121
балалардан ақша талап етті, тӛбелесті, сабақты босатты. Баланың шешесінің
сӛзіне қарайтын болсақ, әкесі себепсіз ҧрысып, кҥш кӛрсете бастағаннан бері
баланың тәртібі ӛзгерген: «Бірде күйеуім (2005 жылдың кӛктемі) ұлымды
іздеп, әжесінің үйінен тапқан кезде оны қатты соққыға жықты, соның
салдарынан ол бас сүйек-миы зақымданды деп ауруханаға жатқызылды. Содан
бері ұлым менен, әкесінен қашқақтайтын болды, ал мен не істерімді білмедім.
Күйеуім ішкілікке салынған, ұлым тіл алмайды, оны милицияға тіркеуге алды».
Бала ҥшін де, ана ҥшін де ҧлын елдің кӛзінше масқаралау шыдамның шегі
болды: «ұлым 13-ке келді, баламның туған күнінде күйеуім арақты ішіп алып,
қонақтардың кӛзінше ол менің балам емес деді… Осы сӛздерді естіген ұлым
бір апта бойы жылады (ол әкесін ӛте жақсы кӛретін, ол ішіп келсе де балам
оны үнемі қорғаштайтын). Осы туған күннен кейін біздің отбасымызда бір
ӛзгеріс болды. Бұрын күйеуім ішіп келсе де, шыдайтынмын, енді ол ұлынан
қонақтардың кӛзінше бас тартқан кезде шыдамадым. Сонымен қатар ұлым
әкесіне бойкот жариялады. Ең қорқыныштысы, ұлым тұйықталып, ашушаң
бола бастады, ызаланып, әкесін ешқашан мойындамайтындығын айтты».
Бақытына орай, әйел психологтардың, мектептің, инспектордың кӛмегімен ҧлы
мен кҥйеуін қайтарып алды. Кҥйеуі арақ ішпейтін болды, ҧлы ӛзіне қолқанат
бола бастады, кіші қарындасын кҥтті, бҧрынғы жаман достарынан қол ҥзді,
есірткі (наша) сатудан, қабылдаудан бас тартты (қоғамнан тыс қалған
отбасының сұхбатынан).
Бірақ, жоғарыда айтып ӛткеніміздей, «тәртібі қиын» балалар қоғамнан тыс
қалған отбасыларда ғана емес, сырт кӛзге қарағанда тҧрмысы жақсы
отбасында да пайда болып, осындай нәтижелерге алып келі мҥмкін:
Мысал 2. Бҧл отбасының дағдарысқа ҧшырауы балаға шектен тыс қамқорлық
таныту және бала ҥшін ана – тек барлық армандарды қанағаттандырушы ғана
емес, мәселені тҥсінетін, дос және тәлімгер бола алатындығын тҥсінбеушіліктің
орын алуы. Баланың анасымен тілдесу кезінде ҧлының отбасындағы жалғыз
бала екенін, ол ӛзінің барлық ӛмірін тек ҧлына ғана арнағанын, алайда баласы
бос уақытында немен шҧғылданатынын, достары кім екенін, мектептегі
жетістіктері қандай екенін білмегені анықталды. Жастайынан баланың айтқаны
орындалатын болған. Ӛтпелі жасқа келгенде баласы талғампаз, ешқандай бас
тартуды мойындамайтын, әрбір жоқ деген жауапқа қарқынды жауап беруге
тӛселген. Бала сабақтан қалып, спирттік ішімдіктерге әуес болып, ҥйге
тҥнемейтінді шығарған. Анасы ҧлының бҧл қылығын тҥсінбеген, алайда ӛзінің
қауқарсыздығын байқап, мектептегі мамандарға жәрдем берулерін сҧрады.
122
Анаға кеңес беріліп, отбасымен қалай жҧмыс істеу керек жӛнінде жоспар
қҧрылды. Қазіргі таңда ана мен бала арасында дҧрыс қарым-қатынас орнаған
(бҧрынғы жанжал болған отбасы).
8.2. Әлеуметтік жетімдік
Елімізде қоғам ӛмірінен тыс қалған отбасылар санының кӛбеюі, отбасылық
байланыстардың босаңсуы, баланы тәрбиелеу, асырау тҧрғысында кейбір ата-
аналарда жауапкершіліктің тӛмендеуі әлеуметтік жетімдіктің артуына әкеліп
соқты. ҚР БҒМ балалардың қҧқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша
2012 жылы жетім бала мен ата-ананың қамқорынсыз қалған бала саны 34 785
жеткен. 2011/2012 оқу жылында ата-ананың қамқорынан айырылған, білім
берудің мемлекеттік және мемлекеттік емес ҧйымдарда тәрбиеленетін (10492
бала)
55
жалпы балалардың саны арасында 2036 – биологиялық жетім болса,
8456 бала ата-ананың қамқорынан айырылғандар, яғни балалардың 81% ата-
анасы тірі тҧрып, жетім атанғандар. Ата-ана қамқорынан айырылған
балалардың қатарына баласынан бас тартқандар, тастандылар елеулі ҥлес
қосып отыр (1740 бас тартқандар, 3570 тастандылар). Бҧл тәуекел топтағы
әйелдермен алдын-алу жҧмыстары жҥйесінің дҧрыс дамымай отыруына
байланысты.
55
«2011 жылда Қазақстан Республикасындағы балалардың қҧқығын қорғау саласындағы
негізгі кӛрсеткіштер» жинағы, ҚР БҒМ Балалардың қҧқығын қорғау комитеті
123
9. Отбасылық берекенің құпиялары
Осы зерттеу жҧмысын жҥргізу барысында социологтар отбасылық берекенің
қҧпиясы неде екенін анықтауға тырысты. Отбасылар ҥйдің берекесін
қашырмай, оның мҥшелеріне деген сҥйіспеншіліктерін, бірлігін қалай сақтап
қалды? Отбасылық бақыттың табиғатын білу арқылы кейбіреулер ӛз ҥйінде
отбасылық жарасымдылыққа қол жеткізе алуы мҥмкін.
«Отбасындағы келеңсіздік: себептері мен алдын-алу» атты зерттеу жҥргізген
Сандждың деректеріне сҥйенетін болсақ, онда «берекелі отбасы» - бҧл:
біріншіден, ата-аналар арасында ӛзара тҥсіністік пен балаларға деген
сҥйіспеншілік орын алған отбасы (респонденттердің 58%-ы),
екіншіден, ӛзара тҥсіністік пен молшылықта ӛмір сҥріп отырған отбасы
(респонденттердің 34%-ы),
ҥшіншіден, молшылықта тҧрып жатқан отбасы (респонденттердің 9%-ы).
Берекелі отбасын сипаттау кезінде балалар ҥш топқа бӛлінді:
124
Бірінші топ, ең кӛп дауыс жинаған топ, яғни берекелі отбасы – ата-аналар мен
бала арасында сҥйіспеншілік пен ӛзара тҥсіністік орын алған отбасы деп
санайтындар (балалардың 52%-ы).
Осы топта мынадай жауаптар жиі кездесті:
Берекелі отбасы – бҧл:
«жақсы, ынтымағы жарасқан, бақытты отбасы»;
«ата-ана мен балалар бірін-бірі жақсы кӛретін отбасы»;
«барлығы жақсы. Әкесі мен шешесі ӛз баласын жақсы кӛреді, бала олар ҥшін
ӛмірдегі ең маңызды болып табылады».
Екінші топ – отбасының берекесі ҥшін жанҧяда молшылық пен ӛзара тҥсіністік
болу керек деп санайтын балалар (34%).
Берекелі отбасы – бҧл:
«отбасындағы табыс деңгейі ҥлкен, сҥйіспеншілік орын алған отбасы»;
«ҥйде қуаныш кӛп, ақша жеткілікті, жҧмыс, жеке баспана бар»;
«жеке баспананың болуы, молшылықта ӛмір сҥру, ата-аналар мені тҥсінсе
екен».
Ҥшінші топ – отбасының берекесі ҥшін ҥйде молшылық болу керек деп
санайтын балалар (балалардың 11%-ы).
Берекелі отбасы – бҧл:
«жеке баспанасы бар, қиыншылық кӛрмейтін, табысы мол, тоңазытқышты кез-
келген тамақ тҥрімен толтыра алатын отбасы»;
«ең бастысы, ақшаның кӛп болуы, қалғанын сатып аламыз».
Сайып келгенде, балалар ҥшін ең алдымен ата-аналар тарапынан сҥйіспеншілік
пен қолдау, ӛзара тҥсіністік пен сыйластық қажет екендігін байқауға болады.
Берекелі отбасының мысалдарына талдау жасай отырып, осы зерттеу жҧмысы
мынаны анықтады, яғни әрбір отбасы ӛзінше бақытты, жалпы әрбір отбасында
берекені ҧстап тҧратын ӛзек – сҥйіспеншілік, ӛзара тҥсіністік, сыйластық бар.
Зерттеуге ат салысқан отбасылардың барлығы дерлігі қалыптасудың қиын да,
азапты жолынан басынан ӛткерген. Материалдық қиыншылықтарды басынан
кешіп, шиеттей балалармен баспанасыз ӛмір сҥрді, алайда олар ӛздерінің
қҧқықтарын мойындатып, бақытты, берекелі ӛмірге жолдама алды.
Отбасындағы ата-аналар туралы
Достарыңызбен бөлісу: |