Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет70/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105

227
Педагогикалық  жүйе  басшысының  жеке  билігін  билеп  төстеуі, 
беделді алға салу емес, ол терең педагогикалық бітім мен тұлғаның 
жəне  əлеуметтік  психологияны  жете  меңгеруге,  білім  алушы, 
оқытушы,  ата-ананың  дербес-психологиялық  ерекшеліктерін 
жіті  есепке  алуға  негізделеді.  Басқарудағы  жеке  мен  алқалы 
билік  біртұтастықтың  көрінісі.  Жеке  билік  шешімді  орындауда 
шапшаңдығымен ерекшеленсе, алқалы билік біршама «бəсеңдігімен» 
ерекшеленеді. Сондықтан да, тактикалық əрекеттерді айқындағанда 
жеке билікке, ал стратегияны талдап жасағанда алқалы билікке арқа 
сүйеген дұрыс болмақ.
Бұл  принцип  оқу-тəрбие  үдерісін  басқаруда  қоғамдық  негізде 
жұмыс  істейтін  түрлі  комиссиялар  мен  кеңестердің  қызметінен 
көрініс табады. Əсіресе, ұжымдық ізденіс пен қабылданған шешімге 
жеке жауапкершілік қажет болатын съезд, слет, конференциялардың 
жұмысы  осы  қағиданы  қатаң  басшылыққа  алады.  Білім  беруді 
басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты орталықта жəне жергілікті 
жерлерде бұл принциптің күнделікті практикада орнығуына қолайлы 
жағдай туғызады.
Педагогикалық 
жүйені 
басқарудағы 
ақпараттардың 
объективтілігі  жəне  толықтылығы.  Педагогикалық  жүйені 
басқару тиімділігі, қажетті жəне толық ақпараттың едəуір дəрежеде 
болуына  байланысты.  Ақпараттың  объективтілігі  жəне  толықтығы 
ақпаратты талдау жəне өңдеудегі асығыстыққа, дерексіздікке қарсы 
қойылады. Əлеуметтік педагогикалық əдебиеттерде ақпарат педагог 
пен  тəрбиеленушінің  арасындағы  байланыс  құралы  ретінде,  кейде 
жүйе  мен  қоршаған  орта  туралы  мағлұматтар  жиынтығы  ретінде 
қарастырылады.
Басқаруда  ақпаратты  пайдаланудың  қиындығы  оның  тым 
көптігінен  немесе  тым  аздығынан  туындайды.  Білім  беруді 
мекемеішілік  басқаруда  ақпаратты  біржақты  қарастыруға  болмай-
ды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауда, оны іске 
асыруды реттеуде кедергі жасайды. Əдетте, педагогикалық жүйедегі 
ақпараттың  жетістіктері  тəрбиелік  қызмет  саласынан  байқалады. 
Ал  оқу-тəрбие  үдерісінде  тұлғаның  даму  бағыттары,  оның  оқу 
жəне оқудан тыс əрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да 
ақпараттар жетіспей жатады.
Білім  берудің  мекемеішілік  ақпараттарымен  айналысқан  адам 
оны жинау, өңдеу сақтау жəне қолданудың əдістерін жете білуі тиіс. 
Білім беру мекемесі басшысы, менеджер қызметінде бақылау, анке-


228
та  жүргізу,  тестілеу,  нұсқаулық  жəне  əдістемелік  материалдармен 
жұмыс  жасау  жиі  қолданылады.  Техникалық  құралдардың  жəне 
компьютерлендірудің  нəтижесінде  материал  жинау,  оны  өңдеудің 
мерзімі едəуір қысқарды. Қазіргі білім беру мекемесі басшысының 
міндеті – білім беруді мекемеішілік ақпараттық басқару технология-
сын жасап, енгізу. Ол технологиияны басшымен бірге оқытушылар 
де пайдалана алуы тиіс.
Педагогикалық  жүйені  басқаруда  кез-келген  ақпарат  маңызды, 
əсіресе  жүйенің  оңтайлы  жұмыс  жүргізуі  үшін  қажетті  басқару 
ақпаратының  маңызы  ерекше.  Түрлі  белгілеріне  қарап,  басқару 
ақпаратын  былай  топтастыруға  болады:  уақыты  бойынша - 
күнделікті,  айлық,  тоқсандық,  жылдық;  басқару  қызметіне  қарай 
-  талдамалық,  баға  беруші,  құрылымдық,  ұйымдық;  жиналған 
мəлімет  көзіне  қарай - білім  берудің  мекемеішілік,  ведомстволық, 
ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы бойынша - директивалық, 
таныстырушылық, кепілдемелік жəне т.б.
Ақпараттық  банк  қалыптастыру,  оны  шұғыл  қолдану  техноло-
гиясын енгізуде еңбекті басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейін 
арттырады.
Білім беру аймағындағы менеджер қызметінің əдістері. Басқару-
дың əдістері, белгілі мақсаттарға жету үшін басқару  субъектісінің 
басқару  нысанына    ықпал  етудің  əдістері  мен  құралдарының 
жиынтығы  ретінде  қарастырылады.  Басқару  теориясында  басқару 
əдістері  басқару  үдерісінің  əдістері  жəне  қызметкерлерді  басқару 
əдістері болып  ажыратылады.
  Егер  педагогикалық  менеджменттің  принциптері  мен  əдістері 
үздікіз білім беру жүйесінде оқытушылар даярлауды сабақтастықпен 
басқарудың  заңдылықтары,  ұстанымдары  мен  əдістері  өзара 
байланысты,  олар  бір-бірлеріне  тəуелді  жүйені  құрайды  десек, 
онда бақару принциптерін жүзеге асырушы əдістер  мен  тəсілдерді 
қолдану  арқылы  мақсаттар  мен  міндеттерге  қол  жететінін  білуіміз 
керек.
Педагогикалық менеджмент əдістерін олардың əсер етуі жəне 
мотвацияларының сипатына қарай шартты түрде мына үш топқа 
бөліп қарастыруға болады:
 
– материалдық мотивациялар əдістері (сыйақылар, айыппұл);
 
– əлеуметтік мотивациялар əдістері;
 
– өктемшілдік мотивациялар əдістері.
Педагогикалық  менеджмент  əдістерінде  олардың  мазмұнына 
қарай жасалған жіктемелер де кездеседі.


229
Нормативтік əдістер əрбір білім мекемесінің іс-əрекетін тұтастай 
алғандағы  жəне  оның  жеке  жақтарын  реттеуді  көздейтін  бекітілген 
құжаттарды  қарастырады.  Білім  мекемелерінде  жарғылар,  оқу  жо-
спарлары, бағдарламалар жəне оқулықтар, түрлі деңгейдегі  кəсіптік 
білім  беру  мекемесі  жоспарлары  басшылыққа  алынады.  Осындай 
құжаттар кəсіптік білім беру  мекемесін басқару жүйесін анықтайды.
Ұйымдастырушылық-əкімшілік əдістер  басқарылатын объектінің 
мақсатты  бағытталған  іс-əрекетін,  оның  жұмысының  үзіліссіздігін 
жəне  ырғақтылығын  қамтамасыз  етуші  ықпал  ету  əдістері.  Олар 
басқару жүйесіне өкіметтің қарым-қатынасы мен бағыныштылығын 
көздейді жəне бұйрықтарды, шешімдерді, нұсқауларды, жарлықтарды 
дайындау  мен  жүзеге  асыруға  бағытталған  ұйымдастырушылық, 
реттеушілік ықпал етуді шамалайды.
Ұйымдастырушылық-əкімшілік  əдістер  басқару  жүйесінің  кез-
келген  торабында  басқарылатын  жүйенің  іс-əрекетін:  кімге-қашан-
қайда-қалай  жəне  қай  жерде-  кім-қашан-қалай  принципіне  сəйкес, 
нақты  реттеп  отырады.  Аталған  əдістердің  төмендегідей  үш  тобын 
қарастыруға болады:
 
– ұйымдастырушы-тұрақтандырушы:  нұсқау  беру,  реттеу, 
мөлшерлеу; бақылау;
 
– жарлық  беруші:  бұйрықтар,  шешімдер;  резолюциялар, 
ұйымдастырушылықты  моделдеу  (графикалық  моделдеу,  желілік 
жүйе);
 
– ынталандырушы: тəртіптік əсер ету жəне моральдық марапат-
тау.
Психо-педагогикалық  əсер  ету  əдістері.  Ол  негізінен-
менеджердің  психологиялық  жəне  педагогикалық  заддылықтарды 
игеру,  оны  өмірде  саналы  түрде  жүзеге  асыру  қабілеттілігіне 
байланысты. Ол кеңес, өтініш, тілек, талап, өкім беру, мадақтау,  алғыс 
білдіру  арқылы  орындалуы  мүмкін.  Осы  əдістердің  түрі  арқылы 
ұжымның  əлеуметтік  дамуын  жоспарлауға,  ішкі  психологиялық 
қолайлы  ахуал  туғызуда,  қарамағындағылардың  шығармашылық 
белсенділігін туғызып, жұмысқа деген  қызығушылығын арттыруға 
мүмкіңдік  жасайды.  Ұжым  мүшелеріне  моралдық  жəне  материалдық 
көмек  көрсету  арқылы,  олардың  жеке  психологиялық  қабілеттерінің 
ашылуына мүмкіндік жасалады. Басшыға деген сенімі артады. Бұл 
əдіс ұжымды басқарудың демократиялық стилін қалыптастырады.
Менеджердің 
əкімшілік 
жұмыс 
əдісіне 
негізінен 
ұйымдастыру-жарлықтық  іс-əрекеттерінің  мазмұны  жатады. 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау