|
Оѕтїстік ќазаќстан облысы аймаєындаєы негізгі жоєарєы су кґздері болып: Сырдария, Келес, Бадам, Арыс, Бґген, Сайрамсу ґзендері табылады
|
бет | 6/7 | Дата | 23.11.2018 | өлшемі | 0,89 Mb. | | #23590 |
| Аталған екі өзеннің суын егістікке үстемелеп кеңінен пайдалану СОКП-ның 1966 жылғы мамыр пленумынан басталды. Осы пленумда қабылданған бағдарламаға сәйкес, барлық одақтас республикалар кең көлемде жерді гидротехникалық мелиорациялау жұмыстарымен айналысты. Ал Арал бассейнінде одақтас республикалар жыл сайын жүздеген мың гектар жаңа суармалы жерлерді іске қоса бастады. Нәтижесінде 80-ші жылдардың соңына таман, тек Сырдария бассейініндегі суармалы жерлер 3300 мың гектардан, ал Амудариямен қосып алғанда Арал бассейінінде 7400 мың гектардан асты. Міне, Арал трагедиясы осы пленумнан бастау алды. Тоғысқан су қоймасының салынбауы судың жетіспеуінің салдары. 70-ші жылдардың екінші жартысында жасалған Сырдария бассейінінің су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау сұлбасында Тоғысқан су қоймасы мүлдем қаралмады. Үйткені, ол жерде айта қаларлықтай ойпат болмады. 1993-2000 жылдары «Казгипроводхоз» мамандары, оның алдында бұрынғы «Союзгипрорис», қазіргі «Южказводпроект» мамандары, Шардарадан төменгі Сырдың бойын түгелдей зерттеп шыққан. Екі институттың мамандары да қажетті суды сидыратын Көксарай ауылы маңындағы ойпатты дұрыс деп тапты. Елекеңнің өзі айтқанындай Тоғысқанның көлемі Көксарайдан 5-6 есе аз, яғни бар болғаны 600 млн. текше метрден аспайды. Ал апатты жағдайды болдырмау үшін қажетті көлем 3 млрд. текше метр. Шардара су электр стансасының жұмыс істеу графигі. Су ресурстары комитеті бекіткен су қоймасының режимімен тығыз байланысты және де осы режимге сәйкес су пайдалануға Комитеттен арнайы рұқсат алады. Ал бұл режим Қызылорда облысы мен Шардара су қоймасы астындағы Қызылқұм массивінің мүддесіне сай жасалады. Жергілікті биліктің бұл режимді бұзуға құзіреті жетпейді. Сондықтан Қызылорда облысына су жетпейді деу бекер. Құрғақшылық жылдары судың жетпейтіні рас. Совет одағы кезінде, мұндай жылдары, кәріз жүйелеріне сорғыштар қойып, суды қайта пайдаланып, тығырықтан шығатын. Әрине, Тоғысқанның көлемі Көксарайдан 5-6 есе аз болғандықтан, ол арзанға түсер еді. Ал тиімді болады деу дүдәмәл тудырады, үйткені Тоғысқанның көлемі аз болғанына байланысты, ол осы нысаннан жоғары орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендері (мысалы Маяқұм, Ешкіқора және т.с.с.) мен төмен орналасқан Қызылорда облысының елді мекендерін қысқы және ерте көктемдегі топан судан сақтап қала алмайды. Сондай-ақ, Тоғысқан Көксарайдың басқа да міндеттерін орындай алмайды. Қазіргі кезде Шардараның көлемі 5,2 млрд. текше метр емес, үйткені су қоймасының түбіне шөккен тұнбаның көлемі жыл сайын өсіп келеді. 1979 жылдан бері өлшеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Оның көлемінің қысқарғанын мынадан білуге болады. Шардараның суы, жылдың көпжылдық орташа сулылығы кезінде, суару мерзімінде жоғарыдан келіп түсетін сумен қосып есептегенде, Қызылорда облысының 110 мың га күріш алқабын суаруға жететін, ал бүгінгі күні 75 мың га күрішті суаруға әрең жетеді. Көксарай осының орнын толтырады, әрі жоспарлы түрде кіші Аралды және керекті көлдерді ұстап тұруға септігін тигізеді. Иә, Көксарайдың бөгеті 44,7 шақырым, бірақ Сырдария өзені арнасына салатын су тоспасының жоғарғы жағындағы екі жағалау дамбасының ұзындығы 110 шақырым емес, 11 шақырымнан да аспайды. Қандай да болмасын су нысандарын салу үшін алдымен арнайы зерттеулер жүргізіліп, техникалық-экономикалық негіздеме жасалатынын ел жақсы біледі. Алдын-ала зерттеулерде жердің геологиясы, гидрогеологиясы, топырағының құрамы мен оның су өткізгіштік қасиеті, сол жердің ауа райына байланысты судың булану көлемі сияқты су нысанының техникалық сипаттамасына әсер ететін факторлар толығымен анықталады. Осы зерттеулерді жүргізген «Казгипроводхоз» институтының жобалаушы мамандары Көксарай су реттегішінің бетінен буланып ұшатын судың көлемі 282 млн. текше метрге, ал жерге сіңетін су көлемі 15-18 млн. текше метрге тең дейді. Сонда мамандар жерге сіңетін судың көлемін 1 млрд. текше метр деп көрсеткен қай жобалаушыны меңзеп отыр? Енді мына қызықты қараңыз. Тоғысқанның ауданы 8-9 мың гектардан аспайды екен, яғни, шындығында да оның көлемі Көксарайдан 5-6 есе аз. Мұны мандардың өзі де мойындап отыр. Демек Тоғысқанның көлемі – 3 млрд.: 5 = 600 млн. текше метр екен. Ары қарай мамандарТоғысқанда жерге сіңген, буланған су 900 млн. текше метр дейді.мамандар, өзіңіз ойланып көріңізші, егер Тоғысқанның суы бар болғаны 600 млн. текше метр болса, одан қалайша 900 млн текше метр су буланып және сіңіп кетеді? Енді Шардараны алайық. Оның ауданы 5,2 млрд. текше метр көлемінде 78,3 мың гектар. Сондай ауданнан жылына 800 млн. текше метрдей ғана су буланып және сіңіп кетеді екен. Иә, Көксарайдың ауданы 46,6 мың гектар. Ондағы буланатын судың көлемі 1 млрд. текше метр дейді. Ары қарай Көксарайдың көлемі Тоғысқаннан 5-6 есе артық дейді. Сөйтеді де буланатын судың мөлшері соншалықты артпақ дейді. Сонда, 3 млрд. текше метр көлемі бар Көксарайдан буланатын судың мөлшері 5-6 млрд. текше метрді құрайтын болғаны ма? Жарайды, енді мамандар тұжырымдамасын басқа жағынан алып қарайық. Мамандар айтады, Тоғысқанда жерге сіңген, буланған су 900 млн. текше метрді құрайды дейді. Көксарайдың көлемі Тоғысқаннан 5-6 есе артық дейді. Демек, буланатын судың мөлшері соншалықты артпақ дейді. Оу аға, ешқандай ақылға симайды ғой, қалайша 3 млрд. текше метр судан (900 млн. х (5-6)) 5 млрд. текше метр су жерге сіңіп, буланып ұшып кетеді. Жазғаннан кейін, аз да болса, шындыққа жанастырып жазу керек қой. Көксарайдың техникалық-экономикалық негіздемесі жасалғанда, оның құрамды бөлігі ретінде осы нысанның қоршаған ортаға тигізетін әсері зерттеліп, экологиялық сараптамадан өткізіліп, оң бағасын алды. Сараптамада Көксарайдың мақта алқаптарына тигізетін кері әсері анықталмаған. Ол мүмкін де емес еді, үйткені, бұл жерге ең жақын мақталы алқап – Қызылқұм массивінің аяқ жағы Сырдарьяның сол жағалауында орналасқан, ал Көксарай оң жағалауда, әрі деңгейі одан көп төмен. Ал, Арыс-Түркістан массиві – Көксарайдан 50-60 шақырым жерде. Оның да орналасу деңгейі Көксарайдан анағұрлым жоғары. Сондықтан, екі мақталы алқапқа да Көксарайдың еш қатысы жоқ. Шардара су қоймасы пайдалануға 1967 жылы берілген. Ал енді автордың көрсеткен 1966-1971 жылдарын талдап көрейік. Осы жылдары, Қызылорда облысының су шаруашылығы, Шардара қоймасының суын реттеген деп жазадымамандар. Қош дейік. Бірақ мамандар қандай да болмасын су қоймасын пайдалануға бермес бұрын, оның пайдалану ережесі жасақталып, бекітілетінін білуі тиіс. Су қоймаларының суы осы ережелерге сәйкес реттеледі. Оны жобалау институты жасап (Ташгидропроект), облыс су шарушылығы емес, министрлік бекітетінін де біледі. Су мол болған жылы Шыназ гидробекетінен аққан су туралы (қай жылы және жылдың қай мезгілі екені белгісіз) деректеріне ешқандай уәж айта алмаймын, болса болған шығар. Ал 1969 жылы наурыздан бастап шілденің аяғына дейін 2000-нан 3500 текше метр, кейбір күндері 4000 текше метрден астам су түскені туралы нақты деректер бар. Осы аталған мерзімде Арнасайға 19 млрд. текше метр (кейбір деректер бойынша 23 млрд. текше метр), су тасталды. Оған 5 ай бойы секундына 1000-нан 2100 текше метрге дейін су кетіп жатты. Демек Арнасай ашылған жоқ емес, ашылды. Арнасай арнайы жасалған, Шардарамен бірге соғылған нысан, ол суы мол жылдардың артық суын қабылдауы үшін керек. Осы аралықта төменге, Сыр арнасына, секундына 1600 текше метрге дейін су тасталынып отырды. 70-ші жылдардың екінші жартысында Сырдарья бассейнінде барлық бес үлкен су қоймасы салынып бітті. Соңғы салынғаны және ең үлкені Тоқтоғұл су қоймасы еді. Оның көлемі 19,5 млрд. текше метр болды, және де көп жылдық режиммен жұмыс істеді. Негізінде барлық су қоймалары ирригациялық режимді қамтамасыз етіп отырды. Яғни, қыста су жиналып, жазда егістікке беріліп отырды. Осының салдарынан қыста бізге мардымды су түспеді, жазда барлық су егістікке бұрылып, тағы да сусыз отырдық. Жазда келген аз суымыздың өзі минералды тыңайтқыштармен, өсімдікті қорғайтын химиялық улы заттармен, жиын терін кезінде пайдаланылатын дефолианттармен «тыңайтылып» келіп жатты. Арал сусыз қалды, ел күйзеліске ұшырады. Қазір, құдайға шүкір, бас-басымызға ел болдық, өз жағдайымызды өзіміз күйттеуге қолымыз жетті. Экономикамыз дамып, тұрмысымыз түзеліп келеді. Тіршіліктің барлық саласы жанданды десе де болады. Егемендік алған Қырғызстан Тоқтоғұлын энергетикалық режимге көшіріп, бізге қысты күнгі таза су түсе бастады. Енді сол таза суды сақтап, дұрыс пайдалану үшін Көксарайды салайық деп едік, көкпар басталды да кетті. Елдің барлығы ақыл айтып, анық мамандар сыртта қалды. Көксарайды салу техникалық мәселеден саясатқа айналып кетті. Осы іске Президент араласып, төрелік айтпағанда, әлі күнге дейін тартысып жатар ма едік, құдай біледі. Қазақпыз ғой, бәрін «жатып» істеуге құмармыз. Маман болмасақ та, жағдайды бүге-шігесіне дейін білмесек те, «келелі» пікір айтуға дайын тұрамыз. Кейбіреуіміздің ішкі есебіміз де жоқ емес. Көксарай «көкпар» болып тартысып жатқанымызда «Көксарай су реттегішін салмайтын болсақ, Шардара су қоймасын жоғалтып аламыз» дегенім рас. Арнасайдың бар кезінде ондай қауіп жоқ еді. Ал қазір, Қырғызстанның Тоқтоғұл су қоймасы энергетикалық режиммен жұмыс істеп тұрған кезде және де Арнасайды өзбек ағайындар екі жерден бөгеп, оның су өткізгіш қабілетін секундына 2160 текше метрден 600 текше метрге дейін төмендетіп жіберген кезде, Шардараға қауіп төніп тұрғанын, өзін шын мәнісінде су маманымын дейтін азаматтар біліп отыр, түсінеді. Мысал келтірейік, Шардара ирригациялық режимде жұмыс істейді, яғни жазды күні пайдалы көлемі түгелдей дерлік егін суаруға пайдаланылады да, қыс бойы су жиналады. Жыл сайын наурыздың аяғында жобалық көлемдегі су жиналуы тиіс. Міне осы уақытта, Шардара толып тұрған кезде, 1969 жылдың суы қайталанса, су Шардараның тоспасынан асып, оны бұзып, Шардара мен Аралға дейінгі барлық елді мекендерді басып калар еді. Үйткені, төмен қарай, Қызылқұм каналын қосып алғанда секундына 1800 текше метр, Арнасайға секундына 600 текше метр, барлығы 2400 текше метр ғана жібере аламыз. Дәл осы кезде, секундына 4000 текше метр су келіп жатса, 1600-і жинала бастайды. Ол дегеніңіз тәулігіне 120 млн. текше метр деген сөз. Мұндай жағдайда су тоспадан асып төгілуі үшін 12-15 күн жеткілікті. Секундына 6000 текше метр су келсе, күніне 225 млн. текше метр су жиналып, 7-8 күнде асып төгіледі. 2003 жыл, сәуірдің 19-20-лары. Шардарадағы судың көлемі 5,4 млрд. текше метрге жуық. 4-5 күннен кейін Қызылордаға су босататын кез. Күтпеген жерден секундына 2100-2600 текше метр су келіп оншақты күнге созылды. Төмен қарай секундына 800 текше метрге дейін су жібердік. Өзбекстанның Арнасайды бөгеп жатқан кезі. Соған қарамай, амалсыздан Арнасайды аштық. Судың арыны қоя ма, Өзбекстанның соғып жатқан су өткізгіш нысанын су бір түнде тас-талқанын шығарып өте шықты. Егер олар оның алдына қорғағыш бөгет салып үлгергенде, халымыз мүшкіл болар еді. 2004-ші жылдың қаңтарының бірінші бес күндігі. Судың көп келуіне байланысты Шардарадағы су көлемі 5 млрд. текше мтерге жақындап қалды. Төмен қарай 700 текше метр кетіп жатыр. Амалсыз Қызылқұм каналын да 100 текше метрге аштық. Арнасайды толығымен ашып қойдық. Бірақ, сол кезде Арнасайдың да толған кезі болатын. Соның өзінде 10-12 күнде 5,2 млрд. текше метрден асып кететін түріміз бар. Сондықтан Қырғызстан мен Өзбекстанға сұрау салып, олардың жауапты қызметкерлерін Шымкентке жинадық. Өте қиын келіссөздер жүрді. Әйтеуір хаттама қабылдадық. Әр тарап өзіндік міндеттемелер алды. Қырғыздарға мазут пен көмір беретін болдық. Өзбектер суды суармалы жерлеріне алатын болды. Бірақ, міндеттер ақпанның ортасына дейін орындалмады. Бұл кезде бізді құтқарған сапасыз салынған Арнасайдың оң жағасындағы дамбасы болды. Топырағы қабат-қабатымен нығыздалмай төбелердің аралығында салынған дамбалардың біреуін су жұлып кетіп, артық су солай қарай ауып кетті. Міне осыларды көріп, біліп отырып, осындай қауіп барын неге айтпаймын. Шардараға қауіп төніп тұрғаны айдан анық. Бұл қате пікір емес. Құдай сақтансаң сақтаймын деген. Сақтанбаса болмайды, қашанғы көршілердің алдында жалтақтай береміз. Жыл сайын әке-көке деп жалынамыз. Кезі келгеннен кейін айтайын, жалпы су шаруашылығына дұрыстап көңіл бөлетін уақыт жетті. Біз барлық өзендердің төменгі ағысында отырмыз. Суымыздың жартысына жуығы көршілерден келеді. Жыл өткен сайын су саласындағы қарым-катынасымыз күрделеніп барады. Суды басқару, оны тиімді пайдалану мен қорғау саласында толыққанды кешенді саясат болуы керек. Шардарада су тастайтын үш құрылым бар. Біріншісі су электр стансасы. Одан секундына 1600 текше метр су өтеді, қазір жөндеуден өткеннен кейін 1800 текше метрге дейін өсті. Екіншісі секундына 200 текше метр су алатын Қызылқұм каналының бас гимараты. Үшіншісі Арнасай апаттық су тастамасы. Жоба бойынша секундына 2160 текше метр су өткізе алады. Қазіргі кезде, Өзбекстанның байлап тастауына байланысты, су өткізу қабілеті секундына 600 текше метр. Ал 1070 текше метрлік құрылым туралы естігенім жоқ. [5] Тоқтоғұлдан секундына 776 текше метр су құлады дейік. Ал жолдағы Сырдарьяға құятын Қарадарья, Ахангаран, Шыршық, Сох, Шахимардан және тағы басқа кіші-гірім өзендерді қайда қоямыз? Олардан секундына 700 текше метрден артық түспесе, кем түспейді. Соның салдарынан қыс бойы Шардараға 1500 текше метрдей су түсіп жатқан жоқ па? 700 текше метрін онсыз да төмен тастап отырмыз ғой. Одан қалғаны Шардараны 60 күнде толтырып Арнасайды ашуға мәжбүрлейді. Төмен қарай тастайық десек, сол 700-дің өзі Қызылорда облысында жыл сайын апаттық жағдай тудырып отыр. Бұл ретте Қызылқұм каналы да естен шықпайды. Оған да су жіберіп жатырмыз. Бірақ, түскен судың 60-70 пайызы қайтып Сырдарьяға түседі. Сырға жолдан тағы Арыс қосылып Кызылорданың жағдайы одан да қиындайды. Мақала жазғанда Елекең осыны неге ескермейді? Бір миллиард текше метр суды Арнасайға аудару елге жасалған опасыздық, халыққа жасалған қастандық емес пе депсіз. Солай-ақ дейік. Жоғарыда айтып кеттім, көбінесе суды Арнасайға амалсыздан тастаймыз. Оған тастамау үшін, қыстың көзі қырау кезінде, секундына 1000 текше метрден астам суды төмен қарай жіберуімізге тура келеді. Ол деген Шардарадан төменгі отырған елді, Қызылорда қаласымен қоса, суға бастыру деген сөз. Ал Арнасайға су тастамасақ, төмен қарай суды көбейтпесек, Шардарадан айырыламыз. Бәрібір елді мекендер судың астында қалады. Сонда, сіздің ойыңызша, Сырдың бойын топан судың астында қалдыру елге опасыздық, халыққа жасалған қастандық емес екен ғой?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|