41
– даму үстіндегі экономиканың мұқтаждықтарына сəйкестігі;
– даярланатын кадрлардың бəсекеге қабілеттілігі;
– кəсіптік білімнің жалпы білім базасында дамуы;
– кəсіби мектептердің бастапқы жалпы білімге тəуелді түрлі
типтілігі жəне түрлі деңгейлілігі;
– кəсіптік білім мазмұнындағы оның жалпы жəне арнайы
компоненттерінің үйлесімі;
– оқытудың
практикалық
бағыттылығы
жəне
айқын
əлеуметтендірілуі; шəкірттіктің бірте-бірте кəсіби мектептерге ауы-
стырылуы; оқытудың өнімді еңбекпен ұштастырылуы.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы
кəсіптік білімнің теориясы мен практикасының дамуы. XIX
ғасырдың 60-шы жылдары Ресейде кəсіптік оқытудың дидакти-
касы дами бастады. Осы орайда, Тəрбие үйінің негізінде пайда
болған, əрі қолөнерге баулуда ежелден қалыптасқан өзіндік дəстүрі
бар Мəскеу техникалық училищесі жетекші рөл атқарды. Аталған
училищенің шеберханаларында оқу шебері Д. К. Советкиннің (1838-
1912) жетекшілігімен əлемдік тəжірибедегі алғашқы темір ұстасы,
ағаш жонушы, ағаш шебері кəсібіне өндірістік оқыту жүйесінің
дидактикалық тұрғыдағы негіздемесі өңдемеленді.
Балалар мен жеткіншектерді жаппай өндіріске тарту
жағдайында балалар еңбегін сақтау мен қорғаудың, сонымен қатар,
шəкірттікті қайта құрудың əлеуметтік мəселелері өзектене түсті.
Қазан
төңкерісі
қарсаңында
Ресейде
білім
беруді
реформалаудың жəне оны өмірдің əлеуметтік-экономикалық талап-
тарына сəйкестендірудің қажеттілігі күн сайын арта түсті. Білімді
демократияландыруға талпыныс жасалды. Бірақ, ол патшалық
үкімет тарапынан қолдау таппады. XX ғасырдың 20-30-жылдары
ғылыми білімнің дербес саласы ретіндегі кəсіби педагогиканың
қалыптасу үдерісі қарқынды, үдемелі сипатқа ие болды. Осы
кезеңнің ерекшелігі кəсіптік білімнің идеологиялық, əлеуметтік-
саяси факторларының алдыңғы қатарға шығуы еді.
Бұл кезеңде халыққа білім берудің кеңестік жүйесінің
əлеуметтік-экономикалық жəне теориялық- əдістемелік даму
жолдарын негіздеу мейлінше күрделі проблема екендігіне
көз жеткізілді. Солардың қатарында, əсіресе кеңес мектебі
монотехникалық болуы керек пе, əлде политехникалық болуы ке-
рек пе деген мəселе шиеленісе түсті. «Монотехнистер» индустриа-
ландыру жағдайындағы білім беру жүйесінің негізі тар шеңбердегі
42
кəсіпкер даярлауға бағытталған кəсіби-техникалық мектеп-
тер болатындықтан, оқыту нақты бір мамандықты иелендіруге
бағытталуы тиіс деп санады.
Ал «политехнистер» (А. В. Луначарский, Н. К. Крупская жəне
т.б.) білім алушыларды заманауи өндірістің ғылыми негіздерімен
жəне жалпы еңбек іскерліктерімен, дағдыларымен қаруландыратын
политехникалық білім беру идеясын ұстанды. 1918 жылдың 16-шы
қазаны күні оқытудың өндірістік еңбекпен байланысы принциптері
көрініс тапқан «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі принциптері»
жəне «Бірыңғай еңбек мектебінің Ережесі» жарық көрді.
РКП(б) (1919 ж.) бағдарламасында жынысына қарамастан, 17
жасқа дейінгі барлық балалар үшін ақысыз əрі міндетті жалпы
жəне политехникалық білім беру талаптары бекітілді.
Кəсіби педагогика теориясының негізін салушы жəне кəсіби
мектепті ұйымдастырушы Н. К. Крупская болды. Ол кəсіптік білім
теориясының келесі қағидаларын қалыптастырды:
– кəсіптік оқыту жалпы білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі;
– кəсіптік білімнің экономикалық, əлеуметтік жəне білімділік-
тəрбиелік функцияларының бірлігі, оның «ертеңгі күннің»
мұқтаждығына бағыттылығы;
– кəсіптік оқытудың өндірістік еңбекпен байланысы;
– кадрлардың арнайы жəне жалпытехникалық даярлығын
ұштастыру мен кəсіптік білімнің политехникалық бағыттылығы;
– жалпы жəне кəсіптік білімнің бірлігі мен сабақтастығы жəне
т.б.
А. В. Луначарский
(1875-1933),-халық ағарту ісінің алғашқы ко-
миссары. Ол өзінің үндеулерінде жалпыға міндетті бастауыш білім
беру, жалпы қолжетімділік, зиялылық, мектептің политехникалық
жəне еңбектік бағыттылығы жəне т.б. сияқты Кеңес өкіметінің
халыққа білім беру саласындағы негізгі міндеттерін баяндады.
Н. К. Крупская
(1869-1939),-көрнекті педагогикалық теорияның
негізін салушы жəне кеңес мектептерін ұйымдастырушы. Ресейдің
тұңғыш педагогика ғылымдарының докторы, халық ағарту
комиссариатының орынбасары. Мектепке дейінгі, мектеп жəне мек-
тептен тыс оқыту мен тəрбиелеу проблемаларымен шұғылданған,
пионер жəне жастар қозғалысының бастауында тұрған 11-ден астам
педагогикалық шығармалар жарияланған.
Кəсіптік білімнің теориясы мен практикасының дамуына аса
маңызды үлес қосқан, жаңа типтегі «индустриалды педагогика-
43
ның» болашақ нобайын жасаған экономист жəне пролетарлық ақын А.
К. Гастев (1882-1941) болды. Ол өзінің Орталық еңбек институтының
диреторы қызметін атқарған жылдары, үзеңгілестерімен бірге экс-
перимент негізінде «Еңбек директивасы» теориясын жасады жəне
Орталық еңбек институтының нұсқамалық курстары мен цехтарын-
да фабрикалық-зауыт мектептерінде ұзақ мерзімде даярлау форма-
ларына қарсы, өндіріске кеңінен ендірілген, жұмысшыларды қысқа
мерзімде даярлау тұжырымдамасын өңдемеледі.
Кəсіби педагогиканың қалыптасуында сол кездегі Орталық еңбек
институты, өндіріс кадрларын даярлау ҒЗИ, ММУ-2 ғылыми педа-
гогика ҒЗИ кəсіби педагогикалық бөлімі, сонымен қатар, көптеген
жоғары оқу орындарының кабинеттері, зертханалары аса маңызды
рөл атқарды. Осы кезеңде кəсіптік білім проблемалары кеңінен
көрініс тапқан «Жұмысшы мектебінің өмірі», «Жұмысшы білімі»,
«Өнеркəсіп кадрлары үшін» жəне т.б. журналдар шығарылды.
Сол кезеңдегі педагогтарда кəсіби педагогиканың тек жалпы
педагогиканың ғана емес, техника мен технология принциптеріне
сүйенетіндігі туралы пікір қалыптаса бастады
1920-шы жылдардың аяғында Ресейде кəсіптік білімнің келесі
жүйесі орнықты:
- кəсіби мектептер, фабрикалық-зауыт мектептері, I саты
мектептерінің (бастауыш мектеп) базасында құрылған оқу-өндірістік
шеберханалар;
- жеті жылдық мектептер базасында құрылған индустриалдық,
ауылшаруашылық, педагогикалық жəне басқа да техникумдар;
- тоғыз, он жылдық мектептер базасында құрылған жоғары оқу
орындары.
1930-жылдың орта шенінен бастап қалыптасу үстіндегі инду-
стрия жұмысшы күшін күрт талап етуіне байланысты, кəсіби пе-
дагогика саласындағы теориялық зерттеулер тежеле бастады жəне
жұмысшыларды тікелей өндірісте қысқа мерзімде даярлау формасы-
на ойысты.
Кəсіптік білімнің дамуының жаңа кезеңі 1950-ші жылдары қолға
алынды. «Мектептің өмірмен байланысын нығайту жəне КСРО
халыққа білім беру жүйесін əрі қарай дамыту туралы» Заңның
қабылдануына байланысты, кəсіби техникумдар қайтадан білім
берудің жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде саналды. Жалпы
білім беретін мектептерде көпшілік кəсіптер бойынша бастапқы
кəсіптік білім беру жүзеге асырыла бастады. Мұндай шаралар
Достарыңызбен бөлісу: |