6-тармақ
тұрмыстық зорлаушыға қатысты
ерекше талаптарды бекітумен айқындалатын жеке
профилактика шарасын қарастырады. Ұқсас шара
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» ҚР
Заңында бар, алайда мұндай шара «Кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз
және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңда
жоқ. Десе де кәмелетке толмағандар әрекеттері
үшін арнайы талаптарға қоюға болмайды. Аталмыш
заңның 19-1-бабының 5-тармағы жеке профи лак-
тиканың зерттеліп отырған шарасын толық қамтитын
тәрбилік ықпал ету шараларын қарастырады.
ҚРӘҚБтК-нің 69-бабының 1-бөлігінің 4-тармағы
кәмелетке толмаған адамдарды бос уақытын
шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар
белгiлеуді қарастырады. Аталмыш баптың 3-бөлігі
тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзiмi
үш айға дейiнгi ұзақтыққа белгiлейді. Бұл ҚРӘҚБтК-
нің 54-бабының 1-бөлігіне қарама-қайшы, ол
жерде құқық бұзушы әрекетіне қатысты айрықша
талаптарды үш айдан бір жылға дейінгі уақыт
аралығында бекітуге болады.
Аталмыш мәселені «Соттардың Қазақстан Рес-
публикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолда-
нуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан
Респуб ликасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22
желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысы жекелей
шеше алады.
22-бапта: «ӘҚБтК-нің 68-бабына сәйкес әкiм-
шiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған
кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпал
ету шараларын сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган
(лауазымды адам) әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе
тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату
кезінде тағайындауы мүмкін. Бұл ретте ӘҚБтК-
нің 69-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кәмелетке
толмаған адамның бос уақытын шектеу және мiнез-
құлқына ерекше талаптар белгiлеу мерзiмi үш айға
дейiнгi ұзақтыққа белгiленедi» деп айтылады.
ӘҚБтК-нің 54-бабының бірінші бөлігінің 3) тар-
мақшасында көзделген кәмелетке толма ғандардың
құқықтарын
қорғау
жөніндегі
комиссияның
рұқсатынсыз кәмелетке толмаған адамға белгілі
бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына
тыйым салуды сот істі қарау кезінде әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге
қатысушылардың немесе iшкi iстер органдарының
өтiнiшхаты бойынша ғана үш айдан бір жылға
дейiнгi мерзімге тағайындауы мүмкін. Мұндай тыйым
салу ӘҚБтК-нің 73, 127, 128, 131, 434, 435, 436, 440
(төртінші және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші
бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде)-
баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты
жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар
ретінде белгіленеді, жаза тағайындалуына қара-
мастан қолданылады және әкімшілік жазаға қайта
тартылып отырған кәмелетке толмағандарға қол-
данылады» [44].
Осыған байланысты ҚРӘҚБтК 54 бабының
1-бөлігіне құқық бұзушылықты жасаған адамның
мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу ретіндегі
жеке профилактика шараларын қолдану мерзімінің
төмеңгі шегін көрсетпей өзгерістер еңгізу керек-
тігі негізделген. 2014 жылдың 18 ақпанында аталған
өзгерістерді еңгізген ҚР «Қазақстан Республи-
касының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық
зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Заңы қабылданды [47]. Бірақ жаңа ҚРӘҚБтК
Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикасы саласындағы заңнамаға
және жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг туралы есеп
37
жасау барысында 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін
қолданыста болған ҚРӘҚБтК 59-1-бабының ескі
нұсқасы пайдаланылады.
Заңдар мен ҚРӘҚБтК баптарын «Құқық бұзу-
шылықты жасаған адамның мінез-құлқына ерекше
талаптар белгілеу» құжатымен салыстыра келе, біз
елеулі айырмашылықтар бар екені туралы шешімге
келеміз. ҚРӘҚБтК 54 бабына бірнеше рет еңгізулер
мен толықтырулар кіргізілді (ҚР 2015 жылғы 31
қазанындағы №378, 2016 жылдың 9 сәуіріндегі
№501, 2017 жылдың 3 шілдесіндегі №84 Заңдары),
бірақ тиісті заңдар оны ескермеді. Осыған орай
құқық бұзушылықты жасаған адамға белгіленген
ерекше талаптартардың орындалуын белгілеу және
бақылау механизмі әртүрлі түсінді ріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |