- Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-XІІ заңына сәйкес радиациалық тәуекел аймағында тұрғаны үшін - 10 күнтізбелік мерзім.
16) жұмыскерлерге Кодекске сәйкес әлеуметтік демалыстар беру;
17) Субъектіден босаған жұмыскерлер үшін әлеуметтік зардаптарды жеңілдету мақсатында оларға жұмыстан босату туралы хабарлама бергеннен кейін өздіктерінен жұмысқа орналасу проблемаларын шешу құқығын беру үшін келісім бойынша бір ай мерзім уақытында аптасына 1 күн және әр жұмыс күні ішінде 2 сағаттан уақыт беру.
8.5. Жекешелендіру объектісін (Субъекті) сату-сатып алу келісімшартын жасағанда Сатып алушы осы Субъектіде еңбек міндеттерін орындаумен байланысты жұмыскерлер мен қызметкерлерге келтірілген жарақат алу немесе денсаулығына келген басқа да зиян бойынша залалды өтеуге міндеттеме алады.
8.6 Мереке күндері немесе мереке күндерінің алдында Жұмыс беруші және жұмыскерлердің өкілдері өндіріс озаттарына құрмет көрсету үшін салтанатты жиын өткізу мен оны ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырады.
9. Әйелдер еңбегі
9.1. Тараптар ұжымдық шартта келесі жағдайды қарастыру қажеттілігін құптайды:
1) Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларын негізге ала отырып жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа жетпеген бала (он сегіз жасқа келмеген мүгедек бала) тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналармен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған адамдармен Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол бермеуді;
2) зиянды және (немесе) ауыр жұмыстарда әйелдер еңбегін пайдалануды қысқарту үшін тиісті шаралар қолдану. Зиянды және (немесе) ауыр жұмыстарда істейтін әйелдерді мүмкіндік болған жағдайда немесе бос орын пайда болған кезде басқа кәсіпке ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды;
3) Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге, жаңа туған баланы асырап алған әйелдерге (еркектерге) олардың өтініштері негізінде толық емес жұмыс күнін белгілеуді;
4) Жұмыс беруші медициналық қорытындысы бар жүкті әйелді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлар әсер етпейтін жұмысқа орташа еңбек ақысын сақтай отырып ауыстыруды;
5) үш және одан да көп баласы бар әйелдерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын жазғы мерзімде немесе оларға ыңғайлы уақытта беруге тиісті.
9.2. Жұмыс беруші Субъектіде жұмыс істейтін әйелдерге Кодекс нормаларына және «Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы» Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 бұйрығына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер беруге міндеттенеді.
10. Жастар еңбегінің жағдайы және әлеуметтік кепілдіктер
10.1. Жұмыс беруші:
1) он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды жұмысқа қабылдағанда Кодекс нормаларын және «Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы» Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 бұйрығын басшылыққа алады;
2) 30 жасқа толмаған жас мамандарды, сондай-ақ Субъектіге жіберілген жоғарғы және орта кәсіби оқу орындарының түлектерін олардың өтінімдері бойынша жұмыспен қамтуға кепілдік береді;
3) кәсіби білім беру мекемелерімен жас жұмыскерлер мен мамандар дайындау, студенттер мен оқушылардың өндірістік практикадан өткізу бойынша бірлесе қызмет етуге шарт жасасады.
11. Әлеуметтік кепілдіктер, өтемақылар мен жеңілдіктер
11.1. Саланың жұмыскерлеріне Кодекске сәйкес әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу тәртібі мен жағдайы ұжымдық шартпен және (немесе) Жұмыс берушінің ішкі актілерімен, Субъекті жұмыскерлерін әлеуметтік қолдау туралы ережелерімен бекітіледі.
11.2. Жұмыстары жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатындағы жұмыстар әлде қызмет көрсететін учаскесі шегінде қызметтік сапарларда жүретін Субъектінің жұмыскерлеріне Жұмыс беруші Кодекстің 130-бабына сәйкес Ұжымдық, Еңбек шарттарымен бекітілген тәртіпте өтемақылық төлемдер төлейді. Мұндай жұмыскерлердің лауазымдары (мамандықтары) Ұжымдық шартпен анықталады.
11.3. Субъектінің меншікті қоры есебінен, заңнамалармен қарастырылған басқа да кіріс көздерінен мыналарды жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген көлемде еңбек міндеттерін орындау барысында жұмыскерлерге келтірілген залал, денсаулығына келтірілген зақымдардың орнын толтыру үшін ақшалай сомалар төлемі жүргізіледі;
Соғыс ардагерлері, өндірісте қаза тапқан жұмыскерлердің отбасы, мүгедектер, зейнеткерлер, 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасы, қайтыс болған жұмыскерлердің отбасы, еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмектің әр түрі көрсетіледі;
Зиянды жағдайдағы еңбекке тартылған жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін тегін емдік-профилактикалық тамақтар беру жүзеге асырылады;
Штаттың немесе жұмыскерлер санының қысқаруына байланысты, жұмыстан босағандар үшін тұрақты жұмыс тапқанға дейін жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған кезеңінде емдеу мекемесінің қызметін пайдалану мүмкіндігі сақталады.
11.4. Субъектіде еңбекке ақы төлеу қоры есебінен жұмыскерлердің әлеуметтік қорғаныштылық деңгейін көтеру үшін ұжымдық шарттарда мыналар қарастырылған:
1) Жұмыс берушінің қаражаттар есебінен, соның ішінде көрсетілген қызметтерден Жұмыс берушімен алынатын қаражаттар есебінен;
- жұмыскерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек дамалысын берген кезде негізгі 2 (екі) тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық еңбекақы) көлемінде сауықтыру үшін материалдық көмек көрсету;
- жұмыскерді міндетті медициналық сақтандыру.
2) Кәсіподақ жарнасы есебінен:
- зейнеткерлікке шыққан кезде негізгі айлық тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық еңбекақы) көлемінде бір реттік жәрдемақы төлеу;
- зейнеткерлікке шыққан жұмыскерге осы саладағы еңбек өтілі 10 жылдан асқан болса әлеуметтік көмектерді (медициналық қызмет және т.б) алу мүмкіндігін сақтау;
- ұйымнан зейнетке кеткен зейнеткер қайтыс болған жағдайда жерлеу қызметтеріне кеткен шығынды төлеу;
- Мемлекеттік наградаға ие болған, Мемлекеттік наградаға жатпайтын озаттық белгісі бар жұмыскерлерді бір реттік көтермелеу, сондай-ақ ұйым ішінде марапаттаудың басқа да түрлерін қолдану;
- мерекелік даталар мен кәсіби мейрамдар және мерейтойлар (50, 60 жас) кезінде жұмыскерлерді бір реттік көтермелеу.
11.5. Жұмыс беруші егер бюджетте осы мақсатқа қажетті қор болған жағдайда жұмыскерлер арасында мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру үшін Кәсіподақ органдарына ақша қорын бөле алады.
11.6. Кәсіподақ қаржы қоры бар болса мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастырады, ал салалық Кәсіподақтың орталық органдары осындай іс-шараларды халықаралық және республика көлемінде ұйымдастырады.
11.7. Әлеуметтік кепілдіктер, өтемақылар және жеңілдіктер ұйымның қаржылық жағдайын есепке ала отырып беріледі.
12. Жұмыспен қамту
12.1. Жұмыскерлерді әлеуметтік тұрғыдан қорғау мақсатында тараптар мынаған келісті:
1) жұмыскерлерді штаттың немесе жұмыскерлер санының қысқаруына байланысты жұмыскерлерді жұмыстан шығаруды тек оларды жұмысқа орналастырудың барлық мүмкіндіктері таусылған кезде мәжбүрлі шара ретінде қолдану;
2) Кәсіподақ мүшесі болған жұмыскерді жұмыстан шығару Субъектінің Кәсіподақ ұжымының дәлелді пікірлерін есепке ала отырып, мынандай жағдайларда шығарады:
- Субъекті жұмыскерлерінің саны немесе штаттың қысқаруы;
- Жұмыскердің атқарып отырған қызметіне немесе бліктілігінің жетіспеушілігінен істеп отырған жұмысына сәйкес еместігі;
- еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты Жұмыскердің берген жұмыстан бас тартуы;
3) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген жұмыскерлер (зейнеткерлік құқығына үш жыл қалған), отбасында ерлі-зайыптылардың біреуінде жұмыссыздық статусы бар, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі баласын (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) тәрбиелеп отырған жалғызбасты әйел, сондай-ақ осы санаттағы балаларды ата-анасынсыз тәрбиелеп отырған адамдар Субъектіде штаттың қысқаруы немесе жұмыскерлер санының қысқаруына байланысты жұмысқа орналастырмай тұрып жұмыстан шығаруылуы мүмкін емес.
12.2. Жұмыс беруші жоғарыда аталған жұмыскерлер санатын Субъекті таратқан кезде олардың жұмысқа орналасуларына ықпал жасайды.
13. Біліктіліктің салалық шеңберін бекіту тәртібі
Кодекстің 117-бабы 4-тармағына сәйкес Салалық комиссия Қазақстан Республикасының автожолдар саласында (бұдан әрі - ҚРС) біліктіліктің салалық шеңберін бекітеді және қарастырады;
ҚРС Ұлттық біліктілік шеңберінде (бұдан әрі - ҰБШ) әзірленеді, онда біліктіліктің 8 (сегіз) деңгейі бар, ол Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңымен анықталған Еуропалық білім шеңберіне сәйкес келеді;
ҚРС үздіксіздік, сабақтастық, бірізділік және жұмыскерлердің құзыреттілік, біліктілік, дағды және білім принциптеріне сәйкес әзірленеді (кәсіби қызмет аясы және біліктілік деңгейінің ұлғаюы бойынша еңбек қызметі түрлеріне байланысты).
ҚРС Ұлттық шеңбер құрылымына сәйкес рәсімделген шеңберлік конструкцияны білдіреді. ҚРС маманның біліктілігін орындалатын жұмыстың күрделілігі және пайдаланылатын білімнің, біліктіліктің және құзыреттіліктің сипатына орай жіктейді. ҚРС кәсіби және жеке құзыреттілікке, білімге, біліктілік пен дағдыға қойылатын талаптарды талдап сипаттайды.
Әзірлеушілер ҚРС Салалық комиссия бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде ҚРС бір данасын мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды нұсқаларын Салалық комиссия және Салалық кеңес хаттамаларымен бірге тиісті қызмет аясындағы мемлекеттік органға жібереді.
14. Қауіпсіздікті және еңбекті қорғау жөніндегі Кеңес қызметі және оны қалыптастыру тәртібі
Жұмыс берушінің және (немесе) жұмыскердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес (бұдан әрі – Өндірістік кеңес) құрылады. Оның құрамына тепе-теңдік негізінде Жұмыс беруші өкілдері, жұмыскерлер өкілдері, сондай-ақ техникалық еңбек инспекторы кіреді.
Өндірістік кеңес құрамы жұмыскерлер өкілдері және Жұмыс берушілердің бірлескен келісімімен бекітіледі.
Өндірістік кеңесті Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілдерінін кеңес мүшелері кадрларды ауыстыру (ротация) негізінде екі жыл мерзімге сайланған төраға басқарады. Өндірістік кеңестің шешімі Жұмыс беруші мен жұмыскер үшін міндетті болып табылады.
Өндірістік кеңес еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік травматизм мен кәсіби аурулардың алдын алу жөніндегі Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы бірлескен іс-әрекетті ұйымдастырады, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарында еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауды тексерулерін ұйымдастырады. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың кандидатурасын Кәсіподақ ұсынады, ол болмаған кезде – жұмыскерлердің жалпы жиналысында ұйымның жұмыскерлері қатарынан көпшілік дауыспен сайланады.
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың кандидатурасы Өндірістік кеңестің шешімімен бекітіледі. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың статусы, құқығы мен міндеттері, сондай-ақ оның бақылауды жүзеге асыру тәртібі Өндірістік кеңестің шешімімен анықталады.
15. Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оны шешу жөніндегі Кеңес қызметі және оны қалыптастыру
Саланың ұйымдарында ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мақсатында Жұмыс берушінің және (немесе) жұмыскерлердің әлде олардың өкілдерінің бастамасы бойынша еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылуы мүмкін.
Кеңес Саладағы еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу жөнінде ұсыныстар мен әдістер әзірлейді.
Кеңес шешімі ұжымдық еңбек даулары және шиеленістер, ереуілдердің туындауына әкеліп соғатын себептер мен жағдайларды болдырмау шаралары бар нұсқаулық сипатта болады.
Салалық деңгейде Кеңес құрылмаған жағдайда Кеңес функциясын Салалық комиссия әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жұмыстар шеңберінде жүзеге асырады.
16. Әлеуметтік-еңбек даулары мен ереуілдердің алдын алу және оларды бодырмау бойынша іс-шаралар
16.1. Тараптар Келісімнің әрекет ету мерзіміне ұжымдық еңбек даулары мен ереуілддердің туындауына әкеліп соғатын себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қабылдауға келісті.
16.2. Қауіпті өндірістік нысан қатарына жатқызылған ұйымдарда Тараптар еңбек дауларын тек міндетті түрде татуластыру процедуралары арқылы шешулері керек және нәтижесінде заңсыз деп табылатын іс-әрекетке жол бермеулері керек.
16.3 Министрлік Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия жұмысының шеңберінде әлеуметтік тұрақтылықтың төмендеуінің себебі болып табылатын сала ұйымдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай үрдісін талқылайды.
16.4. Жұмыс беруші:
1) ұйымның Жұмыскерлерімен тікелей немесе өкілдері арқылы Кодексте және ұйымның ішкі актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайда әлеуметтік - еңбек мәселелері жөнінде консультациялар мен келіссөздер өткізеді;
2) Салада жұмыс істейтін мердігерлік және қосалқы мердігерлік компаниялармен еңбек және өндіріс қатынастары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
3) еңбек дауларын сотқа жеткізбей реттеудің механизмдері ретінде медиация және омбудсмен институттарын жұмылдырады.
16.5 Кәсіподақтар:
1) Жұмыс берушіге еңбек тәртібін нығайту, ұжымдық шарт ережелерін түсіндіру мәселелерінде ықпал етеді;
2) ұжымдық еңбек дауларын шешу кезінде барынша татуластыру процедураларын, еңбек арбитражын, делдалдықты пайдаланады;
3) Келісімнің әрекет ету мерзімінде Жұмыс беруші өзіне алған міндеттерді орындаған жағдайда ереуілдер өткізуге жол бермейді;
4) Жұмыс берушіге Кәсіподақтың алқалық органдарының шешімі туралы ақпарат береді, ұжымдық іс-әрекеттер туралы уақытында ескертіп отырады;
5) өз бастамасы бойынша жұмыс қарқынын төмендету, өндірістің барысына ереуілдер және басқа да бұзушылықтар ұйымдастыруға жол бермейді. Төтенше сипаттағы ескерту шараларына (ашығу, жұмысты тастау және (немесе) жұмысты тоқтату, жұмысқа шықпау және т.б.) жұмыскерлер немесе олардың өкілдері тек Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қарастырылған жағдайда татуластыру процедураларын өткізгеннен кейін ғана әрекет жасай алады.
17. Келісімді, ұжымдық шартты әзірлеу және оны қабылдау жөніндегі бақылау тобының құзыреттілігі мен қызметі, оны қалыптастыру тәртібі
Келісімге (ұжымдық шартқа) әлеуметтік әріптестік Тараптарының өзара міндеттемелерін толық енгізулеріне бақылауды жүзеге асыру мақсатында келісімді әзірлеу және қабылдау үшін бақылаушылар тобы (бұдан әрі - Топ) құрылады.
Топ әлеуметтік әріптестік Тараптары өкілдерінен тең құрамда қалыптастырылады және Салалық комиссия немесе Жұмыс берушілер өкілдері мен жұмыскерлер өкілдерінен құрылған комиссия шешімімен бекітіледі.
Топ өз қызметін Келісімді (ұжымдық шартты) әзірлеген және оған қол қойған мерзімде жүргізеді. Топты топ мүшелерінің біреуі басқарады.
Салалық комиссия Топтың толыққанды жұмыс істеуіне ықпал етеді, оған қажетті мәліметтерді береді.
Кодекс нормалары мен Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін Топтан түскен ұсыныстар мен ескертулер Салалық комиссияның (ұйым деңгейінде жұмыскер мен Жұмыс берушінің өкілдері) міндетті түрде қарауына жатады.
Бұл ұсыныста еңбек заңнамаларымен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайы жақсырақ Салалық комиссия (ұйым деңгейінде жұмыскер мен Жұмыс берушінің өкілдері) үшін кепілдемелік сипат алады.
Топ мыналарға бақылау жасауды жүзеге асырады:
Әлеуметтік әріптестік Тарапттарының салалық келісімді (ұжымдық шартты) әзірлеу бойынша келіссөздер басталғаны туралы жазбаша ұсынысты уақытында қарау;
келіспеушілік хаттамасы болған жағдайда Кодекспен бекітілген мерзімде осы хаттаманы жасау;
Салалық келісім (ұжымдық шарт) жасаған кезде келіссөз жүргізу, әзірлеу мерзімі тәртіптерін сақтау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
Салалық келісімге (ұжымдық шартқа) Кодекспен қарастырылған ережелерді енгізу;
Салалық келісімге (ұжымдық шарт) енгізу үшін ұсыныстар нәтижесін қарастыру;
келіссөздер өткізу мерзімі және қол қойылған салалық келісімді жариялау, сондай-ақ ұжымдық шартты еңбек инспекциясының тиісті органына мониторинг жасау үшін тапсыру;
Салалық комиссия жұмысын (ұйым деңгейіндегі жұмыскерлер өкілдерін) ұйымдық қамтамасыз ету;
әлеуметті әріптестік тараптарының келіссөздер жүргізу үшін қажетті ақпараттарды уақытылы беру.
17.8. Топ өз қызметінде бейтараптылық және әділдік принциптерін басшылыққа алады.
18. Кадрлар әлеуеттілігі мен біліктіліктерін дамыту жөніндегі үйлестіру орталығының қызметі және оны қалыптастыру тәртібі
18.1. Персоналдардың білімдерін дамыту және сақтау мақсатында Тараптар кадрлық әлеует пен біліктілікті дамыту жөніндегі Үйлестіру орталығының (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) қажет екені туралы мәмлеге келді.
18.2. Үйлестіру орталығы Саланы білікті кадрлармен және қажетті біліктілік стандарттарымен қамтамасыз ету жұмысын үйлестіретін консультациялық - кеңестік орган болып табылады
18.3.Үйлестіру орталығының негізгі міндеттері мыналар:
- кәсіби стандарттарды жаңашалау басымдылығы бойынша ұсынымдары;
- білім беру бағдарламаларын келісу бойынша ұсынымдар;
- қайта өңделген білімді бағдарламалар бойынша коментариилер;
- Салалық біліктілік шеңберін қолдау және әзірлеу бойынша ұсыныстар;
- салалық білім беру мекемелерін аккредитациялау бойынша ұсынымдар;
- талап етілетін ауқымда орта және ұзақ мерзімді даму тенденциясын бағалау бойынша ұсыныстар;
- Сала ұйымдарының өндірістік персоналдарын дайындаудағы стандарттар, инженерлік-техникалық персоналдардың біліктіліктерін көтеру;
- кадрларды дайындау және қайта дайындау мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, сала жұмыскерлеріне қойылатын талаптар негізінде кәсіби оқытудың мазмұнын жетілдіру.
18.4. Үйлестіру орталығы қалыптастырылмаған жағдайда оның функциясын Министрлікте әрекет ететін Салалық кеңес жүзеге асырады.
19. Әлеуметтік қорғау және кепілдікті қамтамасыз ету
Министрлік және Жұмыс беруші Кодексте және келісімдерде бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырудағы Кәсіподақ құқығын мойындайды.
Қандай да бір органдар мен ұйымдарға Кәсіподақты тікелей немесе жанамалай бағындыру мақсаты болып табылатын және олардың Қазақстан Республикасының «Кәсіби одақтар туралы» заңымен және Кәсіподақ Жарғысымен қарастырылған қызметіне кедергі болатын кез келген іс-әрекетке тыйым салынады.
Министрлік, Жұмыс беруші Кәсіподаққа Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қорғалатын ақпараттардан басқа Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғаумен байланысты ақпараттарды береді.
Кәсіподақ Жұмыс берушіге сайланбалы Кәсіподақ ұйымының мүшелері туралы хабардар етуі керек.
Негізгі жұмыстарынан босатылмаған сайланбалы Кәсіподақ ұйымының мүшелері олар мүше болып табылатын Кәсіподақ ұйымының дәлелді пікірлері болмай тәртіптік жазаға тартылмайды. Негізгі жұмысынан босатылмаған басшы (төраға) жоғары тұрған Кәсіподақ ұйымының дәлелді пікірлері болмай тәртіптік жазаға тартылмайды.
Кәсіподақтың дәлелді пікірлері Жұмыс берушіден өтінім түскен күннен бастап үш күн мерзім ішінде берілуі тиіс.
Негізгі жұмысынан босатылмаған сайланбалы Кәсіподақ ұйымының мүшелерімен еңбек шартын бұзу олар мүше болып табылатын Кәсіподақ ұйымының дәлелді пікірлерін есепке алып заңды тұлғаның таратылуы немесе Жұмыс берушінің қызметінің тоқтатылуы жағдайынан басқа еңбек шартын бұзудың жалпы тәртібін сақтай отырып жүргізіледі.
Негізгі жұмысынан босатылмаған Кәсіподақ органының басшысы (төраға) Кәсіподақтың жоғары тұрған органының дәлелді пікірінсіз Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылуы мүмкін емес, тек заңды тұлғаның таратылуы немесе Жұмыс берушінің қызметінің тоқтатылуы жағдайында.
Кәсіподақ органы және Кәсіподақтың жоғары тұрған органының дәлелді пікірі Жұмыс берушіге үш жұмыс күні ішінде тапысырылуы тиіс.
Кәсіподақтың жоғары тұрған органының дәлелді пікірін есепке алу жұмыскерге тәртіптік жаза беру және сайланбалы Кәсіподақ ұйымының мүшесімен еңбек шартын бұзу туралы Жұмыс берушінің актісін шығару Кодекске және Қазақстан Республикасының «Кәсіби одақтар туралы» заңымен қарастырылған кейбір ерекшеліктерге сәйкес жүргізіледі.
Ұжымдық шарттарда сайланбалы және басқа да мүшелері үшін басқа да кепілдіктер қарастырылуы мүмкін.
Кәсіби одақтар қатарында болу азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамаларымен кепілдік беретін еңбек, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқықтары және бостандығын қандай да бір шектеуге немесе артықшылықтар беруге жол бермейді.
Жұмысқа қабылдау кезінде, жұмыс бабында жоғарылату кезінде жұмыскерді кемсітушілікке жол берілмейді, сондай-ақ жұмыскердің кәсіби одаққа мүше болғаны немесе одан шыққаны үшін онымен еңбек шартын бұзуға тыйым салынады.
Адамдарға Кәсіподақтар жиналыстарында сөйлемеу туралы, бір Кәсіподақтан шығып екіншісіне кіру әлде Кәсіподақты таратып жіберу туралы қоқан-лоқы немесе басқадай да заңнан тыс әрекеттермен ықпал етуге тыйым салынады.
Бұдан басқа Жұмыс беруші:
Салада Кәсіподақтың және оның құрылымдық ұйымдарының қызметінде заңмен бекітілген құқықтары мен кепілдіктерін сақтайды;
Кәсіподақ өкілдеріне, оның филиалдары мен өкілдіктеріне, Кәсіподақтың басқа да ұйымдарына (аумақтық) бекітілген тәртіпті сақтай отырып, осы Келісіммен қарастырылған міндеттерді орындау үшін Кәсіподақ мүшелері жұмыс істейтін кәсіпорынның кәсіби одақтарына, жұмыскерлердің жұмыс орындарына келулеріне кедергі келтірмейді;
Тараптардың келісімі бойынша Кәсіподаққа ақысыз пайдалану үшін Жұмыскерлер мен олардың отбасыларына демалысты және сауықтыруды ұйымдастыру үшін материалдық ресурстар, техникалық құралдар және жылжымайтын нысандар береді;
Тараптардың келісімі бойынша және Кәсіподақ мүшесі болып табылатын жұмыскерлердің өтініштері болған жағдайда Жұмыс беруші жұмыскердің еңбекақысынан Кәсіподақ жарнасын Кәсіподақтың есепшотына аударып отырады;
Кәсіподақ оқуында, ұжымдық шартпен және келісіммен қаралған жағдай мен тәртіпте Кәсіподақ шақырған съезд (конференция) делегаты ретінде және олардың пленум, президиумдарына қатысу сияқты қоғамдық жұмыстарды орындау үшін Кәсіподақ органдарының мүшесін негізгі жұмыстарынан босатады.
Кәсіподақ органының сайланбалы лауазымына босатылған тұлғалар үшін олардың уәкілеттілік мерзімдері аяқталған соң бұрынғы жұмысына (лауазымына), ал ол жұмыс болмаған жағдайда – сол ұйымда тең бағалы жұмыс (лауазым) береді;
Кәсіподақтың бастауыш ұйымына сайланған босатылған Кәсіподақ жұмыскерлеріне ұжымдық шартта тиісті ережелер болған жағдайда, сондай-ақ ұйымның жұмыскерлері үшін қарастырылған әлеуметтік-еңбек құқықтары мен жеңілдіктерді береді;
Кәсіподаққа, оның филиалдары мен өкілдіктеріне, бастауыш ұйымдарына олардың алдын ала берген өтінімдері негізінде мәжілістер өткізу үшін бос үй-жайларды өтеусіз береді, сондай-ақ ақпараттарын жаппай көруге болатын орындарға орналастыруға мүмкіндіктер береді;
Кәсіподақ мүшелеріне Кәсіподақ жарғысымен анықталған, ұжымдық шартта бекітілген тәртіпте жұмыс уақытында еркін жиналыс өткізуге құқық береді;
Субъектінің ауқаттылығы (банкроттығы), қайта құру немесе тарату кезінде жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау.
Тараптар Сала экономикасын тұрақтандыру, Субъектіні қаржылай сауықтыру, өндірістің құлдырауының алдын алу, бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіби оқытуды, кадрларды дайындау және қайта даярлауды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауға жағдай жасайды;
Жұмыскерлердің өкілдері Субъектінің банкроттығы жөніндегі іс бойынша арбитраждық сот процессіне қатысады;
Субъектінің атауы өзгерген жағдайда, Субъектінің басшысы ауысқан кезде Ұжымдық шарт өз әрекетін сақтайды.
Субъектіні қайта құру (бірігу, қосылу, бөліну, ерекшелену, өзгерту) кезінде Ұжымдық шарт қайта құру мерзімінің барлық кезеңінде өзінің әрекет сақтайды.
Субъектінің меншік иесі ауысқан кезде Ұжымдық шарт меншік құқығының ауысуы туралы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш ай мерзімге дейін өз күшін сақтайды.
Субъекті тараған кезде Ұжымдық шарт өзінің әрекетін тарату уақыты біткенге дейін сақтайды, яғни барлық жұмыскерлермен еңбек қатынасы тоқтатылған мерзімге дейін.
Субъектінің меншік иесінің ауысуы Субъктінің жұмыскерлерімен еңбек шартын бұзуға негіз бола алмайды. Меншік иесі ауысқан кезде меншік құқығының ауысуы туралы мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін жұмыскерлер санының немесе штаттың қысқаруына жол берілмейді.
Субъектінің ведомостволық бағыныстылығы (бағынысты) өзгерген жағдайда, сондай-ақ оның қайта құрылғанында еңбек қатынасы жұмыскердің келісімі бойынша жалғаса береді.
Жекешелендірілетін Субъекті жұмыскерлерін кепілдікпен қамтамасыз ету
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 01 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасының заңына, басқа да нормативтік және заңнамалық актілерге сәйкес жекешелендірілген Субъектінің жұмыскерлерін кепілдікпен қамтамасыз ету.
Конкурстық негізде мемлекеттік мүлікті сату кезінде Тараптар конкурс талаптарына келесі ережелерді енгізу жөніндегі шараларды қабылдайды:
- 70% кем емес жұмыс орындарын сақтау;
- жұмыскерлерді қайта даярлау және (немесе) біліктіліктерін көтеру;
- Субъекті қызметінің профилін 3 жыл мерзімге дейін сақтау;
Субъектінің мүліктік кешендерін жекешелендіру процессінде құрылған акционерлік қоғамдар жекешелендіруге дейінгі ұжымдық шарттарда болған міндеттерді сақтау және олардың міндеттері бойынша жауапкершілікте болу;
Субъектінің мүліктік кешендерін жекешелендіруден кейін Субъекті жұмыскерлерімен еңбек қатынасы жұмыскердің келісімі бойынша әрі қарай жалғаса береді немесе Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес тоқтатылады.
Кәсіподақ қызметінің құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету
Тараптар келісті:
жұмыс уақыты, еңбекке ақы төлеу жүйесі, материалдық көтермелеулерге қатысты Жұмыс берушінің басқарушылық шешім қабылдауын Кәсіподақпен келісу;
жекешеледіру, банкрот болу жөніндегі комиссиялар, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және осы Келісім талаптарының сақталуы жөніндегі жұмыс тобы құрамдарына Кәсіподақ өкілдерін енгізу және кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерді, ұжымдық шартты және осы Келісімді бұзушылық туралы Кәсіподақтың ұсынымын кідіртпей қарау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының «Кәсіби одақтар туралы» заңына сәйкес Субъектінің бухгалтериялары арқылы Кәсіподақ жарнасын қолма-қол жасалмайтын төлемдер жүргізуге кедергі жасамау;
Кәсіподақ өкілдеріне жарғылық тапсырмаларды жүзеге асыру және Кәсіподақтың атқарушы органдарының тапсырмаларын орындау үшін Субъекті және Кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына кедергісіз кіруге құқық беру;
Субъектінің сайланбалы Кәсіподақ ұйымына бөлме, оргтехника, байланыс құралы, транспорт тегін беру, ал Кәсіподаққа Кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғайтын мәселелер бойынша ақпарат беру;
Ұйым жұмыскерімен қатар сайланбалы Кәсіподақ ұйымының жұмыскеріне Субъектінің қоры есебінен жүзеге асырылатын ұжымдық шартта анықталған тәртіппен құқық, жеңілдіктер және кепілдіктер беру.
20. Еңбек заңнамаларының сақталуына қоғамдық бақылау
Кодекстің 155-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларын сақтауға қоғамдық бақылауды Кәсіподақ осы Келісіммен және ұжымдық шартпен бекітілген тәртіпте жүзеге асырады.
Еңбек заңнамаларының сақталуына жасалатын қоғамдық бақылаудың мақсаты мен міндеттері заңдылықтың сақталуына ықпал жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек заңнамаларын бұзушылықтың алдын алу және оларды жою болып табылады.
Еңбек заңнамалары нормаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру үшін Кәсіподақ қоғамдық бақылау қызметін құруы мүмкін.
Кәсіподақ осы Келісімнің және ұжымдық шарттың орындалуы туралы ақпаратты, келісім және татуластыру комиссиясының жұмысының барысы туралы сұрауға құқығы бар.
Кәсіподақ заңнамаға сәйкес өз мүшелерінің мүдделерін қорғау мақсатында Жұмыс берушімен келісе отырып біріккен жоспарлы тексерулерге қатысу үшін еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен өз ара әрекет жасайды.
Кәсіподақ тарапынан қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың қосымша механизмдері ұжымдық шартта қарастырылуы мүмкін.
21. Келісімнің орындалу барысына бақылау жасау
21.1. Келісімнің орындалу барысына бақылау жасауды тараптар құрған комиссия жүзеге асырады. Келісімнің орындалуын тиісті деңгейде бақылау функцияларын Салалық комиссияға, тікелей Келісім қатысушыларына немесе Жұмыс берушінің атына сайланбалы Кәсіподақ органы жүргізеді.
21.2. Комиссия жарты жылда бір рет Келісімнің орындалуын қарастырады және оның нәтижесі туралы Кәсіподақ ұйымын хабардар етеді, ол өз кезегінде оны Субъектіге жеткізеді. Келісім ережелерін бұзушылық немесе оны орындамау анықталған кезде Салалық комиссия Келісімді бұзған Субъектіге жазбаша түрде ұсыныс береді, олар өз кезегінде апталық мерзім көлемінде қажетті консультациялар өткізіп, шешім қабылдаулары керек.
22. Тараптардың жауапкершілігі
22.1. Өздеріне алған міндеттемелерін бұзған немесе орындамаған Келісім Тараптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
22.2. Кәсіподақ құқығын және еңбек заңнамаларының нормасын бұзған Жұмыс берушінің лауазымды тұлғасы Кәсіподақтың өтініші бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Қорытынды ереже
Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және осы келісімнің 2.1. тармағында көрсетілген мерзімге дейін әрекет етеді, оның ішінде дауларды шешу тәртібіндегі жауапкершілікке қатысты – ол толық шешілгенге дейін және қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінде хабарландыру тәртібімен тіркелуге жатады.
Келісімге берілген келесі қосымшалар нұсқаулық сипатқа ие:
1) ұйымдарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы типтік ереже (№ 1 қосымша);
2) Саланың ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы типтік ереже (№ 2 қосымша);
3) Саланың Жұмыс беруші мен жұмыскерлері арасындағы біріңғай ішкі коммуникациялар жүйесі туралы типтік ереже (№ 3 қосымша);
4) Салалық Кәсіподақтағы Қоғамдық бақылау қызметі туралы типтік ереже (№ 4 қосымша).
Өздеріне алған міндеттемелерді бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және осы Келісімге сәйкес жауапкершілікте болады.
Келісімнің орындалуына бақылау жасауды әлеуметтік әріптестік Тараптары жүзеге асырады. Салалық комиссия өздері бекіткен тәртіпке сәйкес Тараптардың Келісім ережелерін бұзуы туралы мәселені қарауға және оларды жою үшін шаралар қабылдауға құқылы.
Келісімді жүзеге асыру кезіндегі даулы мәселелер Комиссия отырысында, ал қайшылық болған жағдайда – Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
Келісім үш данада бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілінде жасалған және қол қойылған. Салалық ұйымдарда Жұмыс беруші мен Кәсіподақ бірлесе отырып Келісімнің қол қойылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде жұмыскерлерге жетуін қамтамасыз етеді, Келісімнің мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Салалық деңгейде уәкілетті мемлекеттік орган болып табылатын Министрлік Келісімнің ресми жариялануын қамтамасыз етеді.
ТАРАПТАРДЫҢ УӘКІЛЕТТІ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚОЛДАРЫ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Республикасы инвестициялар
және даму министрі ________________ Ж. Қасымбек
ЖҰМЫС БЕРУШІ
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ,
Басқарма төрағасы ________________ Е. Қизатов
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӨКІЛІ
Қазақстан Республикасы
«Қазақстандық салалық темір жол,
автомобиль, әуе және су көлігі
қызметкелерінің кәсіби одағы
қоғамдық бірлестігінің»,
төрағасы ________________ О. Ахметбаев
Достарыңызбен бөлісу: |