Барометрлік құбыр және сыйымдылық гидравликалық жапқыш ролін атқарып, сыртқы ауаның конденсаторға кіруіне кедергі болады..
4. Иллюстрациялық материалдар: Виртуалды қондырғылар. Негізгі аппараттар бейнеленген плакаттар.
5. Әдебиет:
Негізгі:
Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.
Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973
Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.
Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.
Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.
Қосымша:
Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.
Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.
6. БАҚЫЛАУ сұрақтар (кері байланысы):
Қандай процесті конденсация деп атаймыз?
Қандай процесті қайнау деп атаймыз?
Қайнаудың қандай түрлерін білесіз?
Конденсацияның қандай түрлерін білесіз?
Тамшылы конденсацияның қабыршақты конденсациядан айырмашылығын атаңыз.
Көпіршікті қайнаудың қабыршақты қайнаудан айырмашылығын атаңыз.
1. Тақырыбы 9: Жылуалмастыру аппараттары.
Механикалық процестер.
2. Мақсаты: Студенттерді жылуалмастыру аппараттарымен және оларды есептеу әдістерімен таныстыру.
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:
Жылуалмастыру аппараттарының жіктелуі.
Жылу балансы және жылуалмасу теңдеулері.
Жылуалмастыру аппараттарын есептеу.
Жылу тасымалдағыштарды қыздыруға немесе суытуға арналған құрылғыларды жылуалмастыру аппараттары деп атайды. Жылутасымалдағыштар ретiнде қысымдары мен температуралары кең диапазонда өзгеретiн әр түрлi тамшылы сұйықтар мен газдар пайдаланылады.
Жұмыс iстеу принциптерiне байланысты жылуалмастыру аппараттары регенеративтi, рекуперативтi және алмастырушы болып үшке бөлiнедi. Рекуперативтi жылуалмастыру аппаратында жылу ыстық жылутасымалдағыштан суық жылутасымалдағышқа оларды бөлiп тұратын қатты қабырға арқылы алмасады. Регенеративтi жылуалмастыру аппараттарында ыстық және суық жылутасымалдағыштар аралық заттың (аккумулятордың) бетiнде кезектесiп жанасқанда жылу алмасады. Регенеративтi жылуалмастарғышта стационарлық емес жылу алмасу процесi өтедi. Араластырушы жылуалмастыру аппараттарында ыстық және суық жылутасымалдағыштар бiр-бiрiмен тiкелей жанасқанда жылу алмасады.
Жылутасымалдағыштардың өзара қозғалу бағыттарына байланысты жылуалмастырғыштарды бiр бағытты (18.1а сурет), қарсы бағытты (18.1б сурет), қиылыс бағытты (18.1в сурет) және аралас бағытты (18.1г сурет) деп бөледi.
Жылу балансының теңдеуi. Жылуалмастыру аппаратында ыстық жылутасымалдағыштан алынған жылу мөлшерi суық жылутасымалдағышқа берiлген жылуға тең. Аппараттан қоршаған ортаға шығындалған жылу мөлшері аз болғандықтан оны ескермеймiз Q0= 0. Сонда жылу балансының теңдеуi былай жазылады
(18.1)
Мұнда G1, G2 – ыстық және суық жылутасымалдағыштардың массалық шығыны; сР1, сР2 – ыстық және суық жылутасымалдағыштардың тұрақты қысымдағы жылусыйымдылықтары; t1¢, t1¢¢ - ыстық жылутасымалдағыштың аппаратқа кiрердегi және одан шыққандағы температуралары; t2¢, t2¢¢ - суық жылутасымалдағыштың аппаратқа кiрердегi және одан шыққандағы температуралары; Q – ыстық жылутасымалдағыштан суық жылутасымалдағышқа алмасқан жылу мөлшері.
(18.1) теңдеуiндегi W = GсP өрнегі жылутасымалдағыштың толық жылусыйымдылығы деп аталады. Сонда
(18.2)
бұдан
(18.3)
(18.3) теңдеуiнен жылутасыталдағыштардың толық жылу-сыйымдылықтарының өзара қатынасы олардың температураларының өзгерулеріне керi пропорционал екенiн көремiз. Былайша айтқанда жылутасымалдағыштың толық жылусыйымдылығы көбейген сайын, оның температурасы аз өзгередi.
Достарыңызбен бөлісу: |