135
бел будым. Мен оған қайта барып, кінәмнің жоқ екендігін дәлелдей бастадым.
Жыладым, ол мені жұбатты, әңгімемді тыңдап, кездесу күнін белгіледі. 12
рет кездесуге бардым, әр кездесуде менің қателіктерім туралы айтты.
Ақылды әйел бәрін ретке келтіріп, түзете алады деп түсіндім. Қазір мен ең
бақытты әйелмін. Психологтарға, психотерапевтке, ата-аналарыма, ӛз
отбасыма рахмет…» (дағдарысты отбасының әңгімесінен).
Ажырасу. Зерттеуге қатысқан әрбір ҥшінші отбасы (қоғамдық ӛмірден тыс
қалған және дағдарысты отбасы) ажырасу кезінде қалыптасқан қиын
жағдайдан шығу жолын тапты. Басынан кешкен оқиғалары кӛрсеткендей,
кӛп жағдайда ажырасу – бҧл жалғыз дҧрыс шешім.
«Сыйлықтар сатып алуға кеткенмін, келсем пеш жағылмаған, үй азынап тұр,
балалар тоңып қалған. Осы жағдайды айтып едім, бетімнен шапалақпен бір
салды, содан кейін жұдырықтап, тепкіге алды, тоңазытқыш тӛңкерілді.
Ажырасуға ӛтініш бердім, бұдан әрі шыдай алмадым, махаббатым жек кӛруге
айналды. Үш баламен жалғыз қалдым, бірақ ӛзіме сенімді болдым. Жұмысқа
тұрдым. Мені біреу ұрып соғады деген қорқыныш сейіле бастады. Достар
таптым, елмен араласа бастадым. Жұмыста екінші күйеуіммен таныстым,
ӛмірім қайта жандана бастады…» (қоғамдық ӛмірден тыс қалған отбасының
әңгімесінен)
Дау-жанжалды отбасылар мынадай шараларды атады:
Психологқа бару;
Ӛзі жасаған қателіктеріне талдау жасау;
Жҧмыс іздеу, жҧмысқа тҧру;
Тҧрғылықты жерін, әлеуметтік ортаны ауыстыру.
Жалпы алғанда, дағдарысқа қарсы шаралардың талдауы отбасының берекесі
отбасының ӛз қолында екендігін кӛрсетті. Ең бастысы ахуалдың ауыртпалығын
дер кезінде тҥсініп, жағдайды тҥзетуге болатын сәтті қолдан жіберіп алмау
керек, әйтпесе отбасы толығымен тҧтастығын жоғалтып алады.
«Үш тәулік бойы мен үйде болған жоқпын, қыздарымның жанында анам
қалды. Бір күні кешке қыздарым шыдай алмай сағат 21.00 шамасында мені
іздеуге шығыпты. Автобуспен кетіпті, оларды жолда милиция ұстап алыпты.
Қыздардың құжаттары жоқ екендігін, әкесінің ішкілікке салынып, шешесінің
наркодиспансерде тіркеуде тұрғанын анықтап, қыздарды балалар үйіне
136
рәсімдейді. Күйеуіміз екеуіміз не істерімізді білмей дал болдық, қыздарды бізге
қайтып бермейді деп қатты қорықтық, балаларды қайтаруын ӛтіндік. Үйде
қыздарымыз жоқ болған кезде үйіміз қаңырап бос қалды, үрей пайда болды.
Мен анықтамалар жинай бастадым, ішімдікті тастадым, күйеуім де есін
жиды. Біз оның ата-анасының үйіне кӛшіп бардық, ӛзіміздің тұрмысымызды
жақсарттық. Бір жылдан кейін бізге қыздарымызды қайтарып берді, қазір
олар басқа мектепте оқиды, мен не күйеуім оларды күн сайын мектепке дейін
шығарып саламыз. Мен жұмыс істеймін, күйеуім жұмыс іздеп жүр.
Балаларымның құжаттары бар, дендері сау, саусақпен шұқып кӛрсетпейтін,
керісінше бірге ойнайтын достары пайда болды. Осы жағдайлар мені қатты
қуантады. Ӛмірім мені шыңдады. Ең бастысы – қолды сермеп, қарап отырмау
керек екен, жақсылап ойлансаң бір амалы табылады…» (қоғамдық ӛмірден
тыс қалған отбасының әңгімесінен)
Дағдарыстан кейінгі отбасы
Маңызды ӛзгерістер уақытты талап етеді. Ҧзақ жылдар бойы берекесі қашқан
отбасы бір кҥннің ішінде ӛзгеріп, басқаша ӛмір сҥруді бастамайды. Отбасында
позитивті алға ҧмтылу пайда болса да, олардың тҧрақтылығы туралы айту әлі
ерте, жаңа тәртіптің, амалдардың кҥнделікті дағдыға айналуын кҥту керек. Осы
жолда ҥзілістер болып, бҧрынғы әдетке қайта оралуы да мҥмкін, барлық
тырысу нәтижесіз болды деп айтуға болмайды, бҧл қандай да бір жағымсыз
жағдайдың әсеріне пайда болған уақытша нәрсе болуы мҥмкін.
Зерттеуге қатысқан әрбір отбасы отбасылық ӛмірдің біртіндеп қалыпқа
келгендігін, алайда барлығы тағы қайталануы мҥмкін деп қорқатындықтарын
айтады. Ішімдікпен кҥрескен отбасыларында ішкі қауіп жиі байқалады.
Сәтсіздік болған жағдайда отбасын қайта сақтап қалу ҥшін олар кҥресе ала ма
деген сҧраққа кҥдікпен жауап берді.
«Болжам жасауға қорқамын, аз уақыт қана ӛтті. Қазір отбасымыздың
жағдайы жақсы. Жұбайым арақ ішуін қойды, үйде отырады, ұлымызды
тәрбиелеп отыр. Ананың баламен әрі қарай ӛмір сүруге талпынысы отбасын
жігерлендіреді. Ал егер ол тағы ішкілікке салынса, онда оған қайтадан
кӛмектесе аламын деп ойламаймын. Ажырасуға тура келеді, ол оның таңдауы
болады…» (қоғамдық ӛмірден тыс қалған отбасының әңгімесінен)
Қоғамдық ӛмірден тыс қалған және дағдарысты отбасылар ӛздерін
қорқынышты, қайғыны, торығуды жеңе біліп, жеңімпаз болып шықтық деп
санайды. Марапат ретінде олар мынаған қол жеткізді:
137
жҧбайларымен қатынаста (ажыраспауға бел буған отбасылар) ӛзара
тҥсіністік пен сыйластыққа. Ажырасқан отбасылардың бірінде ӛкпе-реніш,
айтылмай қалушылық болса, басқаларында ештеңеге қызықпаушылық орын
алған, бҧл теріс бағаланбайды, себебі отбасының берекесі одан жоғары
тҧрады.
балаларымен қатынаста: ажырасқан отбасылар барлық сҥйіспеншіліктерін
балаларына арнайды, балаларым ӛмірімнің жалғасы деп біледі. Басқа
отбасылар қатынастарының тҥзеліп, балаларының жаны тынышталып,
ӛздеріне сенімді бола бастағандықтарын айтады.
Ең басты дҥние: отбасы ӛз бақыты ҥшін кҥресе алатындықтарын балалардың
кӛруі.
Отбасын сақтап қалған әйелге жҧбайының туыстары қҧрмет кӛрсету.
Ажырасқан отбасында қатынас бірден нашарлап кетті деп айтуға болмайды.
Отбасын, балаларын сақтап қалудың басқа жолдары болмағандығын
тҥсінуге туыстық қатынастар кӛмектесті.
Материалдық жағдайы – барлық отбасы материалдық жағдайларының
жақсарғанын айтты. Бір отбасында жҧбайы арақты тастап, жҧмысқа
орналасса, басқа отбасында маскҥнем кҥйеуінің отбасынан кетуі бюджетті
қалпына келтіруге мҥмкіндік берді.
Балалармен дау-жанжал болған отбасында барлығы дҧрыс емес, алайда бҧл
жерде де берекелі отбасы болуға ҥміт бар. Балаларға деген сҥйіспеншілік, ата-
аналардың ӛз қателерін тҥсінуі балалармен қарым-қатынасты қалпына
келтіруге кӛмектесті. Респонденттердің пікірі бойынша жеңістің негізгі
нәтижесі – балалармен қарым-қатынасты
қалпына келтіру, отбасын сақтап қалу.
Кейінгі жоспарлар (еске тҥсіру ретімен орналасқан)
Балаларды тәрбиелеу, оқыту;
Еңбек ақысы жоғары жҧмыс табу;
Баспаналық-тҧрмыстық жағдайды жақсарту: пәтер сатып алу, ҥй
салу;
Қайтадан тҧрмысқа шығу;
Жҧбайына маскҥнемдіктен толықтай арылуына кӛмектесу;
Жаңа
мамандықты игеру, қажет кәсіпке қол жеткізу.
Осы зерттеу шеңберінде жауап алынған отбасылар болашаққа оптимизммен
қарап, ӛздерінің отбасылық ӛмірі табысты, жарқын болатындарына сенімді
екендігін айта кеткен жӛн.