Балалар музыкалық аспапта ойнап, үйрену нәтижесінде:
Балалар ынталанады.
Қызығушылығы артады.
Аспапта орындау шеберлік деңгейі артады.
Музыкалық мәдени білімдері тереңдейді.
Өз халқаның музыкалық мұрасына эстетикалық ләззат ала біледі.
Балалар шығармаларды өздігінен орындауға үйренеді.
Музыка сабағында музыкалық іс - әрекеттерді аспаптық музыкамен байланыстыра жүргізу жолдары.
Тақырыпқа сай музыка кабинетін жабдықтау музыка жетекшілерінің білім беру үрдісіндегі талаптардың бірі деп ойлаймын.Музыка кабинеті бағдарламаның мазмұнына сай жабдықталуы керек.Біздің "Шаттық" балабақшасында ән-күй кабинеті осы талапқа сай жабдықталған. Бөлме төрінде балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестеліп жасалған қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері қойылған.
2.2. Балалар аспаптық ансамблімен жұмыс жүргізу әдістемесі, оқыту
бағдарламасы
Балалардың ұлттық құңдылық қасиеттерін қалыптастырып дамыту негізінің бірден-бір көзі балабақша, мектептердегі жүргізілетін тәрбиелі іс-шаралар. Аспаптық ансамблмен жұмыс жүргізу жұмыстары тәлім-тәрбие беруде, балалардың, жеке тұлғаның музыкалық шығармашылық қабілетін
арттырады. Музыкалық іс-әрекеттерге белсенділікпен қатыстыру өз бетінше ынталандыру негізінде музыкалық білімділіктері мен қабілеттерін дамыту міңдеттерін жүзеге асыруды көздейді.
Ансамбль сөзінің ұғымы баршамызға түсінікті болып, тұрмысымызға сіңіп, музыка мәдениетінің маңызды мәселесінің бірі болып отыр. Қысқартып айтар болсақ, ол- қауымдық, ұжымдық, орындаушылық үлгісі.
Ансамбль-франц халқының "ensemble", яғни "бірлесу" деген сөзінен шыққан. Музыкалық тәжірибеде бұл сөздің ұғымы ену; біріншісі кез келген аспаптың бірігіп ойналуы, екінші ұғымы "жақсы" немесе "ансамбль" жоқ деп бағалайды.Ансамблдің жарасымы жоқ жерде орындаушылық қабілет ылғи да ақсап жатады. Біздің ұлттық аспаптарымыздың табиғатын ансамблден бөле- жара қарауға болмайтыны сондықтан болар... Қазақ халық аспаптар ансамблінің шығармашылық жетілдіруін инновациялық технология өркендету арқылы дамытуды айқын мысалдармен түсіндіруге болады.
Балабақшадағы музыка сабақтарында қазіргі таңда шулы аспап түрлері (ксилофон, металлафон, бубен, маракас, коңырау, барабан т.б.) қолданылып келеді. Сондықтан осындай аспаптардың орнына қазақтың ұлттық аспаптарын соқпалы-ұрмалы (даңғыра, дабыл, қоңырау, асатаяқ, үшбұрыш, тоқылдақ, дауылпаз, тайтұяқ,шылдырмақ), сілкілмелі-үрмелі аспаптар (үскірік, сазсырнай, тастауық, сыбызғы) аспаптарын сабақта қолдана отырып,балаларға ұлттық аспап түрлерін танып білуге, әрі оның жасалу тарихынан түсінік бере отырып аспапта ойнауға үйретуге болады. Қазақтың ұлттық аспабында алғашқы ойнауды үйрете отырып, бүлдіршіндерден шағын ұлттық аспаптар ансамблін құрған болатынмын. Ансамблдің құрамы ересек және мектепалды даярлық топ балаларынан тұрады. Құрамында 10-15 бала бар.Ансамбль балабақшадағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық музыкалық аспаптармен жабдықталған. Ансамблдің үйірме жұмысы сабақтан тыс уақытта өткізіледі.Ансамблде балалар аспапты ойнау қабілетіне байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топ балалары ішекті және үрмелі аспаптар тобы, екінші тобы сілкімелі және ұрмалы аспаптар тобы.
Мақсаты: мектепке дейінгі балаларды қазақтың ұлттық көне музыкалық аспаптарымен таныстыра отырып,аспапта ойнай білуге үйрету.
Жаңашылдығы: балалар музыка аспаптарын ойнауды меңгере жүріп,бірте-бірте музыканың нәзік мәнерлігі мен тілін терең ұғып түсінетін болады.
Міндеттері:
Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту.
Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы орындалуы туралы түсінік беру.
Көне заманда ата-бабамыз ұлттық аспаптарды қандай мақсатта қолданғаны жөнінде мағұлматтар беру.
Кіші топтарда ұрмалы және сілкімелі аспаптар: дауылпаз, шылдырмақ,тоқылдақ, қоңырау аспаптарында ойнау қабілетін қалыптастыру.
Ересек және мектепке дейінгі даярлық топтарда ішекті, ұрмалы және үрмелі аспаптардың түрлерін меңгерте отырып,ұлттық аспаптар ансамблін ұйымдастыру.
Балалар берілген ән немесе музыкалық шығарманы жаттап алып,оны техникалық жағынан дұрыс орындап берумен қатар шығарманың мазмұны,композиторы жайында білулері керек.
Музыканы тындау барысында балаларды шығарманың мазмұнымен,композитордың өмірбаяны және шығармашылығымен танытыстырып өту.
Сабақты ойын түрінде өткізе отырып,музыкалық аспаптарды танып айта білуге үйрету.
Қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстырып,өмірге деген қызығушылығын арттыра отырып,аспапта орындау шеберліктерін жетілдіру және танымдық ой-өрісін дамыту.
Музыка жетекшісі аспапты белсене орындауға ат салысады.
Балаларға өздігінен орындайтын шығармалар жүйесін құрастыру.
Балалардың музыкаға деген ынтасын арттырып,есту қабілетін дамыта отырып,алғашқы аспапта ойнауға үйрету.
Шығарманы игерудегі техникалық көрнекі құралдарды пайдалану.
Игерілген шығармалардың ішіндегі балалардың көбірек ұнататынын ойнап, ансамбль әзірлігін эмоциялық тұрғыда бітіру.
Өткен шығарманы қайталап көркемдік техникалық дәрежеге жеткізу.
Аспапта орындау шеберлігін қалыптастыру.
Әр сабақта шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасай отырып,түрлі байқау,фестивальдерге қатысу.Балабақша ішіндегі мерекелік шараларға қатысу.
"Балдаурен" ұлт аспаптар ансамблі
"Ұлы достық жасасын!" атты мерекелік шара
Достарыңызбен бөлісу: |