Трендтік талдау динамикалық қатарларды зерттеу барысында, яғни базистік жыл деңгейіне қатысты бірқатар жылдарға қатысты өсім және өсу қарқынын зерттеуде қолданылады. Бірөлшемді салыстырмалы талдауда бір объектіні бір немесе бірнеше көрсеткіштері бойынша немесе бірнеше объектілерді бір көрсеткіш бойынша салыстыру орындалады. Көпөлшемді салыстырмалы талдау көмегімен көрсеткіштердің үлкен спектрі бойынша бірнеше кәсіпорындардың (бөлімшелердің) қызметінің нәтижелерін салыстыру жүргізіледі.
Өндірістік бөлімшелердің, кәсіпорындардың және т.б. шаруашылық нәтижелерін комплекстік бағалау үшін қолданылатын талдауға керекті көпөлшемді салыстырулар өзгеше назарды қажет етеді. Бұндай міндет бірнеше кәсіпорындардың шаруашылығына жинақтаушы салыстырмалы баға беру кезінде әрдайым тұрады. Бұны жасайтын жоғарғы басқару органдары, сонымен қатар қаржылық тәуекелділік дәрежесін бағалау үшін инвесторлар.
Шаруашылық қызметінің комплекстік бағасы, өндіріс нәтижелері туралы жалпылама мәліметтері бар және экономикалық процесстерін анықтайтын жиынтық көрсеткіштерді зерттеу нәтижесінде алынған, кәсіпорын қызметіннің мінездемесі болып табылады. Бәріне мәлім, комплекстік бағалау үшін неғұрлым көбірек көрсеткіштер пайдаланылса, соғұрлым талдау қорытындысы дұрыстырақ болады. Бірақ бұл мақсатқа байқам ұмтылу қажет, себебі көрсеткіштер санының өсуі комплекстік бағалаудағы есептеу жұмысын қиындатады және нәтижелігін түсіреді.
Қазіргі кезде комплекстік бағалау міндеті территориялық жоспарда екі бағытта шешіледі. Бірінші – бұл жалпылама (синтетикалық) немесе интегралды көрсеткішті өңдеу. Ол шаруашылық қызметтің салмақтырақ жақтарын іске асыратын еді. Бұл мақсатқа жету, нәтижесінде бірыңғай көрсеткішті алуды күтілетінімен қызықтырады. Бұл шаруашылық нәтижелерін бағалау міндетін автоматты түрде шешеді: бірінші орында ең артық нмесе ең кем көлемді көрсеткіштері бар кәсіпорын, екінші орында екінші нәтижесі бар кәсіпорын, т.с.с. Бұндай интегралды көрсеткіш әлі табылмаған, ал көп сандық зерттеулер оны өңдеудің қиындығын көрсетеді.
Шаруашылық қызметтің қиындығы проблеманы басқа әдіспен де шешуге мүмкіндік бермейді – жалпылама нәтижелі көрсеткіштер ішінен қандай да бір көрсеткішті интегралды ретінде таңдап алу. Мысалы, кәсіпорын өнімді өндіру көлемінің кемуінде конъюктуралық факторлардың көмегімен алынған табыс сомасы бойынша жоғары нәтиже ала алады. Басқа жағдайды қарастырайық: кәсіпорын өнімді өндіру жоспарынан артық өндірді, бірақ өнімнің өзіндік құны ұлғайды да, пайда сомасы кеміді.
Бұл себептен кәсіпорын қызметі нәтижесінің жалпылама бағасы көрсеткіштердің толық комплексі бойынша жүргізіледі. Осымен байланысты әдетте міндет күрделене түседі, себебі кәсіпорындар арақатынасы әртүрлі көрсеткіштер бойынша әртүрлі болады. Мысалы, өндіріс көлемі бойынша кәсіпорын бірінші орында, өзіндік құны бойынша – үшінші, ал рентабельділік деңгейі бойынша – бесінші орында және т.с.с. болды.
Достарыңызбен бөлісу: |