Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет51/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   78

155
ҚР «Білім туралы» заңының «Педагогикалық қызметкердің 
құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» деген 51-бабына сəйкес 
педагогикалық қызметкер білім беру ұйымы басқаруының ұжымдық 
органдарының жұмысына, бірінші кезекте, мектептің педагогикалық 
кеңесінің, ЖОО-ның ғылыми кеңесінің жұмысына жəне т.б. қатысуға 
құқылы. Осында педагог бүкіл оқу мекемесіне қатысты менеджердің 
фукциясын қандай да бір дəрежеде орындай бастайды, бұл оған көңіл 
қоюды талап етеді, оның басқарушы құзыреттіліктеріне талаптар 
ұсынады.
Т.М. Баймолдаев менеджмент негізінде мектеппен басқарудың 
қағидаттарын қарастыра отырып [76], олардың арасында мыналарды 
бөліп көрсетеді:
– адамға деген құрмет жəне оған деген сенімділік;
– ынтымақтастық қағидаты, яғни басқаруды монологтік қарым-
қатынастан диалогтік қатынасқа ауыстыру;
– консенсус негізінде шешімді ұжымдық қабылдау қағидаты;
– мұғалімдердің мектеппен басқаруға қатысу қағидаты;
– көлденең байланыстарды жүзеге асыру қағидаты жəне басқа-
лары.
Сонымен, автор қарастырған қағидаттардың көбісі білім беру 
мекемесімен басқару үдерістеріне қызметкерлерді, педагогтарды 
жұмылдырумен байланысты. Жапондық сапа менеджментінің іргесін 
қаулаушыларының бірі К. Исикава сапалы басқарудың тиімділігі тек 
шеберлер мен жұмысшылардың тікелей қатысуында қамтамасыз 
етіледі деп санаған, өйткені дəл осы жұмысшылар – анық ақпарат та-
сымалдаушылар болады.
ҚР-ның білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджментті да-
мыту болашағы ретінде білім беру мекемесімен басқаруға педагогті 
жұмылдырудың маңыздылығын белгілей отырып, осы мекемеде 
жүргізілетін оқу-тəрбие үдерісіне, оқушылардың танымдық, оқу, еңбек 
қызметіне қатысты педагогтің тəжірибеге дейінгі міндеттеріне менед-
жер функциялары кіретін субъект болады.
Л. М. Фридман [110] оқушылардың оқуын, тəрбиесін жəне олардың 
қызметін басқаруды жүзеге асыратын педагог қызметінің құрылымын 
қарастырғанда, оның келесі элементтерін бөліп көрсетеді:
І. Дайындық жұмысы, ол өз кезегінде мыналардан тұрады:
1) жұмыс жоспарын (күнтізбелік-тақырыптық жоспары, сыныптан 
тыс жəне тəрбие жұмысын өткізу жоспары, ата-аналармен жұмыс жос-
пары жəне т.б.) енгізетін оқу жылына дайындық;
2) оқу материалының талдауын көздейтін педагогтің кезекті 
тақырыпты оқытуға деген дайындығы; оқушы игеруге міндетті 


156
білімдердің, ептіліктер пен дағдылардың минимумын, тақырыпты 
зерделегенде, өңделуге тиісті жалпы оқыту жəне пəндік ептіліктер 
жүйесін анықтау; пəнаралық жəне пəнішілік байланыстарды орнату, 
берілген тақырыпты зерделеу бойынша оқушылардың оқу қызметінің 
үлгісін құрастыру; оқушылардың сынып жəне сыныптан тыс жұмысы 
үшін есептер мен жаттығуларды іріктеу; оқу құралдарын жəне оқыту 
тəсілдерін іріктеу жəне дайындау (жасау) жəне т.б.;
3) кезекті сабақты жүргізуге дайындық: алдыңғы сабақтар 
қорытындыларын талдау, осы сабақты жүргізу жоспарын құрастыру, 
оқу құралдарын іріктеу, оқыту тəсілдерін дайындау жəне т.б.
Дайындықтың барлық кезеңдерінде мұғаліммен өз қызметіне тал-
дау да жүргізілуге тиіс, өйткені автор көрсеткендей, мұндай талдаусыз 
кейінгі жұмысқа дайындық мүмкін емес.
ІІ. Оқу үдерісін жүргізу мұғалімнің оқытушылық қызметінің 
екінші элементі болады. (Автор осы элементтің мəнін оқытушылардың 
оқу қызметінің генетикалық жəне функционалдық деген екі үлгісінің 
негізінде көрсетеді). Педагогтің басқарушы əрекеттері көзқарасынан 
осы үлгілер арасында түбегейлі айырмашылықтар жоқ екендігін атап 
өту қажет, сондықтан біз кешендік нұсқа жасаудамыз.
Л.М.Фридманның пікірі бойынша, мұғалімнің оқу тақырыбын зер-
делеу үдерісін жүргізуі үш кезеңнен тұрады:
1) кіріспе-уəждеу кезеңі, онда мұғалім:
– оқу пəнінің жүйесінде осы оқу тақырыбының орнын жəне 
мазмұнын, осы тақырып не үшін зерделенуге тиіс екендігін анықтау 
мақсатында проблемалық жағдайды құрастырады;
– оқушылардың алдында тұрған оқу-танымдық қызметінің 
мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырады; 
– тақырыпты зерделеу жоспарын түсіндіреді, олар игеруге тиіс 
білімдер, ептіліктер мен дағдылар (пəндік жəне оқыту) минимумын 
көрсетеді; 
– оқушылардың үйдегі өзіндік жұмысының мазмұны жəне оны 
орындау тəртібі жөнінде нұсқаулар береді. 
2) əрекеттік-танымдық кезең. Осы жерде мұғалім жұмыстардың 
төмендегі түрлерін атқарады: 
– оқытудың оқу-көрнекі жəне техникалық құралдарын пайдалану-
мен əңгіме, сұхбат, дəріс түрінде қажетті ақпаратты оқушыларға беру;
– сондай-ақ оқушыларды тақырып бойынша хабардар ету, бірақ 
тəжірибелерді, эксперименттерді көрсету, экскурсиялар өткізу, 
табиғатқа шығу арқылы; 
– сабақта оқушылардың оқу-танымдық жұмысын ұйымдастыру 
жəне басшылық ету; 


157
– ішкі бақылау, оқушылардың оқу жұмысын бағалау мен есептеу 
жəне ішкі (яғни, оқушылармен жүргізілетін) өзара бақылау мен өзара 
бағалау, өзін-өзі бақылау жəне өзін-өзі бағалау қорытындыларын тек-
серу;
– кейбір оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыру жəне түзетуіне 
басшылық ету.
3) бақылау-бағалау кезеңі, мұнда мұғаліммен келесілер жүргізіледі: 
– əр түрде зерделенген тақырыптың оқу материалын қорытындылау 
жəне тиісінше оқу материалын қорытындылау бойынша оқушылардың 
оқу жұмысын ұйымдастыру жəне басшылық ету; 
– қорытынды бақылау жəне тақырыпты зерделеу жоспарын орын-
дау бойынша əр оқушының оқу жұмысын бағалау;
– тақырыпты зерделеу жоспарын орындауда кейбір оқушылардың 
олқылықтары мен түзетпелерін анықтау жəне осы олқылықтар мен 
түзетпелерді жоюды ұйымдастыру. 
Біздің көзқарасымыз бойынша, бақылау-бағалау кезеңіне, сондай-
ақ педагогтің өз білім алушыларының жəне басқарушы əдеттері 
рефлексиясының міндетті құрауышысы ретінде олардың тиімділігін 
бағалау жəне бұрын алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сəйкес 
қажетті түзетуді енгізу қажет.
Педагог қызметінің осы талдауы бөлу құрамдауыштарында, нақты 
əрекеттерде педагогтің білім беру мекемесіндегі оқу-тəрбие үдерісін 
басқару бойынша педагогтің жоспарлау, ұйымдастыру, уəждеу, бақылау 
сияқты барлық функцияларын ашады.
Л. М. Фридман барлық қалған түрлер үшін өзекті болатын – 
оқушылар жəне сынып оқу ұжымдарының тұлғасын, олардың даму 
мониторингісін зерделеу сияқты мұғалім жұмысының тағы да бір түрін 
маңызды деп санайды. Ол қандай да бір оқушылармен жұмыс істейтін 
мұғалімдер жеке əрекет ете алатынын ескертеді. Сонда əр мұғалім 
жүйесіз, ынтасының, қабілеттері мен сезгіштік шамасына қарай 
оқушыларды жəне сынып ұжымын зерделейді. Осы себепті, мұғалім 
оқушыларды толық білмегендіктен балалармен дұрыс, адамгершілік, 
парасатты қарым-қатынас құра алмайды.
Т. Н. Банщикова, С. В. Путеева [15] педагогтың басқарушы 
қызметінің құрылымында келесі функцияларды бөледі: 
– болжау;
– жобалау;
– оқу-педагогикалық жағдайларды шешу;
– оларды бақылау жəне бағалау. 
С. И. Солонин, С. В. Кортов [96] жоғары білім жүйесіне қатысты 
оқу үдерісін жүргізу уақытына қарай оқытушы оқушыларды тиімді 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау