Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет100/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105

322
мазмұны  жəне  ұйымдық  негізін  оқу  орны  жетекшісі,  оның  орын-
басары  ғана  емес,  оқытушылар  да,  анық  əрі  нақты  ұғына  алғанда 
барынша  тиімді  болады.  Ал  мектептегі  əдістемелік  жұмыстардың 
жалпы  міндеттерін  былайша  тұжырымдауға  болады:  мектептің 
педұжымының  педагогикалық  тəжірибесін  жүйелі  түрде  зерттеу, 
жинақтау жəне тарату; педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа 
қолдану  қызметінде  инновациялық  бағыттылықты  қалыптастыру; 
еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің  теориялық 
(пəндік)  жəне  психологиялық-педагогикалық  дайындық  деңгейін 
көтеру;  жаңа  оқу  бағдарламаларын,  жоспарларын,  мемлекеттік 
білім  стандарттарын  оқып,  үйренуді  ұйымдастыру;  оқыту  мен 
тəрбиелеудің  жаңа  технологиясын,  түрлері  мен  əдістерін  байы-
ту;  жаңа  нормативтік  құжаттар,  нұсқау-əдістемелік  материалдар-
мен  танысуды  ұйымдастыру;  ғылыми-əдістемелік  көмекті  дербес 
жəне жеке ерекшеліктерді ескеріп ұйымдастыру; жас мұғалімдерге, 
пəн  мұғалімдеріне,  сынып  жетекшілері  мен  тəрбиешілерге, 
педагогикалық  жұмыста  белгілі  бір  қиындыққа  кезіккен 
мұғалімдерге,  педагогикалық  білімі  жоқ  мұғалімдерге,  еңбек  тех-
нологиясы  жəне  кəсіпке  баулу  мұғалімдеріне  жəне  т.б.  өздігінен 
педагогикалық  білімін  көтеруіне  кеңес  беру;  жалпы  кəсіптік-
педагогикалық мəдениет деңгейін көтеру.
Еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің 
əдістемелік  жұмыстарының  мазмұнын  кəсіптік-педагогикалық 
мəдениетінің  құрамды  бөліктерін  ескере  отырып,  айқындаған 
дұрыс  деп  білеміз.  Олар:  еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  ба-
улу  мұғалімдерінің  жалпы  мəдени  дайындығы;  əдістемелік, 
тəрбиешілік,  зерттеушілік,  кəсіптік-адамгершілік,  басқара  білу 
мəдениеті. Əдістемелік жұмыстың мазмұны кəсіптік-педагогикалық 
мəдениеттің  əрбір  бағыты  бойынша  нақтыланып,  бірнеше  ұзақ 
мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы мүмкін.
Еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің 
əдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуының соңы, нəтижесінде, 
оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс 
стилінің қалыптасуына ұласады.
Ғылыми-əдістемелік  тақырыппен  жұмыс  істеу  тиімділігінің 
төмен болуының бір себебі - педұжымның өз мектебіндегі мəселелерді 
айқындап, мақсатын белгілей алмауы, бірлесе жұмыс істеуді жолға 
қоя алмауы. Келесі бір себеп, педагогтың зерттеу тақырыбы бойын-


323
ша озат тəжірибе мен теориялық негіздерді үйренуге деген ынтасы-
ның болмауы немесе төмендігі. Осыдан келіп, жұмысқа деген ынта 
жойылады, уақыт, күш босқа жұмсалады.
Ұжымдық  зерттеу  тақырыбы  бес  жылға  жоспарлануы  мүмкін. 
Мұндай  жағдайда  əр  жылдың  мақсаты,  міндеті  айқындалып,  əр 
əдістемелік  буынның  (пəндік-əдістемелік  бірлестік,  пəндік  комис-
сия, проблемалық топ) жұмыс көлемімен мазмұны белгіленеді, оны 
іске асырудың, есеп берудің мерзімдері жоспарланады, əрбір аралық 
кезең ғылыми практикалық конференция, педагогикалық оқу, жалпы 
мектептік семинар, педагогикалық немесе əдістемелік кеңес түрінде, 
жалпы мектептік есеппен қорытындыланады.
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, 
шығармашылық есептер жекелеген еңбек технологиясы жəне кəсіпке 
баулу  мұғалімдерінің,  əдістемелік  бірлестіктердің  əдістемелік 
жұмыстарының  қорытынды  түрі  болып  табылады.  Авторлар  ха-
барлама,  баяндамаларында  əріптестерін  зерттеу  жұмыстарының 
нəтижесімен  таныстырады.  Ал  қатысушы  оқытушылар,  оны  өз 
жұмыстарының  нəтижелерімен  салыстырып,  ұсынылатын  əдіс-
тəсілдердің  тиімділігіне  көз  жеткізе  алады.  Мектеп  жетекшісінің 
ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметі енгізілген мектептерде 
бұл жұмыс барынша қомақты, нəтижелі болып жүргізіледі. Ғылыми-
практикалық  конференциялар,  педоқулардың  қорытындысы  сал-
танатты  сипат  алып,  өзге  ұжымдардан  шақырылып,  оқытушылар 
зерттеу жəне əдістемелік жұмыстарының нəтижелері бойынша ма-
рапатталады.
Əдістемелік  жұмыстардың  түрлерін  ұйымдастырудың  негізгі 
сипатына  тоқтала  отырып,  əдістемелік  жұмысты  ұйымдастырудың 
түрлерін ескі не жаңа, күні өткен не қазіргі заманғы деп бөлуге бол-
майтынын атап айтуға тура келеді. Өйкені, оның тиімділігі дербес, 
топтық жəне ұйымдық қажеттіліктер мен олардың мүмкіндіктеріне 
тікелей байланысты.
Оқытушының  өзінің  педагогикалық  білімін  жоғарылатуы. 
Оқытушы  əдістемелік  жұмыстың  қандай  түрін  таңдаса  да  соңғы 
нəтижеде,  оның  тиімділігі  еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  ба-
улу  мұғалімдерінің  өз  білімін  өз  бетінше  көтеруіне  байланысты 
болмақ.  Сондықтан  да,  үздіксіз  білім  беру  үдерісін  жоғары  оқу 
орны,  оқытушылар  білімін  жетілдіру  институты,  семинар,  курс, 
практикум  жəне  т.б.  оқу  түрлерімен  шектеуге  болмайды,  оған  осы 
оқу түрлерінің арасындағы тынымсыз ой еңбегін де жатқызу керек. 


324
Ересек  адамның  өздігінен  білімін  көтеруі  барынша  даралығымен 
ерекшеленеді,  содан  да  еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу 
мұғалімдерінің  өз  білімін  көтеру  жұмысына  тəжірибелі  əріптесі, 
беделді мектеп басшысы тарапынан тиянақты көмек қажет.
Еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің 
өзінің  педагогикалық  білімін  көтеруінде,  оның  педагогикалық 
құндылықтар,  технология,  шығармашылық  тəжірибелерді  өз 
бетінше  игеруі  қарастырылады.  Оның  мазмұны  психологиялық-
педагогикалық  жəне  арнайы  білімдерді,  педагогикалық  жұмысты 
ғылыми  ұйымдастырудың  негіздерін,  жалпы  педагогикалық 
мəдениетті қамтиды.
Оқытушыға  өз  білімін  көтеру  жұмыстарын  ұйымдастыруға 
көмек  көрсетілгенде,  оның  кəсіптік  қызметіндегі  қажеттілігі,  жеке 
қызығушылығы ескерілуі тиіс. Мектепте арнайы ұйымдастырылған 
əдістемелік  жұмыс  еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу 
мұғалімдерінің жеке қажеттілігін ескеріп жоспарластырылғанда ғана 
оқытушы ұжымдық оқу түріне тартыла отырып, өзін қызықтырған 
сұрақтарға жауап таба алады.
Мектеп  оқу  орны  жетекшісі  жəне  оқу  ісінің  меңгерушісі 
əдістемелік жұмысты ұйымдастырғанда, өз мектебі педагогтарының 
алдындағы  қиындықтарға  баса  көңіл  бөледі.  Əркімге  қатысты 
мəселелерді  бірлесе  талқылау  еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке 
баулу  мұғалімдерінің  өз  білімін  көтеру  əрекетіне  ықпал  жасайды. 
Сондықтан  да,  жетекшінің,  оқу  ісінің  меңгерушісінің  өз  білімін 
көтеруді ынталандыруы жəне оған басшылық жасауы негізінен жа-
нама сипат алады.
Еңбекке  жəне  кəсіпке  баулу  бойынша  өздігінен  білім  көтеру 
ауқымды мəселелерді қамтиды. Əйтсе де, педагогикалық оқу орнын-
да оқымаған еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу мұғалімдерінің, 
педагогикалық өз білімін көтеруі қазіргі уақытта мектеп үшін өзекті 
мəселелерге  бағытталуы  тиіс.  Осындай  мəселелердің  қатарында 
педагогикалық  қатынас,  оқуды  дербестендіру  жəне  жіктеу,  да-
мыта  оқыту,  лицей,  гимназия,  колледж  сияқты  жаңа  типті  оқу 
орындарындағы  оқыту  ерекшеліктерін  атауға  болады.  Мəселелер 
топтамасының  арасында  білім  алушылардың  ғылыми  көзқарасын, 
оның  рухани  мəдениетін,  азаматтық  тəрбиесін  қалыптастыруды 
атауға болады.
Əрбір  еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің 
өздігінен  білімін  көтеруі  ой  еңбегінің  техникасын  білу,  ақыл-ой 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау