131
Отбасылық дәстүрлер
Отбасылық бақытқа және берекелі отбасы болуға ҧмтылу отбасылық
дәстҥрлерді қҧруға әкеледі. Отбасылық дәстҥрлер – кҥн тәртібінен, әдеттерден,
орныққан тәртіп пен оның мҥшелерінің дағдыларынан қҧралатын ҥйдің рухани
ахуалы. Мысалы, кейбір отбасылар ерте тҧрып, тез тамақтанып, жҧмысқа
кетеді, кешке жақын ешқандай сҧрақ-жауап алынбастан, әңгімелеспестен
кездесуге дағдыланған. Ал басқа отбасыларда бастарын қосып тамақтану,
жоспарларды талқылау, қиыншылықтарды ӛзара жеңу қалыптасқан.
Сҧхбаттарды талдау кезінде зерттеуге қатысқан берекелі отбасылар
қалыптасқан отбасылық дәстҥрлері бар екендігін кӛрсетті. Бір қарағанда олар
қарапайым кӛрінгенмен, әрбір отбасы оларды мақтанышпен атап кӛрсетті.
Отбасылық дәстҥрлер (отбасыларда кеңінен таралуына байланысты мысалға
алынған, жиі кездесетіндері алдыңғы қатарда орналасқан).
Бір-біріне, жақын туыстарына моральдық, психологиялық, материалдық
тҧрғыдан қолдау кӛрсету.
«Ӛзімізді қалай тәрбиелесе, балаларымызды да солай тәрбиелейміз.
Анамыз қатал, балаларды еңбекке, тәртіпке баулиды. Балалардың оқуын,
күн тәртібін қадағалайды. Әкеміз кӛбінесе жұмыста, бірақ тәрбие
жӛніндегі міндетін ешқашан ұмытпайды. Ұлдарымен бірге үйге қолғабыс
етеді, саяжайда жұмыс істейді. Қыздарын еркелетеді, балаларды
тәрбиелеу кезінде келіспеушілік болмау үшін анамыздың айтқанын
тыңдайды.
Балаларды жақсылыққа, мейірімділікке тәрбиелеп, үлкендерге құрмет,
кішілерге ізет кӛрсету керектігін айтамыз. Егер балалар айыпты болса,
олардың қателіктерін кӛрсетіп, оны талдауға кӛмектесеміз, қатаңдық
танытамыз, бірақ ешқашан жазалаудың ауыр түрін қолданбаймыз.
Баланың ӛмірінен тыс қалмаймыз, балалармен ӛткізілетін барлық
шараларға қатысамыз, балаларымыз ата-аналарымен, ал біз олармен
мақтан тұтқанын қалаймыз. Баланың тілегін ешқашан жерде
қалдырмаймыз.
Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білу керек, біздің балалар
ӛнерден тыс қалған жоқ, ән айтады, билейді, әртүрлі музыкалық
аспаптарда ойнайды, спортпен шұғылданады».
Берекелі отбасының сұхбатынан
132
Отбасылық кешкі ас, кҥні бойы алған әсерлерімен бӛлісу. Жҧбайлар алған
әсерлерін әңгімелеп, ой бӛліседі. Мҧндай мҥмкіндік балаларға да
беріледі. Бәрі бірігіп отырып, болашаққа жоспар қҧрады, талқыға салады.
Табиғат аясында бірге демалады, еңбек етеді.
Жазғы демалыстарын бірге ӛткізеді.
Туысқандарына барып тҧру, туысқандық қатынас ҥзілмеу керек.
Отбасының әрбір мҥшесінің туған кҥндерін бірге атап ӛту.
Отбасымен бірге әзірленген тағамға толы жаңа жылдық стол, отбасымен
бірге жаңа жыл шыршасын тамашалау.
Той болған кҥнді атап ӛту.
Балалармен бірге барлық шараларға қатысу.
Наурыз мерекесін тойлау, наурыз-кӛжені әзірлеу.
Әр жҧма сайын дәстҥрлі жеті шелпек пісіріп, кӛршілерге тарату.
Ӛмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларға кеңес беру (берекелі
отбасылардан алынған сұхбат)
Айналасындағылардан, туыстарынан, достарынан келген кӛмекті
қабылдау
Отбасының игілігі ҥшін ҥнемі жҧмыс істеу керек
Қиындықтарды жеңе білу керек, жақсылықтан кҥдер ҥзбеу керек
Жағдайды тҥзетуге ҧмтылу керек
Мемлекет тарапынан кӛмекті кҥтпеу керек
Басқаның бақытына қызықпай, ӛзің бақытты болуға ҧмтылу
Біреуге қастық тілемеу керек, ӛзіңді, жақындарыңды сыйла
Бір-біріңді, балаларыңды алдамау
Демек, әрбір берекелі отбасы ӛз бетінше бақытты және табысты. Отбасылық
берекеге қол жеткізудің арнайы ережесі жоқ. Талдау жасалған оқиғаларға
қарап, отбасындағы берекеге кері әсерін тигізетін факторлар жеткілікті екенін
байқаймыз: материалдық қаражаттың жетіспеушілігі, баспананың, тҧрақты
жҧмыс орнының болмауы, алайда ешқайсысы отбасын шайқалта алмағаны
айдан анық. Отбасы сҥйіспеншілікке, ҥйлесімділікке және сыйластыққа
негізделгендіктен жанҧяны тілегі бір социум (жақындары, туыстары, достары)
қолдады, балалар да берекенің жаңа бір толқынын ала келді.
133
Берекелі болудың кейбір құпиялары (авторлардың пікірлері оқырманның
пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін):
Отбасын қҧру кезінде екі жақтың келісімі болуы керек.
Отбасылық қатынасты дамыту кезінде ӛзінің барлық қалауымен бӛлісуге
дайын болу. Отбасының барлық мҥшесі ортақтасып мызғымас қатынасты
қҧруға бағыт алып, бірлесіп еңбектенсе, оң нәтижелерге қол жеткізуге
болады.
Ӛзара қҧрмет, ӛзара қолдау, серіктесін тҥсініп, оны қабылдай білу, теріс
айналмай мәселесін бірге шешуге талпына білу.
Ӛзара қайтарым: ол нені қаласа менде соны қалаймын.
Жҧбайлар арасында ӛзара уағдаластықтың болуы, отбасында болып
жатқан барлық жағдайлар сҥйіспеншілік пен тҥсіністік деңгейіне
кӛтерілетін саты арқылы жҥреді. Егер кез-келген оң немесе теріс ахуал
ӛзара тҥсіністікті біріктіру, нығайту және арттыру мҥмкіндігі ретінде
134
қарастырылса, ондай ешқандай қиындықтар мен ҧрыс-керістер отбасына
сызат тҥсіре алмайды, керісінше отбасылық қатынасты нығайта тҥседі.
10.
Отбасылық келеңсіздікті жеңіп шыққан
отбасының жағымды ӛмірлік тәжірибесі
Дағдарысқа қарсы шаралар
Қоғамдық ӛмірден тыс қалған және дағдарысты отбасыларында дағдарысты
жеңудің келесі жолдары кӛрсетілген:
«Кӛну және кҥту» позициясы – қалыптасқан жағдайды қабылдау, отбасын
сақтап қалу ҥшін шыдап бағу, бір қызығы бҧл тәсіл оң нәтиже берді. Бірақ
ол бірең-сараң жағдайларда ғана кӛрсетілген, осындай жанҧяларда әйелдер
белсенділік танытпайды, жағдайды ӛзгертуге ҧмтылмайды. Бҧл жерде
жағдайдың ӛз бетімен шешілуіне жол берілді: «бақыт болмас еді,
бақытсыздық кӛмектесті» - маскҥнемдіктің салдарынан кҥйеуінің ауруы,
мҥгедек болып қалуы.
«Біздің отбасы ыдырап кеткен жоқ. Мен ұрып-соғуға кӛндім, ажырасқым
келмеді, күйеуім түзеледі деп сендім. Менің үш балам бар, олармен қайда
бармақпын. Күйеуім ішкілікке салынды, ішіп жүріп бір күні жұмыста
жарақат алып, мүгедек болып қалды. Енді ішпейді, отбасымызда тыныштық
орнады…» (қоғамдық ӛмірден тыс қалған отбасының әңгімесінен).
Тығырықтан шығудың жолын іздеу (жҧмыс іздеу, жҧбайын емдеу,
туыстарынан, психологиялық қызметтерден, мектептерден, инспекторлардан
кӛмек сҧрау)
«Бір кезде бәрінен жалығып кеттім, балаларым мен ӛзімнің болашағымыз
үшін қорықтым. Мен және күйеуімнің ата-аналарымен біріге отырып оны
тығырықтан шығаруға тырыстық. Біз бір отбасымыз, бір-бірімізден теріс
айналуға болмайды, біреу қолдау кӛрсету керек. Осының барлығы балалар үшін
жасалады. Жұбайымды емдедік, Астанаға апардық, психологтарға
жолықтық, алқаштармен араласпауы үшін оны ӛзіміз қадағалап отырдық …»
(қоғамдық ӛмірден тыс қалған отбасының әңгімесінен)
«Ӛзін-ӛзі тексеру» позициясы, кінәні ӛзінен іздеу.
«Жұбайыммен бейресми түрде ажырасқаннан бастап, мен ӛз ӛмірімді талдап,
қателіктерді іздедім, жасырын түрде психологқа бардым. Бір айдан кейін
психотерапевтке бардым. Психотерапевт бәріне ӛзің кінәлісің деп мені қуып
жіберді. Оның сӛзі сүйегімнен ӛткені соншалықты олай емес деп дәлелдеуге
Достарыңызбен бөлісу: |