13
хингидронды және екінші текті электрод-анион
арқылы қайтымды хлорлы-
күмісті. Сондай-ақ ерітіндімен түйісетін металды электродтар да қолданылады.
Сутек электродының потенциалын кез келген температура мен ерітіндіде
шартты түрде нөлге тең деп қабылдайды [5].
3.7 Индикатор электродтары
Талданатын құрамдық заттың концентрациясы Нернст теңдеуімен
байланысқан кезде индикаторлы электродтың потенциалы салыстыру
электродына қатысты анықталады. Олар мына шарттарға сәйкес болуы керек:
электрод потенциалы тез қайталанып, оңай қалыптасуы;
кейбір жағдайларда
электрод қайтымды болуы; электрод ерітіндідегі заттармен әрекеттеспеуі керек.
Талдаудың потенциометрлік әдістерінде индикаторлы электрод ретінде металл
және жарғақты электродтар қолданылады
Бірінші текті металл электроды-жақсы еритін ас тұзы ерітіндісіне
батырылған металл жолақшасы, металл торы не сымы. Күмістен, сынаптан,
кадмийден және баска металдардан әзірленген электродтар қайтымды. Ал,
хром, кобальт сияқты кейбір металдар үшін мұндай қайтымдылық
байқалмайды. Олардын арасындағы кейбіреуін сынаппен әрекеттестіріп,
амальгамдаса, ондай электродтың қайталанушылығы жақсарады.
Индикатор
электродының қатарында талданылатын жүйенің редокс-потенциалын өлшеуде
пайдаланылатын электродтың мәні ерекше. Бұл мақсат үшін асыл металдарды
жиі қолданады, мысалы, платина, алтын, иридий, сондай-ақ көмір не графит.
Екінші текті электрод сырты нашар еритін қосылыспен қапталған бірдей
анионды, жақсы еритін ерітіндіге енгізілген металдан тұрады. Бұларға
жоғарыда қарастырылған хлорлы-күмісті, каломельді сияқты салыстыру
электродтары жатады.
Жарғақты электродпен фаза аралық шекте, сондай-ақ жарғақ пен ерітінді
арасында ион алмасу тепе-теңдігі болғанда потенциалдар айырымын өлшейді.
Ион таңдаушы электродтар (ИТЭ) - қолданылмалық мәні зор болатын
индикаторлы электродтардың құрылымы. Мұнда электрод пен ішкі ерігіндіні
бөліп тұратын жұқа жарғақ болады, ол бір мезгілде
талданылатын сыртқы
ерітіндіні қосатын электролиттік кілт міндетін де атқарады. Мұндай
электродтардағы жарғақтың ион алмастырғыш қасиеті болады.
ИТЭ бірнеше топқа бөлінеді: сұйык ионитті жарғағы бар электродтар;
сутек ионың да бір зарядты катиондардың басым көпшілігін таңдайтын шыны
электродтары; гомогенді және гетрогенді жарғағы бар қатты ионитті жарғақты
электродтар. Олардың басым көпшілігінін құрылымы мен қолданылуы ұқсас.
Ондағы кейбір жекеленген бөліктер өзгеше болса да, жарғақ арқылы ионның
өтуі, бағыты мен қозғалуы бір текті болып келеді.
Шыны электрод. Бұл электрод рН ерітінділерін өлшеу кезінде ерітіндідегі
кез келген рН өзгеруіне өте тез және дәл әсерлеседі,
нәтижесінде сутек
ионының концентрациясын ІМ мен 10-14М (рН=14) аралығьтнда өлшеуге
мүмкіндік береді. рН электродтар күшті қышқылды ерітінділерді өлшегенде,
14
қышқылдық қателік деп аталатын оң, ал сілтілікте рН=9 сілтілік қателік
делінетін теріс ауытқушылық береді. Соңғысы шыны электродтың натрий мен
калий және басқа да иондардың өзгеруіне сезімталдығымен байланысты.
Жалпы бұл электродтарды әуелі арнайы әзірленген стандартты буферлі
ерітінді көмегімен реттеп алады. Электродтардың
сипаттамасы шыны
табиғатына тәуелді анықталады. Шыны электродының жарғағы сұйық және
қатты болып келетін екі түрлі электродтың арасында болады. Ондағы шыны
түрлі силикаттардың кеңістікте аса салқындатылған сұйық ерітінді түріндегі
сілтілік металдар молекуласының тізбегі сияқты құрылым. Мұнда оның
кеңістіктегі үш өлшемді қаңқасында сілтілік металл катионы болады. Олар
көршілес оттек иондарының эластростатикалық өрісінде тұтылып тұрады және
тор құрылымын өзгертпей-ақ қайтымды орын баса алады. Бұл кезде сілтілік
металл иондары ішінара сутек катионымен алмасады.
Шыны электродты рН өлшеу үшін жарты ғасырдан артық мерзім бойына
қолдануда, әйтсе де соңғы кезде ондағы шыны құрамын өзгерту арқылы басқа
иондарды таңдап, талғап өлшейтін электрод жасау мүмкіндігі пайда болды.
Мысалы, шыны құрамындағы алюминий тотығын арттыру арқылы ерітіндідегі
натрий катионының активтігін өлшейді. Келесі құрамдағы шыныны әзірлеп,
ерітіндідегі калий не күміс ионын анықтайды. Әрине, бұл иондарды анықтауды
буферлі ерітінділердің белгілі бір рН мәнінде жүргізеді, ал
натрий мен калий
иондарын анықтайтын электродта олардың мәні аса үлкен емес. Бұлар
таңдайтын шыны электродқа, басқа да бір зарядты катиондарға тән [7].
Достарыңызбен бөлісу: