Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет36/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   105

116
•  бірінші  кезең - бастапқы  мəліметтерді  талдау.  Бұл  кезеңде 
жұмыстың  орындалу  сапасына,  бастапқы  материалдардың  си-
патына,  өндірістік  үдерістерді  ұйымдастыруға,  жұмыс  орнының 
технологиялық мүмкіндіктеріне (қондырғылар, аспаптар, техникалық 
құралдар,  механизациялау  жəне  автоматтандыру,  бақылау-өлшеу 
құралдары жəне т.б.) қойылатын талаптар зерттеледі;
•  екінші  кезең  -  технологиялық  үдерістерді  орындау  амалда-
рын  таңдау:  белгі  қою,  таңбалау,  нұсқау,  өлшеу  жəне  т.б.  базала-
рын  таңдау;  детальдар  мен  құралдарды  бекіту,  тексеру  амалдарын 
анықтау
1) топтау,саралау;
2) жазбаша,ауызша тестілеу;
3) зертханалық жағдайда тестілеу;
4) аудиотест, видеотест, телетест;
5) графикалық тест;
6)лексикалық тест;
7) грамматикалық тест;
8) сөйлеу үлгілері бойынша тестілеу.
Тестке қойылатын талаптар: валидтілік, мықтылық, объективтілік. 
Тестінің валидтілігі - бұл жобаланған білімділік деңгейін анықтауға 
сəйкестігі.
Кəсіптік  білім  жетістіктеріне  қол  жеткізу  оқыту  əдістерін 
қолайлы етіп таңдап алуға байланысты. Ол үшін келесі өлшемдерді 
негізге алуға болады:
 
– оқу материалының мазмұны мен жалпы мақсаттары;
 
– оқу пəнінің ерекшелігі;
 
– дидактикалық талаптар;
 
– білім алушының жас ерекшелігі;
 
– білім  алушылардың  кəсіптік  білім  саласындағы  теориялық, 
практикалық даярлық деңгейі;
 
– білім алушылардың кəсіби тəрбиелік деңгейі;
 
– білім алушылардың жеке-дара ерекшеліктері;
 
– оқу  орнының  əлеуметтік  ортасы,  материалдық-  техникалық 
базасы;
 
– кəсіптік  оқыту  педагогының  кəсіби  шеберлік  жəне  тəжірибе 
деңгейі.
Практикалық 
(өндірістік) 
оқытудың 
аса 
маңызды  
компоненттерінің бірі оқыту əдістері.
Практикалық  (өндірістік)  оқыту  əдістері  –  шебер  мен 


117
білім  алушылардың  практикалық  дағдыларды,  білімдерді  жəне 
іскерліктерді  меңгеруіне,  олардың  кəсіби  шеберліктерінің, 
негіздерінің,  сенімдерінің,  көзқарастарының,  еңбек  етуге  қарым-
қатынастарының қалыптастырылуына, ақыл-ой, дене қуаттарының, 
шығармашылық қабілеттерінің дамуына қол жеткізетін біріккен іс-
əрекеттерінің  амалы. 
Практикалық (өндірістік) оқыту əдістері былайша топтастыры-
лады:  сөздік,  көрнекілік;  практикалық (2-кесте; 3-Кесте; 4- Кесте; 
5- Кесте; 6- Кесте).
4-кесте. 
Сөздік əдістер
Əңгімелесу – өндірістік оқыту шеберінің жəне білім алушылардың 
сабақтың барлық кезеңдерінде оқу-өндірістік мəселелерін талдауға 
белсенді түрде тартылатын сұрақ-жауап қарым-қатынас əдісі. 
Кəсіптік    педагогикада  кəсіптердің  ерекшеліктерінен  туындай-
тын  алуан түрлі əдістер қалыптасқан. Солардың қатарына өндірістік 
оқытудың өзіне тəн айырықша əдісі-нұсқау беру. К.Өстеміров жəне 
Н.Шəметовтың  еңбектерінде  оладың  кіріспе  нұсқау,  ағымдағы 
нұсқау, қорытынды нұсқау сияқты түрлеріне сипаттамалар берілген  
Өстеміров  66-91б.  Кəсіптік  оқытудың  нұсқау  əдісі  бойынша 
ғалымдардың пайымдауларын қорытындылай келе, аталған əдістің 
мазмұнын келесідей талдауға болады.
Кіріспе  нұсқау.  Білім  алушылардан  арнайы  пəндер  жəне  өткен 


118
өндірістік  оқыту  сабақтарының  материалдары  бойынша  сұрақ-
жауаптар алу.
Білім  алушыларға  еңбек  үдерістерін  түсіндіру  жəне  еңбек 
тəсілдерін көрсету барысында сұрақтар қою.
5-кесте 
Сөздік əдістер


119
6-кесте 
Көрнекілік əдістер 
7-кесте 
Практикалык əдістер


120
8-кесте 
Көрнекі құралдардың түрлері


121
Білім алушылардан жауаптар алу.
Оқу-өндірістік  жұмыстарын  орындау  технологиясы  мен 
амалдарының түрлі нұсқаларын ұжымдық талдау.
Қорытынды нұсқау:
 
– сабақтың оқу жəне өндірістік қорытындыларын талқылау;
 
– білім  алушыларды  орындалған  оқу-өндірістік  жұмыстарға 
өзіндік талдау жəне өзіндік баға беруге талпындыру;
 
– білім  алушылардың  сабақта  орындалған  жұмыстарының 
кемшіліктері мен жетістіктерін талдау;
 
– үй тапсырмасының орындалу мазмұны мен амалдарын талдау.
Жазбаша нұсқау құжаттарының негізгі түрлері:
 
– Инструкциялық  карталар – операцияларды    зерделеуде, 
ережелер,  құралдар,  бақылау  жəне  өздік  бақылау,  операциялар-
ды  құрайтын  еңбек  тəсілдерін  тиімді  əрі  бірізділікте  орындауда 
қолданылады.
 
– Нұсқаулық-технологиялық  жəне  технологиялық  карта-
лар – кешенді  сипаттағы  жұмыстарды  орындауда  қолданылады, 
оқу-өндірістік  жұмыстарын  орындау  кезіндегі  құралдардың 
технологиялық  бірізділігін,  кестесін,  құралдардың  техникалық  та-
лаптары мен еңбектің тиімді амалдарын ашып көрсетеді.
 
– Оқу алгоритмдері - білім алушылардың күрделі құрылғыларды 
күту, онымен жұмыс жасау, сынғандарын диагностикалау, іске қосу, 
реттеуге  үйретуде  қолданылады,  сан  түрлі  типтік  жағдаяттарда 
жұмыстың нақты ережелері мен бірізділігі көрініс табады. 
 
– Тапсырма-карта - білім  алушыларды  күрделі  өндірістік 
жағдайларда 
оқытуда 
қолданылады, 
мазмұнында 
күрделі 
құрылғылардың  құрылысын  зерттеу  жəне  жұмыс  істеу,  күту,  іске 
қосу, жөндеу, ретке келтіру, сонымен бірге, жинақталған тəжірибені 
жинақтау жолдары қарастырылған.
Жазбаша нұсқау құжаттарына қойылатын негізгі талаптар: 
 
– өндірістік оқыту бағдарламасына сəйкестігі;
 
– операциялардың  белгілі  бір  бөліктерінің  немесе  аяқталған 
техникалық 
үдерістің 
мазмұны 
бойынша 
салыстырмалы 
аяқталғандығы;
 
– формалар 
мен 
құрылымдардың 
қарапайымдылығы, 
пайдалануға қолайлылығы;
 
– нақты оқу-өндірістік жағдайларындағы типтік ұсыныстар мен 
мүмкіндіктердің үйлесімділігі;


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау