Ым-ишара (жест) - қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары
Пантомимика - қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы.
Бір қарағанда сөзсіз карым-қатынастың болуы мүмкін емес сияқты, бірақ айналаға зейін қойып көңіл бөлсек ақпараттармен алмасудың қаншама сөзсіз тәсілдері қолданылатынын аңғаруға болады. Біз ана тілімізден басқа бірнеше тілдерді үйренуге талпынамыз, компьютер тілін үйренеміз, солармен қатар барлық халықтарға белгілі ым-ишара, іс-қимылдар тілдері белгілі. Бұл тілді меңгеруде өмірдің өзі көптеген сабақтар береді, бірак кеп назар аудармағандықтан біз барлығымыз оларды бірдей толық меңгере бермейміз,
Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру арқылы көбірек ақпарат алады екен.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-катынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл күйде екенін түсінуге болады. Халықта «Көз - адам жанының айнасы»- деп тегін айтылмаған. Қоршаған дүние туралы ақпараттың 80% адам көру арқылы ала алады. Сөйлесу барысында адамның көзін көріп тұрмасақ бізге әңгімемізді жалғастыру қиынырақ. Мысалы сіздің әңгімелесушіңіз көзіне қап-қара көзілдірік киіп отырса сіз оның көзін көрмегендіктен бір ыңғайсыздықты сезінесіз. Немесе мынандай мысалдарды салыстырып көрейік.
Мұғалім өзі оқитын лекциясын магнитофонға жазып аудиторияға әкеліп қосып кетсін.
Мұғалім өзі аудиторияда тақта алдында лекция оқып тұрсын.
3) Мұғалім тақта алдында емес, артқы парта жақта тұрып лекциясын оқысын.
4) Мұғалім өзі лекция оқып тұр, бірак көзінде қап-қара көзілдірік киіп алған болсын.
Қай жағдайда лекция жақсы қабылданады? Неліктен? Өз жауаптарыңызды түрлі мысалдармен негіздеңіздер.
Көзқарастардың өздері әр түрлі болып ажыратылады. Мысалы: төмендегідей көзқарастарды әр адам күнделікті қарым-катынаста кездестіреді:
Тура қарау - адамға деген қызығушылықты, құрметті, онымен сөйлесуге дайындығын көрсетеді.
Қабақты түйіп қарау - ашуланғанда, ренжігенде, бір нәрсегс ызасы келгенде.
Алысқа қарау - ойлау, бір нәрсеге күмәндағанда байқалады.
Қиғаш көзқарас - бақылап қарау, бір нәрсеге риза болмағанда кездеседі.
Көзін көрсетпей, темен қарау – кінәлі болғанда, бағынышты болғанда.
-Жоғарыдан төмен қарау - менсінбеу, өзін жоғары санау.
Сонымен қатар адам көзінің бұлшық еттерінің қимылы да басқаларға ол туралы көп ақпарат береді. Қабақты түю, тесіле қарау, бір көзін қысу, көзді жұму, кірпікті жыпылықтату т.е.с. адам бетіндегі мимикалық өзгерістер қарым-қатынас барысында қосымша мәлімет беріп тұрады. Мінеки, осылардың барлығын мұғалім бала бетінен оқи алатын болса оған қарым-қатынастың кез келген түрін жүргізу қиын емес.
Мұғалім еңбегінде тактика деген ұғым да көп роль атқарады. Ол ешқандай сөзсіз баланың басынан сипау, колынан ұстап жазуын түзету, иығынан қағьп, қолпаштап қою, пиджагының жағасын түзетіп қою, қолын беріп құттықтау, қол алысып сәлемдесу т.б қол қимылдары арқылы жасалатын жақын тарту белгілері. Үлкендердің мұндай жағымды қимылдары кейбір кіші жастағы балаларға өте жақсы, жылы әсерін тигізеді. Мысалы, оқушы қайта-қайта артқы партаға бұрылып сөйлссіп отырса, сабақ түсіндіріп тұрған мұғалім оған орнынан тұрып айқайлап ескерту жасаудың орнына баланың қасына келіп ақырын ғана оны иығынан ұстап өз партасына бұрып қойып, сабағын одан әрі жалғастыра берсе бұндай тактикалъқ тәсіл әлдеқайда ұтымды нәтиже береді.
Қарым-қатынас жасауда адамның өз денесін тік ұстауы да маңызды. Басын жоғары ұстап, тік жүретін адамдар үнемі өз күштеріне, біліміне сенімді, жұмысқа деген құштарлығымен ерекшеленеді. Егер адам үнемі басын төмен салбыратьш, еңкейіңкіреп жүретін болса ондай адамның ішкі әлсіздігі, жұмысқа зауқының жоқтығы байқалады.
Интербелсенді қарым-қатынас адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады. Интербелсенділік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды, оның барысында оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы жағдай жасалуы көзделеді.
Өзара әрекеттесу барысында тұлға аралық қатынастардың бекуі, өзара түсінісуі, көпшілік арасында адамның жеке қабілеттерін таныта алуы маңызды. Барлық ұжымдарда аса беделді мүшелері болады, бірақ оған қарамастан оқушылардың барлығының белсенділігін арттыруға мұғалім колайлы жағдай жасауды көздейді. Өзара қарым-қатынастары бекіген, ауызбіршіліктері бар ұжым өте ұйымшыл больтп келеді, және әрқашан да бірі бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге бейімделеді.
¥жым ішінде бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының қалыптасуы симпатия деген ұғыммен анықталады. Ал антипатия - бір адамньң басқа адамға теріс көзқараста болуы, жақтырмауы.
Әр адамға топ ішінде, ұжым ішінде жұмыс істегендіктен басқаларға үнемі жақсылық жасау, бір-біріне деген сенімділік, түсінушілік, сыйластық орнатуға үйрену керек.
Осындай қарым-қатынасқа балаларды мектеп жасынан бейімдеу үшін мұғалім сыныптағы оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін жете зерттеп оны ұйымдастыра алуы керек, Әрқашанда балалардың жақсы жақтарына, оң қылықтарына көп көңіл бөлініп, көпшілік алдында оқушының жағымды қасиеттері бағаланып отырса, ондай бала басқаларға үлгі көрсете отырып одан әрі жақсы жетістіктерге жетуге ынталанады.
Интерактивті қарым-қатынастың негізгі ерекшелігінің бірі ретінде оның бір топтағы адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен іс-әрекеттерін қарастыруға болады. Яғни, бұл жерде адамдардың өзара әрекеттестігі маңызды болып көрінеді. Интербелсенді қарым-қатынастың екі түрі болады:
Кооперация - топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді.
Конкуренция - топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі біріней озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске бармайтындай қылып ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.
Интербелсенді қарым-қатьнасты ұйымдастырудың мақсаты -адамдар арасындағы қарым-қатынас құлықтарын жақсарту. Ал қарым-қатынастар тек жақсылық жасау арқылы жаксарады, сондыктан топ ішінде өзара көмек, өзара сыйластық, өзара қолдау, өзара түсіністік сияқты ізгі әрекеттердің көп орындалуы табысты нәтижеге жетудің кепілі.
Бұл қатынастарды дұрыс басқара алу үшін мұғалім оқушылар ұжымының құрылымын, даму сатылары мен ерекшеліктерін терең зерттеп, олардың темперамент типтерін (меланхолик, сангвинник, холерик, флегматик) жетік білгені абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |