8
Потенциометрлік титрлеу әдісі потенциометрлік өлшеу нәтижесі
бойынша эквиваленттік нүктені табуға негізделген. Индикаторлық электродтың
потенциалы (секіруі) осы нүктенің маңында күрт өзгереді. Барлық титрлеу
әдістеріндегідей, потенциометрлік титрлеу реакциясы да тез, соңына дейін
және бүкіл көлемдік өлшемде жүруі керек. Мұнда әуелі электрохимиялық
тізбекті құрастырып алып, содан кейін титрлеуді жүргізе отырып, қосылатын
титрант мөлшеріне тәуелді өзгеретін ЭҚК мәнін жазады. Алынған мәлімет
бойынша тиісті координаттағы титрлеу қисығын қолдан сызуға, не өзі жазатын
қондырғымен сызуға болады.
Кейбір жағдайларда потенциометрлік титрлеудің дәстүрлі әдістерімен
қатар жаңа үлгідегі, айталық, өтеусіз және ток қосулы тұрған кездегі титрлеу
сияқты әдістері де жиі қолданылады. Мұндағы өтеусіз әдіс бойынша ЭҚК емес,
керісінше, гальваникалық элементте пайда болатын токты өлшейді. Титрлеудің
алдында элеменгтегі ЭҚК сыртқы күшпен теңестіріліп, тізбектегі ток
жойылады, яғни өтеу арқылы нөлге теңестіріледі. Сосын титрлеген кезде өтеу
бұзылып, тізбекте пайда болатын қосымша ток эквивалентті нүктеде күрт
жоғарылап, одан кейін кемиді [4].
Сондай өтеусіз әдіске құрамында бейметалды электрод жұбы болатын
потенциометрлік титрлеуді де жатқызады. Бұл әдістің негізгі мәні бойынша бір
ерітіндіге енгізілген әр түрлі инертті металдардың потенциалдары да өзгеше
болады және осыған орай олар ерітіндіде болып жатқан өзгеріске түрліше әсер
етеді. Мысалы, платина ерітіндідегі заттың тотыққан және тотықсызданған
түрлері концентрациясының қатынасы өзгерісіне өте тез, сезімталдықпен әсер
етсе, ал вольфрам оны өте баяу сезінеді. Сондықтан да титрленетін ерітіндіге
платина мен вольфрам электродтарын енгізсе, осы кездегі өлшенген потенциал
айырымы эквивалент нүктеге дейін нөлге жуық, ал осы нүктенің өзінде бірден
өсіп кетеді, өйткені бұл кезде ерітіндіде тотығу да, тотықсыздану да
реакциялары қатар жүріп жатады. Потенциометрлік титрлеу әдістерінің
кемшілігі - титрантты қоскан соң потенциал тез тұрақтай қоймайды, сондықтан
титрлеу кезінде бірнеше өлшеулер жүргізуге тура келеді.
Редоксиметрия әр түрлі жүйедегі тотығу-тотықсыздану потенциалын
өлшеуге негізделген бірнеше әдістердің басын біріктіреді. Бұл әдісте
протолиттік процестер мен кешенді қосылыс түзілуі қолданылады, зерттеу,
дәрі-дәрмек, текстиль, целюлоза қағаз, гидрометаллургия, шарап, тамақ,
тазалық процестеріндегі технологияны бақылау үшін ғылыми-зерттеу
жұмыстарында кеңінен қолданылады. Оның негізін 1923 жылы В.Кларк салған.
Кейін Б.Н.Никольский шәкірттерімен бірге дамытқан [5].
Достарыңызбен бөлісу: