ОқУ-Әдістемелік кешені мазмұНЫ



жүктеу 6,86 Mb.
бет1/22
Дата23.11.2018
өлшемі6,86 Mb.
#24274
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22



«ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯҒА КІРІСПЕ»
ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



МАЗМҰНЫ




Алғы сөз




Глоссарий




Дәріс сабақтар




Зертханалық сабақтар




ОСӨЖ тапсырмалары




СӨЖ тапсырмалары




Бақылау сұрақтары




Тестілеу сұрақтары




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі






Глоссарий
Ақпарат – белгілер мен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мәлімет, есептеу техникасында компьютерге енгізіліп, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға шығарылатын деректер.

Байланыс арнасы – мәліметтердің ақпараттық ағыны өтетін жолдың жалпылама аты.

Домен – бір компьютерден басқарылатын немесе желілік түйіннің жалпы басшылығымен жұмыс істейтін қатынастар әрекетінің немесе желілік ресурстар тобы.

Желі – бір – бірімен және орталық сервермен байланысқан, ресурстарды бірге пайдаланатын компьютерлер тобы.

Желі маршрутизациясы – бір желіден екінші желіге ақпараттың дұрыс жіберілуін қамтамасыз етеді.

Жаңалықтар – желіден жаңалықтар алу. Хабарландырудың электронды тақтасы. Электронды тақтаға ақпараттар жеке тақырып бойынша орналастырылады. Тұтынушы кезкелген уақытта өз таңдауы бойынша жаңалықтарды ашып, оқи алады.

Желі абонентты – ақпаратты тұтынатын немесе тудырытын объектілер.

Клиент сервер – желідегі байланысқан компьютерлердің әрекеттесу технологиясы. Мұнда бір компьютер басқа жердегі одан гөрі қуатты компьютерге белгілі бір әрекет орындау жөнінде сұраныс сүреді.

Компьютерлік желілер – арналар көмегімен бір жүйеге біріктірілген компьютерлер жиыны.

Модем – арнайы типті байланыс жүйесінде цифрлы, сигналды, аналогты формаға және осы істі керісінше орындайтын модулятор және демодулятор құрылғысы

Шолушы – Интернет клиенттерін программалық жасақтауда – желіде бағыттау жасауға, ақпаратты іздестіру мен қарап шығуға, жеткізуге және т.б. арналған аспаптық құралдар.

Пошталық жәшік – компьютерге сырттан келіп түскен мәліметтер сақталатын файл.

Пошталық хабар – электронды поштада тілшілер арасында мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттар алмасу бірлігі.

Провайдер Интернет – интернетте қызмет көрсету провайдері. Желімен байланысқысы келетін компьютерлерді, оларды талабы бойынша интернетке тікелей қосуды, олардың серверлермен қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Іздеу – орындау нәтижесі берілген тақырып бойынша сақтауыш құрылғыда сақталған мәліметтерді таңдап алуға болатын операциялардың, әдістер мен процедуралардың жиынтығы.

Электронды пошта - Internet- желісінде әртүрлі хат, ақпарат алмасу процесі. Хаттарды мәтіндік және екілік файлдарда жіберу мүмкіндігі бар. Ескеретін бір жағдайы пошталық хаттың көлемі 64 килобайттан аспауы керек.

ЭЕМ желісі – желінің есептеу ресурстарына пайдаланушылардың қатынас құру үшін мәліметтерді жеткізу жүйесімен байланысқан ЭЕМ мен абоненттік функтер жиынтығы.

RSH (Remote Shell) – Telnet – тің қосымшасы. Ол тек компьютерде OC UNIX болса ғана жұмыс істейді.

Rexec (Remote Execution) – UNIX машинасында бір команданың орындалуын көрсетеді.

Lpr - желілік жазба. Желілік принтерде құжаттарды қол қоюға жіберу қызметі.

Lpq – желілік жазба. Желілік принтерде құжаттарға қол қоюға очередте тұрған файлды көрсету қызметі.

Internet- арқылы ұсынылған қызмет түрлерінің бәрін 2 категорияға бөлуге болады: желі тұтынушылары арасындағы ақпарат алмасу тұтынушылар арсындағы байланыс қызметіне төмендегілер жатады:

Тelnet – Internet желісіндегі кез – келген ЭЕМ – н жұмыс істеуге мүмкіндік береді, яғни пр

ограммаларды қосады, оның режимін өзгертеді.



FTP – (File Transfer Protocol) – мәліметтерді файдарды жіберу хаттамасы. Бұл хаттама тұтынушыға кез келген компьтерлік желімен екілік және мәтіндік файлдармен жұмыс істеуін жүзеге асырады. Осы қызмет түрі арқылы қолданушы өз комьютерінен кез келген файлды өңдеп, жойып, өзгерте алады.

NFS (Network File System) - өте кең тараған файлдық жүйе. Тұтынушыға алыстағы компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Шлюздер – ТСР/ІР хаттамаларымен жұмыс істей алмайтын байланыс желілердің тұтынушыларына хаттар жіберу қызметін атқарады.

Интернет – трафик – Интернет желісінде жіберілетін ақпарат.

Терминал – бұл монитор мен пернелер тақтасы, яғни, терминал қосылған компьютерге ақпаратты енгізу/шығаруға керекті және жеткілікті құралдар жиыны.

UNIX – компьютер желілерінде кеңінен қолданылатын қуатты әрі бірнеше тапсырманы қатар орындай алатын операциялық жүйе.

NET – бас әріппен басталған NET сөзі желі деген ұғымды білдіреді, яғни интернет желісі деп түсінген жөн.

Ping – желі бойынша. ЭЕМ- нің қосылуын тексеру қызметі.

Talk – ЭЕМ-нің тұтынушысына ашық «әңгімелесу» мүмкігдігін береді.

Iptunnel – тек Internet желісі байланысы ғана бар, ал АВС Net Ware серверлары жоқ. Компьютерге тұтынушының қызметін іс – жүзіне асырады.

Whois – Internet желісінің мекен – жай кітабы. Сұраныс жіберу арқылы тұтынушы компьютер арқылы мүмкіндігін жіне оны қолданушы клиенттер туралы ақпарат ала алады.

Backbone (арқа, аралық желі) –бірнеше қатты компьютерді біріктіретін жоғарғы жылдамдықты желі. АҚШ-та Internet арқасы деп NSFNET саналады.

HTML (Hyper Text Markup Languge) гипермәтінді белгілеу тілі, ол web-беттерді жасау үшін қолданылады.

HTTP (Hyper Text Transfer Protocol)- гипермәтінді беру хаттамасы қолданбалы деңгейлі хаттама, ол Internet желісінде гипермәтіндік ақпаратпен алмасу үшін жасалған.

NNTP (Network News Transfer Protocol) –жаңалықтар серверлерінің немесе телеконференциялардың бір-бірімен өзара қатынас жасауын және соңғы пайдаланушылардың жаңалықтардың жергілікті базасына қатынасуын қамтамасыз ететін хаттама.

PPP (Point to Point Protocol -нүкте-нүкте хаттамасы)- екі құрылғыны қосатын екі нүктелі желіде жұмыс істеуге арналған арналық деңгейлі хаттама. Ол компьютерге жоғары жылдамдықты модемді қолданып, кәдімгі телефон желісінің, байланысында TCP/IP (Internet) хатамасын пайдалануға мүмкіндік береді

RFC (Roguest for Comments- түсініктеме сұрату)- Internet-тің техникалық аспектілерін сипаттайтын құжаттар сериясы

ARPANET- компьютерлік желі, Internet-тің ізашары. 1969жылы Defense Departement Advansd Prrojects Research Ageancy (Қорғаныс министірлігінің болашақ зертеушілік жобаларының агенттігі) қаржыландырумен басталған.

Offine (дербес режим)-жергілікті жүйені немесе желімен қосылуды алдын ала қарастыратын режим.

Online (байланыста) –оның жағдайында компьютер қазіргі кезде электрондық қызметпен, электрондық қызметпен, электрондық хабарлама тоқтасымен немесе жалпыға мүмкін жүйемен қосылған режим.

NSFNET- АҚШ –тың Ұлтық Ғылыми Қорының желісі. (National Science Foundation).

DNS (File Transfer Protocol)-файлдарды беру хаттамасы файлдарды ара қашықтықтағы компьютерден жергілікті компьютердің орналасқан жеріне және операциялық жүйенің типіне байланысыз беру ережелерін анықтайтын хаттама.

Finger – есептеуіш машина қолданушылары туралы ақпараталу.

Осы айтылғандардан басқа Internet тұтынушылырға төмендегідей специорикалық қызмет түрлерін ұсына алады.



тілге аудару қызметін атқарады.

WWW – гипермәтінмен жұмыс істеуге арналған. Бұл мәлімет іздестірудің ең күшті жүйесі болып табылады. Гипермәтін әртүрлі құжаттарды алдын ала құрылған сөздер жиынтығына қосады. Мысалы, мәтінде жаңа түсініксіз сөз немесе түсінік кездессе, онда осы гипермәтінмен жұмыс істейтін жүйе. Осы сөз толық қарастырылған құжаттарға ауысуға мүмкіндік береді.

Alta Vista – Internet іздеу серверіндегі қуаттыларының бірі.

Archie – архив. Internet желісіндегі файлдардың мекенін анықтайтын жүйе.

ARP (Address Resolution Protocol) – мекенді анықтайтын хаттама. Internet желісіндегі компьютер мекенін, оның физикалық мекеніне өзгертеді.

ARPA (Advanced Research Projects Agensy) – АҚШ қорғаныс министрлігінің зерттеуінің алдыңғы жоба бюросы.

ARPANET – Internet желісіне қойылған теориялық база мен бағдарламалық қаматамасыздандыру иексеруіндегі экспериментальді желі.

Bps (bit per second) – секундтағы бит. Байланыс сызығының мүмкіндіктерін өлшейтін бірлік. Байланыс сызығының мүмкіндіктері сызықпен берілген бірлік уақытындағы ақпараттар санымен анқыталады.

Cisco – Cisco-Systems фирмасымен жетілдірілген маршрутизатор.

DNS (Domain Name System) – аттардың домендік жүйесі. Internet желісіндей компьютер аттарын олардың ІР – мекеніне аударатын мәліметтер қорының жүйесі.

Ethernet – жергілікті желінің түрі. Байланысуға арналған сымдар. ТСР\ІР хаттаманы қолданатын компьютер, Ethernet арқылы Internet-ке қосылады.

FTP (File Transfer Protocol) – файлдарды жіберу хаттамасы. Бір компьютерден, екіншіге жіберетін файлдардың ережелерін анықтайтын хаттама.

FAQ (Frequently Asked Qustions) – жиі қойылатын сұрақтар. Желілік инфрақұрылымды қолданушыларға арналған ақпараттар Internet жүйесінің архив бөлігінде сақталады.

Gopher – іздеуге арналған Internet мүмкіндіктері және ресурстарды пайдалану мен байланыстырумен интерактивті қапшық. Қолданушымен интерфейс мәзір жүйесі арқылы қолданылады.

HTML (Hypertext Markup Language) – гипермәтіндік құжаттарды жазуға арналған тіл. Негізгі ерекшелігі – әр түрлі желінің архивтеріндегі құжаттардың арасына гипермәтіндік байланыстарды құру. Осы байланыстар арқылы көру кезінде бір құжаттан басқа құжаттарға оңай өте аласыз.

Internet – ауқымды компьютерлік желі.

Internet – әр түрлі түрдегі компьютерлер арасын желілік технологиямен байланыстыру.

IP – желі арасындағы байланыс хаттамасы. Internet желісіндегі ең маңызды хаттама. Ол желіде пакет маршрутан қамтамасыз етеді.

IP-мекені – Internet желісіндегі әрбір компьютердің 32-байттық мекені.

Iptunnel – Internet желісіндегі қосымша бағдарламаларының бірі.

Lpr – желілік баспа. Жойылған принтерге файлды баысп шығаруға жіберу бұйрығы.

Lpq – желілік баспа. Баспаға тұрған файлдардың тізімін көрсетеді.

NetBlazer – Telebit фирмасымен жетілдірілген маршрутизатор.

NetWare – Novell фирмасымен жетілдірілген желілік операциялық жүйе. Клиент – сервер байланысының сеебіне негізделген – жергілікті желіні құруға мүмкіндік береді. Сервер мен клиент арасына байланыс өзінің хаттама негізінде жасалады, сонымен қатар ТСР\ІР хаттамасы да бар.

NFS (Network File System) – реттелген файлдық жүйе.

NNTP (Net News Transfer Protocol) – желілік жаңалықтарды жіберетін хаттама. Желілік жаңалықтарды алуды, желі хабарламаларының электрондық бұрышын және де ақпаратты желі хабарлама бұрышына орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Ping – жойылған ЭЕМ-нің байланысын тексеру утилитасы.

POP (Post Office Protocol) – «пошталық оффис» хаттамасы. Хост және абонент арасында поштамен алмасу үшін қолданылады. Хаттаманың ерекшелігі – абонент сұранысы арқылы пошталық хабарламадан алмаса алады.

PPP (Point to Point Protocol) – каналдық дәреже хаттамасы. Ол әдеттегі, модмдік байланыс Internet-ке шығу үшін қолдануға мүмкіндік береді. SLIP хаттамасының аналогы болып табылатын жаңа хаттама.

RAM (Random Access Memory) – оперативті жады.

RFC (Requests For Comments) – түсініктер сұранысы. Internet желісіндегі архивтің бөлігі, онда Internet желісіндей барлық стандартты хаттамалары туралы ақпарат сақалады.

Rexes (Remote Execution) – жойылған UNIX-машинасында бір бұйрығының орындалуы.

Rsh (Remote Shell) – жойылған рұқсат. Telnet аналогы, бірақ, егер жойылған компьютерде ОС Unix тұрған жағдайда ғана жұмыс істейді.

SLIP (Serial Line Internet Protocol) – каналдық дәреже хаттамасы. Ол Internet-ке әдеттегі модемдік байланысымен шығу үшін қолдануға мүмкіндік береді.

SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – поштаны жіберу үшін қолданылатын жай хаттама. SMTP хаттамсының негізге ерекшелігі – пошталық хабарламадан алмасу бір хосттың сұранысы арқылы емес, анықталған бір уақыт өткеннен кейін (20-30 минут) алмаса алады.

Talk – Internet желісінің қосымша бағдарламаларының бірі. Жойылған Эем қолданушысынмен ашық «сөйлесуге» мүмкіндік береді. Сонымен қатар экранда бір уақытта енгізілген мәтін мен жойылған қолданушы жауабы да шығарылады.

Telnet – жойылған рұқсат. Абонентке Internet желісіндегі кез келген ЭЕМ-де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

TCP\IP – ТСР\ІР-де Internet желісіндегі қолданылатын барлық көптеген хаттамалары түсіндіріледі.

TCP (Transmission Control Protocol) – желіде ақпаратта жіберуін бақылайтын хаттама. ТСР – транспорттық дәрежедегі хаттама. Internet желісіндегі негізгілерінің бірі. Ол канал арқылы жіберілген ақпараттың дұрыс жіберілуін қадағалайды.

UDP (User Datagram Protocol) – транспорттық дәрежедегі хаттама. ТСР-ден айырмашылығы – ол ақпараттың дұрыс жіберілуін қадағаламайды.

Unix – көптапсырмалы операциялық жүйе. Internet желісіндегі негізгі операциялық жүйе. Әр түрлі орындаулары бар: Unix-BSD, Unix-Ware, Unix-Interactive.

UUCP – бір Unix-хостынан екіншіге ақпаратты көшіру хаттамасы. UUCP – ТСР\ІР хаттамасының тізіміне кірмейді, бірақ Internet желісінде көп қолданылуда. UUCP хаттамасының негізінде – желіде қазір де қолданылатын поштамен аламасатын көптеген жүйелер құрылған.

VERONICA (Very Easy Rodent-Oriented Netwide Index to Computer Archives) – Internet желсінің архивтерінде кілттік сөз арқылы ақпаратты іздеу жүйесі.

WAIS (Wide Area Information Servers) – Internet мәліметтер қорының желісінде кілттік сөз арқылы ақпаратты іздеудегі қуатты жүйе.

WWW (World Wide Web) – дүние жүзілік кеңейтілген өрмек - әр жерде орналасқан мәліметтер базасындағы керекті ақпараттарды Internet – гі гипермәтіндік логика арқылы іздеп табатын тармақталған гипермедиялық информациялық жүйе.

Whois – Интернет жүйесіндегі кітап адресі.

Webster – Ағылшын тілінің жүйелік версиясының сөздігі.
«КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР» ПӘНІНЕН ҚЫСҚАША

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Дәріс №1

Тақырып: Үлестірілген желілер түсінігі мен түрлері.

Сабақтың мақсаты: Пәнге жалпы мағлұмат беру және басқа пәндермен байланысымен, даму тарихымен танысу. Компьютерлік желілердің жіктелуін талдай отырып қарастыру.

Жоспары:

1 . Пәнге кіріспе

2. Зерттеу объектісі және пән құрылымы, мамандықтың басқа пәндермен байланысы.

3. Компьютерлік желілердің дамуының қысқаша тарихи деректері

4. Компьютерлік желілердің жіктелуі. Жергілікті және ауқымды желілер

Сабақтың барысы:

Компьютерлік желілер өте тез таралып жатыр. Егер 20 жыл бұрын КЖларға шағын адамдар қатынас жасап жұмыс атқарса, қазір желілісіз адамдар өз ара байланыс жасай алмайды.



60-жылдардың ортасында үшінші кезеңдегі машиналар шығарыла басталды. Олардың жұмыс істеу жылдамдығы 1 млн. оп/сек. жетті. Машина уақыты қымбат болды. Құатты ЭЕМның қорларын бір мезгілде бірнеше қолданушылар арасында пайдалану идеясы көптерминалдық есептеуіш жүйелерді құрастыруға келтірді. Бұл жүйеде есептеуіш машинаға бірнеше терминалдар қосылады.

IBM-360 компьютері.

Үшінші кезең



Терминал – бұл монитор мен пернелер тақтасы, яғни, терминал қосылған компьютерге ақпаратты енгізу/шығаруға керекті және жеткілікті құралдар жиыны. Үшінші кезеңдердегі компьютерлерде арнайы терминалдарды қосу құрылғысы пайда болды. Ол компьютерге жақын (он шақты метр қашықтықта) оналастырылды.

Қазірде, бірақ-та, сирек Терминалдар компьютерлік кластарды жабдықтауға пайдаланылады.




жүктеу 6,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау