Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет28/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105

87
сапа-қасиеттері, кəсіптік өнерге, кəсіби іс-əрекеттерге деген өзіндік 
көзқарастары, пікір-пайымдаулары, мінез-құлықтары қалыптасады. 
Кəсіптік  оқыту  дамыту  функциясының  басшылығымен  жүзеге 
асырылады.  Кəсіптік  оқытудың  дұрыс  ұйымдастырылуы  білім 
алушылардың  сенсорлық,  қозғалыстық,  мотивациялық-қажеттік, 
интеллектуалдық  дамуына  көмектеседі.  Қажеттілік  жəне  тұлғаның 
танымдық  үдерістерінің  белсендірілуі  арқылы  əсіресе  кəсіби  есту, 
кəсіби  ес,  кəсіби  ойлау,  қиялдау,  сонымен  бірге  кəсіби  қабілеттері 
дамиды.
Кəсіби дағды кез-келген əрекетті орындай білу арқылы бекітілген 
білікті  дағды  деп  атайды.  Ал,  кəсіби  дағды,  белгілі  бір  кəсіпті 
меңгеру  барысында  практикалық  жаттығу  арқылы  қалыптасатын, 
еңбек қызметінің автоматты түрдегі сапалы сандық көрсеткіші болып 
табылады.
Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар: қимыл 
дағдысы; ойлау дағдысы, сезім дағдысы.
Қимыл  дағдыларында  еңбек  қимылдарын  дəл,  нақ  жəне  аз  күш 
жұмсай отырып, тиімді үйлестіру əрекетін қалыптастырады. Ойлау 
дағдылары жұмыс барысында стандартты қалыптасқан, арнайы ойлау 
үдерісін қажет ететін дағдылар.
Сезімдік  дағдылар  іс-əрекетті  атқару  кезінде  сезім  мүшелері 
арқылы  қалыптасқан  технологиялық  үдерістер  мен  материалдарды 
сұрыптау  барысында  пайда  болады.  Сондай-ақ,  бұл  əрекет  əсіресе, 
өндіріс үдерістерін ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде 
байқалады.
Кəсіптік білімнің нəтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне 
байланысты.  Қозғаушы  күш  деп  қойылатын  талаптар  мен  оларды 
орындаудағы білім алушылардың мүмкіншілігі арасындағы қарама-
қайшылықтарды атайды. Қарама-қайшылықтардың бағыттылықпен 
шешілуі  мазмұндық  білімнің  табиғатына  сай  дұрыс  қызмет  етуіне 
қол  жеткізеді.  Бұл  ретте  кəсіптік  оқыту  педагогының  алатын 
нəтижесі  оқу  мен  тəрбие  барысында  білім  алушыларды  кəсіби  іс-
əрекет  тəсілдерін  белсенді  түрде  игеру  талпынысын  қамтамасыз 
етуімен сипатталады.
Негізгі ұғымдар сөздігі:
Стандарт    (ағыл. - standard - норма,  үлгі,  мөлшер) - мөлшер, 
үлгі, өлшем дегенді білдіретін ұғым.
Білім стандарты 
– қоғамдық идеал көрініс табатын жəне нақты 
жеке  тұлғаның  жəне  сол  идеалға  қол  жеткізу  бойынша  білім  беру 


88
жүйесінің мүмкіндіктері есепке алынатын, білімділіктің мемлекеттік 
нормасы ретінде қабылданатын негізгі параметрлер жүйесі. 
Кəсіптік білім беру стандарты дегеніміз - бітірушілердің жал-
пы  кəсіптік  білім  даярлығына  қойылатын  талаптардың  міндетті 
жəне соған сəйкес келетін білім мазмұны, əдістері, формалары, оқу 
құралдары мен бақылаудың деңгейі.
Кəсіптік  білім  мазмұны  -  кəсіптік  оқыту  үдерісінде  білім 
алушылардың  меңгеруге  тиіс  ғылыми  білімдер,  практикалық 
іскерліктер жəне дағдылар мен іс-əрекет ету жəне ойлау амалдарының 
жүйесі. 
Біліктілік  деңгейі  -  үздіксіз  кəсіптік  білім  жүйесінде  кадрлар 
даярлауда  кəсіпті  (мамандықты)  меңгертуде  талап  етілетін  жалпы 
жəне  кəсіптік  білімнің  көлемімен  жəне  арасалмағымен  сипаттала-
тын аяқталған кезеңі.
ТОЖ (типтік оқу жоспары) білім саласының өкілетті органда-
ры арқылы бекітілетін оқу орындарында оқылатын оқу пəндерінің 
құрамын анықтайтын нормативтік құжат.
ТОБ  (типтік  оқу  бағдарламалары) – білім  саласының  өкілетті 
органдары  арқылы  бекітілетін  оқылатын  əрбір  пəн  бойын-
ша  меңгертілуге  тиісті  білім,  іскерлік  жəне  дағдылар  ауқымы 
анықталынатын нормативтік құжат.
ЭПК  (элективтік  пəндер  каталогы)  -  жоғары  оқу  орындардағы 
жыл сайынғы барлық пəндердің жүйеленген аннотациялық тізімі.
ОЖЖ (оқу жұмыс жоспары)  типтік оқу жоспарының негізінде 
өңдемеленетін жəне Ғылыми Кеңестің шешімімен білім мекемесінің 
жетекшісі бекітетін оқу жоспары.
Силлабус – студенттің оқу жұмыс бағдарламасы.
СОЖЖ  (студенттердің  оқу  жұмыс  жоспары)  -  студенттердің 
жеке жұмыс жоспары.
ОСӨЖ 
- 
оқытушының 
жетекшілігімен 
атқарылатын 
студенттердің өздік жұмысы.              
СӨЖ  -  студенттердің  аудиториядан  тыс  атқаратын  өздік 
жұмыстары.
Өздік жұмыстар үшін сұрақтар мен тапсырмалар:
*  Қазақстан  Республикасының  білім  стандарттарында  қандай 
мəселелер қарастырылады?
* 5В012000 «Кəсіптік  білім»  жалпыға  міндетті  білім  стандар-


89
ты  жоғары  білім  саласындағы  қандай  халықаралық  құжаттармен 
үйлестірілген?
*  Кəсіптік  білім  стандартындағы  «біліктілік», «біліктілік 
деңгейі» ұғымдарының жетекші рөліне негіздеме беріңіздер.
*  Жоғары кəсіптік білімнің құзыреттіліктеріне (жалпы білімділік, 
əлеуметтік-этикалық, 
экономикалық, 
ұйымдастырушылық-
басқарушылық, арнайы) сипаттама беріңіздер.
*  Студенттердің оқытушының жетекшілігімен (ОСӨЖ) жəне өз 
бетімен  (СӨЖ)  атқаратын  өздік  жұмыстарына  мысалдар  келтіріп, 
мазмұндық сипаттама беріңіздер.
* «Оқу  пəні»  жəне  «ғылым  негіздері»  ұғымдарының 
айырмашылықтары неде?
*  Кəсіптік  білім  мазмұнын  қалыптастырудың  алғышарттары 
ретіндегі белгілі бір жүйелерге жататындарды анықтаңыздар.
*  Кəсіптік  білім,  оқыту  мазмұнын  сұрыптау  теориясындағы 
тұжырымдамаларға сипаттама беріңіздер.
*  Кəсіптік білім мазмұнын сұрыптауда талап етілетін өлшемдер 
мен дидактикалық принциптерді мазмұндаңыздар.
*  Кəсіптік оқыту педагогы бағдарламасының негізінде кəсіптік 
білім мазмұнының білімділік, тəрбиелік, дамыту функцияларына си-
паттама беріңіздер.
*  Кəсіптік  білім  мазмұнының  құрылымдық  компоненттеріне 
мазмұндық сипаттама беріңіздер.
*  Шығармашылық  іс-əрекет  тəжірибесі  білім  мазмұнына  жата 
ма,  немесе  ол  үлгілер  мен  жаттығулардың  негізінде  қалыптасатын 
іскерліктер мен дағдылардың бір түрі ме?
*  Кəсіптік  білім  мазмұны  қандай  нормативтік  құжаттарда 
көрініс табады?
*  Кəсіптік оқыту мамандығы бойынша типтік оқу жоспарының 
жалпы  білім,  базалық  жəне  бейіндік  циклдары  пəндерінің,  таңдау 
пəндерінің мазмұнын ашып көрсетіңіздер.
*  Типтік оқу бағдарламаларына мəндік-құрылымдық сипаттама 
беріңіздер.
*  Кəсіптік  оқыту  мамандығы  бойынша  бакалавриаттың  білім 
бағдарламаларының мазмұнына кіретіндерді анықтаңыздар.
Əдебиеттер:
Негізгі: 
Леднев,  В.  С.  Содержание  образования:  сущность,  структура, 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау