83
қалыптастыру
мақсатынғы
кəсіб-əлеуметтік
байімделуін
қамтамасыз ету бойынша кешенді əлеуметтік-педагогикалық,
ұйымдастырушылық-əдістемелік жұмыстар жүйесі.
Бесінші кезең – өндіріс иесі сезімі, новаторлық жəне
өнертапқыштық рухы тəн кең профильді (өз ісінің шебері, зиялы
жұмыскер) жоғары білікті жұмыскерді қалыптастыру мақсатындағы
жеке тұлғаны кəсіби жəне рухани дамыту бойынша біліктілік
жоғарылату жүйесі
1
.
Сонымен, кəсіптік білім мазмұны ҚР МЖМБС-мен қатар, типтік
оқу бағдарламаларында, оқулықтарда, оқу-əдістемелік құралдарында
көрініс алады.
Оқу бағдарламалары - əрбір оқу пəні бойынша меңгертілуге
тиісті негізгі білім, іскерлік, дағды көлемін сипаттайтын нормативтік
құжат. Оқу бағдарламаларында меңгертілетін кəсіптік оқыту
педагогының материалдарын жылдарға бөлу мерзімі, əр тақырыпқа
қажетті сағат сандары жөнінде ұсыныстар беріледі.
Кəсіптік оқыту педагогының оқу бағдарламасы өзінің
құрылымдық жағынан үш негізгі компоненттен тұрады:
– түсінік хат немесе кіріспе. Онда жалпы білім беретін мектептегі
оқу пəндері жүйесінде оқытылатын кəсіптік оқыту педагогының
оқыту бойынша мақсатты бағыттары анықталады;
– білімнің нақты мазмұны. Ол дегеніміз - кəсіптік оқыту
педагогының кəсіптік оқыту бойынша негізгі ақпараттарды,
ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, сондай-ақ, пəнді меңгерту
барысында қалыптастырылуға тиісті дағды, іскерліктердің міндетті
аясы жəне пəнаралық байланыстар негізінде жүзеге асырылатын
жалпы дағды, іскерліктердің тізбесі қарастырылған оқу материалдары
болып табылады;
– əдістемелік нұсқаулар. Бұл нұсқауларда бағдарламаны жүзеге
асыру жолдары, əдістері, ұйымдастыру формалары, оқыту құралдары
жəне сол пəнді оқыту үдерісінде білім алушылардың алған білімін,
дағды, іскерліктерін бағалау туралы мағлұматтар беріледі.
Кəсіптік білім бағдарламалары ғылымның сапалық жəне
құрылымдық өзгерістеріне жауап беру үшін келесі ғылыми
принциптердің талаптарына сəйкес болуы тиіс. Олар:
Кəсіптік оқыту педагогының оқу бағдарламасының мазмұны
1
Сейтешев А.П., Абдыкаримов Б.А. Научные основы профессионально- технической педаго-
гики.
- Алматы, 1992. - 448 с.