47
Францияның қоғам қайраткері К. А. Корбон (1808-1881) өзінің
«Кəсіптік білім туралы» кітабында бірініші рет жұмысшы балалары
мен шəкірттік жүйедегі білім беру жағдайына талдау бере келе, жеке
тұлға мен қоғам үшін кəсіпті таңдаудың еркін болуының маңызын
атап көрсетті жəне жалпыға міндетті кəсіби даярлықтың, кəсіби
мектептерді құрудың, жалпы жəне кəсіптік білімді үйлестірудің,
ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегінің өзара байланыста болуының
қажеттілігін көтерді. Ол балаларды ерте кəсіптендіруге қарсылық
білдіріп, балаларды ақыл-ой топастығына ұшырататын, төмен сапа-
да оқытатын қолөнер шəкірттігін қатаң сынға алды.
К. Маркс (1818-1883) коммунистік тəрбие жүйесіне, «балалар
мен жеткіншектерді өндіріс үдерістерінің негізгі принциптерімен
таныстыратын жəне оларға бір мезетте барлық өндірістің қарапайым
жабдықтарымен жұмыс істеу дағдыларына төселдіретін» техникалық
оқытуды ендірді. Осылайша, оқытуды өндірістік еңбекпен, бала
еңбегін тиімді ұйымдастыру жəне қорғау, шəкірттікті техникалық
мектептермен ауыстыру жөнінде пікір айтылды. Бұл идея XIX
ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында социал-демократтардың
педагогикалық ортасында кеңінен қолдау тапты.
Шетелдердегі XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында
өндірістік білім теориясы мен практикасының дамуы. XIX ғасырдың
соңы мен XX ғасырдың басында Батыс Еуропа мен АҚШ-та түрлі
реформаторлық теориялар өріс алды. Олардың бірі еңбек мектебі
теориясы еді. Оның авторы неміс педагогы жəне білім саласының
көрнекті қайраткері Георг Кершен-Штейнер (1854-1932) болды.
Георг Кершен-Штейнердің пікірінше, жастардың кəсіби іс-əрекетке
байланысты жалпы еңбек дайындығы халықтық мектептердің аса
маңызды міндеті. Осы орайда, ол АҚШ-та балаларды мектеп шебер-
ханаларында, ас үйлерінде еңбекке баулу бағдарламасын жасады.
Георг Кершен-Штейнер жас жұмысшылар үшін кəсіби даярлығы
жетілдірілетін жəне жеткіншектердің азаматтық тəрбиесі жүзеге
асырылатын қосымша мектептер ашты. Оның жастардың өндірістегі
практикалық еңбегін теориялық білім алуымен үйлестіруді көздейтін,
фабрикалық-зауыттық шəкірттіктің жаңа жүйесінің негізін салу-
шы екендігін атап өту керек. Бұл жүйе тек Германияда ғана емес,
Еуропаның көптеген елдерінде кеңінен тарады.
АҚШ-ғы кəсіби педагогиканың дамуы өндіріске жаңа
технологиялардың ендірілу, еңбекті конвейерлік түрде ұйымдастыру,
еңбек өнімділігін жəне шығарылған өнімнің бəсекеге қабілеттілігін