Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет258/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   325
dogalov-makroekonomika

«жұмыс күшінің 
біліктілігі» үлгісі
пайда болды. Енді осы үлгі шеңберінде, 
өндірісте төрт негізгі фактор – 
біліктілігі жоғары еңбек, білікті-
лігі төмен еңбек, капитал
жəне 
жер
факторлары қолданы-
лады деген тұжырым алға қойылды. Сонымен қатар, Леонтьев 
оғаштығын түсіндіру «капитал» ұғымын да кеңейтті, яғни адам 


342
капиталы, физикалық капитал, білім капиталы, қаржылық капи-
тал деген терминдер өмірге келді.
Сыртқы сауданың факторлық теориялары ары қарай дами 
түсті. Соның бірі болып 
Рыбчинский теорамасы
табылды. 
Тегі поляк ағылшын экономисі Т. М. Рыбчинский 1955 жылы өз 
теориясында экономикалық өсудің сыртқы саудаға деген əсерін 
зерттеп, өнеркəсіптің кейбір салаларының тез қарқынмен дамуы 
басқа бір салалардың құлдырауына алып келетіндігін байқаған. 
Рыбчинский теоремасы
– өнеркəсіптің қандай да бір са-
ласында интенсивті түрде қолданылатын фактор ұсынысының 
өспелі сипатта көбеюі салдарынан сол салада өндіріс көлемі мен 
пайданың салыстырмалы артуы басқа бір салада қолданыла-
тын сол фактордың қарқындылығын төмендетіп, өндіріс көлемі 
мен пайданың қысқаруына алып келетінін дəлелдейтін тео-
рия. Осыған орай, бір саланың өндірісі мен экспортын белсен-
ді түрде арттырудың салдарынан басқа бір саланың өндірісі 
құлдырап, деиндустриализацияға ұшыратуы мүмкін. Рыбчин-
ский теоремасының тəжірибе жүзіндегі жарқын көрінісін – 
«Гол-
ланд ауруы»
деген ерекше құбылыс сипаттайды. 1960-жылдары 
Голландияның Солтүстік теңізде табиғи газдың ірі қорын ашуы-
мен осындай жағдай орын алды. Газды өндіру жəне оны белсен-
ді түрде экспорттау осы елде экспортқа бағытталатын дəстүр-
лі салалардың өндірісін маңызды түрде құлдыратып жіберді. 
Олай болса, «голланд ауруын» түсіндіру Рыбчинский теоре-
масымен тығыз байланысты. Жаңа кен орындарының ашылуы 
жəне газ сияқты шикізатты экспорттап оған жұмыс күшін жəне 
басқа да факторларды тарту өнеркəсіптің басқа секторларының 
тұрақтап қалуына алып келеді. Сонымен қатар, шикізат өндіру 
салаларындағы ұсыныстың күрт артуы салдарынан ұлттық 
валютаның айырбас бағамы айтарлықтай өзгеріске ұшырайды, 
яғни газ, мұнай немесе басқа да шикізат көздерін экспорттаудың 
белсенді түрде артуынан ел ішіне шетел валютасы көптеп ағылады 
жəне басқа да тұрақты жағдайларда ұлттық валютаның айырбас 
бағамы өседі. Бұл өз кезегінде, өнеркəсіптен шыққан дайын тауар-
ларды экспорттау тиімділігінің жоғалуына алып келеді. Кейіннен, 
«голланд ауруымен» Испания, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, 
Колумбия сияқты мемлекеттер ауырған. «Голланд ауруының» 


343
ушыққан түрлерін басқаша, 
«Испан дерті»
жəне 
«Африкандық 
ауру» 
деп атайды. 
Бірқатар қазақстандық авторлардың пікірінше, отандық эко-
номикада осы «голланд ауруының» дерті сезілуі əбден мүмкін, 
себебі сыртқы сауда айналымы үлесінде шикізаттық тауарлардың 
басым бөлігі (шамамен, 70-75%) бар болғандықтан жəне қазіргі 
уақытта, мұнайға деген əлемдік бағаның шарықтауынан бұл 
феномен өрши түсіп, ұлттық экономикаға айтарлықтай қауіп 
төндіруі ықтимал.
1991 жылы американ экономисі Майкл Портер «Елдердің 
бəсекелестік артықшылықтары» зерттеулерін жүргізді (орыс 
тілінде «Халықаралық бəсекелестік» деген атпен басып шы-
ғарды). Өндірісі жағынан дамыған сегіз елдің 100 шақты са-
ласын қамтып, ауқымды статистикалық мəліметтерді талдау 
негізінде дайындалған бұл зерттеуде мүлдем жаңа əдістерді ха-
лықаралық саудада қалай қолдану керектігі жазылған болатын. 
Осы əдіске сілтеменің бірі келесідей: «Халықаралық саудада 
елдер бəсекелеспейді, керісінше фирмалар бəсекелеседі. Фирма 
бəсекелестік артықшылықты тудырады жəне ұстанады, бұл үшін 
мемлекеттің осы процестегі рөлін түсіну керек». 
Бəсекелестік барысында фирма стратегиясына екі мүмкіндік 
əсер етеді:
1. 
Саланың құрылымы
, мұнда фирма іс-əрекет жасайды, əсі-
ресе, бəсекелестікке, соның ішінде салалық бəсекелестікке тө-
мендегідей 5 (бес) фактор əсер етеді:
1) жаңа бəсекелестердің пайда болуы;
2) жаңа тауарлардың пайда болуы;
3) жеткізіп берушілердің саудаласа білуі;
4) сатып алушылардың саудаласа білуі;
5) ескі бəсекелестердің өзара бəсекелесуі.
2. 
Саладағы фирманың алатын орны, 
оның рөлі бəсекелестік 
артықшылықпен анықталады. Фирма бəсекелестік артықшылығы 
болған жағдайда ғана өз бəсекелестерінің алдына шығады:
1) Фирмалардың тауарларды өндіріп жəне бəсекелестеріне 
қарағанда оны салыстырмалы бағамен сата білуі олардағы 
шығынның төмен екендігін куəландырады.


344
2) Тауарлардың дифференциациясы немесе фирманың тауар 
сатып алушыларының қажеттілігін қанағаттандыра алуы, яғни 
жоғары сапалы тауарды немесе қолдану қасиеттеріне қарай та-
уарды ұсынуы.
Жоғарыда айтылған бəсекелестік жəне бəсекелестік стратегия 
сыртқы жəне ішкі нарықта бірдей дəрежеде қолданылады. 
Халықаралық сауданың осы аталып кеткен жəне басқа да тео-
риялары ел үшін қандай тауарды сыртқа шығарған жəне қандай 
тауарды сырттан əкелген тиімді екенін түсіндіре отырып, сырт-
қы сауданың құрылымын сипаттауға тырысты. Бұл жерде аса 
маңыздысы – ол əлемдік нарықта сұраныс пен ұсынысты жəне 
бағалардың тепе-теңдік деңгейін, сондай-ақ осы арқылы сыртқы 
сауданың ұтымын анықтау болып табылады. 
Əлемдік нарықта 
тепе-теңдік баға қалай қалыптасады?
Бұл сұраққа жауап беру 
үшін өзара саудаласушы елдердің қандай да бір тауар бойынша 
сұраныс пен ұсыныс шарттарын анықтау қажет.
Қазіргі заманғы ашық экономика жағдайында тауарлар мем-
лекеттік шекаралар арқылы еркін түрде жүріп отырады. Бұл 
жерде ел ішінде қандай да бір тауардың (мысалы, автомобиль) 
тепе-теңдік бағасын анықтайтын сұраныс пен ұсыныс сол тауарға 
əлемдік сұраныс пен ұсыныстан жəне оның əлемдік бағасынан 
едəуір өзгеше болуы мүмкін (14.3-сурет). 

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау