туралы» ҚР Заңын қайталау мәнін жоғалтқан.
Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикасы саласындағы заңнамаға
және жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг туралы есеп
35
жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексіне сәйкес
маскүнемдік, нашақорлық және уытқұмарлыққа
шалдыққан науқастарға медициналық-әлеуметтік
көмек ұсынудың құқықтық негіздері қарастырылған.
Мемлекет маскүнемдік, нашақорлық және уыт-
құмарлықтың алдын алу және емдеу бойынша
шаралар жүйесін қамтамасыз етеді [52].
Медициналық сипаттағы мәжбүр шаралар келесі
тұлғаларға қатысты сот шешімімен жүргізіледі:
1) маскүнемдік немесе нашақорлық, я болмаса
уытқұмарлықа шалдыққан, қылмыстық құқық
бұзу шылықтарға барғандарға;
2) созылмалы маскүнемдік немесе нашақорлық,
я болмаса уытқұмарлықа шалдыққан, әкімшілік
құқық бұзушылық жасағандарға;
3) еркін емдеуден бас тартқан маскүнемдік
немесе нашақорлық, я болмаса уытқұмарлықа
шалдыққандарға қатысты.
Нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу
медициналық-әлеуметтiк оңалту, олар медициналық
көмек үшiн наркологиялық ұйымдарға жүгiнген
жағдайда, ерiкті (қажет болған жағдайда жасырын)
түрде жүргiзiледi.
Маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұ мар лық
дертiне шалдыққан деп тану Қазақстан Республи-
касының денсаулық сақтау министрлiгi белгiлеген
тәртiппен тиiстi медициналық куәландырудан кейiн
мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары арқылы
жүзеге асырылады.
Маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық
дертiне шалдыққан деп танылған адам мұнымен
келiспеген жағдайда бұл шешiмге жоғары тұрған
денсаулық сақтау саласын басқару органына немесе
сотқа шағым жасауына болады. Нашақорлықпен
ауыратын адамдардың:
1) білікті медициналық көмек алуға;
2) наркологиялық ұйымды таңдауға;
3) өз құқықтары мен өздерінің наркологиялық
сырқатқа шалдығуының сипаты және қолда-
нылатын емдеу мен оңалту әдістері туралы
ақпарат алуға;
4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды - тұрғылықты
жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағ-
дайда жүрген жері бойынша өткізуге құқығы бар.
Нашақорлықпен ауыратын адамның немесе
оның заңды өкілінің ұсынылып отырған медици-
налық-әлеуметтік оңалтудың кез келген сатысында
одан бас тартуға құқығы бар. Медициналық-
әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не
оның заңды өкіліне оңалту іс-шараларын тоқта-
тудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс.
Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның
ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле
отырып, медициналық құжаттамаға жазбамен
рәсімделеді,
оған
нашақорлықпен
ауыратын
адамның немесе оның заңды өкілінің және
психиатр-нарколог дәрігердің қолы қойылады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде
көзделген жағдайларды қоспағанда, нашақорлық
диагнозының
болуы,
наркологиялық
ұйымда
диспансерлік қадағалауда тұру фактісі негізінде ғана
нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары
мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді.
Алкоголизммен, нашақорлықпен және уыт-
құмарлықпен ауырады деп танылған адамдар
тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау
ұйымдарында есепке тұруға және байқауға алынуға
жатады және оларда уәкілетті орган белгілейтін
тәртіппен демеп емдеуден өтеді.
«Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық
дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу
туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
7 сәуiрдегі N 2184 Заңына сәйкес алкоголизм,
наша қорлық пен уытқұмарлық азаматтардың
ден саулығына, елiмiздiң тектiлiк қорына залал
келтiретiн және қылмыстың өсуiне себепшi
болатын дерттер болып табылады. Өз еркiмен
емделуден жалтарған алкоголизмге, нашақорлық
пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларға
денсаулық сақтау жүйесiнiң мәжбүрлеп емдеуге
арналған наркологиялық ұйымдарда, емдеу кезе-
ңiнде оларды еңбекке тарта отырып, ерiксiз стацио-
нарлық ем қолданылуға тиiс. Денсаулық сақтау
жүйесiнiң наркологиялық ұйымдарына ерiксiз
емдеуге жiберу сотты болды деп қаралмайды [53].
– Маскүнемдікке, нашақорлық немесе уыт-
құмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз
емдеуге жiберудi ресiмдеудi аурудың туыстарының,
еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, iшкi
iстер, прокуратура, қорғаншылық және қам қор-
шылық органдарының бастамасымен медициналық
қорытынды бар болған жағдайда мемлекеттiк
денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
Тұрақты тұрған жайы жоқ ауруларды ерiксiз емдеуге
ресiмдеудi өтiнiш берiлген кезде тұрып жатқан жерi
бойынша iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
– Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық
ұйымдарға жiберу туралы мәселенi аурудың
тұратын жерi бойынша сот материалдың келiп
түскен күнiнен бастап он күн мерзiмнен асырмай
оның өзiнiң, сондай-ақ денсаулық сақтау және iшкi
iстер органдары өкiлдерiнiң, аурудың туыстарының,
еңбек ұжымдары, қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң
қатысуымен ашық сот мәжiлiсiнде қарайды.
– Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық
ұйымдарда болу мерзiмi екi жылдан аспауға, ал
қайтара жiберiлген жағдайда үш жылдан аспауға
тиiс. Ауру адамды мәжбүрлеп емдеуге арналған
наркологиялық ұйымға жiберу, егер алдыңғы
емделуi аяқталған күннен кейiн үш жылдан асатын
уақыт өтсе, қайталанған болып саналмайды.
– Наркологиялық ұйымға ерiксiз емдеуге жiберу
туралы өтiнiш жасалған ауру адам сот мәжiлiсiне
келуден жалтарған жағдайда оны iшкi iстер
органдары ықтиярсыз алып келедi.
– Материалдарды әзірлеу барысында, жекелей
алғанда, тұлғаны емдеу-сауықтыру мекемесіне
бағыттауға қатысты мәлімдемені қарастырған
кезде, учаскелік инспектор науқастың жасы мен
денсаулығына назар аудару қажет. Полиция қыз-
меткері қызметінің алгоритмі (қарапайым учаскелік