49
әрекеттесуден кейінгі алатын жылдамдықтар төмендегі жағдай-
лардағы қозғалысқа сәйкес:
1) ауыр дененің жылдамдығы өзгермей, ал жеңіл дененің
жылдамдығы 2
есе артады;
2) жеңіл дененің ауыр денеден серпілуі болады.
Келтірілген жағдайлардың барлық әралуандылығы
т
1
және
т
2
мәндерінің процесті анықтайтын физикалық шамалардың
арақатынасына және
V
1
және
V
2
анықтайтын формулаларды
талдау нәтижесінде алынды.
Мектеп оқушыларының ғылыми ойлауы жөнінде айтқанда
есте сақтарлық нәрсе – бұл физика мұғалімі оқушыларда физика
ғылымының әзір тұрған ақиқат қоймасы емес, оларға жету
процесі, білмеуден білуге деген қозғалыс екендігін, шектеулі
білімнен едәуір дәл, жалпыға ортақтылыққа ұмтылыс екендігін
түсінуді шексіз.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманындағы нарықтық
катынастардың талабына сай бизнес пен коммерцияның, коопе-
ратив пен жеке косіпорынның, кәсіпкерлік пен меншіктің әр
түрлі формаларын қарқынмен дамытудың қажеттігі болашақ
кадрлардан жаңалыққа реакциясы жылдам, бақылаушылық
ебдейлігі мен стандартты емес ойлау бейімділігі жетілген, тап-
қырлық пен ізденімпаздықты, шеберлік және іскерлік қасиеттерді
талап етеді. Мұндай экономикалық және әлеуметтік маңызы зор
істі мектепттен бастап, жастарға конструкторлық және өнер-
тапқыштық шығармашылықтың негізін үйретуіміз керек. Бұған
физика сабақтарының мол мүмкіндігін пайдалануымыз тиіс.
Физиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін
арттыру олардың физикалық ойлауын дамытудың құрамдас
бөлігінің бірі болып табылады. Жас жеткіншектердің шығар-
машылық қабілетін дамытудың әдістемесі ғылыми-техникалық
шығармашылық процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізілуі
керек. Жалпы алғанда, шығармашылық процестің құрылымы
өзіне тән кезеңдер мен сатылардан, фазалар мен периодтардан
тұратындығы П.К.Энгельмейердің, П.М.Якобсонның, Я.АПоно-
маревтің, т.б. зерттеулерінен белгілі.
Атақты физик-ғалымдардың (А.Эйнштейн, М.Борн, М.Планк,
П.Л.Капица, А.Иоффе, И.Курчатов, С.Королев, т.б.) ғылыми өмір
тәжірибесін қорытып, ой-пікірлерін талдап қарасақ, ғылыми-
техникалық шығармашылықтың элементтері мынадай цикл
түрінде құрылатындығы белгілі: фактілерді жинақтау → гипотеза