142
қызметкер жапа шегушіге ҥнемі медициналық және
психологиялық куәландыру
жҧмыстарын жҥргізуі тиіс. Медициналық қызметтер ата-аналарының
қарсылығына қарамастан баланы уақытша қорғау ҥшін ауруханаға жатқызуға
қҧқылы. Егер ата-ана қарсылық білдірсе, әлеуметтік жҧмыскер сотқа
шағымдана алады. Ол осы отбасымен қарым қатынасқа ие әртҥрлі
мамандармен, адамдармен байланысқа шыға алады. Бҧл кезде болып жатқан
жағдайларды талқылау кезінде мҧқият болған жӛн. Маман негізінде екі сҧраққа
ғана жауап беруі тиіс: шын айып тағылған ба және жәбірленуші ҥшін қауіптілік
деңгейі қандай? Расталған жағдайда баланы қорғау жӛнінде іс басталып, қажет
болғанша жҥргізіледі. Егер айыптау жартылай расталса, онда іс қозғалмайды,
алайда әлеуметтік жҧмыскер отбасындағы баланың жағдайын ҥнемі қадағалап
отырады. Егер балаға шыныменен қауіп тӛнсе, әлеуметтік жҧмыскер штат
заңын қолдана отырып баланы тез арада отбасынан оқшаулайды. Баланың ҥйде
болмау уақыты, оны ҧстап отыру ерекшеліктері мамандар мен билік
ӛкілдерімен сол жерде анықталады. Олар әлеуметтік жҧмыскер істі
жалғастыруы керек пе әлде оны бала орналасқан стационар мекемеге беру
керектігін шешулері тиіс.
Араласу. Ол нақты қызмет кӛрсетуден, қолдаудан және терапиядан тҧрады.
Нақты қызмет кӛрсету отбасындағы материалдық жағдайды жақсартумен
байланысқан. Кӛптеген авторлар балаларға оң кӛзбен қарамаудың себебі
отбасылық табысқа байланысты дейді. Нақты қызмет ақшалай кӛмекпен, азық-
тҥлік, киім-кешек тҥрінде, баспанаға, кӛлікке тӛлеу арқылы кӛрсетілуі мҥмкін.
Қолдау отбасылық ӛмірдің сапасы мен индивидті ӛзгертуге бағытталған. Бҧған
ҥй шаруашылығы, кҥндізгі кҥтім, медициналық қызмет кӛрсету, ата-аналарға
арналған кластар жатады. Араласудың бір тҥрі терапия қауымда әртҥрлі
агенттіктермен жҥзеге асырылады, индивидтер, отбасылық жҧптар, тҧтас
отбасы терапияны қалайды. Ғалымдардың пікірі бойынша, бҧл жағдайда
дәстҥрлі емес тәсілдер жақсы әсер етеді: қатігез ата-аналарға ӛзара кӛмек беру
топтары («Аноним ата-аналар»). Мҧндай ата-аналардың топтары елдің барлық
жерінде жҧмыс істейді.
Істі аяқтау. Іс шамамен 312 айдың ішінде аяқталуы мҥмкін. Алайда, тәжірибе
кӛрсеткендей, іс жҥзінде ол ҧзаққа созылады. Іс ҥш себепке байланысты
тоқтатылуы мҥмкін. Ең жақсы жағдайда – отбасындағы жағдай тҥзелді, балаға
ешқандай қауіп тӛнбейді, қиын жағдайда – ешқандай тҥзелу байқалмайды, бҧл
жағдайда балалар оқшаулап, қабылдау мекемелеріне орналастырады. Бҧл
жағдайда баланы қорғау жӛніндегі іс жабылады да, қабылдау мекемесінде
баланы асырау туралы жаңа іс ашылады. Соңында, аз да болса жақсылық
143
нышаны байқалса немесе байқалмаған жағдайда іс тоқтатылады, себебі агенттік
ресурс пен уақыт қорын толықтай тауысты, сонымен қатар егер отбасы бірлесіп
жҧмыс істеуден бас тартса, әлеуметтік жҧмыскерде сотқа шағымдану ҥшін
жеткілікті себептер болмаса іс жабылады.
11.3.
АҚШ-та отбасының осал топтарына әлеуметтік қолдау кӛрсету
Америка Қҧрама Штаттары – либералды демократиялық мемлекет. Яғни
азаматтың
әлеуметтік,
экономикалық,
медициналық,
психологиялық
амандығына жауапкершіліктің кілті азаматтың ӛз қолында екендігін білдіреді.
Мҧндай жағдайда мемлекет халықтың осал, нашар топтарына қол ҧшын беруге
жауапты. АҚШ әлеуметтік қорғау жҥйесі біртҧтас жҥйеге ие емес, ол елдің
кӛлемінде, жеке штаттарда, қауымдарда, муниципалды қҧралымдарда іске
асырылатын әлеуметтік кӛмектің кӛптеген бағдарламаларымен реттеліп
отырады. Бҧл орайда, отбасы әлеуметтік кӛмекті алу ҥшін арнайы шарттар
қарастырылған. Бҧл біріншіден, отбасының табысы кҥн кӛріс минимумынан
тӛмен болған жағдайда, екіншіден, ата-ананың біреуі жҧмыссыз қалса.
Мҧқтаждықты анықтайтын критерий ретінде кедейлік шегінің кӛрсеткіштері
қолданылады, ол жыл сайын халықтың әртҥрлі категориясы ҥшін АҚШ санақ
Бюросымен анықталып, жарияланады.
Жалпы алғанда, отбасыны әлеуметтік қолдау бағдарламасының барлығы ҧқсас
және қолдаудың белгілі бір тҥрлерінен тҧрады.
1. табысты қолдау бағдарламалары – мҧқтаж отбасыларға уақытша кӛмек,
салық жеңілдіктері;
2. азық-тҥлік жағынан кӛмек - азық-тҥлік талондары, мектептегі тегін және
жеңілдікті тҥскі ас пен ертеңгілік ас, 5 жасқа дейін баласы бар аналарға
арналған арнайы қосымша тамақтану, балалардың кҥндізгі балалар
орталығында
тамақтануы;
3. медициналық кӛмек – мемлекеттік медициналық қызмет кӛрсету,
медициналық қызмет кӛрсету орталықтары;
4. баспаналық кӛмек – кедей отбасылар ҥшін әлеуметтік баспана қҧрылысы,
жеке баспана сатып алуға немесе салуға арналған субсидиялар, баспананы
жалдап тҧруға және жылытуға
арналған субсидиялар;
5. білім беру қызметтері – білім алуға, арнайы дайындықтан ӛтуге
жәрдемдесу;