59
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2011 жылғы «3» наурыздағы
№ 60 бұйрығына
2-қосымша
«Жасырын жұмыссыздық туралы мəліметтер» (қысқартылған жəне
ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша берешек
туралы) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық
нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
(коды 7281201, индекс 3-ЕН, кезеңділігі айлық)
1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне
«Жасырын жұмыссыздың туралы мəліметтер» (қысқартылған жəне ішінара
жұмыспен қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша берешек туралы)
ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру
тəртібін (коды 7281201, индекс 3-ЕН, кезеңділігі айлық) нақтылайды.
2. Статистикалық нысанды жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі
аудандық (қалалық), облыстық органдарымен ай сайын келесі жағдайлардың
бірі болған кезде тапсырылады:
өндірісті толық тоқтату (жұмыстар мен қызметтерді орындауды
тоқтату);
толық емес жұмыс уақыты режиміне көшу (ішінара тоқтату, өндіріс
көлемін қысқарту, жұмыс режимін өзгерту);
жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болған кезде.
3. Келесі анықтамалар берілген статистикалық нысандарды толтыру
мақсатында пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген қалыпты
ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде:
толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы)
ұзақтығының нормасын азайту;
толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің
санын қысқарту;
бір мезгілде күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының
нормасын азайту жəне жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту
толық емес жұмыс уақыты болып есептеледі;
2) уəкілетті орган – жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде
халықтың жұмыспен қамтылуына жəрдемдесуді жəне жұмыссыздықтан
əлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
3) өндірістің, жабдықтың бос тұрып қалуы – мəжбүрлі бос тұрып қалу
экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе
табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
4) жалпы тізімдік сан – кəсіпорынның (мекеменің, ұйымның) жасалған
еңбек шартына сəйкес тұрақты, маусымдық жəне уақытша жұмысқа
қабылданған барлық қызметкерлерінің саны көрсетіледі, ол есепті күнге
60
толтырылады. Қызметкерлердің тізімдік саны нақты жұмыс істейтін сияқты,
қандай да бір себеп бойынша (қызметтік іссапар, жыл сайынғы жəне қосымша
демалыстар, ауырған адамдар, жүктілігі мен босануына байланысты демалыс
пен бала күтімі жөніндегі қосымша демалыс, əкімшіліктің рұқсатымен оқу
орнында оқып жүргендер, мемлекеттік жəне қоғамдық міндеттерді
атқарушылар, жұмыста болмаған жəне т.б. бойынша) орнында жоқ адамдарды
қамтиды. Қызметкерлердің тізімдік санына қызметті қоса атқарушылар,
сондай-ақ азаматтық шарт жасасқандар немесе еңбек шартын жасамай сыйақы
(қаламақы) алушылар енгізілмейді;
Статистикалық нысан əр айдың 1 күніндегі жағдай бойынша
толтырылады жəне тиісінше есепті кезеңнің 3 күнінен кешіктірмей жұмыспен
қамту мəселелері жөніндегі аудандық, қалалық уəкілетті органдарға
ұсынылады.
Экономикалық қызмет түрі 1-бөлімде қосымшаға сəйкес толтырылады.
1-бөлімде «Тізімдік құрамның, қысқартылған, жұмыспен ішінара
қамтылған қызметкерлердің саны, өндіріс көлемі, жалақы бойынша берешек»
көрсетіледі, онда 01 немесе 02-жолдардың біреуі ғана толтырылады.
01-жол деректерін жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетуді, оның
ішінде келісімшарт (шарт) мерзімінің аяқталуына жəне келісімшарт (шарт)
бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің аяқталуына қарай толық
тоқтатқан кəсіпорындар толтырады.
02-жолды өндірісті ішінара тоқтатқан, жекелеген бөлімшелердегі,
цехтардағы, учаскелердегі жұмысты тоқтатқан, тұтас кəсіпорны бойынша
немесе жекелеген бөлімшелерде, цехтарда, учаскелерде жұмыс уақытының
толық емес режиміне көшкен, өндіріс көлемін қысқартқан, жұмыс кестесін
өзгерткен кəсіпорындар толтырады.
1-бөлімнің 01 немесе 02-жолдарында:
1-бағанда жалпы тізімдік саны көрсетіледі;
2-бағанда қысқартылған жұмыс орындары – штат кестесінен алып
тасталған лауазымдардың саны көрсетіледі, ол есепті кезеңге толтырылады;
3-бағанда жұмыстан өз еркімен босатылған қызметкерлердің, оның
ішінде маусымдық жəне уақытша жұмысқа қабылданған, еңбек шартының
мерзімі аяқталуына орай босатылғандардың саны көрсетіледі, 3-баған есепті
кезеңге толтырылады;
4-бағанда жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлердің
саны көрсетіледі. Берілген баған есепті кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша,
яғни есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен толтырылады;
5-бағанда жұмыс уақытының толық емес режимімен қамтылған
қызметкерлердің саны – Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15
мамырдағы N 251 «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде» (бұдан əрі- ЕК)
белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан кем жұмыспен
айналысатын, оның ішінде: толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс
(жұмыс ауысымы) ұзақтығы нормасы азайтылған, толық емес жұмыс аптасы -
жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің саны қысқартылған, күнделікті жұмыс
(жұмыс ауысымы) ұзақтығы нормасы бір мезгілде азайтылуы жəне жұмыс
аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқартылуы көрсетіледі, ол есепті
кезеңнің аяғында, яғни есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен толтырылады;
61
6-бағанда өндірістің, жабдықтың тоқтауы себепті жұмыспен уақытша
қамтылмаған қызметкерлердің саны көрсетіледі. 6-баған есепті кезеңнің
аяғында, яғни есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен толтырылады;
7-бағанда өнім өндірудің немесе кəсіпорын (ұйым, мекеме) көрсететін
қызметтердің көлемі көрсетіледі, ол есепті кезеңге толтырылады;
8-бағанда өндірістің немесе көрсетілетін қызмет көлемінің күтілетін өсімі
немесе төмендеуі көрсетіледі, ол алдағы 2 айға толтырылады, өсім кезінде «+»
белгісімен, төмендеу кезінде «-» белгісі деп көрсетіледі;
9-бағанда 2 айдан кейін жұмыс орындарының күтілетін қысқартылуы,
есепті күнге адам санымен көрсетіледі.
2-бөлім қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету
мақсатында кəсіпорын қабылдаған шаралар жөніндегі көрсеткіштерді қамтиды:
01-жолда
басқа
жұмыстарға (лауазымдарға) қайта
бөлінген
қызметкерлердің саны мен басқа жұмыстарға (лауазымдарға) ауыстырылған
қызметкерлердің саны көрсетіледі;
02-жолда басқа кəсіптерге оқытылған қызметкерлердің саны – қайта
оқудан, қайта даярлаудан өткен жəне сол қайта оқудан, қайта даярлаудан
өткен
мамандығы
бойынша
лауазымдарда
жұмыс
істеп
жүрген
қызметкерлердің саны көрсетіледі;
03-жолда қайта даярлау мен біліктілігін арттыру үшін жолданған жəне
өтіп жатқан қызметкерлердің саны көрсетіледі.
3-бөлімді жалақы бойынша мерзімі өтіп кеткен берешегі бар
кəсіпорындар (ұйымдар, мекемелер) толтырады.
01-бағанда жалақы бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек – ЕК
134-бабы 1-тармағын бұза отырып төленбей қалған жалақы көрсетіледі, ол
есепті кезеңнің аяғында, яғни есепті айдан кейінгі айдың 1- күнінен
толтырылады.
.
62
«Жасырын жұмыссыздық туралы мəліметтер»
(қысқартылған жəне ішінара жұмыспен
қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша
берешек туралы) ведомстволық статистикалық
байқаудың статистикалық нысанын толтыру
жөніндегі нұсқаулығына (коды 7281201,
индекс 3-ЕН, кезеңділігі айлық)
қосымша
Экономикалық қызмет түрлері
Секция
коды
Қызмет түрінің атауы
Бөлімнің
коды
А
Ауыл, орман жəне балық шаруашылығы
Өсімдік өсіру жəне мал өсіру, аңшылық жəне осы салаларда қызмет
көрсету
01
Орман шаруашылығы жəне ағаш дайындау
02
Балық өсіру жəне аквамəдениет
03
В
Кен өндіру өнеркəсібі жəне карьерлерді жұмыстау
Көмір мен лигнит өндіру
05
Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру
06
Металды кен өндіру
07
Кен өндіру өнеркəсібінің басқа да салалары
08
Кен өндіру өнеркəсібі саласындағы техникалық қызметтер
09
С
Өңдеу өнеркəсібі
Тамақ өнімдері өндірісі
10
Сусын өндірісі
11
Темекі өнімдері өндірісі
12
Текстиль бұйымдары өндірісі
13
Киім өндірісі
14
Тері жəне осы өнімге жататындар өндірісі
15
Жиһазды қоспағанда, ағаш жəне тығын бұйымдары өндірісі; сабаннан
бұйым жасау жəне өрме материалдар өндірісі
16
Қағаз жəне қағаз өнімі өндірісі
17
Баспа жəне жазылған материалдарды қайта шығару
18
Кокс жəне мұнайды қайта өңдеу өнімдері өндірісі
19
Химия өнеркəсібі өнімдері өндірісі
20
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі
21
Резина жəне пластмасса бұйымдар өндірісі
22
Басқа да метал емес минералдық өнім өндірісі
23
Металлургия өнеркəсібі
24
Машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын метал бұйымдар
өндірісі
25
Компьютер, электрондық жəне оптикалық өнім өндірісі
26
63
Электр жабдығы өндірісі
27
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі
28
Автокөлік құралдары, трейлер мен жартылай тіркемелер өндірісі
29
Басқа да көлік құралдары өндірісі
30
Жиһаз өндірісі
31
Басқа да дайын бұйымдар өндірісі
32
Машина мен жабдықтарды жөндеу жəне орнату
33
D
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру жəне ауаны желдету
35
E
Сумен қамтамасыз ету; кəріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен қайта
бөлуді бақылау
Суды жинау, өңдеу жəне қайта бөлу
36
Кəріз жүйесі
37
Қалдықтарды жинау, өңдеу мен əкету; қалдықтарды жарату
38
Рекультивациялау жəне қалдықты əкету саласындағы басқа да
қызметтер
39
F
Құрылыс
Ғимараттар мен имараттар құрылысы
41
Азаматтық құрылыс
42
Мамандандырылған құрылыс жұмыстары
43
G
Көтерме жəне бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді
жөндеу
Автомобильдер мен мотоциклдердің көтерме жəне бөлшек саудасы,
жəне оларды жөндеу
45
Автомобильдер мен мотоциклдерді қоспағанда, көтерме сауда
46
Автомобильдер мен мотоциклдерді қоспағанда, бөлшек сауда
47
H
Көлік жəне қоймалау
Құрғақ жол көлігі жəне құбыр бойынша тасымалдау
49
Су көлігі
50
Əуе көлігі
51
Қойма шаруашылығы жəне көмекші көлік қызметі
52
Почта жəне курьер қызметі
53
I
Тұру жəне тамақтандыру қызметтері
Тұруды ұйымдастыру қызметтері
55
Тамақ жəне сусын өнімдерін беру қызметтері
56
J
Ақпарат пен байланыс
Баспа қызметі
58
Кино-, видеофильм жəне теледидар бағдарламалы, фонограммалар
мен музыкалық жазбалар өндірісі
59
Бағдарламаларды жасау мен телерадиотарату қызметтері
60
Байланыс
61
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар мен басқа да ілеспе
қызметтер
62
Ақпарат қызметтерінің жұмысы
63
K
Қаржы жəне сақтандыру қызметі
Сақтандыру жəне зейнетақы қорлары қызметтерін қоспағанда, қаржы
қызметтері
64
Міндетті əлеуметтік сақтандыруды қоспағанда, сақтандыру, қайта
сақтандыру жəне зейнетақы қорларының қызметі
65
64
Қаржы жəне сақтандыру қызметтерін көрсету жөніндегі қосалқы
қызметтер
66
L
Жылжымайтын мүлікпен операциялар
68
M
Кəсіптік, ғылыми жəне техникалық қызмет
Құқық жəне бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет
69
Бас компаниялардың қызметі; басқару мəселелері жөніндегі
консультациялар
70
Сəулет, инженерлік ізденіс; техникалық сынаулар мен талдау
саласындағы қызмет
71
Ғылыми зерттеулер мен əзірлемелер
72
Жарнама қызметі жəне нарықтық конъюнктураны зерттеу
73
Басқа да кəсіптік, ғылыми жəне техникалық қызмет
74
Ветеринарлық қызмет
75
N
Əкімшілік жəне көмекші қызмет көрсету саласындағы қызмет
Жалға алу жəне лизинг
77
Жұмысқа орналастыру
78
Туроператорлардың, турагенттердің жəне туризм саласында қызмет
көрсететін басқа да ұйымдардың қызметі
79
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне зерттеп тексеру қызметі
80
Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет
81
Əкімшілік-басқару, шаруашылық жəне басқа да қосалқы қызмет
көрсету саласындағы қызмет
82
O
Мемлекеттік басқару жəне қорғаныс; міндетті əлеуметтік
қамсыздандыру
84
P
Білім беру
85
Q
Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қызметтер
Денсаулық сақтау саласындағы қызметтер
86
Тұруды қамтамасыз ету мен күтім жөніндегі қызметтер
87
Тұру қамтамасыз етілмейтін əлеуметтік қызметтерді көрсету
88
R
Өнер, көңіл көтеру жəне демалыс
Шығармашылық өнер жəне көңіл көтеру саласындағы қызмет
90
Кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар мен мəдени қызмет көрсететін
басқа да мекемелердің қызметі
91
Құмар ойындар мен бəс тігуді ұйымдастыру қызметтері
92
Спорт, демалыс пен көңіл көтеруді ұйымдастыру саласындағы қызмет
93
S
Қызметтердің басқа да түрлерін көрсету
Мүшелік ұйымдар қызметі
94
Компьютерлерді, жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды
жөндеу
95
Басқа да жеке қызметтерді ұсыну
96
T
Үй қызметшісін жалдайтын жəне жеке тұтынуы үшін қажетті тауарлар
мен қызметтерді өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі
Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі
97
Жеке тұтынуы үшін қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіретін үй
шаруашылықтарының қызметі
98
U
Эксаумақтық ұйымдар мен органдардың қызметі
99
Достарыңызбен бөлісу: |