Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет103/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105

331
Кəсіби  дамудың  нəтижелері  еңбек  ету  жағдайларының 
жақсартылуында байқалатын, кəсіби əлеуеттің дамуымен танылады.
Педагог  қызметкерлерді  аттестациялау.  Мектептің  педагог 
қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы 
енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау ту-
ралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет 
өзгертіліп, толықтырылды.
Аттестацияның негізгі мақсаты педагог қызметкерлердің кəсіптік 
біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, əлеуметтік 
қорғауды қамтамасыз ету. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде 
оқытушы  еңбегіне  ақы  төлеуді  жіктеу  болмақ.  Ал  аттестация 
өткізудің  негізгі  принциптері  еріктілік,  алқалық  оның  объективті, 
əділ өтуін қамтамасыз етеді. Бұл принциптер аттестациялық комис-
сия жасақтауда қатаң сақталады.
Қазіргі  ереже  бойынша  үш  түрлі  комиссия  құрылады.  Бас 
аттестациялық  комиссия  республикалық,  облыстық  деңгейде,  ал 
аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде 
құрылады. Ал, білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын 
қүру педкеңестің құзырында болады.
Əр  комиссия  өз  құзырына  (құзіреттілігіне)  сəйкес  мəселелерді 
қарастырады.  Ал  аттестациялау  комиссиясының  негізгі  шешімі - 
біліктілік  санат  беру.  Қазір  үш  біліктілік  санат  берілген,  жоғарғы 
санатты  республикалық,  облыстық,  бірінші  санатты  аудандық, 
қалалық, екінші санатты мектеп аттестациялау комиссиясы береді.
Еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің  не-
месе  мектеп  басшысының  қызметі  екі  кешенді  көрсеткіштермен 
бағаланады.  Біріншісі - қызмет  қорытындысын  жинақтау,  екіншісі 
- практикалық қызметті эксперттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бой-
ынша  оқытушы  шығармашылық  есеп,  ғылыми-əдістемелік  неме-
се,  тəжірбиелік-эксперименттік  жұмыстарды  ұсына  алады.  Екінші 
көрсеткіш  бойынша,  ол  бірнеше  нұсқада  психолог-педагогикалық 
экспертизадан  (сараптаудан)  өтуі  тиіс.  Кейбір  мектептерде, 
аудандық,  облыстық  технология,  тестілеу,  эксперттік  бағалау 
тəсілдері қолданылады. Дегенмен, педагогикалық қызметті болжам-
дау  жəне  жинақтауды  аттестациялау  комиссиясы  нақтылап,  түзету 
енгізіп отырады.
Білім  алушыларды  аттестациялау  педагогтың  біліктілік  санат 
сұраған  арызы  арқылы  бес  жылда  бір  рет  өткізіледі.  Кейде,  атте-
стация  еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің 


332
педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педкеңестің шешімімен, 
басқару əкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін.
Шағын 
комплектілі 
мектептерде 
аттестация 
өткізуді 
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектептің еңбек 
технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу  мұғалімдерін  аттестациялауды 
аудандық  білім  немесе  ірі  мектеп  базасында  құрылған  комиссия 
атқарады.
Тəжірибе  көрсетіп  отырғанындай,  аттестациялаудың  табысты 
болуы,  оны  ұйымдастыруға,  қорғау  мен  бағалаудың  дұрыс  жолға 
қойылуына,  ұжымда  іскер  тілеулестік  көңіл-күйдің  қалыптасуына 
тəуелді.  Жалпы  айтқанда,  білім  алушыларды  аттестациялау 
мектептің  ғылыми-əдістемелік  жұмыстарының  стратегиясы  мен 
тактикасын анықтаудың негізі болып табылады.
Кəсібилік'>Негізгі ұғымдар сөздігі
Кəсібилік - оқу жəне практикалық іс-əрекет барысында жалақысы 
төленетін  (ақылы)  функционалдық  міндеттерін  нақты  орындау 
қабілеттілігі;  шеберлігі  мен  өнерпаздық  деңгейінің  белгілі  бір 
жұмыста орындалатын міндеттердің күрделілік деңгейіне сəйкестігі. 
Кəсібилендіру – педагогикалық  тұрғыдан  ретелетін  жеке 
тұлғаның  кəсіби  қалыптасу,  кəсіптік  білім  беру  жағдайында 
жұмыскер-кəсіпкерді қалыптастыру үдерісін белгілейтін термин.
Кəсіби  даму – жеке  тұлғаның  кəсіби  іс-əрекеттің    субъектісі 
ретіндегі даму үдерісі.
Кəсіби  қалыптасу   – бұл  жеке  тұлғаның  əлеуметтік-кəсіби 
жағдаяттардың əсерімен өзгеруі, еңбек етуде өзін-өзі жүзеге асыруға 
бағытталған  кəсіби  іс-əрекеті  жəне  жеке  тұлғаның  өзіне  тиесілі 
белсенділігі үдерісі.
Біліктілік –  қайсыбір еңбек түріне даярлық деңгейі,  жарамдылық 
дəрежесі; лауазымына сəйкес мамандық бойынша еңбек функцияла-
рын орындауға қажетті кəсіптік білімділіктің  сапасы, деңгейі жəне 
түрі.
Маманның кəсіби моделі – сəйкес келетін ғылымның өте-мөте 
ықтимал  даму  ағымдары  туралы  ғылыми  негізделген,  сонымен 
қатар, тұлғалық жəне кəсіби сапаларға деген талаптардың жеткіліксіз 
дəрежеде  егжей-тегжейлі  қарастырылмаған  тізімі  енгізілген  ма-
ман  даярлаудың  Мемлекеттік  білім  стандартында  құжат  түрінде 
нақтылануы.
Кəсіпкер – қандай  да  бір,  ақысы  тұрақты  түрде  төленетін 


333
істі  өзінің  кəсібі  ретінде  қалауы  жəне  сол  іске  қажетті  білімдерді, 
іскерліктерді меңгерген адам.
Кəсіби  құзыреттілік – маманның  қандай  да  бір  іс-əрекеттің 
мақсатын  жүзеге  асыру  үшін  жеткілікті  білім,  іскерлік,  тəжірибе 
деңгейін,  сондай-ақ,  оның  адамгершілік  позициясын  (ұстанымын) 
көрсететін  іскерлік  жəне  жеке  тұлғалық  сапаларының  интегралды 
сипаттамасы.
Креативтілік  –  шығармашылықты  өнімді  іс-əрекетке 
қабілеттілігі.
Кəсіби  мамандықтар  тобы - əлеуметтік-пайдалы  іс-əрекеттің 
мейілінше тұрақты түріне қарай, өзінің соңғы нəтижесінің айрықша 
сипатымен  жəне  еңбек  заттарымен,  құралдарымен  ерекшеленетін, 
біріктірілген мамандықтар жиынтығы.
Кəсіп – бұл  белгілі  бір  əсіби  даярлықты  талап  ететін  еңбек  іс-
əрекетінің түрі. 
Педагогикалық  мамандық – бір  кəсіби  мамандықтар  тобының 
шеңберінде  білім  алу  нəтижесінде  меңгерілген  жəне  берілген 
біліктілікке  сəйкес,  кəсіби-педагогикалық  міндеттер  санатының 
шешімін табуды қамтамасыз етуші нақты білімдер, іскерліктер жəне 
дағдылар жиынтығымен сипатталатын іс-əрекеттің түрі.
Педагогикалық  мамандандырылу - бір  педагогикалық 
мамандықтар тобының шеңберіндегі белгілі бір іс-əрекет.
Педагогикалық  білік - педагогикалық  міндеттер  санатының 
шешімін  табудағы  маманның  нақты  мүмкіндіктерін  сипаттайтын 
кəсіби-педагогикалық даярлығының деңгейі жəне түрі.
Кəсіби  ұтқырлық  -  адамның  өмірдің  жəне  өндірістік 
жағдайлардың  өзгеруіне  байланысты  еңбек  іс-əрекетін  ауыстыруға 
қабілеті жəне даярлығы.
Педагогикалық  бейімділік  –  педагогикалық  іске  қабілеттілігін 
санамен пайымдаудан туындайтын бейімділік.
Жеке  тұлғаның  бағыттылығы – бұл  бастауы,  қоғамдық 
қажеттіліктер мен талаптар болатын əрекеттердің, іс-қылықтардың, 
мінез-құлықтың 
адамның 
бүткіл 
өмірлік 
мақсаттарымен 
мотивациялық себептелінуі.
Кəсіби-педагогикалық  борыш - бұл  педагогикалық  үдеріске 
қатысушылардың əрқайсысының абыройы мен ар-намысын шүбəсіз 
сыйлауға,  ізгіліктілікті  орнықтыруға,  тəрбиеленушілердің  жеке 
тұлғасына  сыйластық  жəне  талап  қою  бірлігі  принципін  жүзеге 
асыруға бағдарлануы.
Кəсіби  абырой  жəнен  кəсіби  ар-намыс - адамға  қатысты 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау