Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет102/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105

328
Біліктілік жоғарылату үздіксіз кəсіптік білім беруде мамандардың 
кəсіби  өсуін  ынталандырудың  маңызды  торабы  болып  саналады. 
Ол  еңбек  нарығында  оның  бəсекеге  қабілеттілігін  арттыру  жолы-
мен  əлеуметтік  қамсыздандыруды  қамтамасыз  ете  отырып,  жеке 
тұлғаның  кəсіби-психологиялық  əлеуетін  өзектендіруге  қолайлы 
жағдай туғызады.
Біліктілік  жоғарылату  мамандардың  кəсіби-психологиялық 
əлеуетін  өзектендіру  мақсатын  көздейді.  Бұл  мақсатқа  жету  келесі 
міндеттердің шешімін іздестіру үдерісінде жүзеге асырылады:
 
– өзін-өзі дамытуды, өздік білім алуды, кəсіби өсуді жəне ман-
сапты (карьераны) мотивтендіру;
 
– құзыреттілікті  жоғарылату:  əлеуметтік,  экономикалық, 
құқықтық, арнайы, экологиялық жəне т.б.;
 
– психологиялық қасиеттердің, кəсіби маңызды сапалардың да-
муы, кəсіби мінез-құлықты түзету  формалары;
 
– аутоқұзыреттілікті  дамыту  (жеке  дара  құзыреттілігін)  жəне 
кəсіби-психологиялық маман бейінін түзету;
 
– əлеуметтік,  кəсіби  жəне  жеке-даралық  құзыреттіліктерді 
қалыптастыру;
 
– жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту, өздік білім алу жəне өзін-өзі 
жүзеге асыру шарттарын қамтамасыз ету.
 
– Біліктілік жоғарылатудың негізгі функцияларына жататындар:
 
– диагностикалық 
функциясы 
біліктілік 
жоғарылатудың 
тиімділігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  бейімділіктері  мен 
қабілеттерін,  олардың  даярлық  деңгейлерін  жəне  жеке  дара-
психологиялық ерекшеліктерін анықтауды  көздейді; 
 
– компенсаторлық  функциясы  оқытушылардың  білім  алу-
да  кəсіптік  білім  жəне  өндірістік  оқыту  шеберінің  арнайы  жəне 
жалпытехникалық  пəндерді  игеру  үдерісінде  алған  білімдерінің 
жеткіліксіздігімен,  игерілген  білімнің  ескіргендігімен,  пəндік-
кəсіби  жəне  педагогикалық  білімдері  мен  іскерліктерін  мейілінше 
тереңірек  меңгерту  қажеттілігімен  себептелінетін  кемшіліктерді 
жою əрекеттерімен байланысты;
 
– бейімдеу  функциясы – ақпараттық  мəдениетті  дамыту, 
білімін  өз  бетінше  толықтыруға,  педагогикалық  менеджментке 
жəне  іскерліктерге,  оқу  орнының  мəртебесін,  даярлық  бейінін,  ла-
уазымын, жұмыс орнының  ауысуына байланысты, іс-əрекеттерінде 
бағдар алу мақсатындағы əмбебап педагогикалық технологияларды 
жобалауға үйрету;


329
 
– танымдық функциясы жеке тұлғаның ақпараттық, кəсіби жəне 
интеллектуалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді;
 
– болжаушылық  функциясы  шығармашылық  əлеуетін  ашады, 
олардың кəсіби-педагогикалық іс-əрекеттеріндегі мүмкіндіктері мен 
даярлығын анықтайды.
Біліктілік жоғарылату жүйесі екі бағытта қызмет атқарады:
1)  қызметкерлердің  біліктілігін  жоғарылату  жəне  кəсіби    қайта 
даярлау;
2)  бос  уақыттағы  білім  беру  формалары  (мəдени  деңгейін 
жоғарылату, ғылыми білімдері мен жалпы ой-өрісін кеңейту).
Білім беретін бағдарламалардың сипатына қарай  педагогикалық, 
пəндік-кəсіби, арнайы біліктілік жоғарылату түрлері қалыптасқан.
Арнайы 
біліктілік 
жоғарылату 
оқу 
орнының 
жəне 
тыңдаушылардың  жеке-тұлғалық  сұраныстарына  сəйкес  өңделген, 
ықпалдасқан оқу жоспарымен өткізіле алады.
Кəсіби-пəндік  біліктілік  жоғарылату  пəн  бойынша  меңгерілген 
білімдер  мен  іскерліктерді  тереңдетуге,  жетілдіруге  жəне 
жаңартуға  байланысты.  Бұл  барлық  мамандар  үшін,  əсіресе  жаңа 
ақпараттық  технологияларды  оқыту  саласындағы  гуманитарлық 
жəне  мəдениттанушылық  цикл  бағытындағы  оқытушылар  үшін, 
жалпытехникалық  жəне  арнайы  пəндер  оқытушылары  үшін  аса 
қажет. Өндірістік оқыту шебері үшін түрлі еңбек өтілдерінің (стажи-
ровка) болғаны жөн.
Өндірістік  оқыту  шеберінің  жəне  оқытушыларының  еңбек 
өтілдері,  қажетіне  сəйкес,  тірек  кəсіби  оқу  орындарында 
орналасқан,  материалдық-техникалық  жағынан  жабдықталған, 
біліктілік  жоғарылату  институттарының  арнайы  құрылған 
бейінді  кафедраларының  базаларында  ұйымдастырыла  ала-
ды.  Стажировкаларға  жетекшілік  ету  жоғары  білікті  тəжірибелі 
мамандарға жүктелінеді.
Педагогикалық біліктілік жоғарылату инженерлік-педагогикалық 
кадрлардың  кəсіби  психологиялық-педагогикалық  құзыреттілігін 
қалыптастыруға жəне дамытуға, олардың жаңа кəсіби-педагогикалық 
ойлауға  бағдарлануына  бағытталады.  Педагогикалық  біліктілік 
жоғарылату  мазмұны,  кəсіби  оқу  орнындағы  оқытудың  тиімділігі 
оқытушылардың  жəне  өндірістік  оқыту  шеберінің  біліктілік 
деңгейімен де, олардың құндылық бағдарымен де анықталатындығын 
есепке алу негізінде жобаланады.
Біліктілік 
жоғарылатудың 
нəтижесі 
кəсібиліктің 


330
өсуімен,  инновацияларға  қарсылықтың  азаюымен,  кəсіби-
психологиялық  əлеуеттің  өзектендірілуімен,  кəсіби  рефлексияның 
қалыптастырылуымен, мамандардың кəсіби тəрбиесімен өлшенеді. 
Біліктілікті жоғарылатудың маңызды функциясы – кəсіби маманның 
өзін-өзі сақтауы, өйткені кəсібилік, оның əлеуметтік қорғалуын жəне 
бəсекеге қабілеттілігін  жоғарылатады (Э.Ф.Зеер).
Біліктілік  жоғарылату,  қайсыбір  педагогикалық  жүйелердің 
(мақсат,  мазмұны,  оқыту  əдістері,  оқытушылар,  білім  алушылар, 
оқыту  құралдары).  элементтерін  иеленген,  салыстырмалы  түрдегі 
дербес қосымша кəсіптік білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі бо-
лып саналады.
Құрылымдық  тұрғыдан  алғанда,  біліктілік  жоғарылату  жүйесі 
қосымша  кəсіптік  білім  беру  жүйесіне  қарағанда,  анағұрлым  тар 
жəне өзара байланыстағы элементтерінде көрініс табады:
 
– инженерлік-педагогикалық 
қызметкерлердің 
біліктілігін 
жоғарылатуды  ұйымдастырушы  қосымша  кəсіптік  білім  беретін 
мекемелер  (академиялар,  институттар,  оқу  орталықтары),  оқу-
əдістемелік кабинеттер, əдістемелік комиссиялар жəне т.б. тораптар;
 
– бос уақытта білім беру формаларын жүзеге асырушы мекеме-
лер мен ұйымдар (лекторийлер, демалыс күнгі университеттер жəне 
т.б.).
Қосымша  кəсіби-педагогикалық  білім  беру  педагогикалық 
ғылымы  мен  практикасындағы  дербес  бағыт  болып  саналады. 
Осыған  байланысты,  инженерлік-педагогикалық  қызметкерлердің 
кəсіби дамуын басқаруда түрлі құрылымдық бірліктер анықталған. 
Кəсіптік оқытудың əлеуметтік функциялары жəне педагогтардың 
кəсіби  іс-əрекетінің  ерекшеліктері  олардың  кəсіби  дамуының 
айырықша  күрделілігін  жəне  аса  маңыздылығына  себепші  бола-
ды. Осыған байланысты, кəсіби ілгерлеу проблемасының өзектілігі 
күнен-күнге арта түсуде. 
Кəсіпке  баулу  педагогының  іс-əрекетін  кəсібилендірудің  си-
паты  жеке  тұлғаның  ұйымдастырылған  жəне  өз  бетінше  біліктілік 
жоғарылатуы  мен  дамуының  сан  алуан  түрлерінде  көрініс  береді. 
Олар: біліктілік жоғарылату оқу орындарындағы курстық даярлық; 
əдістемелік қызметті ұйымдастырушы əдістемелік комиссиялардың, 
семинарлардың,  педагогикалық  оқулардың  жұмысына  қатысу;  іс-
тəжірибе  өтілі  (стажировка);  магистратура  жəне  докторантура; 
педагогикалық жəне арнайы əдебиеттерді оқу; оқытушылық қызмет; 
публикациялар дайындау жəне т.б.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау