Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет243/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   325
dogalov-makroekonomika

13.13-сурет
Құбылмалы валюта бағамы кезіндегі ақша-несие саясаты


323
13.1-кесте.
 Валюта бағамының əртүрлі жүйесіндегі макроэко 
но-
микалық саясат
Тіркелген айырбас бағамы
Ақша-несие саясаты
Ынталандырушы
Тежеуші
Бюджет-салық саясаты
Ынталандырушы
Тежеуші
Макроэкономикалық көрсеткіштер
Y
e
Xn
Өзгермейді
Өзгермейді
Өседі
Төмендейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Құбылмалы айырбас бағамы
Ақша-несие саясаты
Ынталандырушы
Тежеуші
Бюджет-салық саясаты
Ынталандырушы
Тежеуші
Өседі
Төмендейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Төмендейді
Өседі
Өседі
Төмендейді
Өседі
Төмендейді
Төмендейді
Өседі
Басты қорытындысының мəні мынада, яғни ашық экономи-
ка жағдайындағы макроэкономикалық саясаттың нəтижелері 
маңызды дəрежеде валюта бағамының режиміне тəуелді болып 
табылады. 
Бюджет-салық саясаты ұлттық табысқа тек тіркелген валюта 
бағамы кезінде ғана əсер ете алады. Бұл осы саясаттың салда-
ры пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне жəне капиталдың сыртқа 
ағылуына немесе ішке құйылуына алып келуімен түсіндірі-
леді. Төлем балансының пайда болған оң немесе теріс сальдосы 
валюталық интервенциялар арқылы ақша массасының ұлғаю ына 
алып келеді. Содан бюджет-салық саясатының тиімділігі арта 
түседі. Құбылмалы валюта бағамы кезінде төлем балансының 
нөлдік сальдосы валюта бағамының өзгерісінен бұзылады, ба-
ғамның өзгеруі экспорт пен импортқа əсер ете отырып, бюджет-
салық саясатын тұрақтандырады немесе оның тиімділігін жоққа 
шығарады.
Ақша-несие саясатының тиімділігі де сол валюта бағамына 
байланысты болады. Тіркелген валюта бағамы кезінде ОБ ақша 
массасын өзгерту бойынша дербес саясат жүргізу мүмкіндігінен 


324
айырылады. Айналымдағы ақша санын өзгертудегі кез кел-
ген талпыныстар пайыз мөлшерлемесінің деңгейін өзгерте бе-
реді. Ол капитал қозғалыстарын өзгертеді жəне төлем балансы 
тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Сыртқы тепе-тең 
дікті 
қал пына келтіру үшін, ОБ ақша массасының шамасын кері ба-
ғытта өзгертуге мəжбүрлі түрде шешім қабылдайды. Егер мем-
лекет тіркелген валюта бағамы тəртібінен бас тартса, онда ақ-
ша-несие саясаты ашық экономикадағы макрореттеудің тиімді 
құралына айнала алады. Оның тиімділігі былай түсіндіріледі, 
яғни ақша массасының ұлғаюы пайыз деңгейін төмендетеді. 
Ұлттық валютаның бағамы төмендеп, қосымша ынталандырушы 
тиімділік пайда болады.
Сонымен, мемлекеттің ашық экономикадағы макроэко номи-
калық саясатының тиімділігін арттырудағы мəселелерді шешу 
сол саясат құралдарының сəйкес үйлесімділіктерін қажет етеді.
Қандай да бір мемлекет валюта бағамының тəртібін таңдай 
отырып, бір уақытта ішкі макроэкономикалық реттеудің құрал-
дарын да анықтап алуы тиіс. Жəне керісінше, ішкі макроэкономи-
калық саясаттың басымды мақсаттарын (экономикалық өсу, ин-
фляциямен күрес, əлеуметтік көмек шараларын күшейту жəне т.б.)
анықтай отырып, қолданыстағы кез келген сыртқы макро 
эко-
номикалық саясаттың дəл осы мақсаттардың орындалуына ке-
пілдік бере алмайтынын да ескерген жөн. 

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау