Отчет Надежда қаз indd


-тарау.  ІІО ЖПҚ бөлімшелерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық



жүктеу 2,07 Mb.
Pdf просмотр
бет4/103
Дата16.01.2022
өлшемі2,07 Mb.
#32759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
1-тарау.  ІІО ЖПҚ бөлімшелерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық 

профилактикасын жүргізу жүйесінің жай-күйі

1.1  Жергілікті полиция қызметінің тұрмыстық зорлық-зомбылық 

профилактикасы мен оның алдын алу процесіндегі құқықтық негіздері 

Отбасы-тұрмыстық 

қатынастар 

аясындағы 

құқық  бұзушылық  профилактикасының  құқықтық 

негіздері  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

бағдарламалық  құжаттарда  айқындайтын  мемле-

кеттің саясатымен тығыз байланысты.

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010 

жылғы  1  ақпандағы  №922  Жарлығымен  бекітілген, 

Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі 

Стратегиялық  даму  жоспарында  «қабылданып 

жатқан  шаралардың  нәтижесінде  2020  жылға  қарай 

отбасы-тұрмыстық  қатынастар  саласында  әйелдерге 

қатысты жасалған қылмыстардың үлес салмағы 9,7%-

ға  дейін  және  кәмелетке  толмағандарға  қатысты 

қылмыстардың үлес салмағы 2,2 %-ға дейін азаяды» 

деп болжанады» [5]. 

2016  жылғы  1  қаңтарда  «5  институционалдық 

реформаны  жүзеге  асыру  жөніндегі  100  нақты 

қадам»  Ұлт  жоспарын  орындаудың  практикалық 

кезеңі  басталды.  Мемлекетті,  экономиканы  және 

қоғамды дамыту үшін негізінен жаңа құқықтық орта 

құратын  59  заң  күшіне  енді.  Жергілікті  полиция 

қызметінің  өкілеттілігінде  қоғамдық  тәртіпті  қорғау 

мәселелері,  тұрмыстық  қылмысқа  қарсы  тұру,  ... 

және  ұсақ  құқық  бұзушылыққа  атымен  төзбеушілік 

анықталған [5]. 

Қазіргі кезеңде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 

алдын  алу  процесі  ел  үшін  саяси  басымдық 

мәртебесіне  ие  болып  отыр.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев 

«Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы»:  қалыптасқан 

мем лекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  өзінің 

Жолдауында  «Әйелді  құрметтемеу  деген  болмау 

керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың 

жолы  қатаң  түрде  кесілуі  тиіс»  деген  болатын  [1]. 

Алайда, бұл тұрмыстық озбырларды жаппай түрмеге 

жабу  дегенді  білдірмейді.  Мемлекеттің  құқықтық 

саясатында  тұрмыстық  саладағы  заңнаманы  жетіл-

діруге ықпалын тигізетін негізгі екі бағыт бар:

1)  азаматтарды  қылмыстық  әділет  саласына  тарту 

процесін азайту;

2)  ел түрмелеріндегі халық санын қысқарту. 

Сондықтан,  ҚР  Президентінің  «...  жолы  қатаң 

түрде кесілуі тиіс» деген сөздерін тұрмыстық зорлық-

зомбылық  профилактикасындағы  тұрмыстық  зор-

лық-зомбылықтың  барлық  субъектілеріне  қатысты 

профи лактикалық  ықпалды  күшейту  деп  түсінген 

жөн.  Тұрмыстық  озбырларды  еркінен  айыру  үшін 

мәжбүрлеудің  альтернативті  шараларын  басым 

қолдану  мәселелері  өзекті  күйінде  қалып  отыр.  Бұл 

тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасының 

басым  принципі  болып  табылады,  ол  «Тұрмыстық 

зорлық-зомбылық  профилактикасы  туралы»  ҚР 

Заңының  3-бабының  7-тармағында  «Тұрмыстық 

зорлық-зомбылық 

профилак тикасы 

тұрмыстық 

зорлық-зомбылық  профилакти касының  алдын  алу 

шарала рының  жазалау  шараларынан  басымдығы 

принцип теріне негізделеді» деп тура ескертілген [6].

Ол шараларға мыналар жатады:

1)  қорғау нұсқамасы;

2)  құқық  бұзушының  мінез-құлқына  ерекше  та-

лаптар белгілеу;

3)  жақындауға тыйым салу.

Жоғарыда  тізімделген  шаралар  жанжалдасқан 

тараптардың  байланысын  жоюға  бағытталған.  Біз 

осы есептің кейбір тарауларында аталған шараларға 

бірсыпыра талдау жасадық.

2006-2016 

жылдарға 

арналған 

Гендерлік 

теңдік  стратегиясын  іске  асыруды  аяқтау  кезінде  ел 

Президенті «ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және 

гендерлік  саясат  тұжырымдамасын»  әзірлеп,  қол 

қойған [7].

Тұжырымдама 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясы, «Қазақстан - 2050» стратегиясы, «100 

нақты  қадам»  Ұлт  жоспары,  Қазақстанның  әлемнің 

ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі 

тұжырымдама, Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге 

қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы 

конвенция,  ТДМ  және  басқа  да  ратификацияланған 

халықаралық  шарттар  мен  келісімдер  негізінде 

әзірленді [8]. Жоспарда: 

1)  ТДМ-ға  және  БҰҰ-ның  әйелдерге  қатысты 

кемсітуді жою жөніндегі Комитетінің қорытынды 

ескертпелеріне, сондай-ақ ЭЫДҰ (Экономикалық 

ынтымақтастық  және  даму  ұйымы)  елдерінің 

стандарттарына  сәйкес  келтіру  үшін  «Қазақстан 

Республикасының  отбасылық-гендерлік  саясат 

мәселелері 

жөніндегі 

кейбір 


заңнамалық 

актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 

туралы»  ҚР  Заңы  жобасының  Тұжырымдамасын 

әзірлеуге – 2017 жылғы қараша;

2)  әкелердің  баланы  тәрбиелеуге  қатысуына  құқық 

теңдігін сақтау деңгейін бағалау үшін некені бұзу 

процесі  бойынша  сот  шешімдеріне  мониторинг 

жүргізуге – 2017 жылғы желтоқсан;

3)  зорлық-зомбылықтың  барлық  нысанын  ақпа-

раттық-статистикалық  есепке  алу  жүйесін  жетіл-

діруге – 2017 жылғы желтоқсан; 

4)  осы  Жоспарды  іске  асыру  туралы  Үкіметтің 

шоғырландырылған  есептемесінің  жобасын 

енгізуге – әр жылғы 15 ақпан қаралған. 

Сонымен  қатар,  2015  жылғы  қыркүйекте 

Қазақстан  БҰҰ-ның  Тұрақты  даму  мақсаттарына 

(бұдан  әрі  -  ТДМ)  қосылды,  оның  17  мақсатының 

12-сі  гендерлік  сезімталдық  болып  табылады.  Бұл 

мақсаттар  ұлттық  бейімделуді  және  мемлекеттің 




жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау