Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет52/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105

172
гиялар,  интериозаторлық,  дамытушылық,  нейролингвистикалық 
бағдарламалау жəне суггестиаттік технологиялар.
Жеке тұлғалық құрылымға бағдарлану бойынша: ақпараттық тех-
нологиялар (пəндер бойынша мектептік білімдердің, іскерліктердің, 
дағдылардың  қалыптасуы-БІД);  операциялық  (ақыл-ой  əрекеттері 
амалдарының  қалыптасуы-АƏА);  эмоционалдық-көркемдік  жəне 
эмоционалды-адамгершілік (эстетикалық жəне адамгершілік қарым-
қатынас салаларының қалыптасуы-ЭАС); өзін-өзі дамыту техноло-
гиялары  (тұлғаның  өзін-өзі  басқару  механизмдерінің  қалыптасуы-
ӨБМ); эвристикалық (шығармашылық қабілеттерінің дамуы) жəне 
қолданбалы (əрекеттік-практикалық саласының қалыптасуы-ƏПС).
Мазмұнының  жəне  құрылымының  сипаты  бойынша:  оқыту 
жəне  тəрбиелеуші,  зайырлы  жəне  діни,  жалпы  білім  беретін  жəне 
кəсіби-бағдарланған,  гуманитарлық  жəне  технократиялық,  түрлі 
салалық, жеке пəндік, сонымен бірге, монотехнологиялық, кешендік 
(көптехнологиялық) жəне бойлағыш технологиялар.
Монотехнологияларда  бүткіл  оқу-тəрбие  үдерісі  қандай  да  бір 
басымдықтағы  жетекші  идеяның,  принциптің,  тұжырымдаманың 
негізінде  құрылады;  кешенділер  түрлі  монотехнологиялардың 
элементтерімен араласады.
Танымдық  іс-əрекетті ұйымдастыру жəне басқару типтері бойын-
ша В. П. Беспалько педагогикалық жүйелердің (технологиялардың) 
келесі жіктемесін ұсынады
1
.
Оқытушының білім алушылармен өзара əрекеттестігі (басқаруы) 
алшақ  (білім  алушылардың  іс-əрекеті  бақыланбайтын  жəне 
түзетілмейтін), циклды (бақыланатын, өздік бақыланатын жəне өзара 
бақыланатын),  бытыраңқы (фронтальды) немесе бағытталған (жеке 
дара),  немесе  автоматтандырылған  (оқу  құралдарының  көмегімен) 
болуы  мүмкін.  Осы  белгілердің  үйлесімі  технологиялардың  келесі 
түрлерін анықтайды:
 
– классикалық лекциялық оқыту (басқару - ашық, бытыраңқы, 
автоматтандырылған);
 
– есту-көру  техникалық  құралдардың  көмегімен  оқыту  (ашық, 
бытыраңқы, атоматтандырылған);
* «консультант жүйесі» (ашық, бағытталған, үйретілген);
*  оқу  кітаптарының  көмегімен  оқыту  (ашық,  бағытталған, 
атоматтандырылған) – өздік жұмыс;
1
Беспалько В. П. Системно-методическое обеспечение учебно-воспитатеоьного үдеріса под-
готовки специалистов. – М.:Высшая школа,1989. – С. 27.


173
* «кіші  топтар»  жүйесі  (циклды,  бытыраңқы,  үйретілген) - 
топтық, саралай, үйретілген;
*  компьютерлік  оқыту – (циклды,  бытыраңқы,  автоматтан-
дырылған);
* «репетитор» жүйесі (циклды, бытыраңқы, үйретілген) - жеке 
оқыту;
* «бағдарламалап  оқыту» (циклды,  бағытталған,  автомат-
тандырылған. 
*  Күнделікті  практикада  əдетте  осындай  «монодидактикалық» 
жүйелердің  түрліше  комбинациялары  кездеседі.  Олардың  көп 
тараған түріне жататындар:
*  Баяндаудың  лекциялық  амалдары  жəне  кітаппен  өздік 
жұмыстар  аралас  келетін  Я.А.Коменскийдің  дəстүрлі  классикалық 
сынып-сабақ жүйесі;
*  Дидахографияның  техникалық  құралдармен  үйлесімділікте 
қолданылатын қазіргі дəстүрлі оқыту;
*  Педагогтың  топтағылардың  барлығымен  ақпарат  алма-
су  мүмкіндігі  бар,  сонымен  қатар,  репетитор  ретінде  жеке  білім 
алушыларға  назар  аудара  алатын  топтық  жəне  саралап  оқыту 
амалдары;
*  Оқытудың өзге түрлерін ішінара пайдаланумен қатар, адаптивті 
бағдарламалап басқаруға негізделген бағдарламалап оқыту.
*  Баланың ыңғайына қарай технологиялардың бірнеше типтері 
ажыратылады:
*  Педагогтың  тек  өзі  ғана  оқу-тəрбие  үдерісінің  субъектісі, 
ал  білім  алушы  тек  «объектісі»  болатын  авторитарлық  техно-
логиялар.  Олар  мектеп  өмірін  ұйымдастырудың  қатаңдығымен, 
білім  алушылардың  бастамашылдығын  жəне  өз  беттілігіне  жол 
берілмейтін, талаппен, күштеп көндірумен  ерекшеленеді.
*  Баланың  жеке  тұлғасына  ең  жоғары  дəрежеде  назар  ауда-
рылмауымен,  педагог  пен  білім  алушылардың  субъект-объектілік 
қарым-қатынасының  үстемдік  етілуімен  жəне  тəрбиеге  қарағанда 
оқытудың  басымдылығымен  ерекшеленетін,  сондай-ақ,  жеке 
тұлғаны қалыптастыруда дидактикалық құралдар басты фактор са-
налатын  дидактикоцентрлік  технологиялар.  Дидактикоцентрлік 
технологиялар  кейбір  əдебиет  көздерінде  технократиялық  деп  ата-
лады.
Жеке-тұлғалық  бағдарланған  технологиялар  білім  беру 
жүйесінде  баланың  жеке  тұлғасын,  оның  дамуы  үшін  қолайлы, 


174
кикілжіңсіз жəне қауіпсіз жағдай туғызуды, білім алушының табиғи 
əлеуетін  жүзеге  асыруды  түйінді  негіз  етіп  қояды.  Бұл  технология 
бойынша баланың жеке тұлғасы жай ғана субъекті емес, басымдыққа 
ие  субъект.  Ол  авторитарлық  жəне  дидактикоцентрлік  техноло-
гияларда  орын  алатын  қандайда  бір  дерексіз  мақсатқа  жетудің 
құралы  емес,  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  саналады.  Мұндай 
технологияларды  кейде  анторопоцентрлік  деп  атайды.  Сонымен,  
жеке-тұлғалық  бағдарланған  технологиялар  анторопоцентрлік, 
гуманистік жəне психотерапевтік бағыттылықпен сипатталады, со-
нымен бірге баланың жан-жақты, еркін жəне шығармашылықты да-
муын көздейді.
Жеке-тұлғалық  бағдарланған  технологиялардың  аясында  дер-
бес  бағыттар  ретінде  гумандық-жеке  тұлғалық  технологиялар, 
ынтымақтастық  технологиясы  жəне  еркін  тəрбие  технологиясы 
ажыратылады.
Гумандық-жеке  тұлғалық  технологиялар  ең  алдымен  өзінің 
гуманистік  мəнділігімен,  жеке  тұлғаны  психотерапевтік  қолдау, 
оған көмек көрсету бағыттылығымен ерекшеленеді. Олар балаларға 
сыйластық жəне сүйіспеншілік, олардың шығармашылық қуаттарына 
оптимистік сенім арту, күштеп бағындырудан аулақ болу идеяларын 
насихаттайды.  
Ынтымақтастық технологиясы педагог пен баланың субъект-
объектлік қарым-қатынасында демократизмді, теңдікті, серіктестікті 
жүзеге  асырады.  Оқытушы  білім  алушылармен  ынтымақтастықта, 
шығармашылық жағдайында бола отырып, мақсаттарды, мазмұнды 
бірге айқындайды жəне баға береді.
Еркін  тəрбие  технологоиясы  баланың  үлкенді-кішілі  өмір 
сүру  əрекеттеріне  еркін  таңдау  мен  өзбеттілік  беруге  ерекше  мəн 
береді. Бала өзінің субъектілік позициясын таңдауы арқылы сыртқы 
ықпалдың əсерінен емес, өзінің ішкі талпынысынан туындата келе 
жүзеге асырады. 
Эзотерикалық  технология  эзотерикалық («санадан  тыс»)  білім 
туралы  ілімге  негізделген.  Педагогикалық  үдеріс – бұл  хабарлау 
емес,  қатынас  емес,  ол  ақиқатқа  жету.  Эзотерикалық  парадигмада 
адамның өзі Əлеммен өзара ақпараттық əрекеттесудің кіндігіне ай-
налады.
Білім алушылар категорияларына байланысты аса маңызды əрі 
берегей технологияларға жататындар:


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау