрбие, құлық пен қатынас тəжірибесіне негіз болатын, тəрбие
мен тəрбиеленушілер арасындағы байланыс орнататын пайдалы
іс-əрекетте іске асады. Дегенмен де, іс-əрекет (еңбек, қоғамдық,
ойындық, спорттық) тəрбиелік мəнге ие болуы үшін, тəрбиеленуші
іс-əрекетінің қоғамдық құнды мотивтерін қалыптастыру қажет. Осы
мотивтер жоғары парасатты, қоғамдық мəнді болса, онда ұнамды
қылықтарға бастау беретін, іс-əрекеттің де тəрбиелік сапасы жоғары
болады.
Əлеуметтік сапаларды қалыптастыру үдерісінде мақсат-
бағдарлы тілдестік пен ізгіліктілік таным арқылы гуманистік түсінік
қалыптастырып, оны саналуан қоғамдық пайдалы іс-əрекетті
ұйымдастырумен ұштастыру керек. Сөздік ықпал міндетті түрде
пайдалы тəжірибелік істермен бекітілуі қажет, сонымен бірге, ол
қарым-қатынастағы жəне басқа адамдармен бірігіп орындалатын
іс-əрекет барысындағы əлеуметтік тəжірибелерді дұрыс көрсету
арқылы тұжырымдалуы керек.
Қоғамдық үдерістерге əрбір адам ерте балалық шақтан арала-
сады. Сондықтан, адамзаттық тəрбие де жас кезеңде басталады.
Əлеуметтік жауапкершілік сезімі балада сəл кешірек, яғни мектептің
екінші сатысында ояна бастайды. Əлеуметтік сананы қалыптастыру
кезеңдерінде берілетін білімдердің білім алушылар жасы мен даму
деңгейіне сəйкестігіне жете көңіл бөлінуі тиіс. Білім алушыларға
мектептің бірінші сатысында «өкімет», «президент», «үкімет»,
«бедел» т.б. ұғымдарды түсіндіруде нақты мысалдар пайдаланыл-
са, тəжірибе жүзінде дер кезінде дəйектеліп, бекітілсе, онда олар
бұл ұғымдарды тез меңгереді. Екінші, үшінші сатыдағы мектеп
осы секілді қажетті ұғымдарды бекітіп, дамытады, нанымдарды
қалыптастырады, тəрбиеленушілер əлеуметтік шынайы үдерістерге
қызыға отырып, азаматтық сапаларын орнықтырады.
Өмір мектебі – ең күшті тəрбие мектебі. Сондықтан,
тəрбиенің
өмірмен байланысты болуы
принципі көптеген тəрбие жүйелерінің
негізгі принципі болып табылады. Ол тəрбиешілерден мынадай екі
бағыттағы белсенді іс-əрекетті талап етеді:
1) тəрбиеленушілерді өзгерістері мол əртүрлі қоғамдық жəне
еңбектік өмірмен кең жəне нақтылай таныстыру;
Достарыңызбен бөлісу: |