Отчет Надежда қаз indd


-бөлім.  ҚР Ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметінің



жүктеу 2,07 Mb.
Pdf просмотр
бет3/103
Дата16.01.2022
өлшемі2,07 Mb.
#32759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
2-бөлім.  ҚР Ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметінің  

тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын-алу  

саласындағы зерттеу жұмыстары ......................................................

40

2.1  Қазақстан Республикасы ІІО жергілікті полиция  

қызметкерлерімен жүргізілген сауалнама нәтижелері ............................... 40

2.2  Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі жергілікті полиция 

қызметкерлерімен сұхбат қорытындылары ..................................................... 46

3-тарау.   Мониторинг ұсынымдары ...................................................................57

Пайдаланылған дереккөздер тізімі: ................................................................................ 61

Қосымшалар .............................................................................................................................. 64



4

 

Кіріспе


Қоғамдық  мониторинг  жергілікті  полиция 

қызметі  қызметкерлерінің  тұрмыстық  зорлық-

зом бы лықпен  күрестегі  теориялық  және  кейбір 

практикалық  проблемаларын  зерттеуге  арналған. 

Зерттеліп  отырған  қоғамдық  қатынастар  сала-

сында 


мемлекеттік-құқықтық 

құбылыстардың 

туын дауы,  дамуы  және  функцияларының  жалпы 

заңдылықтарын  назарға  ала  отырып,  отбасы-

лық-тұрмыстық  қатынастар  саласындағы  құқық 

бұзушылықтардың алдын алу және оның профилак-

тикасы  институтын  одан  әрі  дамытудың  тұжырым-

дамалық және нормативтік параметрлері ұсынылды. 

Есеп  авторлары  тұрмыстық  деликтіліктің  мәнімен, 

ерекшеліктерімен,  нысанымен  және  құрылымымен 

байланысты  мәселелерді  шешудің  өзіндік  көз-

қарастарын  ұсынған.  Қолданыстағы  заңнаманы 

жетілдіру  және  оны  қолдану  практи касын  жетілдіру 

бойынша нақты ұсыныстар негізделіп, енгізілді. 

Бұл  мониторингтың  өзектілігі  бірқатар  фактор-

лармен байланысты. 

«Мені  отбасында  әйелдер  мен  балаларға 

тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайттарының 

көбеюі  алаңдатады.  Әйелді  құрметтемеу  деген 

болмау  керек.  Бірден  айтайын,  ондай  зорлық-

зомбылықтың  жолы  қатаң  түрде  кесілуі  тиіс».  [1]. 

Осы  сөздерімен  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы: 

Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 

Жолдауында  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан 

Республикасында  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың 

алдын  алуға  және  профилактикасына  бағытталған 

саяси басымдықты айқындады. 

2015  жылғы  мамырда  Қазақстан  Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаев  бес  институционалдық  ре-

форманы іске асыруға арналған 100 нақты қадамды 

айқындады, негізгі құзыреті қоғамдық тәртіпті сақтау 

және  тұрмыстық  қылмысқа  қарсы  іс-қимыл  жасау 

болып  айқындалған  жергілікті  полиция  қызметін 

құру онда 30-шы қадам болып көзделген [2].

Отбасылық-тұрмыстық  қатынастар  саласын-

дағы  құқықтық  қатынастарды  зерттеу  қажеттігі 

маман дан дырылған  «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық 

профилактикасы  туралы»  Қазақстан  Республика-

сының Заңы қабылданғаннан кейін оған 7 өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізілгендіктен  туындады.  Бірақ 

2015  жылғы  1  қаңтарда  жаңа  топтастырылған  заң-

наманың  қабылдануына  байланысты  туындаған 

көптеген проблемалар әлі де шешілмеген қалпында 

қалып  отыр.  Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профи-

лактикасы  субъектілерінің  бұл  бағыттағы  қызметі 

адамдардың  өміріне  төнген  қауіптің  алдын  алу 

немесе  жоюмен  және  олардың  материалдық 

игілігін  сақтаумен  тығыз  байланысты.  Қылмыстық 

және  әкімшілік  заңнама  осы  саладағы  құқықтық 

тәртіпті  қалпына  келтіруге  бағытталған  құқықтық 

нормаларды қамтиды. 

Экономикадағы 

қиындықтар, 

инфляцияның 

өсуі,  жұмыссыздық,  имандылық  және  жалпы 

адами  құндылықтардың  құлдырауы  соңғы  жыл-

дары  қылмыстың,  соның  ішінде  тұрмыс  саласын-

дағы  қылмыстың  айтарлықтай  өсуіне  алып  келді. 

Аз  ғана  көлемдегі  жалақымен  және  әлсіз  әлеу-

меттік 


көмекпен 

ұштасқан 

жұмыссыздықтың 

жоғары  деңгейі  негізінен  қаржылық  капиталдың 

болмауынан,  экономикалық  проблемалардан  және 

оларды шешудегі әлсіз стратегиялардан туындаған. 

Осы  мониторингтің  мақсаты  заңнамадағы 

қайшылықтарды,  ескірген,  сыбайлас  жемқорлық 

сипаты  бар  және  тиімсіз  іске  асырылатын 

құқық  нормаларын  анықтау  арқылы  заңнаманы 

бағалау  және  болжау  бойынша  қызмет,  сондай-

ақ  заңнаманы  және  жергілікті  полиция  қызметі 

бөлімшелерінің  оны  іске  асыру  тетіктерін  жетілдіру 

бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады. 

Мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  мынадай  міндеттер 

іске асырылды:

–  Қазақстан  Республикасының  заңнамасы  бо-

йынша  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  түрлері, 

сондай-ақ  олар  үшін  кодификацияланған  (жүйе-

ленген)  заңнама  бойынша  заңдық  жауапкершіліктің 

бар не жоқ екендігі қарастырылды; 

–  отбасылық-тұрмыстық  қатынастар  сала сын-

дағы  заманауи  ұғымдар  мен  жергілікті  полиция 

қыз метінің  заңдық  құзыретіне  жататын  құқық  бұзу-

шылықтардың  құқықтық  сипаттамасы  тұжырым-

далды; 


–  тұрмыстық  құқық  бұзушылықтар  үшін  әкім-

шілік жауапкершіліктің мәні мен мазмұнына қатысты 

теориялық  ұстанымдардың  қазіргі  заманғы  жай-

күйіне талдау жасалды; 

–  заңдық  жауапкершілік  жүйесіндегі  тұрмыс-

тық  құқық  бұзушылықтар  үшін  әкімшілік  жауапкер-

шіліктің  орны  айқындалып,  отбасылық-тұрмыстық 

құқық 


бұзушылықтар 

саласындағы 

заңдық 

жауапкершіліктің әкімшілік және өзге түрлерінің ара 

жігін ажыратудың критерийлері тұжырымдалды; 

–  тұрмыстық  саладағы  әкімшілік  құқық  бұзу-

шылық  туралы  заңнаманың  қазіргі  заманғы  жай-

күйіне  объективті  баға  беріліп,  оны  дамытудың 

негізгі  тенденциялары  мен  бағыттары  анықталды, 

тұр мыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауап-

кершілікке тарту тәртібін жетілдіру бойынша ғылыми 

қорытындылар, заңнамалық ұсыныстар мен практи-

калық ұсынымдар дәйектелді; 

–  жергілікті  полиция  қызметі  қызметкерлерінің 

тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасының 

басқа  субъектілерімен,  үкіметтік  емес  ұйымдармен 

және  қоғамдық  құрылымдармен  өзара  іс-қимыл 

жасай  отырып,  әкімшілік-құқықтық  амалдармен осы 

саладағы  алдын  алу  және  профилактикалық  жұмыс 

жасау тетігіне талдау жасалды; 

–  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  проблемала-

рына  немқұрайлы  қарамайтын  барлық  елдердің 

құқықтық  ғылымы  мен  қолданыстағы  ұлттық 

заңнамасының  жетістіктері  негізінде  жергілікті 

полиция  қызметінің  зерттелетін  саладағы  өзге  де 

профилактика  субъектілерімен  ведомствоаралық 

өзара іс-қимыл жасауының мәні, мақсаты, тетігі мен 

ерекшеліктері ашылды; 




Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикасы саласындағы заңнамаға  

және жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг туралы есеп 

5

–  жергілікті  полиция  қызметі  бөлімшелерінің 



нормативтік  базасы  мен  профилактикалық  әсер  ету 

шараларын  қолдану  практикасы  талданды,  оларды 

жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды; 

–  тұрмыс  саласындағы  құқық  бұзушыларға 

алдын  алу  шараларын  қолдану  арқылы  әкімшілік 

және қылмыстық-процестік мәжбүрлеудің тиімділігін 

арттыру бойынша ұсыныстар тұжырымдалды; 

–  тұрмыс  саласындағы  құқық  бұзушылықтар 

профилактикасы  бойынша  жергілікті  полиция 

қызметінің,  үкіметтік  емес  ұйымдардың  және 

азаматтық  қоғамның  жұмысын  әкімшілік-құқықтық 

реттеуді  жетілдіру  бойынша  өзіндік  ұсыныстар 

ұсынылып,  негізделді  және  бар  ұсыныстарға, 

жобалар мен ұсынымдарға баға берілді; 

–  тұрмыстық 

құқық 


бұзушылықтар 

үшін 


санкциялар  зерттелді  және  шшаралар  қолдану 

бойынша  заңдық  өкілеттіктер  берілген  жергілікті 

полиция 

қызметі 


қызметкерлерінің 

оларды 


қолдануының заманауи тиімді тетігі негізделді; 

–  жергілікті  полиция  қызметінің  ішкі  істер 

бөлімшелерінде  орташа  есеппен  8  жыл  жұмыс  өтілі 

бар  (олардың  ішінде  5  жыл  лауазымы  болған)  3652 

қызметкерін анкеталау, 403 қызметкерінен сұхбат алу 

жүзеге асырылды; 

–  мониторингтің  аралық  және  қорытынды 

нәтижелерін  талқылау  бойынша  іс-шаралар  (семи-

нар-тренингтер,  дөңгелек  үстелдер  және  т.б.) 

ұйымдастырылып, өткізілді; 

–  Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңна-

малық  және  ведомстволық  нормативтік  актілеріне 

тұрмыстық 

зорлық-зомбылықтың 

алдын 

алу 


және  оның  профилактикасы  мәселелері  бойынша 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  бойынша 

ұсыныстар  мен  ұсынымдар,  қорытынды  есеп 

дайындалды. 

Мониторинг объектісі мыналар болды:

1)  конвенциялық  құжаттар,  кодификацияланған 

және жинақталған заңнама, Қазақстан Республи-

касының заңдары; 

2)  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  норма-

тив тік құқықтық жарлықтары; 

3)  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  нормативтік 

құқықтық қаулылары;

4)  профилактика  субъектілерінің  нормативтік  құ-

қық тық актілері;

5)  мәслихаттар  мен  әкімдіктердің  нормативтік 

құқықтық шешімдері;

6)  профилактика субъектілерінің есептері;

7)  жергілікті  полиция  қызметінің  тұрмыстық  де-

лик тілікпен  күресудің  жеткілікті  практикалық 

тәжірибесі  бар  қызметкерлерін  анкеталау  мен 

сұхбаттары нәтижелерінің жинақталуы; 

Мемлекеттік  құпиялар  және  өзге  де  заңмен 

қорғалатын  құпиялар  қамтылған  нормативтік 

құқықтық актілер мен ақпарат, сондай-ақ «Қызметтік 

пайдалану  үшін»,  «Баспасөзде  жарияланбайтын», 

«Басылым  үшін  емес»  деген  белгілері  бар  норма-

тивтік  құқықтық  актілер  құқықтық  мониторингтің 

объектісі болып табылмайды. 

Мына  кезеңдерді  іске  асыра  отырып,  Қазақстан 

Республикасы  барлық  өңірлері  қоғамдық  монито-

рингпен қамтылды: 

1)  құқықтық  мониторинг  объектісіне  қатысты 

ақпа ратты  жинау  (анкеталау  және  сұхбат  алу), 

жинақтау және талдау жасау; 

2)  жергілікті  полиция  қызметінің  тұрмыстық 

зорлық-зомбылықтың  алдын  алу  және  оның 

профилактикасы  саласындағы  нормативтік  құ-

қықтық актілерге ревизия жасауы; 

3)  жергілікті  полиция  қызметінің  қоғамдық  қаты-

настардың  зерттелетін  саладағы  жұмысының 

талдамалық нәтижелерін жинақтау; 

4)  нормативтік  құқықтық  актілердің  жобаларына 

ұсыныстар әзірлеу; 

5)  қоғамдық мониторинг нәтижелерін ресімдеу.

Мониторинг  жүргізілген  кезде  мыналар  пайда-

ланылды: 

1)  отбасылық-тұрмыстық  қатынастар  саласындағы 

саясатты айқындайтын бағдарламалық құжат тар-

дағы ақпарат; 

2)  профилактика  субъектілері  дайындаған  норма-

тивтік құқықтық актілерді қолдану практикасына 

шолулар;


3)  нормативтік  құқықтық  актілерді  талдаудың  нә-

тижелері; 

4)  азаматтардың  және  заңды  тұлғалардың  мем-

лекеттік  органдарға  өтініштеріне  талдаулар 

мен  жинақтаулар  нәтижесі,  сондай-ақ  тұрмыс 

саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілерді 

қолдану  практикасына  қатысты  прокурорлық 

қадағалау, сот шешімдері; 

5)  қолданыстағы  заңнама  проблемалары  бойынша 

өткізілетін  ғылыми-практикалық  конференция-

лардың,  семинарлардың,  кеңестердің  мате-

ри алдары,  сондай-ақ  үкіметтік  емес  ұйымдар 

берген материалдар; 

6)  қоғамдық  кеңестер,  сондай-ақ  қоғамдық  кеңес-

тердің  тапсырмасы  бойынша  коммер циялық 

емес ұйымдар және азаматтар өткізетін заңнама 

нормаларын  қолдану  жөніндегі  қоғамдық 

мониторингтің қорытындылары (ұсынымдар);

7)  бұрын  өткізілген  мониторингтердің  нәтижелері 

[3, 124-б; 4, 154-б];

8)  бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  және 

телекоммуникациялардың  жалпыға  қолжетімді 

желілеріндегі  интернет-ресурстардағы,  соның 

ішінде ғылыми жарияланымдардағы ақпарат; 

9)  құқық  қолдану  практикасы  бойынша  статис-

тикалық деректер; 

10) тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы 

субъектілерінің  Қазақстан  Республикасының 

қолданыстағы  заңнамасын  жетілдіру  бойынша 

ұсыныстары мен ескертпелері. 

Зерттеу  барысында  осы  мониторингті  өткізуге 

Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігі 

Әкімшілік  қызмет  комитетінің  мүдделі  қызметтері, 

өңірлік жергілікті полиция қызметтерінің басшылары 

және  жергілікті  атқарушы  органдар  көп  көмек 

көрсеткенін атап өткен жөн. 




6

1-тарау.  ІІО ЖПҚ бөлімшелерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүргізу жүйесінің жай-күйі


жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау