53
Негізгі ұғымдар сөздігі:
Кəсіп – қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпыадамзаттық мораль
нормаларымен келісілген еңбек түрі жəне адамзат үшін материал-
ды игіліктер бастамасы. Кəсіп салаларына қарай еңбек бөлінісін е
ие. Мысалы: слесарь кəсібі мына түрлерге бөлінеді: слесарь-
құрастырушы; слесарь-жөндеуші жəне аспапшы-слесарь т.б.
Мамандық – бейінделген теориялық жəне практикалық даярлық
негізінде жүзеге асырылатын еңбек іс-əрекетінің түрі.
Кəсіптік білім – бұл белгілі бір жүйеде кəсіп бойынша алынған
білім, білік жəне дағды жиынтығы жəне оны тиісті кəсіптік ортада
пайдалана білудің ережелері мен нормалары тəртібі.
Кəсіптік оқыту – бұл білім алушы мен инженер-педагогтің
кəсіп бойынша ғылыми-техникалық ілімді игеруі мен кəсіптік білік,
дағдыны қалыптастырудағы бірлескен іс-əрекеті.
Кəсіптік тəрбие – білім алушы мен инженер-педаггтің белгілі
бір кəсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен
нормаларының жиынтығын қамтитын əлеуметтік құбылыс.
Кəсіби даму – жеке тұлғаның кəсіби іс-əрекеттің субъектісі
ретінде дамуы. Оның кезеңдері: кəсіби өзін-өзі анықтауы, кəсіптік
білімдарлығы мен іскерлігі, кəсіби құзыреттілігі, кəсіби шеберлігі,
кəсіби шығармашылығы.
Кəсіби мəдениет – кəсіптік білімдерді, іскерліктерді,
дағдыларды, жеке тұлғалық қасиеттерді, кəсіби этика мен эстетика-
ны қосып алғандағы, кəсіби іс-əрекетті жүзеге асыруда қол жеткізген
деңгей.
Кəсіби өзін-өзі анықтау – жеке тұлғаның өзінің кəсіби іс-
əрекетінің субъектісі ретінде болашақ кəсібін таңдау үдерісі
жəне нəтижесі. Оның кезеңдері: кəсіпті таңдау проблемасы-
на қызығушылығы (қайсыбір кəсіп туралы армандауы); кəсіби
бағыттылығы (кəсіпті алдын ала алғаш таңдауы); кəсіби сана (кəсіби
бейімділігін санамен пайымдауы).
Кəсіби бағдар – жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері мен
қажеттіліктерін, еңбек нарығының сұраныстарын есепке ала отырып,
саналы түрде өз бетінше кəсіп таңдауға көмектесетін əлеуметтік-
экономикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық шаралар
жүйесі.
Кəсіби бейімділік
– жеке тұлғаның нақты бір кəсіби іс-əрекетке
қызығушылығы негізінде қалыптасатын сапа-қасиеті жəне оны
орындауға құлшынысы мен қабілеттілігінің байқалуы. Бейімділік
54
бойынша іс-əрекетте сыртқы нəтиже ғана емес, сонымен қатар осы
нəтижеге жəне сол іс-əрекетті жүзеге асыру үдерісіне деген қанағат
сезімі көрініс табады.
Кəсіби даярлық –
жеке тұлғаның өзін белгілі бір кəсіби іс-
əрекетке қабілетімен жəне оны орындауға даярмын деп санайтын
субъективті жай-күйі жəне оны жүзеге асыруға ұмтылысы.
Кəсіби дайындық
– жеке тұлғаның кəсіби бағыттылығының,
білімдерінің,
іскерліктерінің,
дағдыларының
жəне
кəсіби
даярлығының қалыптасуын қамтамасыз ететін ұймдастыру жəне
педагогикалық шаралар жүйесі.
Кəсіби жарамдылық
– жеке тұлғаның жəне адам ағзасының кəсі-
би қабілеттері мен кəсіби іс-əрекет жағдайларының өзара əрекеттестігі
бойынша психодиагностикалық жəне психопрогностикалық бағасы.
Кəсіптік білім мекемелері - белгілі бір деңгейде (бастауыш орта,
жоғары жоғары білімнен кейін кəсіптік білім) кəсіптік білім беру
бағдарламасын жүзеге асыратын мемлекеттік немесе мемлекеттік
емес оқу орны. Кəсіптік білім беретін оқу орындарының түрлі
түрлері мен типтері бар. Мəселен: мектептер, лицейлер, колледждер,
институттар, академиялар, университеттер.
Кəсіптік бастауыш білім
педагогикасы – кəсіптік бастау-
ыш білімді маманды оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту жүйесін жəне
үдерісін зерттейтін кəсіби педагогиканың саласы.
Кəсіптік орта білім
педагогикас ы – кəсіптік орта білімді
маманды оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту жүйесін жəне үдерісін
зерттейтін кəсіби педагогиканың саласы.
Кəсіптік жоғары мектеп
педагогикасы
– кəсіптік жоғары
білімді маманды оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту жүйесін жəне
үдерісін зерттейтін кəсіби педагогиканың саласы.
Жоғары білімнен кейінгі кəсіптік білім
педагогикасы –
жоғары білімнен кейінгі кəсіптік білімді маманды оқыту, тəрбиелеу
жəне дамыту жүйесін жəне үдерісін зерттейтін кəсіби педагогиканың
саласы.
Кəсіби педагогиканың объектісі - кəсіптік білім беру жүйесі.
Кəсіби педагогиканың пəні - кəсіптік білімді маманды оқыту,
тəрбиелеу, дамыту үдерісі.
Кəсіби педагогиканың теориялық функциясы: кəсіптік білім
берудің озық тəжірибесін зерттеу (сипаттау деңгейі), кəсіптік
55
білім берудің бүгінгі жағдайын анықтау (диагностикалық деңгейі),
тəжірибелік эксперимент жұмысын жүргізу (болжау деңгейі);
Кəсіби педагогиканың технологиялық функциясы: кəсіптік
білім беру бойынша əдістемелік материалдар, жоспарлар,
бағдарламалар, оқу құралдарын дайындау (жобалау деңгейі), кəсіптік
білім саласындағы ғылыми-мəдени жетістіктерді педагогикалық
практикаға ендіру (жасампаздық деңгей), ғылыми зерттеулердің
нəтижелерін талдау (рефлексивтік деңгей).
Əдіснама –
белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық
құралдардың, əдістердің, тəсілдердің жиынтығы.
Педагогиканың əдіснамалық деңгейлері: философиялық
білімдер, жалпығылыми əдіснама, нақты ғылыми əдіснама,
технологиялық əдіснама.
Іргелі зерттеулер – педагогиканың теориялық жəне
практикалық қорытындыларға жеткізетін немесе болжамдық негізде
педагогикалық жүйелердің дамуының үлгісін ұсынатын жинақтау
тұжырымдамалары.
Қолданбалы зерттеулер – педагогикалық үдерістің жекелеген
жақтарын тереңдете зерделеуге бағытталған жұмыстар.
Өңдемелік зерттеулер – бұған дейін белгілі болған қағидаларды
есепке алу негізінде нақты-практикалық ұсыныстарды негіздеуге
бағытталған еңбектер.
Ғылыми проблема
– ғылым құралдары арқылы шешімі
табылуға тиісті негізгі қарама-қайшылықтар.
Зерттеудің көкейкестілігі
– теория мен практиканың əрі қарай
дамуын көздейтін қайсыбір проблеманы зерделеу мен шешімін
табудың қажеттілігі мен дер кезділігі.
Зерттеу объектісі
– таным үдерісі бағытталған нəрсе. Педаго-
гикада зерттеу объектісі қарама-қайшылықтары бар педагогикалық
үдеріс, педагогикалық болмыс саласы, қандай да бір педагогикалық
қарым-қатынас.
Зерттеу пəні –
объектінің бөлігі, жақтары, объектінің зертте-
луге тиісті ең маңызды қасиеті, ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты – проблеманың шешімінің түпкі нəтижесі.
Зерттеу міндеттері
– зерттеудің мақсаттарына жету кезеңдері.
Зерттеу логикасы
– зерттеудің кезеңдері мен əдістерінің
бірізділігі, ішкі заңдылығы.
Реферат - жазбаша түрде орындалған немесе көпшілік алдында
Достарыңызбен бөлісу: |