Отчет Надежда қаз indd



жүктеу 2,07 Mb.
Pdf просмотр
бет5/103
Дата16.01.2022
өлшемі2,07 Mb.
#32759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикасы саласындағы заңнамаға  

және жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг туралы есеп 

7

барлық  стратегиялық  бағыттары  мен  міндеттері 



шеңберінде тіркелуді талап етеді.

Іске асыру кезеңдері:

Бірінші кезең (2017-2019 жылдар)

Екінші кезең (2020-2022 жылдар)

Үшінші кезең (2023-2030 жылдар)

Бірінші  кезеңде  (2017-2019  жылдар)  Гендерлік 

және  отбасылық  саясаттың  2017-2019  жылдарға 

арналған  тұжырымдамасын  іске  асыру  жөніндегі 

Жоспарда 

қарастырылатын 

отбасылық 

және 


гендерлік  саясаттағы  қол  жеткізілген  нәтижелерді 

одан  әрі  дамыту  шараларын  іске  асыруды  қамта-

масыз ету жоспарланып отыр. 

Екінші  кезеңде  (2020-2022  жылдар)  Қазақ-

стан ның  отбасылық  және  гендерлік  саясатындағы 

ұзақмерзімді  міндеттер  мен  іс-шараларды  іске 

асыруды бастау жоспарланып отыр.

Үшінші  кезеңде  (2023-2030  жылдар)  тұрақты 

даму  мақсаттарына  жетуге  бағытталған,  яғни,  өз 

кезегінде,  Қазақстанның  әлемнің  ең  дамыған  30 

мемлекетінің  қатарына  кіруіне  ықпал  ететін,  Қазақ-

станның  отбасылық  және  гендерлік  саясатындағы 

ұзақ  мерзімді  міндеттер  мен  іс-шаралар  іске 

асырылатын болады.

Тұжырымдаманың мазмұны:

1.  Ағымдағы  жағдайға  талдау  жасау.  Өзекті  мәсе-

лелер мен негізгі жетістіктер

2.  ҚР  отбасылық  және  гендерлік  саясатты  2030 

жылға дейін дамыту көрінісі

3.  Тұжырымдаманың  мақсаты,  міндеттері,  іске 

асыру кезеңі мен нысаналы индикаторлары

4.  Қазақстанның  отбасылық  және  гендерлік 

саясатын іске асыру стратегиясы

5.  Сол арқылы Тұжырымдаманы іске асыруды бол-

жай тын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі.

«Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы 

туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  қазіргі 

кезде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы 

субъектілері,  оның  ішінде  жергілікті  полияция 

қызметі  бөлімшелері  қызметтерінің  құқықтық, 

экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық 

негіздерін  айқындайтын  негізгі  заңнамалық  акт 

болып табылады. 

Бірақ, осы заң күшіне енген 2009 жылғы 23 жел-

тоқсаннан  бастап  тұрмыстық  зорлық-зомбы лық-

тың  алдын  алу  аясындағы  келеңсіз  көріністермен 

күресудің  құқықтық  негіздерін  қалыптастыруды 

санау  басталды  деп  жорамалдауға  болмайды.  «Тұр-

мыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 

ҚР-ның  мамандандырылған  Заңы  қабыл данбай 

тұрғанда  да  2015  жылғы  1  қаңтарға  дейін  қолда-

нылған  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  ҚР 

Кодексінде  2007  жылдан  бастап  «Отбасы-тұмыстық 

қатынастар  аясындағы  жеке  бастың  құқықтарына 

қол  сұғатын  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар»  ҚР 

ӘҚБтК-нің 9-1-тарауында қарас тырылған [9]. 

Егер  отбасы-тұрмыстық  қатынастар  аясындағы 

қоғамдық қатынастарды сақтау мен қорғауға қатысы 

бар ҚР ӘҚБтК нормаларын салыстырсақ, онда бүгінгі 

таңда тек қана екі маңызды айырмашылықты көруге 

болады:

1)  отбасы-тұрмыстық  қатынастар  аясындағы  қо-

ғамдық  қатынастар  түріндегі  құқық  бұзушылық 

объектісін 

көздейтін 

мамандандырылған 

9-1-тарау жоқ;

2)  балаларын,  жұбайын  (зайыбын),  еңбекке  қабі-

летсіз  отбасы  мүшелерін  күтіп-бағуға  арналған 

қаражатты  төлеу  жөніндегі  міндеттерді  орын-

дамауға  байланысты  экономикалық  тұрмыстық 

зорлық-зомбылық  көрсеткені  үшін  енді  2015 

жылғы  1  қаңтарға  дейін  қолданыста  болған  ҚР 

ӘҚБтК-нің  79-6-бабының  орнына  ҚР  ҚК-нің 

139-бабы  бойынша  қылмыстық  жауапкершілік 

қарастырылған.

2015  жылғы  1  қаңтардан  бастап  2017  жылғы 

шілдені  қоса  алғанда  денсаулыққа  ұрып-соғу  мен 

қасақана  жеңіл  зиян  келтірген  тұрмыстық  озбырлар 

қылмыстық  теріс  қылығы  үшін  жеке  айыпталу 

тәртібімен  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылған 

[10].


2017  жылғы  3  шілдеден  бастап  «Қазақстан  Рес-

публикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  құқық 

қорғау  жүйесін  жетілдіру  мәселелері  бойынша 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 

Қазақстан Республикасының №84 заңымен енді ден-

саулыққа  ұрып-соғу  мен  қасақана  жеңіл  зиян  кел-

тіргені үшін тұрмыстық озбырлар ӘҚБтК-нің 73-1 жә-

не 73-2-баптары бойынша жауапқа тартылады [11]. 

Жергілікті  полиция  қызметінің  қызметкерлері 

өз  жұмыстарында  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясына,  жалпы  танылған  халықаралық 

құқық  қағидаттары  мен  нормаларына  негізделген 

жоғарыда  аталған  құқықтық  актілерді  басшылыққа 

алады.  Жергілікті  полиция  қызметінің  лауазымды 

адамдары  өздерінің  юрисдикциялық  өкілеттіктерін 

жүзеге  асыруы  кезінде  ҚР  Конституциясының 

4-бабына  сәйкес  халықаралық  шарттар  мен 

Қазақстан Республикасының басқа да міндеттемелері 

оның  қолданыстағы  құқығының  құрамдас  бөлігі 

екенін ескеруге тиісті [12]. 

Істерді  қарау  барысында  жергілікті  полиция 

қызметінің  қызметкерлері,  егер  халықаралық 

шарттарда  басқа  қағидалар  белгіленбесе,  Қазақстан 

Республикасы  заңнамасының  нормаларын  қол-

дануға  құқығы  жоқ,  Қазақстан  Республикасы  үшін 

міндеттілікке  келісім  беру  туралы  шешім  рати фи-

кациялау  немесе  қосылу  жолымен  қабылданған. 

Мұндай  жағдайларда  халықаралық  шарт тардың 

қағи далары қолданылады.

Халықаралық  ұйымдар  мен  олардың  орган-

дарының  Конституциядағы  ел  егемендігі  туралы 

ережелерді  бұзатын,  Конституцияда  белгіленген 

мемлекеттің  біртұтастығын  және  аумақтық  тұтас-

тығын,  Республиканы  басқару  нысанын  өзгертуге 

болмайтын,  сондай-ақ  адамның  және  азаматтың 

конституциялық  құқықтары  мен  бостандықтарына 

нұқсан  келтіретін  («Қазақстан  Рес публикасы  Консти-

туциясының  4-бабының  норма ларын  халықаралық 

ұйымдар  мен  олардың  орган дарының  шешімдерін 



8


жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау