ОқУ ҚҰралы көкшетау 2007



жүктеу 4,99 Mb.
бет2/22
Дата16.02.2018
өлшемі4,99 Mb.
#9877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

МІНЕЗДЕМЕ
Мінездеме - белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат.

Құрылымы.

- Құжат аты;

- мінездеме берілетін адам туралы кысқаша мәлімет;

- негізгі мәтін;

- қорытынды;

- мінездемені талап етуші ұйымның аты;

- мінездеме берілген мерзім;

- мінездеме берушінің қызметі, колы; аты-жөні, тегі;

- мекеме, ұйым мөрі.





МІНЕЗДЕМЕ

(аттестациялык)
Көкшетау тыныс алу аппараттарын жасау зауытының

инженер-конструкторы Мұрат Асхатұлы Әлиевке.

1968 жылы туған. Білімі жоғары.
Мұрат Асхатұлы Әлиев Көкшетау тыныс алу аппараттарын

жасау зауытының конструкторлық бюросында 1992 жылдан бастап еңбек етуде.

Осы жылдар ішінде қатардағы инженерден бөлім меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді. Жаңашылдық ұсыныстары бар бес мақа-

ласы ғылыми жинақтарда жарық көрді. Білімді, іскер, ізденімпаз. Ұйымдастырушылық кабілеті жоғары. Ұжымдағы қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласады.

Мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады. Үйленген. Үш баласы бар. Жаксы, үлгілі әке.

Аткарып жүрген қызметіне лайық. Мінездеме еңбек келісімін ұзарту

үшін берілді.
Көкшетау тыныс алу аппараттарын

жасау зауыты директорының

орынбасары колы С.С.Еркінов.

М. О.


25. 04. 2007 ж.

17


МІНЕЗДЕМЕ

(қызметтік)
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің

қазақ тілі кафедрасының окытушысы

Сәния Қанатқызы Көпееваға.

1967 жылы туған. Білімі жоғары.


Сәния Қанатқызы Көпеева А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің қазак тілі кафедрасының оқытушысы болып 1994 жылы 15 тамызда қабылданды. Қазіргі кезде қазақ тіл білімі кафедрасының аға окытушысы, сапа менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы.

Сәния Қанатқызы оқу әдістемесін жақсы игерген, білікті маман. Сабақтарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді, қазіргі сабақ жұргізудің әртұрлі әдіс-тәсілдерін практика жүзінде белсене

қолданады.

С. Қ. Көпеева кафедраның тәрбиелік іс-шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар студенттермен жеке оку-тәрбиелік жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрады.

Ғылыми жұмысқа икемі мол Сәния Қанатқызы Көпееваның 17 мақаласы, 3 оқу құралы, 1оку-әдістемелік кешені бар.

2006 жылы оқу-әдістемелік кеңес беру орталығы және «Тесһnо Group Cohsuit» ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында «сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиті» бойынша теориялық дайындықтан өтті. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде білім жүйесінің барлық деңгейлеріндегі оқытудың мультимедиялық жүйесін енгізу және халықаралык стандартқа сай біліктілігін жетілдіру курсынан өткен сертификаттары да бар.

Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына ынталы, адамдармен тез тіл табысады. Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды. Сондықтан студенттер мен әріптестерінің арасында беделі мол.

Мінездеме оқытушылықтан аға оқытушылыққа өту үшін берілді.


Қазақ тілі кафедрасының

меңгерушісі: қолы Б. К. Омарова

М.О.

25. 04. 2007 ж.


18
ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫ


Визит карточкасы - іскер адамдардын қарым-қатынас жасауына арналған іскерлік құжат.

Құрылымы:

- аты-жөні, тегі;

- қызметі (ғылыми, әскери дәрежесі, т. б.);

- мекен-жайы; үй телефоны;

- жұмыс орнының толық адресі; жұмыс телефоны, факсы.

ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫ
- Әлия Сәрсенқызы Жаңабатырова

- Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультеті деканынын орынбасары

- Филология ғылымының кандидаты

- Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 33-үй, 1-пәтер

- Үй телефоны: 26-66-66

- 475000, Көкшетау қаласы, Акан сері көшесі, 24-үй.

- Жұмыс телефоны: 8(716-2)26-67-13, факс 8(716-2)26-67-14

ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫ


Еркін Имантайұлы Есдәулетов

Қазақстан Республикасы Акмола облыстық ішкі істер

басқармасы кадрлар бөлімінің бастығы. Полковник.

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 85, ү. т. 26-55-01

475000, Көкшетау каласы, Абай көшесі, 125

ж. т. 26-81-81. факс 8-(7162)26-81-82

19

ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАР


ӨТІНІШ ХАТ
Өтініш хат - белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат.

Құрылымы:

- бланктік штамп реквизиттері;

- мекеменің толық аты;

- мекеме басшысының қызметі, аты-жөні, тегі;

- мәтіні;

- өтініш хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні тегі.


ӨТІНІШ ХАТ
Көкшетау қаласы «Казхозлесстройторг»

15.12. 08ж. № 25 директоры А. Н. Мусинге


Шәкірім Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Сізден мебель фабрикасына бөлінген

3300000 (үш миллион үш жүз мың) теңге лимитті сол фабрикадан құрылыс материалдарын алу үшін аударуыңызды өтінеді.


Университет ректоры,

профессор колы Б. Б. Садықов






ӨТІНІШ ХАТ


Көкшетау қаласы Қазакстан Республикасы

29.12.08 №30 Ғылым академиясының

кітапхана директоры

Қ. Ш.Құсайынов мырзаға


Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректораты Сізден казақ тілі кафедрасының окытушысы Сандуғаш Талғатқызы Халеловаға кітапханадагы кандидаттык және докторлық диссертациялармен танысуға жағдай жасауыңызды өтінеді.
Университет ректоры,

профессор колы Б. К. Сапаров




20
РЕСМИ ХАТ
Ресми хат - белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелердің жазбаша хабарлануы. Құрылымы:

- бланктік штамп реквизиттері;

- мекеменің толық аты;

- мекеме басшысынын қызметі, аты-жөні, тегі;

- мәтіні;

- ресми хат иесінің қызметі, колы, аты-жөні тегі.

РЕСМИ ХАТ
Көкшетау қаласы Қазакстан Республикасы

15.05.2007 ж. № 26 Ғылым академиясы

А. Байтұрсынов атындағы

Тіл білімі институтының

директоры Қ. Ш. Құсайыновка
Абай атындағы Алматы мемлекеттік универстетінің филология

ғылымының кандидаты ғылыми дәрсжесін алу үшін диссертация қорғайтын кеңес шешімімен (хаттама № 11, 10-шы ақпан 1998 жыл). Сіз басшылық жасап отырган А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты мына диссертацияға жетекші ұйым болып бекітілді: Жұлдыз Садырбекқызьі Бейсембекованың «Қазіргі қазақ тіліндегі бұйрық райдың парадигмасы мен мағыналык құрамы» атты кандидаттык диссертациясы, 10.02.02 - қазақ тілі мамандығы бойынша.

Осыған орай аталған диссертацияны Сізге жіберіп отырмыз, оның корғалуы 18-наурыз 1998 ж. белгіленді. Оған мына мерзімге дейін пікір беруіңізді өтінеміз: 06 наурыз 1998 ж. Жетекші ұйым басшысының қолы Елтаңбалы мөрмен бекітілуге тиіс. Пікірде кеңейтілген түрде мынадай тұстарға жауап беруіңізді сұраймыз:

1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылымдармен және жалпымемлекеттік бағдарламамен байланысы.

2. Диссертацияның «ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы ережесінің» үшінші бөлімі қоятын талаптарға сәйкестігі».
Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, филология

ғылымының кандидаты, доцент колы М. Ш. Мұсатаева

21

ҰСЫНЫС ХАТ


Ұсыныс хат - қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну жөнінде

басшыға жазылған хат.

Құрылымы:

- бланктік штамп реквизиттері;

- мекеменің толық аты;

- мекеме басшысының қызметі, аты-жөні, тегі;

- мәтіні;

- ұсыныс хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні тегі.







ҰСЫНЫС ХАТ
Көкшетау қаласы Қазақ мемлекеттік Баскару

25.06.2007 ж. №15 академиясындағы экономика

саласы бойынша білім

жетілдіру институтының

директоры Б. Б. Манаповқа

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректораты экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедр-сының аға оқытушысы Гұлнар Алтайқызы Қожахметованы2000 жылдың 4-13 желтоқсанға дейін экономикалық пән оқытушыларының білімін жетілдіру курсына жібереді.


Университет ректоры,

профессор колы А. С. Сәрсекеев





ҰСЫНЫС ХАТ


Көкшетау қаласы Ш. Уәлиханов атындағы

05.09.2008 ж.№ 31 Көкшетау мемлекеттік

университетінің ректоры,

проф. А. Б. Қайсаровқа


Филология факультетінін деканаты казак тілі кафедрасынын

аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Өміргүл Ақанқызы Жұмағұлованы факультет деканының орынбасары қызметіне лайық деп тауып, осы қызметке алуыңызды сұрайды.


Декан қолы О. В. Черненко

22
СҰРАНЫС ХАТ
Сұраныс хат - белгілі бір мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрау мақсатында жазылатын хат.

Сұраныс хаттың кұрылымы:

- бланктік штамп реквизиттері;

- мекеменің толық аты;

- мекеме басшысының қызметі, аты-жөні, тегі;

- мәтіні;

- сұраныс хат иесінің кызметі, қолы, аты-жөні тегі.

СҰРАНЫС ХАТ


Көкшетау қаласы Л. Н. Гумилев атындағы

21.04.2007 ж. №11 Евразия университетінің

ректорына

473021, Астана қаласы,

Циолковский көшесі, 6-үй
III. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректораты Сізден «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының 3-курс

студенті А.С. Шәріпованың Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау

университетіне ауысуы бойынша қабылдау үшін жеке бас іс-кағазын жіберуінізді сұрайды.
Оку бөлімінің басшысы колы С. Б. Смирнова




СҰРАНЫС ХАТ


Көкшетау қаласы III.Құдайбердиев атындағы

07.09.2008 ж. № 32 Семей мемлекеттік

университетінің кітапхана

меңгерушісі И. С. Кабуловаға


Филология факультетінің қазақ тілі кафедрасы Сізден 2000/01 оқу жылында кітапхана қорына келіп түскен тіл және әдебиет сериясының тізімін жіберуіңізді сұрайды.
Қазақ тілі кафедрасының

менгерушісі қолы Б.К.Омарова




23

ЖОЛДАМА ХАТ
Жолдама хат — белгілі бір құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі,

саны туралы ақпарат берілген хат.


Жолдама хаттың құрылымы:

- бланктік штамп реквизиттері;

- мекеменің толық аты;

- мекеме басшысының қызметі, аты-жөні, тегі;

- мәтіні;

- жолдама хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні тегі.


ЖОЛДАМА ХАТ


Көкшетау қаласы Қазак мемлекеттік ғылыми-

05.04.2008 ж.№ 16 техникалык акпарат ғылыми-

зерттеу институтының дирек-

торы Қ. Қ. Қасымов мырзаға


Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік

университетіндегі филология ғылымының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу ушін диссертация қорғайтын ДР 14.05.00

диссертациялық кеңес 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша Өміргұл Аканқызы Жұмағұлованың «Қазақ тіліндегі көсемшенін мағынасы мен қызметінің дамуы» атты кандидаттық диссертация жұмысын және авторефератының 2 данасын мемлекеттік тіркеу мен микрофильмнен өткізу үшін жіберіп отыр.

Диссертацияның қорғалган күні 11.03.2007 ж.
Диссертация кеңесінің төрайымы,

ф.ғ.д., профессор қолы 3. Қ. Ахметова


24

ЖОЛДАМА ХАТ
Көкшетау қаласы Қазақстан республикасы

25.11.2008 ж. №29 Ғылым академиясының орталык

ғылыми кітапханасына

----------------------------------------

480021, Алматы каласы,

Шевченко к. 28-үй


Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Сіздің кітапханаңызға университет баспасынан шыққан

төмендегі басылымдарды жолдайды.

I. «Жоғары мектепте лингвистика, әдебиеттану және шет тілін оқыту әдістеме мәселелері» атты Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті оқытушыларының мақалалар жинағы.

2. «Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуының мәселелері» аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары 2 том.

3. «XXI ғасырдағы химиялық фосфордың даму перспективасы (келешегі)» атты халықаралық ғылыми семинардағы баяндамалардың тезистері.


Ғылыми бөлімнің жетекшісі қолы Б. С. Шәріп


25
ЖАРНАМА
Жарнама - мазмұны мен тақырыбы кең, әрі әр алуан, кызығушылықты тудыру мақсатында жұмсалатын хабарландырудың

бір түрі.

Құрылымы:

- құжат аты;

- мәтіні:

- мекенжайы;

- байланыс телефондары.


ЖАРНАМА
3 және 2 бөлмелі пәтер сатылады. Орталықта, 3-кабат.

Қасында балабақша, мектеп, машина тұрағы бар.

т. 25-21-25, Алия.





ЖАРНАМА
Абылайхан даңғылында жаңа сауда үйі ашылды!!!

Халыққа қызмет көрсететін көптеген жеңілдіктер ескерілген. Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Абылайхан

даңғылы, 1-үй. т. 42-42-42, 42-42-41.




26
ХАБАРЛАНДЫРУ
Хабарландыру - бір нәрсе жайында жазбаша немесе ауызша түрінде пікірді хабардар ету үшін жазылатын іс-кағазының бірі.

Құрылымы:

- кұжат аты;

- мәтіні;

- хабарландыру беруші мекеме, ұйым аты.

ХАБАРЛАНДЫРУ


2007 жылдың 15 қазанында сағат 15.00-де А. Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің акт залында

«Жыл кураторы-2007» атгы кураторлар сайысы өтеді.

Келем деушілерге есік ашық.
Кәсіподақ комитеті





ХАБАРЛАНДЫРУ


2007 жылдың қараша айының 25-жұлдызында 15.00-де Халықаралық қатынастар факультетінде «АҚШ мемлекеті мен

Шанхай ұйымы арасындағы қатынастар жөнінде» дөңгелек үстел болады. Дөңгелек үстелде АҚШ-тан келген Мэриленд универси- тетінің профессоры Роберт Фосс осы мәселе жөнінде талқылама жүргізеді.

ТАСІS ұйымы



ХАБАРЛАНДЫРУ


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі баспасөз

кызметі бөліміне қазақ және ағылшын тілдерін жетік білетін,

компьютерді жақсы меңгерген, журналистік қабілеті, адамдармен

қарым-қатынанас орнатуға бейімі бар, жоғары білімді, 30-35 жас

аралығындағы іскер заңгер маманды жұмысқа шақырады.

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Абай даңғылы, 17-үй,

326-бөлме.

27
ХАБАРЛАМА ХАТ


Хабарлама хат-қызметтік хаттың бірі. Ол қандайда да бір жағдайды хабарлау үшін немесе қандайда бір міндеттердің орындалғанын ескерту үшін жіберілетін хат.

Құрылымы:

- мекеменің толық аты;

- мекеме басшысының кызметі, аты-жөні, тегі;

- құжат аты;

- мәтіні;

- хабарлама хат иесінің қызметі, колы, аты-жөні, тегі.

«Адал» ААҚ-ның

президенті

Б. А. Мұратов мырзаға


ХАБАРЛАМА ХАТ
2007 жылғы 21 сәуірде жасалған келісімшарт бойынша

«Адал» ашық акционерлік қоғамы «Нәзік» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігіне әр айдың бесінші күні шикізат жеткізуге міндеттенген болатын.

2007 жылдың шілде, тамыз айларында «Адал» ААҚ

келісімде көрсетілген мерзімде шикізат жеткізбегендіктен, біз

45 000 (қырык бес мың) теңгеге зиян шектік.

«Нәзік» акционерлік қоғамы 2007 жылдың 21 қыркүйегінен

бастап өзара жасалған келісімшарттан бас тартатынын мәлімдейді.


15.11.2008 ж. қолы Ж. А. Сағатова


28


«Нәзік» ЖШС-нің президенті

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі,

7/15. Б.А.Сабдин мырзаға

ХАБАРЛАМА ХАТ
2006 жылғы 14 қазанда жасалған келісімге сәйкес Сіз электр энергиясын пайдалану төлемақысын ай сайын төлеп тұруға міндеттентенсіз. Алайда келісімнің талаптары орындалмай отыр.

2007 жылдың 15 каңтарына дейінгі қарызыңыздың көлемі ) 20 000

(жүз жиырма мың) теңге.

Егер осы жылдың 29 сәуіріне дейін қарыз төленбесе, біз өз тарапымыздан электр энергиясымен қамтамасыз етуді тоқтатамыз.

Сондай-ақ, қарыз төленбеген жағдайда, Сізге катысты іс қозғалатынын және сот ісіне қатысты шығынды Сіз төлейтініңізді ескертеміз.

20.03.2007 ж. қолы Ж. А. Бақтыгереев

«Көкшетауэнерго» ААҚ президенті


29
БАЯНДАУ ХАТ


Баяндау хат - мекеме басшысының атына жазылған белгілі бір мәселе туралы жан-жақты баяндалған кұрастырушының ұсынысы мен талап-тілегі келтірілген хат.

Құрылымы:

- бланктік штамп реквизиттері;

- мекеменің толық аты;

- мекеме басшысының қызметі, аты-жөні, тегі;

- мәтіні;

- баяндау хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні тегі.


Ш. Уәлиханов атындағы Нақты ғылымдар

Көкшетау университеті факультетінің деканы

Қ. Ш. Сәрсенбаевқа

БАЯНДАУ ХАТ

20. 10.08 №1 Көкшетау каласы


ИР 31- топ студенттерінің сабаққа қатыспауы туралы
20. 10. 08 ж. болатын іс жүргізу пәніне 27 студенттін алтауы ғана

келгенін Сізге мәлімдей келе, басқа студенттердің сабаққа келмеу себептерін анықтап, деканат тарапынан шара қолдануыңызды сұраймын.


Іс жүргізу пәнінің

оқытушысы колы А. С. Бабжанова




Ш. Уәлиханов атындағы Оқу бөлімінің

Көкшетау университеті басшысы С.Б.Смирноваға
БАЯНДАУ ХАТ

01.09.08 ж. №2 Көкшетау қаласы


Орыс тілді аудиториядағы студенттерді қазақ тілінен

топқа бөлу мәселесі туралы


Орыс тілді аудиториядағы студенттердің білім деңгейінің әртұрлі екендігін мәлімдей келе, Сізден орыс аудиториясындағы 1-курс

30

студенттерін бастауыш, орта, жалғастырушы топ түрінде топшаларға



бөлуге рұқсат етуіңізді сұраймыз.
Кафедра меңгерушісі қолы Б. К. Омарова

АҚПАРАТ ХАТ


Ақпарат хат - белгілі бір ортада атқарылатын жұмыстарға байланысты ақпаратты басқа мекемелерге тарататын жазбаша кұжат.

Құрылымы:

- бланктік штамп реквизиттері;

- мекеменің толық аты;

- мекеме басшысының кызметі, аты-жөні, тегі;

- мэтіні;

- ақпарат хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні тегі.



АҚПАРАТ ХАТ


Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен

2001 жылдың 8-каңтарында сағ. 11.00. (№ 219 дәрісхана)

«Мектепте лексикалық тақырыптарды дамыта оқыту» атты

ғылыми-әдістемелік семинар өткізіледі.

Ғылыми-әдістемелік семинардың қарайтын мәселелері:

І.Қазақ тілі окулықтарына енгізілген жаңа лексикалық тақырыптар.

2. Сөздің ауыспалы мағынасының жасалу жолдарының оқулықта берілуі.

3. Ауыс мағына мен көпмағыналық проблемасы.

4. Лексикалық талдау.

Мекен-жайымыз: Көкшетау қаласы, Акан сері көшесі, 24.

Қазак тілі кафедрасы (№ 215 бөлме).

Байланыс телефондары: 26-67-13, 25-55-95.



31

ЦИРКУЛЯР ХАТ


Циркуляр хат — белгілі бір мекеменің бөлімшелеріне атқаратын қызметіне байланысты тапсырма беру сипатындағы бір мезгілде жөнелтетін хат.

Құрылымы:

- бланктік штамп реквизиттері;

- мекеменің толық аты;

- мекеме басшысының кызметі, аты-жөні, тегі;

- мәтіні;

- циркуляр хат иесінің кызметі, колы, аты-жөні, тегі.

ЦИРКУЛЯР ХАТ


Көкшетау қаласы Филология факультетінің

10.02.2007 ж. №45 деканы О. В. Черненкоға


Қысқы сессияның қорытындылары 15.02.2007ж. дейін оқу бөліміне тапсырылсын.
Оку бөлімінің

басшысы қолы С. Б. Смирнова






ЦИРКУЛЯР ХАТ


Көкшетау қаласы Қалалық оку бөлімі

10.03.2007 ж. №50 департаментінің

бастығы Б.С.Халелов мырзаға
Гепатит ауруының етек алуына байланысты қалалық мектеп-терде оку уақытша тоқтатылсын.
Санитарлык-эпидемиялық

станциясының меңгерушісі қолы К.К. Калиева




32
ЖЕДЕЛХАТ


Жеделхат - телеграф арқылы жіберілетін қысқа мазмұнды құжат.

Жеделхат құрылымы:

- категориясы мен нөмірі;

- алушының аты-жөні, тегі, мекен-жайы;

- мәтіні;

- жіберушінің аты-жөні, тегі, мекен-жайы.




ЖЕДЕЛХАТ


Шұғыл

Астана құрылыс-3

ЖМК «Медет» А. О. Оспановқа
Құрылыс материалдарын бесінші мамырда жөнелтеміз

алғандарыңызды хабарлаңыздар

2646 Нұрланов

Қарағанды обл. Теміртау қаласы

«Испат-Кармет» АҚ.

Директордың орынбасары Н. Б. Нұрланов

03.05.08.

М.О.




ЖЕДЕЛХАТ
Шұғыл

Көкшетау қаласы

Абай көшесі, 76/10

И.С.Қайырбековке
Мүшелтойың қайырлы болсын зор денсаулық мол бақыт тілеймін 1826 Омаров

Алматы каласы

Сейфуллин данғылы 347а/34

А. Т. Омаров

М. О.


33

ТЕЛЕФОНХАТ


Телефонхат - телефон арқылы жеткізілетін жедел сипаттағы

акпарат.


Телефон хат кұрылымы:

- құжат аты, жіберілген мерзімі, №;

- хабардың кімге жолданғаны туралы мәлімет;

- алушының аты-жөні, тегі;

- негізгі мәтін;

- жіберушінің аты-жөні, тегі;

- қабылданған мерзімі;

- жеткізушінің аты-жөні, телефон, №.




ТЕЛЕФОНХАТ


01.11.2008 ж.№ 21

Бөлім меңгерушілеріне

14-қараша күні сағат 10-да № 1 залда өндіріс мәселелеріне

байланысты өткізілетін халықаралық конференцияға

делегаттарды сайлауға бас қосу болады.

Қол қойған:

Акмола облысы

әкімінің орынбасары

М. Л. Мейрамов

Жіберген: хатшы М. Оразова т. 25-12-18

01.11.08 ж. Сағат 9.30-да

Қабылдап алған хатшы Ғ. Ережепова т. 25-12-14




ТЕЛЕФОНХАТ


02.12.08. №40

Тұрғын үй кооперативтерінің төрағаларына

15-желтоқсан күні сағат 9-дан кешкі 18.00- ге дейін белгілі бір график бойынша жарық сөндіріле бастайды. Осы мәліметті және графикті қоса тұрғындарға жеткізулеріңізді сұраймыз.

Қол койған:

Қала энергетика бөлімінің

бастыгы Т. Ж. Жандосов

Жіберген хатшы М. Ш. Мамырова т. 25-13-13

02.12.2008 ж. Сағат 11.15-те

Қабылдап алған хатшы Б. Т. Темірова т. 25-23-20

34

ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ


Кұттықтау хат - мерейтойларда, үкімет наградасымен марапатталғанда, маңызды мерекелерде және тағы басқа жағдайларда жолданатын хаттың бірі.

Құрылымы:

- құттықтау хат жолданатын адамның аты-жөні, тегі;

- мәтіні;

- құттықтау хатты жолдаушы адамның аты-жөні, тегі.


Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі

Мұқтар Әліұлына
Қадірлі Мұқтар Әліұлы! Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университеті ұжымы атынан Сізді 70 жылдық

мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Адам жанының арашасы болған Сіздің Тәуелсіз Қазақстан мен әлем медицинасына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасынызға амандық, деніңізге саулык тілейміз! Ғүмырыңыз ұзақ болсын!


Ізгі тілекпен,

Қ. А. Яссауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік

университетінің президенті

академик О. Сабдин




Құрметті Баймұрат Кәрімұлы!


Сізді ұлыстың ұлы куні, халықтық мереке - Наурыз

мейрамымен құттықтаймыз!

Наурыз —қайырымдылық пен имандылықтың, бірлік пен достықтың ұлы мерекесі.Ол баршамызға жақсылық, ырыс, отбасыңызға баянды бақыт пен кұт-береке ала келсін.

Шынайы тілекпен, әріптестеріңіз




35


БҰЙРЫҚ
Бұйрық - мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында басшылық жасайтын кұқықтық акт.

Бұйрықтың кұрылымы:

- бланк штампының реквизиттері;

- кұжат аты;

- күні, нөмірі;

- шыққан жері;

- мәтін тақырыбы;

- мәтіні;

- бақылау туралы белгі;

- мекеме басшысынын қызметі, қолы, аты-жөні, тегі;



- құжаттың орындалғаны туралы белгі.



БҰЙРЫҚ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 01.09.2007ж. № 1

Көкшетау каласы
Студенттердің білім сапасын көтеру туралы

Студенттердің білім сапасын көтеру және оқушылардың

білімге қызығушылығын арттыру мақсатында

бұйырамын:

Ай сайын пән мұгалімдері өз пәндері бойынша аттестацияөткізсін.

2. Жыл бойы әрбір пән бойынша университет ішіндеолимпиадалар мен байқаулар өткізілсін.

3. Бұйрықтың орындалуы оқу бөлімінің басшысы И. Л.

Аскеноваға жүктелсін.
Университет ректоры, проф. қолы М. С. Мұсатаев
3-5 пен қызметкерлер таныстырылды

Хатшы М. С. Ержанова




жүктеу 4,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау