Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет50/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105

165
19. «Ия» немесе «жоқ» деген жауап берілетін тест түрі:
А) баламалы тест;
Ə) салыстырмалы тест;
Б) іріктеу тестері;
В) қосымша тестер;
Г) компьютерлік тестер.
20.  Білім  алушылардың  сабақта  орындалған  жұмыстарының 
кемшіліктері мен жетістіктерін талдау
А) қорытынды нұсқау;
Ə) кезектен тыс 
Б) ағымдығы нұсқау;
В) алдын-ала нұсқау;
Г) кіріспе нұсқау.


166
V БӨЛІМ.
КƏСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
5.1. Педагогикалық технологияны жобалаудың əдіснамасы.
5.2. Педагогикалық технологиялардың жіктемесі.
5.3. Кəсіптік білім берудегі ақпараттық жəне коммуникативтік 
технологиялар.
5.4.  Кəсіптік  білім  берудің  модульдік  жəне  тұлғаға  бағдарлы 
технологиялары.
5.1. Педагогикалық технологияларды жобалаудың əдіснамасы
Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті – бəсекеге 
қабілетті  білікті  мамандарды  дайындау  екендігі  даусыз.  Заман  та-
лабы  өзгерген  сайын,  жоғары  оқу  орындарына  қоғам  тарапынан 
қойылатын  талап  та  өзгереді.  Сол  талаптардың  маңыздыларының 
бірі педагогикалық жүйе үдерісінде  инновациялық іс-əрекет жүргізу 
қажеттілігі. Инновациялық үдеріс түсінігі, ол барлық динамикалық 
үдерістерді 
қамтып, 
ақпараттар 
əлеміндегі 
үдерісуалдық 
аспектілердің, жаңалықтардың бүтіндей өзгеруіне байланысты.
Бүгінгі білім беру саласына үш сатылы білім беру мен кредиттік 
жүйенің  ендірілуі,  білім  саласына  мемлекет  қана  емес,  жалпы 
қоғамның  араласуы – инновациялық  реформалардың  бастапқы 
жемісі.  Бүгінгі  таңда  əлемдік  бəсекеге  қабілетті,  кəсіби  даярлығы 
жоғары,  өз  білімін  ұдайы  жетілдіріп  отыратын,  шығармашыл, 
ізденімпаз,  инновациялық  даярлығы  қалыптасқан,  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  жүргізе  алатын  маман  даярлау  басымдықтар  биігіне 
көтерілді. 
Кез-келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  өмір  сүру 
деңгейінің  жоғарылығы,  дүниежүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен 
салмағы,  сол  елдің  технологиялық  даму  деңгейімен  анықталмақ. 
Жалпы  қоғам  дамуы  мен  жаңа  технологияны  енгізу  сапалылығы 
осы  елдегі  білім  беру  ісінің  дұрыс  жолға  қойылуы  мен  осы  са-
ланы  жаңашылдандыру  деңгейіне  келіп  тіреледі.  ЖОО-дағы 
педагогикалық  пəндерді  оқытуда  инновациялық  технологиялар-


167
ды  тиімді  қолдану  өзгермелі  қоғам  жағдайындағы  педагогикалық 
міндеттердің қайнар көзі.
Инновация  ұғымының  шығу  кезеңі  мен  тарихын  дəл  анықтау 
мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыста-
ну  ғылымдарынан  келген  деп  есептеледі.  Өйткені,  инновациялар 
көбіне  экономика,  техника,  агрономия,  өнеркəсіп  жəне  медицина 
салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда 
болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық 
категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа 
енгізіле бастады.
Инновация  (латын  сөзі – Іnnovatіon) – жаңаны  ендіру  деген 
ұғымды білдіреді, орысша мағынасы да осыған ұқсас.
«Инновация»  жөнінде  бүгінде  бірнеше  түсініктер  мен 
анықтамалар  қалыптасқан.  Егер,  педагогикалық  жəне  кеңестік 
энциклопедиялық  сөздіктерде  бұл  ұғым  жаңа  білім  ретінде 
түсіндірілсе, бірқатар  ғалымдар оған былайша анықтама береді:
- «...тиісті  деңгейге  жетуді  қамтамасыз  ететін  педагогикалық 
əрекеттің  жаңару  сипатындағы  тұтас  теориялық,  технологиялық 
жəне əдістемелік тұжырымдамасы»;
- «...бұл  кəсіби  əрекетті  жаңа  сапалық  деңгейге  шығаратын, 
əдеттегі  мөлшерден  тыс  жəне  реттелмеген  іс-əрекеттің  принципті 
жаңа үлгісінің жасалуы»;
- «...бұл  идея  нақты  адам  үшін  жаңа  болуы  мүмкін.  Идеяның 
объективті  түрде  жаңа  болу-болмауы  маңызды  емес,  біз  оны 
алғашқы  пайда  болуы  мен  пайдаланылған  уақытына  байланысты 
анықтаймыз»;
Э. Брансунктың пайымдауынша, педагогикалық жаңалықтардың 
мынадай үш түрі бар:
1) толығымен жаңа жəне бұрын белгісіз болған білім беру идея-
лары мен əрекеттері жаңалық болып есептелінеді. Ондай, тұтастай 
жаңа жəне соны идеялар өте аз кездеседі;
2) ең көп кездесетін жаңалықтар белгілі бір ортада жəне белгілі 
бір уақыт кезеңінде ерекше көкейкестілікке ие болған, бейімделген, 
кеңейтілген  немесе  қайта  қалыптастырылған  идеялар  мен  іс-
əрекеттер болып табылады;
3)  педагогикалық  жаңалықтар  жаңа  жағдайларда  бұрыннан 
белгілі  болған  жағымды  идеялардың  жетістікке  жетуіне  кепілдік 
берілуіне,  тəрбие  мақсаттарының  қайта  қойылуына  байланысты 
бұрыннан белгілі əрекеттердің жандануы жағдайында туындайды. 
Ал,  К.  С.  Құдайбергенова  “инновацияны” – нақты  қойылған 


168
мақсатқа  сай  алынған  жаңа  нəтиже  деп  есептеп,  төмендегідей  ау-
дармалар  жасаған: “инновация” – жаңарту, “нововедение” – енген 
жаңалық, “новое” – жаңа, “новшество” – жаңалық, “инновационный 
үдеріс” – жаңарту үдерісі
1
.
Кейбір  зерттеушілер,  оның  педагогикалық  айналымға  жараты-
лыстану ғылымы арқылы енгендігін айта келіп, «инновация» ұғымы 
көпшілік  жағдайда  техникалық  өндіріске,  медицинаға  қатысты 
қолданылғанымен, кейінгі жылдары педагогикалық əдебиеттер мен 
білім  беру  практикасында  да  кеңінен  көрініс  тауып  жүргендігіне 
мысалдар келтіреді. Н. В. Горбунова «жаңалық», «жаңаны ендіру», 
«инновация» ұғымдарының арасында пəлендей айырмашылық жоқ» 
-дей келе, осы бағыттағы еңбектердің авторлары инновацияны нақты 
жағдайда жаңа болып табылатын идеялар, құралдар деп танитынын 
ескертеді. Олардың пікірінше, «инновация-педагогикалық үдерісте 
жаңа  тұжырымдамаларды,  оқу  жоспарын,  бағдарламаларды,  жаңа 
жұмыс формаларын, əдістерін, құралдарын, білім мен тəрбие беру 
амалдарын қолдануды білдіретін педагогикалық категория.
Қазіргі  уақытта  инновациялық  педагогикалық  технологиялар 
саны жеткілікті деңгейде əзірленген. Педагогикалық технологияның 
негізі  амалдардың  ең  тиімдісінің  сыныптағы  білім  алушылардың 
қабілет, дарынына қарай талғап-таңдап қолданылуында.
«Технология»  термині  алғаш  рет 1940-50 жылдары  шетелдер-
де  пайда  болды  жəне  ол  педагогикалық  үдерісте  технологиялық 
құралдар  мен  оқыту  бағдарламаларын  пайдалануға  байланысты 
болды. Технология – өнім алу барысында шикізаттың, материалдың 
немесе жартылай шикізаттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, 
əзірлеу не өзгерту əдістерінің жиынтығы. Берілген анықтамалардан 
байқап отырғанымыздай, «технология» technе - өнер, шеберлік жəне 
logos – ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) тура-
лы ғылым екеніндігіне көз жеткіземіз. 
Жаһандану  жағдайында  білім  берудің  мақсаты  мен  мəнінің 
өзгеруі  «инновациялық  технология», «жаңа  оқыту  технологиясы», 
«білім беру технологиясы», «дидактикалық технология» деп атала-
тын  жаңа  ұғымдардың  пайда  болуына  ықпал  етті.  Педагогикалық 
əдебиеттерді  талдау  аталған  ұғымдардың  синоним  ретінде  қатар 
1
Құдайбергенова  К.  С.  Құзырлылық  білім  сапасының  критерийі:  əдіснамасы  жəне  ғылыми-
теориялық негізі: Монография. – Алматы: «XXI ғасыр мектебі» өоғамдық бірлестігінің баспа-
ханасы, 2008. – Б. 32.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау