Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет72/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105

233
на  сай  келуіне,  мүдделі  жақтардың  ұсыныстарына  кепілдік  беруі 
тиіс.  Мамандар  даярлау  шығыны  да  көңілден  шығуы  керек.  Та-
быс  барлық  мүдделі  жақтардың  талап-тілегін  үнемі  жақсартқанда 
ғана  келеді.  ИСО 9000 сериялы  стандарттарына  сəйкес  құрылған 
сапа  жүйелерін  қолданушылардың  айтарлықтай  жетістіктеріне 
қарамастан,  өндірісте TQM (жалпыға  бірдей  сапа  менеджменті) 
принципі  негізінде  қалыптастырылған  сапа  жүйелерін  қолдануға 
көп көңіл бөлінуде.
TQM негізінде қалыптастырылған жүйеге мыналар тəн:
 
– сапаны  жақсарту  жұмыстарына  бүкіл  қызметкерлер  мен 
жұмысшыларды,  қажетті  шикізатты  дайындаушыларды  жəне 
тұтынушыларды жұмылдыру;
 
– сапаны жақсарту жұмысын тұрақты түрде жүргізіп отыру, мы-
салы зақымдалған өнім мөлшерін ең кіші деңгейге жеткізу ( Імлн. 
өнім ішінен тек қана 100-10 зақымдалған өнім);
 
– өнімнің өзіндік құнын азайту.
TQM-ның  бағыт  ерекшеліктері  оның  өнімнің  рыноктағы 
бəсекелестігін арттыруды басқаруға лайықты екенін көрсетеді.
ИСО 9000 сериялы стандарттарының 2000 жылы шыққандарында 
TQM-ның  кейбір  принциптері  ескерілген.  Бұл  жаңа  стандарттар 
14000 сериялы (қоршаған ортаны басқару жүйесі)стандарттарымен 
үйлестірілетін болады.
Жаңа білім беру жүйелеріне қойылатын халықаралық талаптарға 
сəйкес білім беру саласындағы негізгі міндеттерге мыналар жатады:
 
– əлемдік нарықтағы білім берудің жоғары сапасын, білім беру 
қызметінің бəсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету;
 
– ұлттық  жəне  халықаралық  деңгейде  танылған  үлгілердің 
ықпалдасқан  өзара  бейімделуі  негізінде  білім  беру  жүйесінің 
инновациялығын қамтамасыз ету;
 
– болашақтағы сапалы деңгейді озық бағдарлармен қамтамасыз 
ету.
Жоғары  кəсіби  білімді  кадрларды  даярлау  (бакалавр,  маман) 
бойынша 11.08.2005ж. «Русский  регистр»  Ассоциациясынан  жəне 
«IQNet»  халықаралық  органдар  жүйесінен  сапа  менеджменті 
жүйесінің аудиттері нəтижесінде сертификалар иеленеді.
Сапа  менеджменті  жүйесі  мəселелері  бойынша  жетекші 
мамандардың  пікірінше  Қазақстан  оқу  орындарында  мынадай 
міндеттер шешімін табуы тиіс:
 
– білім  беру  сферасында  жаңа  институционалды  жəне 
экономикалық механизмдерді ендіру;


234
 
– білім беруді басқарудың тиімділігін жоғарылату;
 
– білім беру инфрақұрылымын дамыту;
 
– «Бейіндік мектеп» жүйесін жастау;
 
– -педагогтардың  біліктілігін  ваучерлік  қаржыландыруды 
ендіру;
 
– білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету жүйесін жасау;
 
– білім  берудің  құрылымын,  мазмұнын,  технологияларын 
жетілдіру;
 
– мектептің  жоғары  адамгершілікті,  сыни  тұрғыдан  ойлай 
білетін,  өзін өзі дамытуға жəне шығармашылыққа қабілетті саламат-
ты жəне рухани дамыған азаматты қалыптастыру үшін академиялық 
білім беру мен дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
 
– экономикалық білімдердің негізі ретіндегі ғылыми-жаратылыс 
жəне математикалық білім берудің сапасын жақсарту;
 
– техникалық  жəне  кəсіби  білім  мекемелерін  бітірушілердің 
білім  жəне  дағдыларының  сапасын  бағалауға  жұмыс  берушілердің 
қатысуын қамтамасыз ету;
 
– жоғары оқу орындарының халықаралық стандарттар бойынша 
тəуелсіз ұлттық институционалдық аккре¬дитациядан өтуі;
 
– Қазақстан  ЖОО-ларынң  таңдаулы  ілемдік  университеттер 
рейтингісіне қатысуы;
 
– білім 
беру 
жүйесінің 
ғылыми-технологиялық 
жəне 
инновациялық саясатпен байланысын қамтамасыз ету;
 
– бүткіл  өмір  бойында    үзіліссіз  білім  беру  жүйесін  жасау. 
Управление качеством в высшем учебном заведении / Г.М. Мутанов, 
А.К.Томилин, Ю.Е. Кукина и др. - Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2011. 
- 116 с.
Осы  орайда  білім  беру  мекемесінің  басшылық  қызметін, 
құрылымын  айқындауда  білім,  білім  беру  менеджерінің  жеке 
субъектісі ретіндегі рөлі, оның жеке қабілеттілік сипаттамалары сөз 
жоқ,  маңызды  мəнге  ие.  Оған  дəлел  ретінде,  төмендегі  оның  жеке 
басына байланысты тұлғалық қабілеттерін айтсақ та жеткілікті:
 
– жоғары оқу орнын, кəсіптік білім беру мекемесін, факультет, ка-
федра, оқу тобын сол салада арнайы білімі бар маманның басқаруы;
 
– жаңа жағдайларға байланысты басқару тəжірибесі мен ұжыммен 
тіл табыса білу қабілеттілігі;
 
– əрбір құрылым жүйесіндегі басшылардың жеке компоненттерін 
қалыптастыру;
 
– кəсіптік білім мекемесі басшысының сол салада жетекші маман 
болуы;


235
 
– педагогикалық  жəне  білім  алушылар  ұжымын  басқару 
ерекшелігін білу;
 
– басшының  құрылымды  басқарудағы  иерархиялық  (сатылық)  
деңгейі;
 
– Менеджер  қызметінде  жетістіктерге  жету  мүмкіндіктерін 
тежейтін факторлар да жиі кездеседі, олардың қатарында:
 
– көп  жағдайда  өзін  басқара  алмауы.  Өз  уақытын  тиімді  пай-
далана  алмауы,  күш-қуатын  мардымсыз  нəрселерге  жұмсауы, 
бойындағы  күйзелістік  (стрестік)  жағдайларды  жеңе  алмауы, 
қарамағындағылармен жиі кикілжіңге келуі, кейде тіпті қызбалыққа 
салынуы;
 
– жеке  құндылықтарын  жойып  жіберу.  Өзінің  жеке  қасиеттері 
мен мақсатын дұрыс түсінбеу;
 
– жеке  мақсаттарды  жете  түсінбеу.  Өз  жеке  басының  ісіне, 
мақсатына деген түсінігінің жоқтығы.
 
– өзін-өзі  дамытуды  тоқтату,  Жаңа  өмірге,  жұмыс  жағдайына, 
түрлі өзгерістерге құлқының жоқтығы, бейімделуге əрекеттенбеуі;
 
– келелі мəселеге тірелу сəттерінде дұрыс шешім қабылдай ал-
мауы;
 
– күрделі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауда стратегиялық 
мүмкіндігінің  төмендігі,  педагогикалық  та,  басшылық  жасау  да 
қабілетінің жетіспеуі;
 
– шығармашылық мүмкіндігінің жеткіліксіздігі. Жаңа идеялар-
ды іске асырудағы қабілетінің жетіспеуі. Оны өздігінен жүзеге асыра 
алмауы;
 
– адамдармен тіл табысуы қиын. Өзін қоршаған адамдарға əсер 
ете алмайды, ал олардың шешімдеріне мəн бергісі келмейді;
 
– басқару  жұмысының  ерекшеліктерін  жеткілікті  дəрежеде 
ұғынбауы.  Ескі  авторитарлық,  өктемшіл  əдіспен  басқару  шырмау-
ынан шыға алмайтын, қарамағындағыларды жаңа жағдайда жұмыс 
істеуге жұмылдыруға қабілетсіздігі;
 
– басшылық дағдысының жеткіліксіздігі. Қарамағындағылардың 
қызметі  мен  іс-əрекетін  басқаруда  практикалық  дағды  мен 
іскерліктерінің жеткіліксіздігі;
 
– үйретуге  қабілетсіздігі.  Қарамағындағыларды  тиісті  талап 
тұрғысында  үйретуге,  көмек  беруге  құлықсыздығы,  я  қабілетінің 
жоқтығы.
 
– ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі. Оқу топтары мен 
педагогикалық ұжымды тиімді басқару   мен дамытуға дəрменсіздігі


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау