334
мінез-құлыққа қойылатын нормативтік талаптарды белгілейді жəне
педагогикалық үдеріске қатысушылар тарапынан сіңірген еңбегіне
лайықты сыйласым мөлшерін шамалайды.
Педагогикалық такт – қарым-қатынастың жəне білімгерлердің
жас жəне жеке тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерін есепке ала
отырып, өзара əрекеттесудің жалпыадамзаттық нормаларын сақтау.
Педагогикалық мəдениет - мінез-құлық нормалары мен
ережелері жиынтығы, педагогикалық тактты сақтау, педагогикалық
техника, педагогикалық шеберлік, педагогикалық сауаттылық жəне
білімділік аясында жобаланып түсіндірілді.
Аксиология - құндылықтар, олардың шығу тарихы жəне мəні ту-
ралы философиялық ілім.
Педагогтың құндылықтары – бұл педагогтың қоршаған ортаға,
өзіне қарым-қатынасын анықтаушы жəне орындалатын кəсіби іс-
əрекеттің мазмұны мен сипатын үлгілейтін ішкі, эмоционалды түрде
меңгерілген іс-əрекеттің реттеушісі.
Қоғамдық-педагогикалық құндылықтар - қоғамдық санада
мораль, дін, философия формаларында көрініс бере отырып, түрлі
əлеуметтік жүйелерде өмір сүретін құндылықтардың мазмұны
мен сипатын бейнелейді. Бұл бүткіл қоғам аясында тəрбиелік іс-
əрекеттерді жəне құндылықтарды реттеуші идеялар, ұғым түсініктер,
нормалар мен ережелер.
Кəсіби-топтық
құндылықтар
-
белгілі
бір
білім
институттарының шеңберінде орныққан топтардың кəсіби-
педагогикалық іс-əрекетін реттеуші идеялар, тұжырымдамалар,
нормалардың жиынтығын көрсетеді. Бұл құндылықтар
педагогикалық іс-əрекеттердің бағдар берушісі.
Жеке тұлғалық-педагогикалық құндылықтар - бұл жеке
тұлғаның, мақсаттық жəне мотивациялық бағыттылығын көрсететін
құндылық бағдары, күрделі əлеуметтік-психологиялық құрылым.
Кəсіби-педагогикалық
мəдениеттің
технологиялық
компоненті. Кəсіби-педагогикалық мəдениеттің өлшемі (адаптивті,
репродуктивті, эвристикалық, креативті).
Педагогикалық міндет – болмысты тану жəне жаңғырту мақсаты
мен қажеттілігіне байланысты пайымдалған педагогикалық жағдаят.
Педагогикалық технология – педагогтың педагогикалық
міндеттерді
шешуіне
немесе
алдын-ала
құрастырылған
педагогикалық үдерісте жоспармен жəне бірізділікпен көрініс алу-
ына бағытталған бірізділікті өзара байланысқан əрекеттер жүйесі.
Кəсіби-педагогикалық мəдениет - кəсіби мектеп оқытушысының
335
педагогикалық құндылықтар мен технологияларды меңгеруге,
жеткізуге жəне жасауға бағытталған педагогикалық іс-əрекетінің
жəне қатынас жасау түрлерінде өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге
асыруының өлшемі мен амалы.
Өздік жұмыстар үшін сұрақтар мен тапсырмалар
* Кəсіби-педагогикалық білім мен педагогикалық білім
арасындағы ерекшеліктер неде? Салыстырмалы талдау жасаңыз.
* Кəсіпке баулу педагогының əдістемелік жəне арнайы
дайындығына қандай талаптар қойылады?
* Кəсіби-педагогикалық іс-əрекетке даярлықтың мазмұнын
қандай іскерліктер мен дағдылар құрайды?
* Кəсіби-педагогикалық
іс-əрекеттің
құрылымын
ашып
көрсетіңіз.
* Кəсіби-педагогикалық мамандықтың даму болашағы қандай?
* Кəсіби педагогтың жеке тұлғасының құрылымы қандай?
* Кəсіби педагогтың жеке тұлғасының бағыттылығы неге оның
жүйе құраушы сипаттамасы бола алады?
* Кəсіби педагогтың кəсіби құзыреттілігінің мəні неде?
* Еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу оқытушылары
қандай жеке тұлғалық сапа мен кəсіби маңызды психофизикалық
қасиеттерді иеленуі тиіс?
* «Кəсіби
мəдениет», «кəсіби-педагогикалық
мəдениет»
ұғымдарының ара қатынасы қандай?
* Кəсіби-педагогикалық
мəдениеттің
аксиологиялық,
технологиялық, тұлғалық-шығармашылықты компоненттерінің
мазмұнын ашып көрсетіңіз.
* Кəсіби-педагогикалық
мəдениеттің
талдаушылық-
рефлексивтік,
құрастырушылық-болжаушылық,
ұйымдастырушылық-іс-əрекеттік,
ақпараттық-баға
берушілік,
түзетушілік-реттеушілік педагогикалық міндеттерінің мазмұнын
ашып көрсетіңіз.
* Өзіңіздің кəсіби-педагогикалық мəдениеттігіңіздің деңгейін
анықтаңыз. Жауапқа негіздеме беріңіз.
* Кəсіби-педагогикалық білім беру мазмұнының компоненттерін
ашып көрсетіңіз.
* Еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу мұғалімдерінің жеке
тұлғасының жəне іс-əрекет кəсібилігінің мəні неде жəне олардың
кəсіби даму жолдары мен құралдарын ашып көрсетіңіз.
336
* Кəсіби өзін-өзі тəрбиелеу үдерісінің кезеңдерінің мазмұнын
ашып көрсетіңіздер.
* Кəсіби іс-əрекеттің функционалдық құрылымы қандай?
* Кəсіби біліктілікті арттырудың негізгі функцияларына жата-
тындар?
* Кəсіби дамудың формаларына сипаттама беріңіздер.
* Еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу мұғалімдерінің
кəсібилігінің өлшемдік сипаттамасының маңызы неде?
* Еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу мұғалімдерінің
инновациялық қызметтерін дамытушы диагностикалық əдістердің
мəн-мағынасы қандай?
* Оқу орнындағы ұйымдастыру-əдістеме жұмыстарының біріне
қатысып, оны талдауға салыңыз.
* Педагогикалық қызыметкерлерді аттестациялаудың негізгі
мақсаты не?
* Аттестация нəтижелері бойынша еңбек технологиясы жəне
кəсіпке баулу мұғалімдерінің қызметін қолдап, қуаттаудың қандай
формалары қабылданған?
* Кəсіптік оқыту кадрларының біліктілігін жоғарылатудың
инновациялық технологияларына сипаттама беріңіздер.
Əдебиеттер:
Негізгі əдебиеттер:
Батышев С. Я. Профессиональная педагогика. Учебник для сту-
дентов, обучающихся по педагогическим специальностям и направ-
лениям. М.: Ассоциация «Профессиональное образование», 1997.
- 512 с.
Педагогика профессионального образования /Международ-
ная акад. наук пед. образования; [Е.П.Белозерцев и др.]; под ред.
В.А.Сластенина. - 4-е изд., стер. – М.:Академия, 2008. - 366 с.
Сейтешев А.П. Пути воспитания профессиональной направлен-
ности личности учащихся и молодых рабочих. - М.: Высшая школа,
1972. - 383 с.
Сейтешев А.П. Пути профессионального становления учащейся
моло¬дежи. - М.: Высшая школа, 1988. - 580 с.
Балтабаев М., Кишкашбаев Т., Койшибаев Б. Эффективность и
качество диверсификации профессионального образования //Высш.
школа Казахстана, №3, 2001.- С. 168
Достарыңызбен бөлісу: |