Оѕтїстік ќазаќстан облысы аймаєындаєы негізгі жоєарєы су кґздері болып: Сырдария, Келес, Бадам, Арыс, Бґген, Сайрамсу ґзендері табылады



жүктеу 0,89 Mb.
бет7/7
Дата23.11.2018
өлшемі0,89 Mb.
#23590
1   2   3   4   5   6   7

Бір миллиард су делік. Шындығына келсек, Арнасайға, 1991 жылдан бері, орта есеппен бір миллиард емес, жылына 3 миллиардқа дейін су тастаппыз. Рас, осы көлемдегі суды біз өз жерімізде ұстауымыз керек еді. Бірақ су жинайтын қоймамыз болмады. Қараөзек бар, бірақ ол Қызылордадан төмен орналасқан. Ол да 1,5 млрд судан артық ұстай алмайды, әрі оған берген судың жартысы Жосалыда Сырға қайта құйып, төменгі отырған елдерге қауіп төнгізеді. Тоғысқанның мүмкіндігіне тоқталып өттік. Екеуі де жоғары жақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Мұндай суды тек Көксарай ғана игере алады. Бұл жерде Тоғысқаныңыз жолда қалады, ол мәселені шешпейді.

Мұздың қатуы, мұзқұрсау қалыптасуы және сеңнің өту сипаттамасы өзеннің географиялық орналасуына, судың ағу бағытына, ағыстың тереңдігіне, су мен ауаның температурасына және тағы басқа факторларға байланысты. Сондықтан, сең жүрген кезде қандай техникалық саясат ұстану керектігі барлық факторларды ескере отырып жүргізіледі.

Көксарай:

Қазір Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы халқының бойын үрей билеп тұр. Су тасқыны қаупі асқынып тұрғандықтан, Сырдария маңынан елді мекендер көшіріле бастады.

Қыс айлары жыл сайын ерекше қытымыр болып келеді. Сондықтан дарияда мұз қалың. Сырдария өзенінің арнасы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің аумағы арқылы өтеді. Өзен арнасы өтетін көрші елдерде де қыс биыл қаһарында. Қазіргі кезде Шардара су қоймасына жоғарыдан су көп келуде. Сондықтан да артық суды қоймадан Қызылқұм каналына, Арнасай арқылы Өзбекстанғаағызыпжатыр.

Сырдария өзені Одақ кезінде ирригациялық немесе суармалы жерлерге су беру режимінде жұмыс істеді. Күз, қыс айларында суды Тоқтағұл, Қайраққұм, Шардара, тағы басқа су қоймаларына жинақтап, көктем, жаз айларында суармалы жерлерді суару үшін пайдаланатын. Басқа уақытта Сырдариядан халық шаруашылығына керекті мөлшерде ғана су жіберілетін. Құрғақшылық жылдары су қоймаларында жиналған су егін суаруға жетпей жататын кездер де болды. Қазір Одақ тарап, әр республика өз алдына дербес мемлекет болды. Әр мемлекеттің өз есебі, мүддесі бар. Мәселен, Сырдария өзені бастау алатын ең үлкен Тоқтағұл су қоймасы – Қырғызстанның негізгі байлығы, бюджетінің кіріс көзі. Сондықтан олар өзен суын қыс айларында, электр энергиясының ең тапшы және керек кезінде энергияға айналдырып, қымбат бағамен сатады. Тоқтағұл ГЭС-інен суды неғұрлым көп тастаса, энергия көп өндіріледі, бюджетке қаржы көп түседі. Ал оның зиянды салдары Сырдария өзенінің төменгі арнасында отырған бізге тиеді. Бұл мәселені түпкілікті және тиімді шешудің негізгі жолы осыдан 10 жыл бұрын Елбасымыз Н.Назарбаев ұсынған Орталық Азия су энергетика консорциумын құру еді. Орталық Азияда су көздері тапшы. Сол аз суды тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы оны Одақ кезіндегідей ирригациялық режимде, яғни Сырдария өзені ағысында орналасқан мемлекеттердің ортақ мүддесі үшін суармалы жерлерді суаруға пайдалану. Ал өзен суын қыста энергия ретінде өз бюджетіне қаржы тауып отырған мемлекетке мазут, көмір, тағы басқа энергия көздерімен көмектесіп, мемлекетаралық келіссөздер арқылы шешу. Міне, консорциум құрудың мақсаты – осы. Алайда «Кісідегінің кілті аспанда» дегендей, бұл мәселе бүгінге дейін шешілмей келеді. Тек өзеннің төменгі ағысында су тасқын қаупі басталғанда қырғыздарға көмір, мазут беріп, су көлемін азайтуды өтінеміз. Биылдың өзінде қырғыздар 5 мың тонна мазут, қосымша көмір, электр энергиясын беріңдер деп отыр. Қызылордалықтардың мүддесі үшін Қазақстан Үкіметі қырғыздардың бұл талаптарына келіскен сияқты. Шардара су қоймасына жоғарыдан келген су көлемі көп болғандықтан өзімізге ауадай керек суды өзбектерге жалынып, Арнасайға жіберуді сұранып отырмыз. Парадокс, елімізде су жетіспейді, су біз үшін алтынмен тең. Ертең көктем шыға Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының диқандары су жетіспеуінен егін егу көлемін азайтады, өнімді аз алады. Ал судың жетіспеуінен құрғап бара жатқан Аралымыздың жағдайы анау. Соған қарамастан жыл сайын 2-2,5 миллиард текше метр суды өзбектерге жалынып Арнасайға жібереміз. Оның үстіне биылғыдай Сырдария өзені бассейнінде қар қалың жауып, ылғал мол болған жылдары дарияға Арыс, Келес өзендерінен ерекше көп су қосылып, жағдайды

одан әрі қиындатып жіберуі мүмкін.

Жылда қайталанатын осы тығырықтан шығудың амалы қайсы? Бұл жағдайда не істеу керек?

Сырдария өзенінің бойында Шардара су қоймасынан 200-300 шақырым төмен Көксарай су қоймасын немесе Көксарай су реттегішін салу мәселесін шешетін уақыт жетті. Бұл жөнінде су мамандары, ғалымдар, экологтар пікірі бір арнада. Кезінде Үкіметтің қаулысы да шыққан. Бірақ қызылордалықтардың араласуымен Сырдария өзенінің арнасы мен Арал теңізін реттейтін жобаны сылтау етіп, су қоймасының құрылысы әлі басталған жоқ.

Көксарай су қоймасы дарияның Отырар ауданы көлемінде салынуы тиіс. Су қоймасы Шардараға сыймай, Өзбекстанға кетіп жатқан суды және Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысының елді мекендеріне қауіп төндіретін артық суды уақытша ұстап, керек кезінде дарияға жіберіп тұратын су реттегіш есебінде болады. Егер Көксарай су қоймасының көлемі 3,0 миллиард текше метр болса, жай есеп мынаны көрсетеді: Шардара су қоймасынан дарияның төменгі ағысына қазір секундына 700 текше метр су жіберіліп, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысының елді мекендеріне қауіп төндіріп тұр. Осы суды секундына 550-600 текше метрге түсірсек, қауіп сейіледі дейді мамандар. Көксарай су қоймасы салынған жағдайда елді мекендерге қауіп төндіріп тұрған артық суды ақпан-наурыз айларында Көксарай қоймасына жинап және Арнасайға кетіп жатқан 2,0 миллиард текше метр суды қабылдап алса, барлық су мөлшері 2 миллиард 516 миллион текше метр болады екен. Дарияның ағысы қалыпты жағдайға түскен кезде Көксарайдан су Қызылордаға қарай су комитетінің бақылауымен жіберіліп тұрады.

Мәселенің түпкілікті шешілуіне Елбасымыздың саяси шешімі керек еді. Ол үстіміздегі жылы 14 ақпанда болған Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Көксарай су қоймасын салу туралы шешімін кесіп айтты. Енді Үкімет Елбасы тапсырмасын орындау үшін неғұрлым тез қимылдаса, Сырдарияға байланысты проблемалар соғұрлым тез шешіледі.

Бөген бөгені. Суармалы егіннің шығымдылығын арттыру мақсатында салынған жасанды су айдындарының бірі – Бөген су қоймасы. Бөген су қоймасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс және Бөген өзендерінің суын тиімді пайдалану мақсатында 1960 жылы салынады. Ұзындығы 10-12 км, ені 5 км, ауданы 63,5 шаршы км, пайдаланатын суынын көлемі 370-440 миллион текше метр. Республикамыздағы ірі су жүйелерінің бірі – Арыс-Түркістан каналы суды осы Бөген су қоймасынан алады.


Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс-Түркістан каналының жалпы ұзындығы 200 километр. Канал Арыс және Түркістан тармақтарынан тұрады. Арыс тармағы Арыс өзеніндегі Қараспан бөгенінен басталып Бөген су қоймасымен аяқталады. Ұзындығы 60 километр, секундына м3 су өткізеді.

Түркістан каналы Бөген су қоймасынан басталып Шорнақ ауылының тұсына дейін барады. Ұзындығы 140 километр. Арыс-Түркістан каналымен Түркістан, Бөген, Қызылқұм аудандарының 70 мың гектар егістігін суарады. Канал бойында су реттеуші қондырғылар, су жинағыш тораб бар. Канал облыстың мақта егетін өңірлерін сумен қамтамасыз етеді. 1961 жылы Арыс-Түркістан каналы пайдалануға берілгеннен кейін су шығыны 31 м3/сек дейін төмендеді. Өзен суы тығыз, минералдылығы 1г/л-ге дейін. Қырғызстан республикасы мен Жамбыл облысы аймағында өзен ағысын реттеу мақсатында бірнеше бөгет салу құрлысы салдарынан ОҚО-на әр жыл сайын су аз мөлшерде келуде. Ол өз кезегінде пайдаланылатын жерлер мен бақша өнімдерінің суғарылуын қысқартады. Айтып өткен өзендерден басқа Қаратау жотасы баурайына бірнеше су көздері ағады. Жиделі, Бесорық, Ермексу, Қорашық, Арыстанды, Шаян, Бөген және т.б. Таудың шыға берісінде, төбенің борпылдақ шөгінділерінде, өзеннің ағып шығу ағысы едәуір көлемін жоғалтады (50-60%), ал жазықтыққа келетін қалған бөлігі табиғи пішен шабу үшін жайылмалы суғаруға таралады. Кейбір өзендердің тасқын сулары да су қоймаларымен реттеледі. Мысалыға, Бөген, Бадам және басқа бөгеттер сияқты./2/

Оңтүстік Қазақстан облысында мұнымен қатар 1939 жылы Бөген және Шаян өзендерін қосатын Бөген-Шаян каналы салынған. Каналдың ұзындығы 24 километр. Орташа су шығыны 1,5 м3/секундына. Бәйдібек ауданының 7 мың нектар егістік жерін, 10 мың гектар шабындығын суғарады.

Облысымыздағы аса ірі жер суару жүйелерінің бірі – Георгиевка каналы. Каналдың құрылысы 1931 жылы басталып , 1934 жылы пайдалануға берілді. Канал 4,2 километрден кейін оң және сол тармақтарға бөлінеді. Ұзындығы 40,5 километр және 48,7 километр, су шығындары алдыңғыға сәйкес 7,92 м3/секундына. Каналмен 20мың гектардан астам жер суарылады.

Достық каналы – Мақтаарал ауданы жерімен ағып өтеді. Қазақстандағы маңызды құрылыстарының бірі. Мырзашөл өңірін игеру мақсатында Сырдария өзенінің су қорына негізделіп салынған. 1901 жылы «Солтүстік» канал құрылысы басталып, 1913 жылы қазан айында канал бойымен су жүргізілді. 1914 жылы «Романов» каналы болып өзгертіліп, 84 км ұзартылды. 1926 жылы Орта Азия ауыл шаруашылық еңбекерлерінің съезінде «Мырзашөлді игеру бағдарламасы» қабылданып, Қазақстандағы 326 мың гектар бөлімін суландырып, мақта алабын ұлғайту жедел қарқынмен жүрді. Канал көптеген ұсақ тармақтарға бөлініп, бойында мақта ұжымшарлары ұйымдастырылды. 1928 жылы Мырзашөл өңірінде Иіржар (Мақтаарал) ауданы құрылды. 1938 жылы канал С.М. Киров атындағы магистралды канал деп аталды. 1943 жылы батыс, 1949 жылы солтүстік, 1956 жылы Орталық су жүйелері іске қосылды. 1959 жылы – 1961 жылык-34 қызылқұм, к-25 Арнасай тармақтары толығымен салынып бітті. Каналдың іске қосылуы Сырзашөл өңірін ең ірі мақта өсіретін ауданға айналдырды. 2003 қазан айында каналдың іске қосылуына 90жыл толды.

Қызылқұм суару жүйесі. - Шардара ауданы ауданы жерінде. Сырдария өзенІ мен Шардара даласының батысында, Қызылқүм шөлІ аралығында орналасқан. 1967 жылы іске косылған. Басын Шардара бөгенінен алып солтүстіке қарай бүрылып Сүткент тұсында батыс Сырдарияға қосылады. Суы реттеуіші жүйелер арқылы ағызылған. Қызылқұм суару жүйесі бас каналдан (ұз.97,2км), су реттеуіші автоматтандырылған басқарудан түрады. Жүйе алабында күріш, мақта өсіріледі.

Дарбаза су құбыры — Сарыағаш, Қазығүрт аудандары жерінде, Сырдарияның бір саласы келес өзен алабындағы жер асты суы қорына негізделген су қүбыры. Елді мекндерді ауыз суменқамтамасыз ету мақсатында 1975 ж. салынды. Шатқал жотасының Шардара даласына ұласатын етегіндегі абай бүлағьшан басталады да солтүстіктегі Дарбаза алабына дейін 174 км-ге созылады. Бастауындағы су шығымы 9300 м"/с. Сорғы стансаларьшың торабы Абай ауылында орналасқан. Қүбыр 14 елді мекенге ауыз су таратады жэне 63,5 мың гектар жайылымдыкты суландырады.

Үлкен Келес каналы- Қазақстан мен Өзбекстанның бірлесіп жүзеге асырған су жүйесі. 1979 жылы құрылысы басталып, 1984 жылы алғашқы бөлігі пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 96 шақырымға созылған. 1988 жылы құрылыс аяқталып толық пайдалануға берілді. Оның 40 шақырымы Қазығұрт ауданында, 25 шақырымы Сарыағаш ауданында, 37 шақырымы Өзбекстанның территориясында. Су көзі Бостандық ауданындағы Шарбақ су қоймасы. Канал секундына 52 текше метрге дейін су өткізуге жобаланса, іс жүзінде 35 текше метр су алынады. Мұнда 16 су бөлгіш каналдар мен латоктар, жер асты су құбырлары бар. Осы су жүйелері арқылы Қазығұрт ауданында 9294 га жер суғарылады. Үлкен келес каналына «Оңтүстік су шаруашылығы » республикалық мемлекеттік кәсіпорыныың «Захкелес» филиалы иелік етсе, ондағы су бөлгіш каналдар мен жабық су жүйелеріне осы кәсіпорынның «Қазығұрт» филиалы басшылық жасайды. Газалкент магистралінің бір бөлігі болып табылады [29,30].

Су қоймалардың әсерінен қоршаған ортаның ластану жағдайы. 2007 жылдың 9 айындағы қоршаған ортаның ластану жағдайы

І. 2007 жылдың 9 айындағы Шымкент қаласының атмосфералық ауасының сапасы

Атмосфералық ауаның ластану жағдайы 4 тұрақ бойынша бағаланады. Негізгі көрсеткіш ретінде елді мекен ауасындағы ластауыш заттардың шекті рауалы концентрациясының мәні болып табылады.

Шаңның орташа концентрациясы 1,3 шекті рауалы концентрацияны, формальдегидтікі 4,7 шекті рауалы концентрацияны, азот қостотығы 1,3 шекті рауалы концентрацияны құрады. Формальдегидтің наурыз айындағы максималды бірлік концентрациясы 0,075 мг/м3 (Ордабасы алаңындағы №2 ластауды бақылау тұрағында 2,1 ШРК), азот қостотығыныкі 0,25 мг/м3 (цемпоселок ауданындағы №3 ластауды бақылау тұрағында 2,9 ШРК), көміртегі тотығыныкі 15 мг/м3 (цемпоселок ауданындағы №3 ластауды бақылау тұрағында 3,0 ШРК) және аммиактікі 0,23 мг/м3 (1,3 ШРК).

Ауа жағдайы былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген. Балдық ластану анықталмаған.

II. 2007 жылдың 9 айында ОҚО ЦГМ шаруашылығы аумағындағы құрлықтың жер үсті суларының сапасының жағдайы

Сырдария өзенінің бассейні

Сырдария өзені суының химиялық құрамының сипаттамасы 13 гидропост мәліметтері бойынша жүзеге асырылды. Негізгі ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады. Олардың максималды мәні сульфаттар бойынша - 12,3 есе, нитриттар бойынша - 3,0 есе, мыс бойынша - 7,0 есе және магний бойынша - 2,9 есе нормадан жоғары. Судың ластану индексі (ИЗВ) - 1,74 және 3 сынып, қалыпты ластанған.

Сырдария өзені:

Сырдария өзені суының химиялық құрамының сипаттамасы Сырдария өзені бассейнінде орналасқан гидропост мәліметтері бойынша жүзеге асырылды. Жоғарыда аталған гидропосттарда өткізілген химиялық анализдер нәтижелері бойынша судың ластану дәрежесін келесі түрде сипаттауға болады: ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады. Сульфаттардың максималды құрамы нормадан 10,2 есе, нитриттер 3,0 есе, мыс 6 есе және магний 2,6 есе жоғары. Қалған ластауыш қосылыстар шекті нормада. Сырдария өзенінің ластану индексі - 2.00, яғни 3 сыныпты, қалыпты ластанған.

Келес өзені:

Өзен жағдайы 2 гидропост бойынша бағаланады (Келес арнасы, Қазығұрт гидропосттары).

Негізгі ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады.

Максималдық мәні бойынша сульфаттар нормадан 12,3 есе жоғары, магний - 2,9 есе, нитриттер - 2,4 есе, мыс - 4 есе. Қалған ластауыш қосылыстар шекті нормада. Судың ластану индексі - 2,39, қалыпты ластанған, 4-ші сыныпты уыттылықты құрайды.

Бадам өзені:

Өзен жағдайы 2 гидропост мәліметтері бойынша (Шымкент қаласы, Қараспан ауылы) келесі түрде сипатталады: негізгі ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады. Максималдық мәні бойынша сульфаттар 365 мг/л (3,7 шекті рауалы концентрация (ШРК), мыс 0,007 мг/л (7 шекті рауалы концентрация), нитриттер 0,056 мг/л (2,8 ШРК) және магний 51,1 мг/л (1,3 шекті рауалы концентрация). Қалған қосылыстар шекті нормада.

Судың ластану индексі - 1,61, яғни, қалыпты ластанған, 3-ші сыныпты уыттылықты құрайды.

Шардара су қоймасы:

Суқойма суы сульфаттармен, нитриттармен, мыс және магниймен ластанған. Максималдық құрамы бойынша мыс 4 есе, сульфаттар 5,8 есе, нитриттер 1,9 есе және магний 1,1 есе нормадан жоғары.

Судың ластану индексі - 1,93, 3 сыныпты уыттылықты құрайды, яғни қалыпты ластанған.

Бөген және Қатта-Бөген өзендері.

Бөген және Қатта-Бөген өзендерінің сулары таза болып саналады. Судың химиялық құрамы шекті нормадан аспайды.

Судың ластану индексі Бөген өзені бойынша - 0,52, ал Қатта-Бөген өзені бойынша - 0,43, яғни 2-сыныпты, таза.

2007 жылдың 9 айында сульфаттар бойынша 8 ластану тіркелген (7 рет Келес гидропостында және 1 рет Қаратерең г/п).

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат қорғау заңнамасының сақталуы саласында

экологиялық бақылау

- Барлық тексерілген табиғат пайдаланушылар - 487;

- Тексеру нәтижесі бойынша жазылған актілер - 487;

- Анықталған заң бұзушылықтар - 369;

- Заң бұзушылықты жоюға ескерту - 388;

- Барлық құқыққолданушылықтар, оның ішінде:

- Әкімшілік, оның ішінде:

- Ескерту - 57;

- Айыппұлдар, барлығы/мың теңге - 299/11031,37;

- азаматтық, оның ішінде:

- Шығынды қайтаруға шағым-талап, барлығы/мың теңге - 36/38359,25;

- Шығынды қайтаруға талап, барлығы/мың теңге - 2/24847,28;

- Шаруашылық әрекетін тоқтатуға талап, - 40.

Қошқар ата өзені

Шымкенттің қақ ортасын жарып Қошқар ата өзені ағып жатыр. Қошқар ата заманында әулиелік деңгейге жеткен адам болған деседі. Сондықтан вокзал етегінен бұрқырап шығып жатқан осы өзенді қаланың көпшілігі әулие су көреді.

Бастауындағы суы қыста да, жазда да алып тоңазытқыштан енді құйып алғандай мұздай-ау. Табаныңды салсаң тоқпен ұрғандай шекеңнен бір-ақ шығады. Бірақ, дертіне дәрігерден шипа таппаған адамдардың түсіп жатқанын ұдайы көруге болады. Қалаға әбден ағып барғаннан кейін табаға салып қуырған күн қызуынан беті қайтып сәл жылиды. Қошқар ата бұлағы жұртқа осындай қуаныш сыйлап жатқанымен оның қадірін бәрі бірдей біле бермейді.

Қорлықты тартатын Қошқар ата өзені. Жабайы моншалардан аққан сарқынды суды тұншыға сіміреді.

Өзен жағалай отырған жұртта канализация жүйесі жоқ. Мал сойса да қан-жынын өзенге төгеді. Күл-қоқыс екі бастан. Үлкен базардан келіп малдың ішек-қарнын осында аршып алатындар бар. Соның бәріне Қошқар ата амалсыз көніп, ішінен тынып ағар еді. Бұл аймақ Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты. Әкімдік адамдары арнаулы полицияны қатыстыра рейд ұйымдастырып тұрғанымен айыппұл салудан әріге бара алмайтын.

Жақында Қошқар ата жағалауында өткен жиынға қатыстық. Қала әкімі жағалаудағы тұрғындармен кездесті. Бұрын қоқыр-соқыр басып жататын жағалау қыздың жиған жүгіндей. Өзбекстаннан келген инвестор Умида ханум Валиджанова мұнда демалыс аймағының құрылысын жүргізіп жатыр. Өз қаржысына. Жазғы балалар лагері тұрғызылуда. Ересектерге және балаларға арналған бассейндер пайдалануға берілмек. Бүлдіршіндерге арналған карусельдер орнатпақшы. Көшеттер егіліп жатыр.

Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған. Көпшілігі орталық және оңтүстік бөлігімен ағады. Ірі өзендер – Сырдария. Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгіағысы тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында Шардара бөгені орналасқан.

Сырдария өзені – Сырдария өзеніне барып құяды. Қазір ол шамада жоқ. Сырдария өзенінің ұзындығы – 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен Қарадария өзендерінен басталады.

Арыс өзені – Сырдария өзенінің оң жақ саласы болып табылады. Өзенннің ұзындығы 322 шықырым. Арыс өзені алғкашқыда Қолбастау өзенінен бастау алған. Осы жерлерде бұлақтар көп. Алатау мен Қаратаудан ағып шығатын осы бұлақтар Арыс өзенін құрайды. Өзеннің суы көп айы наурыз, сәуір, аз айлары қазан, ақпан.

Ақсу өзені – Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 шақырым, ұзындығы 120 шақырым.

Бадам өзені – Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бассейннің ауданы – 4300 шақырым, ұзындығы – 137 шақырым.

Боралдай өзені – Арыс өзенінің оң жақтағы ірі саласы. Бассейні Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы 130 шақырым. Боралдай өзені кіші Боралдай, үлкен Боралдай өзендерінің қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен қоректенеді. Арыс өзені өзінің барлық салаларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шаруашылығына пайдаланылады.

Арыс өзені бассейнінде тек қана мақта емес, сонымен қатар басқа да дақылдар егіледі. Арыс өзенінің салаларынан коналдар тартылған. Арыс өзенінің шығысы 69 м\сек.

Оңтүстік Қазақстан облысының көлдері – Ақжайық, Ақжар, Қандыкөл тағы да басқалар. Оңтүстік Қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен солтүстік аймақта орналасқан.Сырдария өзендерінің аңғарлары мен Шу өзенінің төменгі аңғарында құралған. Олар өте тұзды және саяз болып келеді. Жазықты аймақтарда артезиан сулары кездеседі. Ол сулардан минералды сулар да бар. Оларға Сарыағаш, Қапланбек минералды су көзерін жатқызуға болады. Оңтүстік қазақстан облысы аймағындағы негізгі жоғарғы су көздері болып: Сырдария, Келес, Бадам, Арыс, Бөген, Сайрамсу өзендері табылады. Өзендер бассейні үш алқапта орналасқан: таулы, тау алдындағы және жазықтықта. Өзендердің бастау алу жағдайлары аралас: жер асты, қар, жаңбыр. Кектемгі жауын мен қарлардың еруі, кей кезде негізгі көктем су тасқынына алып келеді. Барлығы облыс: ағында 118 кіші өзен, (ұзындығы 10 км-ден 200 км-ге дейін) 28 су қоймасы және 25 көл бар деп есептеледі.

Негізгі жер асты және жер усті суларын ластаушы кәсіпорындар:

- түсті металлургиялық;

- мұнайхимиялық;

- химиялық;

- жеңіл және тамақ өндірісі т.б

Негізгі ластаушы заттар:

- азоттың органикалық емес формасы;

- сульфаттар;

- мүнай өнімдері;

- фосфаттар т.б

Сырдария өзені облыстың ең үлкен өзені. Жоғарғы ағысында Сырдария өзені Қырғызыстан, Тәжікістан, Өзбекстан территорияларымен ағып, онда өзен суы өндіріс, ауыл шаруашылығы, тұрғындар қажеттілігіне пайдаланылады және олардың ағын суларын қабылдайды. Өзен Өзбекстан Республикасынан ластанған күйде ағып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы территориясында Сырдария өзенінің 2 саласын - Келес, Арыс өзендері және мақтамен күріш алқаптарының коллекторлы- сусіңгіш сулары қабылдайды. Төменгі ағысында Келес, Сырдария өзендері Шардара су қоймасымен реттелінген.

Сырдария өзенінің химиялық қүрамы 6 гидробекеттің беретін көрсеткіштерімен сипатталады:

- қаратерең г/б;

- Қазалы;

- Қызыл-орда қаласы;

- Төмен-Арық;

- Көкбүлақ /Өзбекстан Республикасымен шекаралас бекет/;

- Шардара г/б.

Негізгі ластаушы заттар:

- сульфаттар

- нитриттер

- мыс


- магний

Сульфаттың максималды құрамы қалыпты мөлшерден 7,4 есе асқан, нитрит 2,7 ПДК, мыс 7,0 ПДК, магний 2 ПДК. Сырдария өзенінің ластану индексі -1,93-ке тең, бүл орташа –ластанған 3 класқа жатады.

Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде негізгі ластаушы заттар келесілер еді:

- сульфаттар

- нитриттер

- мыс


- мырыш

Сульфаттардың орташа құрамы 504 мг/л (5 ПДК), нитриттер 0,033 г/л (2 ПДК), мыстар 0,002 мг/л (2 ПДК). Жоғарыда аталған бекеттердің ластану индексі 0,59 – 2,78 -ді құрады. Нитриттердің максималдықүрамы қалыпты мөлшерден 4,4 есе, мыс 5 есе, сульфаттар р/,3 ПДК есе асқан. Сырдария өзенінің ластану индексі -1,75-ке тең, бұл орташа-ластанған 3 классқа жатады.

2002-2003жылдарға Сырдария өзенінің беткі суларының сапасы.

Келес өзені Сырдария өзенінің тармағы болып, қаржантау тауларының бүлақтарынан бастау алады. Негізінен ауыл шаруашылығы егістік алқаптарын суару үшін пайдаланылады.

Келес өзеніне суарылған алқаптардан қайтқан 7 коллектордан су құйылады.

Көксу өзені суының химиялық құрамы 2 гидробекеттің беретін мәліметтерімен сипатталады:

- Балпық- г/б

- ст.Көксу г/б Негізгі ластаушы заттар келесілер:

- сульфаттар

- нитриттер


- магний

- мыс


Сульфаттың максималды құрамы қалыпты мөлшерден 12,6 ПДК (1258 мг/л) есе артқан, мыс 11 ПДК, магний 2,4 ПДК. Өзенінің ластану индексі -3,33-ке тең, бұл -ластанған, 4 класқа жатады.

Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде негізгі ластаушы заттар келесілер еді:

- сульфаттар

- нитриттер

- мыс

- мырыш


Сульфаттардың орташа құрамы қалыпты мөлшерден 7,3 есе артқан (732г/л), нитриттер 1,5 ПДК, мыстар 5 ПДК, мырыш 1,8 ПДК. 1 тоқсада Келес-устье гидробекетінде жоғары ластану анықталған. Жоғарыда аталған гидробекетте сульфат құрамы 1354 мг/м3 құрады, яғни қалыпты мөлшерден 13,5 есе артық. Өзенінің ластану индексі -2,78-ке тең, бұл -ластанған, 4 класқа жатады.

Бадам өзені

Оңтүстік Қазақстан облысының орталық аймағында орналасқан Шұбарсу, Ақсу, Піскем,

Өгем және Келес өзендерінің бассейндерімен шекараласады. Бассейіні үш аймақта орналасқан: таулы, тау алдындағы және жазықтық. Су жинақталудың жалпы алаңы 4380 шаршы км, ұзындығы 145 км.

Ақешкі,өзен суының негізгі гидрохимиялық көрсеткіштеріне оның тығыз қоныстанған аудан арқылы өтетіндігі әсер етеді.

Өзеннің ластану деңгейі екі гидробекет суларының химиялық анализ нәтижелері бойынша

анықталған:

- Ақешкі ауылы

- Көлтабан ауылы

Негізгі ластаушы заттар келесілер:

- сульфаттар

- магний

- мыс

- нитриттер



Сульфаттың максималды құрамы 355 мг/л (3,6ПДК), мыс 0,010 мг/л (10 ПДК), нитрит

0,030 мг/л (1,5 ПДК). Өзенінің ластану индексі -1,67-ке тең, бұл-орташа ластанған, 3 класқа жатады.

Өткен жылы негізгі ластаушы заттар келесілер еді:

- сульфаттар

- нитриттер

- мыс


- мырыш

Сульфаттардың орташа құрамы 301 мг/л болып тіркелген яғни , қалыпты мөлшерден 3 ПДК, мыс 6 есе артық. Судың ластану индексі 2,13 тең, бұл -орташа ластанған, 3 класқа жатады.

Кіші өзендерді қорғау жүмыстарындағы ең басты бағыттардың бірі сол өзендерде су қорғау аймақтарын, су қоймаларын жасау болып табылады. Облыста қорғауға жататын кіші өзендер тізімі бекітілген. 10 кіші өзен (Ақсу, Сайрам-су, Бадам, Бөген, Келес, Боралдай,

Қарашық, Құркелес, Құлан, Келте-Машат) суларын қорғау схемасын жасау аяқталды.

Алайда қаржы тапшылығына байланысты басқа да өзендер бойынша осыған ұқсас жобалық жұмыстар тоқтатылған («Южводпроект» институты РГП «Югводхоз»).

Тазалағыш құрылыстар. Облыс бойынша 49 тазалағыш құрылыс есепке алынған. 29 на ПДС жасалып шығарылған.

Су обьектілеріне 30 шығыс бар, оның ішінде 19-КДС. Қазіргі таңда тазалағыш құрылыстардың көп бөлігі өндірістің тоқтап қалуына байланысты жұмыс істемейді. Оның ішінде 10-ы тау

Облыстық орталық қуаты 197 мың м3/тәулік тазалағыш құрылысқа Нақты ауыртпалық 100 мың м3/тәулік болып отырған бұл қүрылыс ТОО «Водные ресурсы - маркетинг» балансында. Сыйымдылығы - 25 І.м.куб. Жіберілетін сулар - аралас: коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік. Тазалаудан кейін су Бөржар жинақтаушысына жіберіледі.

Қазіргі кезде Мырғалымсай шығанағын су алғаннан кейін су объектілерінің мониторингі жүргізілуде.

Басқарма Оңтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығымен бірге су басқаннан бастап «Мырғалымсай шығанағын су басу кезіндегі су обьектілерінің; мониторингін жүргізу жоспарының кестесіне» сәйкес жұмыстар; жүргізілуде. Сараптау нәтижелері МООС – қа беріледі.

Шахта суларымен жердің жоғарғы қабатының жылжу жағдайына өндірістік

мониторинг сүргізу мақсатында РГП «Кентауликвидрудник» :

- әр ай сайын «Центральная» (Клетьевая) шахтасындағы су асты суларына сынақ жүргізеді;

- су асты сулары деңгейінің қайта қалпына келуін екі апта сайын өлшейді;

- қарағанды қаласындағы қазұМЗИ (маркшейдерлік зерттеулер институты) Мырғалымсай кенішінің таулы бұрылыстарындағы жердің жоғары қабатының жылжуына бақылау жасайды.Өлшеу екі айда бір рет жүргізіледі.

ҚР МОН-ның гидрогеология жэне гидрофизика институтымен «13 көкжиектен жоғарыда Мырғалымсай кенішін су басу процесі кезінде су: асты суларының сапасына өндірістік мониторинг жүргізудің бағдарламасы» жасалып, қазіргі таңда осы бойынша жұмыстаржүргізіледі.

31.03.2003 жылғы жағдай бойынша Кентау қаласындағы Мырғалымсай кенішін су бастыру жоспарлы режиммен жалғасуда. Су басқан аймақты жоғары жер қабатында өзгерістер анықталған жоқ.

28.03.2003 жыл шахтадағы су деңгейінің абсалютті белгісі +326,88 м., 13 горизонт рельс басынан 180,03 метр биік. Су деңгейі бір тәулікте орта есеппен 3,45 метрге жоғарылайды. РГП «Кентауликвидрудник» су деңгейін өлшеуді аптасына ек-і рет жүргізеді.


2.2 Су қоймаларды тиімді пайдалану

Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары еліміз үшін өткір проблемалрдың бірі су қоймаларды суын тиімді пайдалану және оның экологиялык қауіпсіздігі мәселелеріне қоғамның назарын үнемі аудартып келеді. Әсіресе қызу талқылаулар Шардара су қоймаларды төңірегінде өрбуде. Шардара су қоймасының проблемасы сан - салалы және мұнда халықаралық тәжірибедегі апелляция мен тарихи шолусыз шешу мүмкін емес. Оны тек таза шаруашылықтық немесе экологиялық тұрғыдан қарауға болмайды. Керісінше, бұл мәселенің күрделі экономикалық, саяси, гуманитарлық және табиғатты қорғау сияқты аспектілері бар. Қазақстан үшін бұл Шардара су қоймасының пайдалану мәселесін шешумен аяқталмайды.

Сонымен қатар, Сырдария өзенінің су ресурстарын тиімді басқарудың механизмін құру да күн тәртібіндегі тез арада шешімін табуы тиіс мәселенің бірі болып отыр./6/

Мамандардың айтуынша Қазақстан - Еуроазиялық континенттегі ең суға тапшы елдердің бірі болып табылады. Сумен қамтамасыз етілуі жағынан ол ТМД мемелекетерінің ішінде ең соңғы орында. Қалыптасқан жағдайды шиеленістіретін тағы бір мәселе- Қазақстанның ағынды су ресурстарының 56,3 км ғана республика территориясында құралса, қалған 44,9 км3 көршілес жатқан мемлекеттердің аумағынан ағып келеді. Мұның ішінде 23,6 км Қытайдан, оның 12,5 куб км Іле өзенінен, 9,8 куб км Ертіс өзенінен келіп құяды. Ал қалған бөлігі Хоргос, Еміл, Шағантоғай, және Тасты сияқты өзендердің үлесіне тиеді. Жер беті суларының 31 % республика территориясы арқылы көрші мемлекеттер аумағына қарай өтеді.

Соңғы он бес жылда Қазақстанның жер беті суларының табиғи көлемі жылдан - жылға азаюуы байқалуда. Климаттық жағдайлармен бірге бұл үрдіске су ресурстары құралатын тауларда және көп пайдаланылатын аудандардағы шаруашылықтық әрекеттер кері әсерін тигізуде. Дүние жүзінде трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімді пайдалану проблемасы жыл өткен сайын шиеленісуде және мемлекеттер арасындағы жанжалдарға, әлеуметтік- экономикалық текетірестерге себеп болуда. Мәселе тек суға деген сұраныстың өсуімен байланысты демографиялык факторда немесе индустриялық дамудың жоғары қарқындылығында емес. Дүние жүзінің саяси картасы түбірімен өзгеріске ұшырады. Европада, Азияда, Африкада жаңа мемлекеттер пайда болды және осымен бірге олардың арасында су жөніндегі қарым- қатынастарды реттеу проблемасы туындады. Бір мемлекеттің территориясындағы көптеген өзендер екі немесе бірнеше мемлекеттің шекарасын кесіп өтіп, трансшекаралық сипатқа ие болды. Проблеманың өткірлігі жылдан - жылға өсе түсуде. Сарапшылардың пікірінше 2000 жылға қарай жер шарында ауыз суға деген сұраныс төрт есеге өскен. Дүние жүзінде стандарт бойынша адам басына шаққанда суды тұтыну жылына 5 мың кубтан келуі тиіс. Ал Орталык Азияда, оның ішінде Қазақстанда оның көлемі 700 кубқа әрең жетеді.

Кейініректе халықаралық өзендер тек әлемдік кеме жүзу проблемасы деңгейінде ғана қарастырылатын. Бүгінгі күні бүл күрделі торап шектес мемлекеттердің басты, ең алдымен экономикалық мүдделеріне айналды. Трансшекаралық өзендердің ластануы күрделі проблемаға айналды, әсіресе халықаралық өзендердің төменгі ағысында орналасқан мемлекеттер ластанудан көп зардап шегуде.

Су қорларын басқарудың ұлттық саясаты ел халқының денсаулығы мен амандығы үшін су қорларын сақтау мен үнемді пайдалану жөніндегі ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан осы мақсаттарға жетудегі негізгі басымдықтар халықты қажетті мөлшердегі және кепілденген сападағы ауыз сумен қамтамасыз ету, экономиканы су қорларымен жеткілікті мөлшерде және лайықты сапада қамтамасыз ету, су қорларын үнемді пайдалану мен қорғау болуы тиіс. Осы міндеттерге жету үшін тұрақты су тұтыну саясаты су қорларын қорғау проблемаларын шешуде оң тәжірибелері бар көптеген елдерде қабылданған қағидаттарға негізделуі қажет. Қазіргі кезде су қорларын пәрменді, бірлесіп басқарудың жүйесі немесе жүйе элементтері осындай қағидаттар болып саналады.

БҰҰ бағдарламаларында және жаһандық су серіктестігінде "пәрменді, бірлескен, басқару" аталымы дегенде мына қағидаттарға негізделетін су қорларын

1. Ашықтық (ақпараттарға қол жеткізу)

2. Айқындық (саяси және қаржы шешімдері)

3. Серіктестік (мүдделі тараптардың қатысуымен)

4. Есеп берушілік (процесске қатысушылардың барлығының рольдері мен жауапкершіліктерін айқын бөлісу кезінде)

5. Нәтижелілік (айқын мақсаттар негізінде)

6. Қисынды тізбектілік (барлық деңгейлерде ұғынысу және қолдау үшін)

7. Тиімділік (ең алдымен экономикалық)

8. Байланысқа бейімділік (Ақпараттармен еркін алмасуды қолдау арқылы)

9. Әділдік (негізгі топтардың мүдделерін есепке алу арқылы)

10. Бірлесу (су пайдаланудың барлық түрлерін және субъектілері мен оның әсерін ескеру арқылы)

11. Орнықтылық (болашақ ұрпақтардың мүдделері мен экожүйелерді ескеру арқылы)

12. Өнегелілік (қоғамның өнегелі қағидаттарын ескеру арқылы).

басқару ұғынылады:

Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жан-жақта білім және ақпарат алмасу арқылы барлық мүдделі тараптардың қатысуына негізделетін су қорларын бірлесіп басқару экономикалық дамуға, институционалды орнықтылық пен жанжалдарды болдырмауға септігін тигізеді. Бұл ретте ашықтық және байланысқа бейімділік түсінігі ретінде халықтың қалың жіктері мен мүдделі тараптарға еркін түрде пікір және ақпараттар алмасуға мүмкіндік жасау әрекеті ұғынылады. Ақпараттар алмасудың жеткіліксіздігі су бөлісу мен пайдалануда экономикалық тиімсіздікке және әлеуметтік төңсіздікке апаруы ықтимал екендігіне байланысты, мұнда да сондай-ақ әділдік пен бірлестік қағидаттары сақталуы тиіс, осы қағидаттар су пайдаланушылардың мүдделерін ескеру арқылы су пайдаланушылардың негізгі топтарының мүддесін қозғайды. Ашықтық және серіктестік қағидаттары орталық және жергілікті мемлекеттік органдар саяси және қаржы шешімдерін қабылдау кезінде барлық мүдделі тараптардың қатысуын ұйғарады. Басқару процесінің барлық қатысушыларының міндеттері мен жауапкершіліктерін айқын бөлу ретінде есеп берушілік орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бүкіл тармақтары мен құрылымдарын қозғауы тиіс. Нәтижелік және қисынды тізбектілік қағидаттары басқарудың айқын және нақты мақсаттары мен оларға шешудің шараларын белгілеумен шектесіп қоймастан, сонымен бірге осы мәселелерді барлық деңгейде анық ұғыну мен қолдауды қамтиді. Түпкі нәтижеде бүкіл әрекеттер экономикалық көзқарас тұрғысынан нәтижелі болуы тиіс. Су қорларын бірлесіп басқару негіздерін әзірлеу кезінде және Қазақстан үшін орнықты даму бағыттарын белгілеуде болашақ ұрпақтың мүдделігін ретке алу керек.

Орнықты су пайдалану стратегиясының негізгі бағыттары көбіне суды аз қажетсінетін салалар мен өндірістерді дамытуды; өзен ағынын одан әрі реттеу негізінде елде бар су қорларын ұлғайтуды, халықты сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын кеңінен пайдалануды; су қорларын циркулярлы пайдаланудағы озық технологиялар негізінде су қорларын үнемді жұмсауды, тамшылама суаруды, техникалық мақсаттар үшін ағынды коммуналдық суларды пайдалануды және т.б. көздейді;

Көрші мемлекеттер аумақтарында су обектілерін ашу және дамыту тұрғысында Қазақстан қатысуының бөлігінде белсенді мемлекеттік инвестициялық саясат жүргізуді жобалайды. Су қорларын үнемді пайдалану су қорлары аса тапшы аймақтарда суды көп қажетсінетін өндірістердің даму қарқындарын шектеуді, суармалы жерлердің құрылымын өзгертуді, экономикадағы су қажеттілігін азайтуды, су қорларын ластану мен жұтаңдаудан қорғауды қоса ескереді.

Бұл ретте барлық үш бағыттың үшеуінің өзара қиюласуы маңызды, өйткені бұрын қолданылып келген үнемді пайдаланудың шараларын кезең бойынша іске асыру шаралары халықтың ауыз сумен қамтамасыздығын нашарлатып жіберді, су қорларының азаюы мен тапшылығын туындатты. Осы проблемаларды шешу, орнықты су пайдаланудың стратегиясын әзірлеу үшін Қазақстанның орнықты дамуы жөнінде Ұлттық комиссия құру қажет.

Экономикада, сондай-ақ мемлекеттік қатынастарда да су қорларының артып бара жатқан ролі сушаруашылық қызметке экожүйелік тәсілмен келу қажеттілігі мен осы проблеманы ұлттық және аймақтық деңгейлерде әлдеқайда тереңірек түсінуді қажетсінеді. Күрделі жүйе ретіндегі Қазақстанның экожүйесі әлеуметтік-экономикалық жүйемен өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ретте қос жүйенің екеуі де өзара бір біріне қатты тәуелді болады: бірінші жүйенің қолданылуына жалғыз негіз болатын екіншісінің дамуы басқасының есебінен жүреді (экожүйенің). Адамзаттың әлеуметтік-экономикалық болмысының тұрақтылығы, туындаған супержүйенің (бас жүйенің) экожүйелік құрауышының тұрақтылығы кезінде ғана мүмкін болады. Орталық Азиядағы экологиялық және әлеуметтік салдарлардың басты себептері табиғи байлықтарды, ең алдымен су қорларын пайдаланудың ресурстық тәсілі болып табылады, бұрын экожүйелердің ахуалы мүлде еленбей келді. Мұндай тәсіл кезінде су қорлары тек су тұтынушыларды қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан ғана қаралып келді. Су қорларының экологиялық ролі, табиғи ландшафтардың, экожүйелердің қажеттілігі мен олардың бұл орайда бүлінуі мүлде қаралған емес. Осы жағдай шаруашылық және табиғи жүйелердің өзара іс-қимылын басқарудың мықты механизмдерін жасауды табанды түрде талап етеді.

Табиғатқа әсерін тигізетін әлеуметтік, экономикалық, техникалық және саяси факторлар басымдықтарға қарай жиынтықта және тізбектілікте қараулары тиіс. Іс-шаралармен байланысты, сушаруашылық қызмет жоспарына экожүйелік тәсілмен келуге негізделген аяларда қолданылатын ұзақ мерзімді шығындар мен пайдалардың тәртіпаралық және сектораралық талдауын жүргізуге мүмкіндік беретін экономикалық бағалауды қамтамасыз етудің әдістерін әзірлеу қажет.

Еліміздің кейбір аймақтарындағы су шаруашылық баланс тапшылығының өсуі аймақтардың су қамтамасыздығын ескеру арқылы өндіргіш күштердің даму және орналастыру талдауларын жүргізуді талап етеді. Сумен жабдықтаудың жаңа көздерін табу және жаңғырту, қайталама және дүркіндік су пайдалану көлемдерін ұлғайту, сондай-ақ мүлде жаңа, қалдықсыз технологиялық схемаларды ендіруді ынталандыру қажет. Жаңа су Кодексінің қабылдануына байланысты тікелей және жанама әкімшілік, эконономикалық, заңдық және ұйымдық шаруашылық әдістер жүйесін әзірлеудің маңызы зор, олар су қорларын үнемді пайдалануға ынталандырады және халық пен су тұтынушылардың су қорларын сақтауларына түрткі болатын уәждемелер туындатады, сондай-ақ су қорларының күйіне су үнемдеудің пайдалы ықпал жасайтыны туралы ақпараттық-насихат жүргізу жүйесін әзірлеу, сушаруашылық ұйымдардың жанынан су туралы саясат әзірлеуге тікелей қатысатын жұртшылық өкілдерінің қатысуымен қадағалаушы кеңестер құрған жөн.

Ұлттық деңгейде басқару жоспарлары, негізінен, нақты қажеттіліктерге сүйенулері және өзен алаптарында орын алған әлеуметтік және экономикалық жағдайларды ескерулері тиіс. Басқарудың жалпы жоспары басқарудың ең төменгі буынының жоспарларына сәйкес келулері тиіс және жалпы сушаруашылық саясаттың кезеңдері қалған деңгейлердегі саясат кезеңдеріне қайшы келмеулері керек. Тұтынушыларға су тасудың қашықтығы мен тұтынушыларды су көздеріне жақындату арасында оңтайлы ымыра жасау қажет (техникалық, әлеуметтік және экономикалық қатынастарда).

Ұлттық деңгейде белгіленген стратегиялық міндеттерге жету үшін, нақты әрекет жоспары сушаруашылығын жүргізудің жергілікті және жеке шаруашылық жүргізу деңгейлеріне сүйенуі тиіс. Осы жоспарға мынадай іс-шаралар кіреді:

► сутоғандардың ластануын санитарлық-гигиеналық деңгейге дейін азайтуды және ауыз сумен жабдықтау, ұдайы өндіру, балықтың асыл тұқымдарын сақтау мен өзге де мақсаттар үшін су кадастрының қатаң тәртіптемесі арқылы су бөлудің балықшаруашылық талаптарын қамтамасыз ету;

► шаруашылық-тұрмыстық өндірістік ағынды сулардың тазартылмаған ағынын жіберуді, ауылшаруашылық объектілерінің, өнеркәсіп кәсіпорындарының сарқынды суларын жаңа, техникалық қайта құралданған түрлерін салу жолымен қолданыстағы тазартқыш құрылыстарды жаңалау арқылы тоқтату;

► елді мекендерді, өнеркәсіп кәсіпорындарының аумақтарын, ауылшаруашылық жер-суларды су тасқындарынан қорғау;

► су бөгендерді жайластыру, жағаларды бекемдеу, рекреациялық (тынығу) аймақтарын құру, іргелес аумақтарды су тасқыны мен су басудан қорғайтын жүйелердің жаңа құрылыстарын салу және қолданыстағыларын жаңалау.

Су қорларын жергілікті деңгейде басқару мемлекет қарамағындағы барлық сушаруашылық желілері мен құрылыстарын пайдалану және оларды ақаусыз ұстау арқылы жүзеге асырылады. Осы деңгейдегі жұмыс су тасу және бөлу кезінде судың шығынын азайтуға, қажет уақытта түрлі орындарға тиісті сапа мен мөлшерде су жеткізуді қамтамасыз етуге, су қорларын басқаратын түрлі аудандардағы орталық және жергілікті органдар арасында тікелей тиімді байланыстарды жөнге салуға бағытталуы тиіс.

Су қорларын жеке басқарудың деңгейі су пайдаланушылар қауымдастықтарының немесе жеке тұлғалардың иелігіндегі сушаруашылық обектілерді қамтиды. Бұл деңгейдегі жұмыс осы құрылыстардың қауіпсіздігі мен жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы ынтымақтастыққа жұмылдырылады. Бұл ретте басты мақсат көзделеді, ол мемлекеттік емес тиімді қызмет көрсету желісін құру, сондай-ақ сушаруашылық объектілері мен құрылыстарын пайдалану және жөндеу бойынша ыңғайландырылған серіктестіктер ұйымдастыру.

Су тоғандардың тазалығын сақтау және қалпына келтіру үшін мынадай іс-шаралар жүргізу қажет:

► өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірістерінің технологиясын жетілдіру мен өзгерту, су шығарудың көлемдерін азайту мақсаттарында суды аз қажетсінетін және су қолданбайтын технологияларды әзірлеу және ендіру;

► коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік су сарқындыларын толық тазартуды қамтамасыз ету;

► айналымдық сумен жабдықтауды кеңінен өндіру, тазартылған ағыс ағындарының өзенге тартылуын екінші қайтара пайдалану;

► өзен алаптары мен су тоғандар ауқымында су қорғау іс-шараларының мемлекеттік жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру, мұнда қазіргі заманғы өндірістерді перспективалы орналастыруды және осы су алаптарының су қорларын басқару бойынша осы іс-шараларды нақты әрекеттер жоспарының бөлігі ретінде қарауды ескеру керек;

► шектес өзен алаптарындағы трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауды басқару жөніндегі мемлекетаралық органдарды нығайту, сондай-ақ азық-түлік, ирригация, су қорлары саласында халықаралық ұйымдармен (ҒАО, ІСІД) және өзгелерімен (жаңа технологиялар алу, тәжірибе алмасу мақсатында) ынтымақтастық орнату;

► сушаруашылық объектілердің орнықты жұмыс істеулеріне жағдайлар жасау.

► су қорларын үнемді пайдалану мен қорғау жөнінде заңнамалық және нормативтік база әзірлеу, су жөніндегі заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу. Су айдындарды ластаудан қорғау жөніндегі іс-шаралардың ауқымдары сушаруашылық, соның ішінде су қорғау органдарын нығайту жөнінде ұйымдастыру шараларын жүргізудің қажеттілігін айғақтайды.

Бұдан басқа, ірі өзендер алаптары бөлігіндегі су қорларының тапшылығын азайту мақсатында су қорларын үнемді пайдалану мен қорғау жөніндегі республикалық бағдарламаларды, су сақтау жөніндегі мақсаттық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру қажет. Жер үсті су кездерінің су қорларын пайдалануға белгіленген төлем мөлшерлерінің әдістемесі және жер үсті суларын пайдалануға сараланған төлем мөлшерлері суды үнемді пайдалану мен қорғауды ынталандырулары керек. Аймақтың экономикалық орнықты дамуы мемлекетаралық тиімді іс-қимыл мен ынтымақтастыққа байланысты болатынын ескере отырып, Орталық Азиядағы су қорларын мемлекетаралық пайдалану ең алдымен, халықаралық практикада жалпы танылған конвенциялар мен келісімдерге негізделуі тиіс, өйткені бұлар қағида бойынша, тегіс қамтитын сипат алады және барлық қатысушы мемлекеттер үшін жалпы міндеттемелерді бекітеді, бірақ осы орайда уағдаласушы тараптарды тиым салынған әрекеттерді тізімдеу арқылы шектемейді.

"Трансшекаралық су ағыстары мен халықаралық өзендерді пайдалану", "халықаралық су ағындарының кеме жүрмейтін түрлерін пайдалану құқы туралы Конвенция" сияқты конвенциялар негізінде аймақтағы су қорларын бірге пайдалану саласындағы мемлекетаралық қатынастарды реттеу процессі дамуы тиіс. Мемлекетаралық құқықтың осы нормалары трансшекаралық суларды бірге пайдалануда мемлекеттер ұстанымдарының ортақ қағидаттарын белгілейді және су пайдаланушы мемлекеттердің тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін үлкен маңыз атқарады. Ирригация мен гидроэнергетика (суландыру мен су энергетикасы) арасында оңтайлы баланс іздеу, аймақ мемлекеттері үшін трансшекаралық өзендердің суларын пайдалануда бірдей жағдайларды қамтамасыз ету - су қорларын басқаруда келісілген саясат жасауды талап ететін басты міндет. Сондықтан қойылған мақсатқа жету ұлттық заңнаманы су қорларын басқару саласындағы халықаралық құқық нормаларымен жүйелі түрде жақындастыруға байланысты болады.

Мемлекет басқаратын қолданыстағы сушаруашылық жүйелер мен құрылыстарды қаржы жағынан тәуелсіз коммуналдық қызметтерге және су пайдаланушылар қауымдастықтарына өткізу қажет, оған гидротехникалық құрылыстардағы су қоймалары, су тораптары, су деңгейін көтеретін бөгендер, мемлекетаралық, облысаралық және салааралық дәрежедегі су жүргізгіштер кірмейді. Бұл ретте, су қорларын басқару жүйесі тек су бөлумен ғана шұғылданып қоймай, судың сапасын қамтамасыз етулері де қажет. Осыған байланысты пайдаланылатын судың сапасын дәл белгілеу, су тұтынудың мұқият мониторингі женінде іс-шаралар жүргізудің маңызы барған сайын артып келеді.

Су қорғау қызметінің тиімділігі, көбіне, қаржы жағынан ынталандыру арқылы айқындалады. Су қорларын үнемді пайдалану мен қорғаудың экономикалық механизмдері тариф жасау жүйесіне экологиялық сипаттамаларды енгізуді, су пайдаланудың ақы төлеу жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздеуі тиіс. Бұл ретте, ақылы су пайдалану жүйесі су қорларын ұдайы толықтырудың алғы шарттарын жасауы керек. Су пайдаланудың төлемі соның аумағына орналасқан табиғи қорлар меншік иесінің экономикалық құқықтарын іске асыруды көрсететінін ескере отырып, төлем мөлшерін су көздерін ұстау мен оларды қалпына келтіруге, мемлекет меншігіндегі сушаруашылық құрылыстар мен құрылғыларды пайдалануға, суларды күзету мен олардың қоршаған ортаға зиянды ықпал етуінен қорғауға жұмсалатын шығындарды өтеу қажеттілікке сүйену арқылы белгілеу қажет. Су қорларына белгіленген төлемнің мөлшері сондай-ақ судың сапасын, су пайдаланудың жағдайларын, су қорларының нақты тапшылығын, су қамтамасыздығы кепілдігі мен экономика саласындағы экономикалық тиімділікті ескерулері керек. Ақылы су пайдаланудың экономикалық механизмін әзірлеу кезінде мынандай қағидаттар негізге алынуы тиіс:

► су қорлары үшін төлемдерге сараланған тәсіл қолдану

► су қорларын басқаруға, су көздеріндегі объектілерді пайдалануға, ұдайы толықтыруға, тасу мен күзетуге байланысты барлық шығындарды өтеу

► су қорларын үнемді пайдаланатын тұтынушылар үшін жеңілдіктер жасау

► су беру бойынша көрсетілген қызметтерге белгіленген тарифтерді қайта қарау 2002-2004 жылдарға табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің бағдарламасы негізінде жүргізілуі тиіс.

Бағдарламаның негізгі мақсаты мемлекеттің, табиғи монополия субъектілері мен олардың қызмет көрсетулері тұтынушыларының мүдделері балансына бағытталған орташа мерзімді негізде икемді тариф саясатын жасау, тариф жасау әдіснамасын жетілдіру секторына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар орнату:

► тұтынушылар құқықтарын қорғау жүйесін кеңейту;

► өндірісті жаңарту мен солар ұсынатын қызмет көрсетулердің сапасын арттыруға инвестициялар тарту мақсатында орташа мерзім мезгілі арасында табиғи монополиялардың қызмет көрсетулеріне тарифтердің орташа деңгейін қамтамасыз ету;

► табиғи монополия және монополия қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу шараларын кеңейту болып табылады.

Су қорларын үнемді пайдалануға тек суға белгіленетін экономикалық негізделген тарифтер болғанда ғана қол жеткізуге болады. Елдің түрлі аймақтарындағы судың бағасын нақты білу керек және соның негізінде су пайдалану мәселелеріндегі тарифтік және инвестициялық саясат құру қажет. Экономикалық негізделген белгілерге тарифтерді жақындату су пайдаланушыларды су қорларын үнемді пайдалануға мәжбүр етеді. Бағдарламаның басым міндеттері ретінде тұтынушылар топтары бойынша табиғи монополия қызмет көрсетулеріне негізсіз сараланған тарифтерді қолдану практикасын жою шаралары белгіленді.

Су тұтынушылар мен сушаруашылық кешендер мүдделері балансына қол жеткізу қажеттілігіне сүйене отырып, шығындық қағидаттар емес, ал активтердің реттеуші базасына пайда нормасын белгілеу әдісіне негізделген тариф жасау әдістерін қолдану қажет. Шығындық әдістің негізінде өндіріс пен қызмет көрсетулерді іске асыруға жұмсалатын шығындардың есебі жатыр, ол әдіс тиімділікке қатыссыз реттелінетін шығындарды өтеуді кәсіпорындарға кепілдейді және осы секторға инвестициялар тартуды ынталандырмайды. Активтердің "Реттелуші базасының пайдасын" есептеу әдісі өз міндеттемелерінің төлемін табуға және инвестициялар тартуға жететін тарифтер деңгейін қамтамасыз ете алады. Алдағы кезде, активтердің реттелуші базасына түсетін пайда нормасы мен орташа мерзім аралығына тарифтердің шекті деңгейлерін тағайындауды белгілейтін анағұрлым озық әдіс қолданылуы тиіс. Активтердің реттелуші базасына түсетін пайданы есептеу әдістемесін енгізуді сатылап және аймақтар бойынша саралау арқылы жүзеге асыру керек, мұнда жүйелердің жай-күйлері мен Батыс Қазақстандағы су құбырларына және шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарындағы канализацияға көрсетілетін қызметтерге сақталған негізсіз белгіленген тарифтерді жоюды ескеру қажет.

Еліміздің экологиялық қауіпсіздігі проблемаларын шешуде су қорлары туралы ақпарат таратудың үлкен ағартушылық мәні бар. Су тұтынушылар құқықтарын қорғау жүйесін күшейту, сушаруашылық кәсіпорындар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсаттарында көпшілік тыңдаулар ресімін кеңінен пайдалану, аудит жүргізу мен аудиторлық есепті жариялау жөніндегі субъектінің міндеттерін нақтылау, табиғи монополия субъектінің қайта ұйымдастыруды жүргізуге мемлекеттік органдардың бақылауын күшейту қажет. Су қорғау проблемаларын шешуде барлық мүдделі тараптардың қатысу тиімділігін ескере отырып (тұрғын халық, ҮЕҰ және басқалары), мемлекетік органдар ақпараттарға, шешімдер қабылдау мен су қорларын қорғау саласындағы әділ сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етулері тиіс. Экологиялық насихат пен халықты ағартуда қоршаған ортамен үйлесімді салауатты өмір сүруді насихаттауға ерекше көңіл бөлу керек. Су проблемаларымен байланысты ҮЕҰ қолда бар әлеуметтік қоғамдық бақылауды жандандыру, қоғамдық экологиялық сараптамалар жүргізу арқылы су тұтыну проблемаларын шешуге бағыттау қажет.

Қазақстандағы мүмкіндікті және қажетті көлемдегі судың перспективалы сараптамасы

Көпжылдық қадағалаулардың нәтижелері бойынша су қорларының тапшылығы орташа көп ылдық сулылық кезінде 7 км3 жетеді, ал су аз жылдары 14 км3 болады және ол бүкіл су алаптарында дерлік сезіледі. 2001-2005 жж. әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарына сәйкес 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда ЖІӨ 23% жуық, өнеркәсіп өнімінің 20,5%, және ауылшаруашылық жалпы өнімнің 13,4% өсетіні болжанады. Соған сәйкес, су тұтынудың 3-тен 8 км3 де-йін өсуін күтуге болады. Су жинауды ұлғайту қажеттілігі мен елдер бойынша өзендер ағынын бөлу шарттарын қайта қарауды туындататын Орталық Азия мемлекеттері экономика дамуының жоғары қарқындарын ескере отырып, келешекте су қорларының тапшылығы жылдың сулылығына қарай 10-нан 22 км3 дейін өсуі мүмкін.

Бағдарламаны іске асыруға берілетін ұсыныстар

Бағдарламаны іске асыру кезінде адам қажеттілігімен мекендеу ортасының сақталуы арасындағы балансты қамтамасыз ету керек. Тұщы сулы ЭКО жүйелер биоалуантүрлілікпен, гидрологиялық циклмен және өзін өзі тазарту қабілетімен байланысты бірқатар өмірлік мәні бар қызметтерді атқарады. Сондықтан орнықты ЭКО жүйелер адам денсаулығын сақтау, орнықты даму, кедейшілікті азайту (және керісінше) үшін өзекті шарт болып табылады.

Су дағдарысы жаһандық деңгейде көрініс табады, бірақ оның шешімін табу жөніндегі негізгі іс-шаралар аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде жүргізулері тиіс. Әр деңгейдің қызмет бағыттарын айқындау процессі ашық күйінде қалуы тиіс, және ортақ мақсаттар мен мақсаттық көрсеткіштерге нысаналанған тең құқықтық серіктестік саясатымен белгіленуі тиіс. Сонымен, нақты ұзақ мерзімді мақсаттарға кіретіндер:

► халықты сапасы жоғары сумен сенімді және орнықты жабдықтау мен ең аз шығындар жұмсау арқылы канализация қызмет көрсетулерімен қамтамасыз ету үшін су жабдықтаудың жергілікті инфрақұрылымы мен канализацияны басқаруды жақсарту;

► экономикалықтиімділік, экологиялық орнықтылық пен әлеуметтік әділдік араларында ең озық балансқа жету үшін трансшекаралық өзендердің су алаптары мен аймақтық негіздерді қосқанда, су қорларын басқаруды жақсарту, түрлі деңгейлердегі су бөлісу мен су пайдалануға байланысты туындауы ықтимал жанжалдарды азайту.

Су секторына баламалы басқару, саяси реформалар мен реформалар қажет. Бұрын көрсеткеніміздей, "Су дағдарысы шын мәнінде басқару дағдарысы болып саналады" және көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан үшін де су қорларын басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету күрделі проблема күйінде қалып отыр. Бұл тұрғыда басқаруды ұйымдық жақсарту, сыбайлас жемқорлықпен және қаржы қорларын тиімсіз пайдаланумен күрес жүргізу жөніндегі шаралар маңызды болып көрінеді. Азаматтық сектор, азаматтық қоғам және жеке сектор араларында серіктестікті дамыту қажет, бұл орайда осы серіктестіктің тең құқылы және ашық болуы, тұтынушылар мен инвесторлардың мүдделерін қорғау, табиғат қорғау нормативтерінің қатаң сақталуы қамтамасыз етілулері тиіс. Тиімді жоспарлау мен шешімдер қабылдауға қолдау көрсету үшін басқару әлеуетін нығайту және ақпараттық базаны кеңейту қажет. Тағы да, осы процесстер сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың қатысуларын кепілдеуі және саясат пен стратегия әзірлеуді және оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етулері тиіс.

Осы мақсаттарға аймақтық және жергілікті деңгейлердегі проблемалардың шешімін табусыз жету мүмкін емес. Жоспарлау және басқару процесстерінде көбіне әйелдердің үй шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету мен су пайдаланудағы рөлі елене бермейді, ал олардың отбасы табысы мен кедейшілікті азайту жөніндегі әлеуеттері жете бағаланбайды. Қазақстан үшін кедейшілік көзқарасы тұрғысынан ауылдық аймақтардағы гендерлік проблемалар аса өзекті мәселелер. Орнықты даму мақсаттарына жету үшін жыныс өкілдерінің теңдік мәселелерінің басымдығын қамтамасыз ету қажет. Бұдан басқа, экологиялық орнықтылық пен табиғи экожүйелердің жұмыс істеу тұтастығын қамтамасыз етудегі судың маңыздылығы да өзекті факторлар болып табылады, олар адам тіршілігіне нәр береді. Осы және өзге проблемаларды терең түсінуге саясат және саясаттың осы саладағы қағидаттарын әзірлеу мен нақты іске асыру үшін қажет сыни маңызды ғылыми деректер алуға арналған зерттеулер көмек бере алады.Мынандай іс-шаралар ұсынуға болады:

► су инфроқұрылымының, бірінші кезекте, инвестициялық жобаларын жасау және техникалық жәрдем көрсету арқылы сумен жабдықтау объектілері мен канализацияның жай-күйлерін жақсарту;

► институционалдық құрылымды жақсарту және инвестициялау процессіне жеке секторды тарту;

► муниципалитеттер мен коммуналдық қызметтерді күшейтуге арналған табиғат қорғау қаржы стратегияларын және құралдарын қосқанда, су секторының қаржы орнықтылығын қамтамасыз ету;

► тиісті жетекші құжаттарды әзірлеуді, тарифтердің қолайлылығы, әлеуметтік қорғау және жұртшылықтың қатысуы сияқты мәселелерде көрнекі жобалардың талдауын жүргізу мен оларды жүзеге асыруды қосқанда, халықтың ең кедей және осал жіктері үшін сумен жабдықтау және канализация бойынша қызмет көрсету мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;

► бақылауды жақсарту, сақтандыру және сезіну жүйелерін қосқанда су қорларын басқару мен денсаулық сақтау салалары араларындағы өзара байланыстарды нығайтудың есебінен, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі су жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға қолдау көрсету арқылы халықтың денсаулығын қорғау.

Трансшекаралық өзен су алаптарының проблемаларын қосқанда, су қорларын бірлесіп басқару

Осы бағыттағы іске асыру салалары мына бағыттарды қосады:

► басымдықтарды жоспарлау және белгілеу процессінде (мәселен, су үшін экономикалық баға) төлем, табиғат қорғау қызмет көрсетулерінің экономикалық игілік ретінде қарау тәсілін қолдануды кеңейтуді қосқанда, су қорлары жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-әрекеттер жоспарының халықаралық келісімдерге бейімделуі;

► су қорларына байланысты баламалы нормативтік база даярлау;

► институционалды әлеуетті және су алаптық басқару органдары мен трансшекаралық су қоймаларын басқару механизмдерін қосқанда, су қорларын басқарудың ұйымдық құрылымын қайта қарауды күшейту;

► мониторинг және су қорларының сарабы (судың сапасын есепке алу мен мониторинг жүйесі, экологиялық лабораторияларды қалпына келтіру және жаңғырту);

► жұртшылықты ақпараттармен кеңінен қамту, су проблемалары туралы хабардарлық деңгейін арттыру және мүдделі тараптар мен пайдаланушыларды шешімдер шараларына қатыстыру;

► шешімдер қабылдауға қолдау көрсету мен су және жер қорларын басқаруды біріктіруді қосқанда, өзен су алаптары су жинау алаптарының тәсіліне негізделген су қорларын басқаруды жоспарлау.

Су қорларын үнемді пайдалану және су қамтамасыздығы

Осы бағыт аясында мынандай мақсаттарға жету ұсынылады:

Судың, кедейшілік пен орнықты дамудың араларындағы өзара байланысты сезіну арқылы саяси деңгейдегі басшылардың іс-әрекет бағдарламаларына жаһандық және ұлттық ықтимал су дағдарысы жөніндегі мәселелерді енгізу және осы түсінік нақты іс-шараларды іске асыру жөніндегі міндеттемелер нысанын алуы тиіс.

Су қорларын басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету - халықтың салауатты және ауқатты тұрмыстары мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегі маңызды адым болып табылады. Қойылған мақсаттарға жету үшін барлық деңгейлердегі іс-әрекеттер бағдарламаларын жоспарлау, басқару мен іске асыру саласындағы әлеует аса маңызды роль атқарады. Сондықтан, осы әлеуетті тәжірибе мен білім алмасудың, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді жетілдірудің есебінен нығайту қажет. Осы қызметтің аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық болуы тиіс.

Серіктестіктер ретіндегі барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде жұртшылықтың, қоғамдық ұйымдардың қатысуларын қамтамасыз етудегі іс-әрекеттерді үйлестіру мен келісуді жақсарту.

Мыңжылдықта даму мақсаттарына (МДМ) жету үшін едәуір қаржы қорлары қажет болады. Сондықтан мүмкін болатын құралдарды барынша тиімді пайдалану мен донор-елдердің, халықаралық ұйымдардың ағымдағы және болашақ көмектерінің нәтижелілігін арттыру қажет.

Келесі қауіпті тенденция, трансшекаралық өзендердің ағын суының көп бөлігі өз территориясында құралатын кейбір мемлекеттер өзен суын стратегиялық ресурс ретінде қарап, суды шектеусіз өз бетінше пайдаланып, шектес мемлекеттердің мүдделерімен мүлде санаспауда. Қазақстан ешқашанда мұндай іс- әрекеттерді қолдамайды. Ғаламдық су проблемасын байқап отырғанымыздай, суды пайдалану мен қорғаудың ұлттық және халықаралық стратегиясын дамыта отырып, бәріміз бірлесе жұмылғанда ғана шешуге болады. Қазақстанның су шаруашылығы саясатының негізгі принциптері экологиялық, әлеуметтік, халықаралық аспектілерде «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында көрініс тапқан. Дүние жүзінде қалыптасқан жағдайды зертеу және сараптау үшін әлемдік банктің бастамасымен комиссия құрылды. Оның негізгі мақсаты -үкіметке болуы мүмкін су дағдарыстарының орын алуын алдын - ала ескерту болып табылады. Оның қортындылары Гаагада 2000жылы 22 науырызда бүкіл халықтық қолдауға ие болды.

Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, су ресурстарын бірлесе пайдалануға байланысты дау- жанжалдарды тек келісімдер мен шарттар арқылы ғана бейбіт реттеуге болады. Әлемнің түрлі мемлекеттерінде бұл саладағы қарым - қатынастарды реттеуде 300- ден аса келісім шартқа кол қойылған. Өткен дәуірлердегі жазба тарихи деректерге көз жүгіртсек, бір өзеннің бойындағы суды тұтынушылар арасында қарым - қатынастарды реттейтін нормалардың болғанын байқаймыз. Аталған заңдар Индия, Қытай, Египет сияқты өзен аңғарларында орналасқан көне өркениеттерде өмірге келген.

Орталық Азияда су өмірдің және тіршіліктің тірегі ретінде саналып, ғасырлар бойында су құқығы қалыптасқан болатын. Суды пайдалану төңірегіндегі тікелей нормалар мұсылмандық заңдар жинағында - шариғатта көрініс тапқан. Өркениеттер тарихын су деген қарым - қатынас тұрғысынан жазуға болады деп айтылуы кездейсоқ емес. Адамзат ежелгі дәуірлерден- ақ судың әділетті бөлінуін ғана емес, оның сапасын сақтауға да ерекше мән берген. Орта ғасырларда су көздерін ластау ең барып тұрған сорақылық болып есептелген.

Өткен тарихи дәуірлерге шолу жасап отырғандағы мақсатымыз, мемлекетаралық су ресурстарын бөлу мен бірлесе пайдалану мәселесі ежелден бері өмір сүріп келе жатқанын айту болатын. Ол бүгін ғана пайда бола қойған жоқ және оны шешу жолдары өзара сыйластыққа, трансшекаралық өзен суын тең құқықты пайдалануға негізделген. Мұндай негіздегі әділеттілік трансшекаралық өзендердің ағынсуын бірлесе пайдалану және қорғау туралы БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясының 1992 жылғы Хельсинки конвенциясында көрініс тапқан.

Бұл халықаралық құжат екі немесе көп жақты келісімдер мен шартардың жалпы құқықтық негізін құрайды. Онда әр мемлекеттің трансшекаралық өзен бассейнінің суын пайдалануға құқығы бар екендігі, су қоймасына зиян келтірмеуге міндетті екендігі жазылған. Су проблемаларын бейбіт және тиімді реттеудің тамаша мысалдарын Европа, Солтүстік Америка, Оңтүстік- шығыс және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің арасында көруге болады. Бірақ бүл оңайшылықпен жүзеге асқан жоқ. Мысалы, Индия мен Пәкістан арасында Инд өзенінің суын бірлесе пайдалану жөніндегі протоколға кол қойылуы үшін 13 жылдан аса уақыт кетті.

Қазақстан - Қытай арасындағы су қатынастарын ең алдымен Іле және Ертіс өзендерімен және оның табиғи ортансын қорғау, дамыту проблемаларымен тығыз байланыстырып қарастырған жөн. Ертіс өзені бассейнің сушаруашылықтық әсіресе экологиялық жағдайы сарапшылардың пікірінше өте күрделі. Қазіргі күнде өзеннің экономикалық маңызы анағұрлым жоғары - тек өзеннің Қазақстандық бөлігінде ғана 2,5 млн. адам өмір сүреді және Павлодар, Өскемен, Семей сияқты ірі өнеркәсіп орталықтары орналасқан. Ертіс өзенінің арқасында бүкіл Орталық Қазақстан сумен қамтамасыз етіледі және бұл аймақтың болашақта энергетикалық өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық дамуы тікелей осы өзеннің су ресурстарын пайдаланумен байланысты. Сондықтан да Қытаймен арадағы су қатынастарын реттеу Қазақстанның экологиялық, экономикалық қәуіпсіздігі үшін маңызы өте зор. Негізгі мақсат трансшекаралық өзеннің су балансын сақтау, қорғаудың және бірлесе пайдаланудың ортақ позициясын анықтау, ластанудың алдын- алу шараларына бағытталуы керек.

Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзен проблемасы, ең алдымен Іле және Ертіс өзенінің проблемасы жаңадан пайда бола қойған жоқ және бұл алғаш 70 - 80-ші жылдарда кеңестер одағы түсында туындаған болатын. Сол уақытта Қытаймен арада трансшекаралық өзенді пайдалану және қорғау мәселесі бойынша мемлекетаралық келісімге қол жеткізілген болатын.

Тәуелсіз Қазақстанның үкіметі егемендіктің алғашқы жылдары- ақ бірден трансшекаралық өзен жүйесінің проблемасы төңірегіндегі өз мүдделерін айқындап алған болатын. Қытай жағына 1992 жылы осы мүдделерге сәйкес келетін келісім жолданған болатын. Біз Пекинге трансшекаралық өзенде ішкі және сыртқы сауда жүктерін тасмалдау үшін ашық кеме қатынастарын жүргізу, туристік байланыстарды дамыту жөніндегі келісімді бекіту туралы келісімді ұсындық.

Қара Ертіс бойындағы Синьцзян - Ұйғыр автономиялық ауданының мұнайлы- газды орталығы Қарамай қаласының тұсында канал құрылысын салу ісінің қарқын алуы қазақстан жағын қатты алаңдатып, Пекинге өз ұсынысын қарауды тездетуге шақыруда. Бұл шаралар өзен суының қытай жағында көбірек тосылуына және Ертіс өзенінің су балансының өзгеруіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

1997 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттері жеке-жеке трансшекаралык өзендер мәселесі бойынша қытай жағына ұсыныс жазбаларын жіберді. Москва және Бішкек бұл проблемадан тысқары калмасы анық, өйткені Ертіс Обь өзенінің маңызды саларының бірі, ал Қырғызстан территориясында Сарыжаз өзенінің суы қалыптасады, ол өзінің суының 75% - ын Синьцзян - Ұйғыр автономиялық ауданындағы Тарым сарқырамасынан алады. Қытай жағы жіберілген ұсыныстарға түсіністік жағдаймен карап жауап қайтарды. Бірақ алғашқы кезеңде екі жакты кездесу жағдайында өткізетінің өйткені кез - келген мәселені тыңғылықты, жеке қарастыру қажет деген болатын. Қазақстан уақыт өте келе екіжақты кездесулер, ішінара Ертіс өзені бойынша, үш жақты сипатқа ие болады деп есептейді. Өйткені Ертіс өзені үш мемлекеттің мүдделерінің тоғысқан аймағы болып табылады және сонымен бірге бұл су артериясы сол мемлекеттердің территориясы арқылы ағып өтетіндіктен оның ресурстарын тең пайдалану құқығына ие. Бұл мәселе екі мемлекеттің саясатында да көрініс тапқан. Қазақстан жағы бұл мәселенің екі жаққа да тиімді әділ шешілуін және мұнда халықтар арасында қалыатасқан тарихи жағдайдың, трансшекаралық өзендердің суын бірлесе пайдалану мен қорғау жөніндегі Хельсинки конвенциясының негізінде әлемдік тәжірибенің есепке алынуын қалайды. Мұнда негізгі мәселе Ертіс өзенінің суын бірлесе тиімді пайдалану механизмін жасау боғалы отыр. Бұл сарапталуы киын өте күрделі жұмыс болғанымен, мұны жүзеге асыруға болады. Адамның экономикалық сұранысына ешқандай да бөгет қоюға болмайды. Мәселе адамның мұндай іс - әрекеті табиғаттағы тепе- теңдікті бұзбауы тиіс және адам өміріне, табиғатқа қауіп төндірмеуі керек.

Кейбір қазақстандық саясаттанушылар бұл мәселені тез арада Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны делмитациялау арқылы шешуге болады деп есептейді. Бұл өзенді бөлу деген сөз емес (шекаралары анықталып койған), қайта оны бірлесіп пайдалану болып табылады. Өзендер жалпы, олар бөлінбейді, қайта біріктіреді. Тек оларды шығынсыз негізде бірлесе пайдаланудың жалпы ережесін жасауымыз керек. Өзенге бірлесе мониторингтік зерттеу жүргізу, ақпарат алмасу, жүргізілетін экономикалық іс - шараларды әр тарап бір- біріне ескерту және оның мүмкін болатын салдарларын бірлесе есепке алу жағдайына кол жеткізуіміз керек. Астана мәселені осылай қоя отырып, Қытай тарапы толық түсіністікпен қарайды деп үміттенеді. Қытай жағымен қазіргі таңда бұл проблеманы шешу үшін келіссөздер жүргізілуде. Қытай жағы да халыкаралық негізде трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімді және әділ пайдаланылуын жақтайтынын жеткізді. Синцзянь Ұйғыр автономиялық ауданындағы құрылыстың салынуының растығын мойындай отырып, Қытай жағы Қазақстанның мүддесін толық ескеретініне сендірді. Біз Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминнің бұл мәселеде «ұлттық эгойзмнен» аулақ боламыз деген мәлімдемесіне зор маңыз береміз.

Қазіргі таңда Астана мен Пекин осы жылдың қараша айында Қазақстанда өтетін келіссөздердің екінші кезеңіне дайындалу үстінде. Сарапшылардың айтуынша мұнда трансшекаралық өзендердің ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімнің жобасы талқыланады деп күтілуде. Бұл келіссөз Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің Қытай Халық Республикасына ресми сапарымен тұспа- тұс келіп отыр. Бұл трансшекаралық өзеннің проблемасының шешілуіне оң ықпалын тигізері сөзсіз./7/

Орталық Азияның посткеңестік кеңістігінде маңызды өзгерістер болып өтті, дәлірек айтсақ тәуелсіз даму жолындағы тең құқықты, бір- бірімен достық, ынтымақтастық қарым - қатынастағы бес жаңа мемлекет пайда болды. Осы қарым- қатынастарды сақтай отырып біркатар құжаттарға қол қойылды, осының негізінде Орталык Азия аумағының су қорларын басқарудың халықаралық құрылымы құрылды. Осы күрделі мәселені шешу жолында біздің еліміз Орталық Азия мен Қытай мемлекеттермен нақты саяси жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан 2000 жылы халықаралык өзендер мен трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау бойынша БҰҰ конвенциясына қосылды. (Хельсинки, 1992 ж.).

Хельсинки конвенциясы және БҰҰ- ның су бөлу және су қорларын қорғаудағы халықаралық тәжірибесі әлемнің көптеген елдері тарапынан қолдау тауып, кең түсіністікке ие болды. Халықаралық қауымдастық тарапынан мақұлданған осы құжат бірлесе пайдаланылатын су ресурстарының саны мен сапасы жөніндегі проблемаларды шешетін және жанжалдар мен ынтымактастықты реттейтін халықаралық - құқықтық нормалар жүйесін құрайды. Жас егеменді мемлекетіміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемелекет ретінде құрылуы мен дамуы» атты стратегиясында атап өткеніндей, тәуелсіздік алуымызбен бірге Қазақстан БҰҰ мен бірқатар халықаралық ұйымдарға қосылды және жеке қорғану, сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларымен, әлемдік қауымдастыққа өз бетімен кіру мәселелерімен бетпе - бет жолықты.

Тиімді ынтымақтастыққа негізделген маңызды қадам Арал теңізі бассейні проблемаларын шешу бағытында Арал аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін келісім мемлекет басшылары деңгейінде 1993 жылы 26 науырызда қабылданды.

Сонымен қатар, маңызды белестерге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның Президенттерінің кездесулері жатады. 1994 ж. 16 қаңтарында Бішкек қаласында Президенттер Н.Назарбаев, И.Каримов пен А Ақаевпен Қырғызстанның «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылуының келісім-шартына» қол қойылды. Президенттердің кезекті кездесуі 2000жылдың 14 июнінде Душанбе қаласында болып өтті, ол жерде ОАЭҚ мемлекеттерінің дамуының экономикалық модельдері мен бағыттарын бірігіп шығару және талдау жасау мақсатымен экономикалық форумның құрылуы жөнінде шешім қабылданды. КХР -мен де нақты жұмыстар жүргізіліп отырылды, ол трансшекаралық өзендер проблемалары бойынша келіссөздердің басталуына келісімін берді. Сонымен, 2001 ж. Президент Н.Назарбаевпен ҚХР бас кеңесінің Премъері Чжу Жунцзи өкіметтер арасында трансшекаралық өзендер қорғалуы мен пайдаланылуы сферасында келісімге қол қойылды.

2. 3 Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібінің су шаруашылығына тигізетін әсері

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан - елімізде қарқынды дамып отырған облыстардың бірі. Аймақтың таңдаулы кәсіпорындарының экономикалық көрсеткіштері тұрақты дамудың айғағы болып отыр. Экономиканың табылсты дамуының тағы бір дәлелі - ол жаңа кәсшорындарының пайда болуы, бұл әсіресе мақта өңдеу саласында елеулі көрініс тапты. 2003 жылдың аяғына қарай иіру фабрикасын салу жоспарланған. Ірі өнеркәсіптің дамуы ұсақ және орта бизнес кәсіпорындары санының артуымен қоса іске асырылды.

2003 жылдың бірінші жартысында дүние жүзінің 55 елімен экспорттық - импорттық операциялар іске асырылды. Алты айлық сауда айналымы 240 млн. АҚШ долларын құрады.

Осы мерзім ішінде өнімдерді экспортқа шығарудың импортан асып түсуіне байланысты сауда байланысының оң қайтарым сальдосы 80 млн. АҚШ долларын құрады. Салыстыру үшін бүкіл 2002 бойынша оң қайтарым сальдосының 70 млн. АҚШ доллары шамасы, ал сауда айналымының жалпы көлемінің 335 млн. АКДІ долларынан арттық болғандығын келтірейік. 2002 жылы облыс өнімдері дүние жүзінің 37 еліне шығарылып, 66 елден тауарлар әкелінсе, 2003 жылдың бірінші жартысында тауарлар әкелетін елдердің саны - 52-ге дейін қысқарды.

Болашағы. Облыстың сыртқы сауда қызметінің басты мақсаты -экспортқа бағыттандырылған өнеркәсіптердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және облыс үшін бұрын үрдіс болмаған, жаңа эспотр көздерін дамытуға жағдай туғызу. Сыртқы сауда қызметіндегі екінші бір баса көңіл аударатын мәселе - импорт құрылымын жаңарту болып қала бермекші.

Келешекте 2006 жылға дейін эспортта мұнай өңдеу, түсті металдар мен мақта өнімдерін жетекшілік орында қалдыру. Көзделіп отыр, импортта резина - техникалық өнімдер шығаруға қажетті шикізаттар, мұнай және минералдық жанармай, машиналар мен құрал - жабдықтар, көлік - қатынас құралдары басым болмақшы.

Облыс кәсіпорындары Қазақстанның барлық өнеркәсіп елдерінің 5%-ын шығарады. Мақта мен мақта майы, экскаватор түгелдей, трансформаторлардың 98%-ын, фармацевтика өнімдерінің 75%-ы оңтүстікте шығарылады.

Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін мұнай өңдеуші және металлургия өнеркәсіптері анықтайды. Бұл салалар негізінен түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсіптерінің өсуі байқалып отырған Шымкент және Кентау қалаларында дамуда.

Облыс орталығы Шымкент - Қазақстанның инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі өнеркәсіпті - индустриялы қаласы. Қалада 40 өнеркәсіп орыны бар.

Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар:

«ПетроКазахстанОйл Продактс» (мұнай өңдеу, бұрынғы ШНОС) ААҚ және «Интерком Шинм» (шина шығару) ААҚ.

Құрылыс өнеркәсібі - «Шымкентцемент» ААҚ («портланд» маркалы), «Дыш Тиджарет ве Пластик Санаил» АОК Оңтүстік Қазақстандық филоиялы, «Құрылыс материалы»ААҚ.

Химия өнеркәсібі - «Химфарм» ААҚ (дәрі – дәрмек препараттарын шығару).

Жеңіл өнеркәсіп - АФ «Восход» ААҚ (жүн және жартылай жүн маталардан тігін бұйымдары: костюмдер, пальтолар, курткалар т.б.). «Эластик» ААҚ (жоғары сапалы тіптен шұлық-ұйық бұйымдарын тоқу), «Адал» ЖШС (жіп және мата). Тоқыма және тігін өнеркәсіпінде Түркістан қаласының «Яссы» ААҚ, «Тұран» ШШ, «корпорация АК Алтын» ЖШС, «ШТФ - Түкістан»ЖШС елеулі үлес қосуда.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының өнеркәсіп өнімдерінің 83%-ы тоқыма және тігін өндіріс кәсіпорындарының үлесіне тиеді.

«Нимэкс» ЖШС, «Мырзакент» ААҚ, «Мақташы»ААҚ, «Мақтаарал»ААҚ, «Ақ Алтын» АА Қ, «Ынтымақ» ААҚ, «Көктал» ЖАҚ облыстағы шитті мақтаның жалпы көлемінің 67%-ын өндіреді. Сарыағаш ауданында ең табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын - «Фабрика «Сенім»» ЖШС.

Тамақ өнеркәсібі саласында жетекші кәсіпорындардың қатарына «Шымкентмай» ААҚ мен «Қайнар» АҚ енеді, (мақта, күнбағыс, сафлор, соя дәндерін өңдеу, тамаққа пайдаланылатын тазартылған өсімдік майларын, т.б. өндіру).

Сайрам ауданында «Арай» КШС өсімдік майын (тазартылған) өндірумен, ал Қазығұрт айданында «Амангелді»ЖШС үн және үн өнімдерін шығарумен айналысады.

Түлкібас ауданында (МЭК лтд) ЖШС ұн және крахмалды өнімдерді, «Плодоконсервный Юг»ЖШС жеміс – жидек және көкөніс өнімдерін шығарады.

Салқын сусындар мен арақ – шарап өнімдерін шығарушы кәсіпорындар да табысты дамып келеді.

Ең алдымен бұл шетелдік құрал – жабдықтарды пайдаланып, чех және неміс технологиялары бойынша сыраның танымал жеңіл сортын шығаратын бүкіл республикаға әйгілі «Шымкентсыра» ААҚ.

«Бахус – Деронсек»ЖШС кейбір көнерген жүзім алқаптарын жаңартуды іске асырды, осы мақсатпен кәсіпорын Сарыағаш ауданының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілеріне 2002 жылы 10?5 млн, теңге, 2003 жылдың бірінші жартысында 4,5 млн. Теңге қаржы бөлді. Сайрам аударының «Нұр»ЖШС және «Лада»ЖШС жүзім алқаптарын жаңарту және жүзімдіктерді баптау жұмыстарына тиісінше 350 мың теңге және 400 мың теңге бөлді. Мақтаарал ауданындағы «Жуалы» ААҚ, Сарыағаш ауданындағы «АВК Капланбек»ЖШС ірі шарап өндіруші кәсіпорындардың қатарына жатады.

Бүкіл республикаға әйгілі минералды су облыстың «бетке ұстарына» айналды. Көбірек танымал маркаларын Сарыағаш айданындағы «Алекс» және «Асем - ай»ЖШС құяды. Жақында олардың қатарына «Сұлтан ММ» және «Тұран»ЖШС қосылды. Темекі өнімдерін шығарумен ЛЪ ЖАҚ айналысады. 2002 жылы кәсіпорын 1211,0 млн. дана сигарет шығарды.

Кентау қаласына қарайтын аймақта фосфорит, қорғасын, барит және мырыш сияқты пайдалы қазбалардың едеуір қоры бар.

Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын «Южполиметалл» ЖАҚ (қорғасын және т.б. өнімдері); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: «Карданвал» ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктері мен айқастырмалар шығару, «Южмаш – К» ЖАҚ (ұстаханалық престеу машиналары, қосалқы бөлшектер мен құрал — жабдықтар шығару), «Электроаппарат» ЖАҚ (қуатты ажыратқыштар және басқа да өнімдер шығару), «Эксскааватор» ААҚ, «Кетау трансформатор зауаты» ААҚ және «Түркістан - насос» АҚҚ (өнеркәсіптік сорғылар шығару).

«Карданвал»ААҚ - Қазақстан мен Орта Азиядағы УАЗ, ВАЗ, РАФ, «Москвич» жеңіл автомошиналары, «Беларусь» тракторлары үшін кардан біліктері мен айқастырғыштар және агроөндіріс кешендерінің машиналары үшін қосалқы бөлшектер шығаратын бірден - бір кәсіпорын. «Южмаш»ААҚ ұстаханалық - престеу машиналарын, қосалқы бөлшектер мен жабдықтар шығарды.

«Электроаппарат» ААҚ - жоғары вольтті аппартура, күштеп ажыратқыштар және халық тұтыну тауарлар шығарады.

Жеңіл өнеркәсіп орындарының ішінде жетекші орын алатындар: «Восход»АФ ААҚ – саланың ең ірі кәсіпорны, жүн және жартылай жүннен тігін бұймдарын шығаруға мамандандырылған, негізгі өнімдері: ерлер мен әйелдердің сыртқы киімдері, күш құрамдары үшін форма киім, мұнай өңдеуші кәсіпорындардың қызметкерлеріне арнаулы киімдер. ААҚ жанында «Восход и К» және «Восход и ЮГ» ЖШС жұмыс істейді, олар кәсіпорындарды сегпенттеу нәтижесінде ұйымдастырылған. «Восход и К» костюмдер, пальтолар, курткалар, т.б. шығарады, ал «Восход и ЮГ» бұрынғы «Эластик» жоғары сапалы жіптен шұлық тоқумен айналысады.

«Адал»ЖШС тоқыма өнімдері, қазіргі кезде кәсіпорын мақта талшығын өндіруден бастап, дайын өнім шығарумен аяқталатын цикл бағдарламасын жасау үстінде.

«Эластик и К» АҚ - фабрика ай сайын 200 мың жұп жылы шұлық шығарады, бұл бұйымдар мақта - мата және жартылай жүн, махрадан жасалады, ерлерге, балаларға, әйелдерге арналған. Құрылыс материалдарын «Шымкентцемент» ААҚ («портлэнд» маркалы цемент), «Құрылыс материалдары» ААҚ (құрылыстық кірпіш) және басқа да кәсіпорындар шығарады.

«Шымкент май» ААҚ өсімдік майын, тропиктік стеарин (пальма майы), кірсабын шығарады, «Шымкент сыра» ЖАҚ - сыраны сыйымдылығы 50 литрлік КЕГ-ке құюға арналған, қуаттылығы 240 КЕГ/сағаттық жоғары технологиялық желі іске қосылды, ол өнімді 1777 мың декалитрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Шетел шикізаты негізінде жұмыс істейді. Өнімді өткізу, коммерациялық – делдалдық фирма «КиМ» ЖШС арқылы іске асырылады «Визит»АҚ салқын сусындар шығарады.

«Шымкент макарон фабрикасы» ААҚ әртүрлі ұн және макарон өнімдерін береді. «Теріден аяқ киім тігу зауытық ЖШС - ірі қараның терісін өңдеумен айналысатын, дамып келе жатқан кәсіпорын. Аталған кәсіпорындардан басқа қала шаруашылығының әртүрлі саласында көптеген ұсақ және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді.

Коммуналдық қызмет, қалалық және қалааралық жолаушы таситын көлік шаруашылығы дамыған.

ҚР үкіметі қабылдаған іс - шараларға сәйкес келешекте эспортқа бағытталған және импорттың орнын басатын өнімдерді шығарушы кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсетуге басты назар аударылмақшы.

Экономика саласындағы жағдайды барлығынан бұрын облыстың қалалары мен селоларының сыртқы пішіндеріндегі өзгерістерден байқауға болады. Соңғы бір - екі жылдың ішінде Шымкенттің, басқа да қалалары мен аудан орталықтарының көшелері мен алаңдары күрт өзгерді.

Соңғы жылдары еліміздің өмірінде болып жатқан күрделі өзгерістер қоғамның әлеуметтік бейнесінің өзігеруіне де әсер етті. Бірақ біздің адамдарымызды танымал еткен негізгі қасиет – ерекшелік өзгеріссіз қалды.

Ия, біздің берекелі өлкеміздің тұрғындарына тән ерекше «түстік» ділі соңғы жылдардағы қол жеткен елеулі жетістіктеріміздің негізі болып табылады. Ол ерекшелік ғасырлар бойында Ұлтаралық қатынастардың қара қазанында қайнап пісті. Нәтижесінде оңтүстік қазақстандықтардың мінез -құлқында бірден көзге түсетін сипаттар қалыптасты, ол ақкөңілділік пен қонақжайлылық, еңбекқорлық пен ерекше «түстіктік» белсенділік. Мұның барлығы қосылып, өлкенің табиғат сыйлаған бірегейлігін сақтауға және аға ұрпақтың мұраға қалдырып кеткен байлығын көбейте түсуге қабілеттілігінің дәлелі бола алады.

Құрылыс. 2004 жылы тұрғын үй құрылысына жалпы алғанда 2043750 теңге бөлінді. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар үшін коммуналдық тұрғын үй құрылысына қайтарымсыз негізде 393750 теңге, ал несие негізівде 1650000 теңге ипотекалық несиелеу жолымен іске асырыла-тын тұрғын үй құрылысына бөлінген.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің басшылығымен коммуналдық тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы есебінен Шымкент қаласында Желтоқсан көшесіндегі жалпы алаңы 8100 м2 тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталды. Пәтерлер тұрғындардың әлеуметтік қорғалған бөлігіне бөлінді.

Облыстың аудан, қала, ауылдық әкімгершіліктерімен бірлесіп, ипотекалық



Қорытынды

Су – табиғаттың құнды сыйы. Су – өмір бұлағы, өндірістің дамуы үшін қажетті жағдайлаодың бірі. Ол қамқорлықпен қарауды,ысырапсыз жұмсауды қажет етеді. Халық жиі орналасқан аудандарда судың тапшылығы шаруашылықты өркендетуге және адам өміріне қиындық келтіреді.

«Су – тіршілік көзі» деп халқымыз тегін айтпаған. Сусыз тірі организмнің өмір сүруі мүмкін емес. Қазақстандағы өзендердің ластануы ең алдымен айналадағы ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның бірітіндеп жойылуына алып келеді. Сонымен қатар сүзек, сары ауру, тырысқақ және басқа да жұқпалы ауру түрлерінің таралуына, өршуіне себеп болады. Су ресурстарына суқоймаларына, өзендерге, көлдерге және ағын суларға тазартылмаған немесе шала тазартылған өндірістік-тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдық судың ағызылуынан ластанады. Су айдындарының тазалығын сақтаудың ең басты жолы – өндірісте пайдаланылған суды тазартып, қайта айналысқа қосатын тұйық өндірістік цикл тәсілін қолдану. Әзірше мұндай әдісті Жезқазған кен байыту комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты қолдануда. Еліміздің климаты құрғақ, жазы ыстық болуына байланысты оңтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын қосымша суландыруды қажет етеді, сондықтан суармалы егіске суды үнемдеп жұмсаудың маңызы зор.

Қазақстанның батыс аудандарында жаңа мұнай газ кен орындарын игеру тәжірибесінен мұнай тек суды ғана емес, бүкіл айналадағы ортаны да ластайтыны да байқалады. Суға төгілген мұнай су бетіне жайылып, оған оттегінің өтуіне кедергі жасайды. Ал суда оттегі болмағандықтан, ондағы тірі организмдер қырыла бастайды. Су сияқты аса бағалы табиғи байлықты тиімді пайдалану мен қорғау қазір бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналып отыр. Ластанған суды механикалық, химиялық және биологиялық жолдармен тазартады.

Бөгендер Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер, негізінен, халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай төртке бөлінеді:


  1. 50 км2-ге дейін - кіші,

  2. 250 км2-ге дейін-орта,

  3. 1000 км2-ге дейін - ірі,

  4. одан үлкендері - аса ірі бөгендер.

Қазақстанда қазір 4 мындай бөген мен тоған бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км3 түщы су жиналған. Республикада 2 өте ірі, 1 ірі және 6 орта бөген бар, қалғандары - кіші бөгендер. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Акдел, Молодежное, Шерубай-Нүра, Кенгір, Өскемен т.б. Осы аймақтың 20 бөгенінін. су айдыны (акваториясы) 8,7 мың км2-ді (барлық бөгендердің 87%-ы) құрайды, ал | су көлемі 86 км2-ден (барлық бәгендердің 95%-ы) артық. Бөгендердің шаруашылық маңызы зор. Оларды энер-гетикалық, траспорттық, ирригацияльщ, рекреациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулау бағдарлама-ларында пайдаланады.

Шардарада су тастайтын үш құрылым бар. Біріншісі су электр стансасы. Одан секундына 1600 текше метр су өтеді, қазір жөндеуден өткеннен кейін 1800 текше метрге дейін өсті. Екіншісі секундына 200 текше метр су алатын Қызылқұм каналының бас гимараты. Үшіншісі Арнасай апаттық су тастамасы. Жоба бойынша секундына 2160 текше метр су өткізе алады. Қазіргі кезде, Өзбекстанның байлап тастауына байланысты, су өткізу қабілеті секундына 600 текше метр.

Шардара ирригациялық режимде жұмыс істейді, яғни жазды күні пайдалы көлемі түгелдей дерлік егін суаруға пайдаланылады да, қыс бойы су жиналады. Жыл сайын наурыздың аяғында жобалық көлемдегі су жиналады. Шардара толып тұрған кезде, Қызылқұм каналын қосып алғанда секундына 1800 текше метр, Арнасайға секундына 600 текше метр, барлығы 2400 текше метр ғана жібере алады. Шардара су қоймасы баяу толтырылып Сырдарияға құйылып жатқан су көлемі 100 текше метрге дейін азайтылды. Биылғы жылы бізде су тапшылығы байқалады. Шардара су қоймасына құйылып жатқан су баяу жылдымдықпен ағуда. "Достық " арнасына да су көлемі жеткіліксіз". Бүгінде су қоймасындағы көлем 5 млрд 189 млн текше метр суды құрайды. Ал жоспар бойынша 5 млрд 400 млн текше метр суға толтыру керек. Бүгінгі күні су қоймасына секундына 209 текше метр су қосылып жатса, Сырдария арнасына тасталып жатқан су көлемі секундына 100 текше метрді құрайды. Ал Қызылқұм арнасына секундына 60 текше метр су қосылуда.

Сонымен қатар өлкемізде Қаратау жоталарынан бастау алатын Кентау маңында орналасқан «Қарашық», «Тассарай», «Байылдыр», «Итсиген», «Біресек» деген өзендер бар.

«Қарашық» өзені Қарнақ ауылын кесіп өтіп «Ермек-өзен» су қоймасына құяды. Бұл су қоймасының сыйымдылығы 10 млн. куб метр.

«Ермек - өзен» су қоймасы Қарнақ ауыл шаруашылығын суландырады. Хантағы елді-мекенін кесіп өтетін «Тастақ», «Біресек» өзендері «Қосқорған» су қоймасына барып құяды. Одан басқа «Қосқорған» су қоймасы жылына 100 млн. куб метрден астам су қорын, яғни 78 пайыз суды «Кентаукеніштарату» кенішінің кен асты суларынан жинайды. Су жүргізу желілері 286 шақырым, қаланы сумен жабдықтау және канализациялық қызметтерді «Су арналары» мемлекеттік комуналды кәсіпорыны жүзеге асырады. Байылдыр елді мекенін кесіп өтетін «Байылдыр» өзені бастауын тау арасындағы «Аша» деген жердегі «Дөңгелексай» су қоймасынан алады.


Жалпы су шаруашылығына дұрыстап көңіл бөлетін уақыт жетті. Біз барлық өзендердің төменгі ағысында отырмыз. Суымыздың жартысына жуығы көршілерден келеді. Жыл өткен сайын су саласындағы қарым-катынасымыз күрделеніп барады. Суды басқару, оны тиімді пайдалану мен қорғау саласында толыққанды кешенді саясат болуы керек.


Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Т.Байболат, Р.Н.Кенжебаева «География» Алматы 2009, 24-28 б.

2. Ә.С.Бейсенова «Қазақстанның географиялық атласы» Алматы 2010.

3. М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты,тарихтің хаты» Алматы 2009.

«География және табиғат» 20012,№6

4. Н.М. Жақанбаева «География» Алматы 2011,114-116 б.

5. Ә.С. Бейсенова «Экология» Алматы 2000, 154-166 б.

6. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы 2007,114-116 б.

7. «Қазақстан Ұлттық энциклодедиясы» Алматы 2010, 3 том

8.«Қазақ Совет энциклодедиясцы» Алматы 1975, 2 том

9. Атамекен газеті, Алматы 2014, №88

10. Егеменді Қазақстан 2014-2015,№1235 11.05.24.№4377 12.06.28

11. Жетісу газеті .Талдықорған 2015, №82

12. Интернет. Ak orda.kz. сайты

13. А. Басшов «Экология және таза су проблемасы» Алматы 2003,12-25

14. Экологическое состояние окрущающей среды в Республике

Казахстан. Алматы, 1992.

15.ГельдыеваГ.В.,НадыровШ.М.Проблемысовместного использования водных ресурсов Или-Балхашского региона //Материалы международной юбелейной научно-практической конференции. КАЗНИИМОСК. Алматы. – 2010. С.17-25.

16. Водные ресурсы Казахстана в новом тысячелетии. Алматы, Рауан, 2009. С.74-86.

17. Надыров Ш.М., Темирбеков А.Т., Дуйсенбаева К.Д., Опабеков М.А.

Орталық Азиядағы трансшекаралық өзен сулары ресурстарын пайдаланудың экономикалық географиялық мәселелері. //ҚазҰУ хабаршысы, экология сериясы, 2010. №1, 58-59 б.



18. Бейсенова Ә., Самақова. А., Есболов. Т., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, - Рауан. 2011. 301-303 б.





жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау