Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет98/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   105

316
мен өзара əрекеттесуін құрайтын, өзі жөніндегі тұрақты түсініктер 
жүйесі негіз болады.
Еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің 
кəсіптік  дайындығы  оның  педагогикалық  жоғары  оқу  орнын 
бітірумен аяқталмайды, ол еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу 
мұғалімдерінің  кəсіптік  қызметінің  бүкіл  кезеңін  қамтиды.  Соны-
мен  бірге,  еңбек  технологиясы  жəне  кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің 
кəсіптік білімін үздіксіз жоғарылатып отыруы оның шығармашылық 
қабілетін дамытудың жəне дербес педагогикалық тəжірбиесін үнемі 
дамытудың шарты болып табылады. 
Кəсіби  өзін-өзі  тəрбиелеу  үдерісі,  атап  айтқанда,  өзін-өзі  тану, 
өзін-өзі бағдарлау жəне өз-өзіне ықпал ету сияқты үш кезеңде жүзеге 
асырылады:
Бірінші кезең - өзін-өзі тəрбиелеу, болашақ педагогтың өзі қалаған 
кəсібіне қойылатын талаптарды терең зерделеуімен, осы талаптар-
ды жəне өзінің жеке тұлғасын жəне кəсіби іс-əрекетін санамен пай-
ымдауымен байланысты. Кəсіби өзін-өзі тану ерік дамуының, ерік 
аясын,  темпераменттің  жəне  мінездің  ерекшеліктерін,  танымдық 
үдерістердің (қабылдау, ес, қиял, ойлау) ерекшеліктерін айқындауды 
шамалайды.  Өзін-өзі  тану  кезеңінде  психология  курсынан  əртүрлі 
тестерді жəне əдістерді пайдалану мақсатқа лайық.
Педагогтың  өзіне  тиесілі  жеке  тұлғалық  өзгерістерінің  өзін-өзі 
бағдарламалау үдерісі өзінің жеке тұлғасын жетілдіру мүмкіндіктерін 
болжауының материализациялануын көрсетеді. Дамудың деңгейіне 
практикалық  өзіндік  баға  беру,  педагогикалық  іс-əрекет  үшін 
ерекше  маңызды  саналады,  сол  немесе  басқа    позициялардың 
қалыптасуының  негізінде педагог өзін-өзі тəрбиелеу бағдарламасын 
өңдейді.  Өзін-өзі  тəрбиелеу  бағдарламасымен  бірге,  яғни  жоспар-
максимум (ұзақ уақыт мөлшеріне арналған) жəне жоспар-минимум 
(бір күнге, айға, жылға арналған), өзін-өзі жетілдіру жұмыстарының 
жоспарын жасай алады.
Бұдан  əрі  қарай,  өзін-өзі  өзгерту  бойынша  əрекеттердің  нақты 
кезеңі  жалғасады.  Өзіне-өзі  ықпал  ету  құралдары  мен  амалдары 
сан  алуан  жəне  олар  жеке  тұлғаның  ерекшеліктеріне  жəне  нақты 
жағдайларға  тəуелді.  Өзін-өзі  тəрбиелеу  құралдарының  қатарында 
өзін-өзі ..?.. айырықша  орын  алады.  Оларға  əртүрлі  ажырап  қалу, 
өзінің  назарын  бұру,  бұлшық  еттерін  босаңсыту  (релаксация), 
сондай-ақ, өзін-өзі сендіру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі бақылау, өзін-
өзі ұйыту тəсілдері жатады. Өзіне-өзі ықпал ету əдістері сан түрлі: 


317
өзін-өзі  бақылау,  өзін-өзі  байқау,  өзін-өзі  көндіру,  өзін-өзі  тексеру, 
өзін-өзі мақұлдау, өзін-өзі жазалау, өзін-өзі белсендіру жəне т.б.
Өзін-өзі тəрбиелеу үдерісін ынталандырушы сыртқы факторларға 
педагогикалық ұжым, білім мекемесінің жетекшілік ету мəнері жəне 
бос уақыт факторы жатады.
Педагогтың,  өзін-өзі  тəрбиелеудің  мазмұнын,  құралдарын, 
амалдарын,  формаларын  меңгеруі  көпшілік  жағдайда,  педагогтың 
кəсіби өзін-өзі жетілдіруінің, өзіне тиесілі жеке тұлғалық дамуының 
жетістігіне септігін тигізеді.
Педагогтың  əлеуметтенуіне,  кəсібиленуіне,  жаңа  типтегі, 
еңбек  нарығында  бəсекеге  қабілетті  мамандар  қалыптастыруына 
қойылатын  жаңа  талаптар,  олардың  кəсібилік  проблемасына 
көзқарасының  өзгеру  қажеттігіне  ден  қойып  отыр.  Бүгінгі  таңда,  
педагогтық  кəсібилік  өзара  байланыстағы  екі  қосымша  жүйеден 
құралған  жүйе  ретінде    қарастырылады - жеке  тұлғалық  кəсібилік 
(жеке тұлғалық аспект) жəне іс-əрекеттік кəсібилік (функционалдық 
аспект).
Кəсібиліктің функционалдық аспектісі күрделі əлеуметтік функ-
циялар жəне олардың əлеуметтік маңыздылығында көрініс береді.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, іс-əрекеттің кəсібилігі 
бұл жоғары кəсіби біліктілікті жəне құзыреттілікті, сан түрлі кəсіби 
іскерлік пен дағдыларды, соның ішінде, шығармашылық шешімдерге 
негізделген,  кəсіби  міндеттердің  заманауи  алгоритмдері  мен  амал-
дарын  жоғары  жəне  тұрақты  өнімділікпен  меңгеруді  көрсететін 
сапалық сипаттама.
Педагогтың  кəсібилігінің  функционалдық  немесе  іс-əрекеттік 
аспектісі оның іс-əрекетінің өнімділік дəрежесін айқындайды жəне 
қосымша  кəсіптік  білім  беру  жүйесінде  қайта  даярлау  барысында, 
педагогтың қызметтік немесе кəсіби деңгейін жоғарылатуға бағдар 
береді.
Педагогтың кəсіби іс-əрекет нəтижелерін жақсарту тұрғысынан 
алғанда,  кəсібилікті  дамытуды  қажетті  шарттармен  қамтамасыз 
ету  айырықша  маңыздылықты  иеленеді.  Олардың  қатарынан 
əлеуметтік-педагогикалық, 
психологиялық, 
экономикалық, 
ұйымдастырушылық, 
ақпараттық, 
материалдық-техникалық, 
əлеуметтік-тұрмыстық шарттарын атап кетуге болады.
Əлеуметтік-психологиялық  шарттарға  кəсіби  даму,  мотива-
цияны  ынталандыру  жатады.  Ынталандыру  мотивациялардың 
қалыптасуында  үлкен  рөл  атқарады.  Осындай  ынталандыру-
лар  ретінде  өте-мөте  жоғары  лауазымдық  деңгейдегі  қызметтің 


318
қарамағындағы игіліктер мен берілетін артықшылықтар (еңбекақыны 
жоғарылату,  бəсекеге  қабілеттілік,  əлеуметтік  қамсыздандыру)  бо-
лып  саналады.  Ал  психологиялық  ынталандыруларға  іс-əрекетті 
жүзеге  асыруға  байланысты  (бұлар  өзінің  қабілеттерін,  мінезін, 
бейімділігін  санамен  пайымдауына  негізделген  жастармен  жұмыс 
жүргізуге  деген  қажеттілік  болуы  ықтимал)  ниеттеніп  талаптану-
лар  жатады.  Функционалды-рөлдік  ынтанландыруларға  еңбектің 
мазмұны,  білім  беру  парадигмасының  демократизациялауға  жəне 
гуманизациялауға қарай өзгеруі, əріптестерінің кəсіби деңгейі, білім 
алушылардың интеллектуалдық даму деңгейі, еңбегінің өзіне тиесілі 
нəтижелері, əріптестерінің, білім алушылардың еңбек нəтижелеріне 
баға беруі кіреді.
Кəсіби іс-əрекетті сипаттауда кəсіби іс-əрекеттің функционалдық 
құрылымын  ескеру  қажет.  Ресейлік  ғалымдар  гностикалық  жəне 
рефлексивтік-перцептивтік  іс-əрекет,  жобалаушылық  іс-əрекет, 
ұйымдастырушылық  жəне  коммуникативтік-ақпараттық  іс-əрекет 
түрлерін анықтаған. Кəсіби іс-əрекеттің осы жəне өзге де түрлерін 
меңгеру  жəне  жеке  іскерліктерді  бұдан  əрі  қарай  жетілдіру  кəсіби 
деңгейді жоғарылатуға септігін тигізеді.
Кəсібилік жоғары өнімділікпен, немесе іс-əрекеттің тиімділігімен 
сипатталады.  Кəсібиліктің  жоғары  өнімділігі  жағымды,  əлеуметтік 
маңызы  бар  мақсаттарды,  маманның  денсаулығын  сақтауды 
жəне  оны  жеке  тұлға  ретінде  дамытуды  көздейтін  өнімділік,  ол 
оңтайлы  интенсивтік  жəне  ширығушылық,  дəлдік  пен  сенімділік, 
ұйымдасқандық,  тұрақтылық  жəне  жанамалылық  сияқты  негізгі  
көрсеткіштермен айырықшаланатын іс-əрекет болып саналады.
Егер  іс-əрекет  сапа  мен  өнімділіктің  жоғары  көрсеткіштерімен 
ерекшеленбесе жəне жағымды, əлеуметтік маңызы бар мақсаттарға 
жетуге  ұмтылыс  байқалмаса,  ол  өнімділігі  төмен  іс-əрекет  деп 
есептелінеді.
Сапа  мен  өнімділігі  төмен  көрсеткіштер  көрсететін  жəне 
жағымды,  əлеуметтік  маңызы  бар  мақсаттарға  жетуді  көздемейтін 
іс-əрекет өнімсіз болып табылады. 
Кəсіби  дамуда  педагог  идеалға  ұмтылады.  Осыған  байланы-
сты,  ғалымдар  кəсіпкердің  моделін  жасауға  талпыныстар  жасады. 
Мəселен, Е.А.Климов оның келесі компоненттерін анықтап берді:
 
– адамның  тұтастық  ретіндегі  қасиеттері  (əлем  бейнесі, 
бағыттылығы,  сыртқы  ортаға  қатынасы,  креативтіліктің  көрініс 
беру  ерекшелігі,  жеке-даралықтың  интеллектуалдық  белгілері, 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау