95
Отбасы тарихынан:
«Баламды ӛзім үшін тудым, 17 жасымда кездейсоқ жағдайда жүкті болып
қалдым. Бала туылғанға дейін және оны туғаннан кейін анаммен, ӛгей әкеммен
және шешем бір, әкеміз басқа ініммен бір бӛлмелік шағын пәтерде бірге
тұрдым. Ӛгей әкем араққа салынып кетті де, анамды ұрып-соққандықтан,
мен әжеммен бірге тұруға кетіп қалдым. Әжем маған кӛмектесетін, мен де
жұмыс істеп, балаға мүгедектігі бойынша жәрдемақы алғанмын. Баламның
жүрегі ауру болып туды. Мүгедектер қоғамы баланың жүрегіне Челябинск
қаласында ота жасауға кӛмектесті. Барлық проблемалардан жүйкем тозып
кетті де, іше бастадым, бір жігітпен таныстым (қазір ол менің азаматтық
күйеуім), бірақ ол да қатты ішетін еді. Жатақханадан бір бӛлме берулерін
сұрап бірнеше рет тұрғын үй комиссиясына арыз бердім, бірақ туыстарың
кӛмектессін деп, әрдайым қайтарып жіберді. Аздап болса да жақсы ӛмірім
әжем қайтыс болған соң аяқталды. Туыстарым үйді сатып жіберді де, мені
баламмен далаға қуып шықты. Баламды құрбыма қалдырдық та, ӛзіміз
вокзалда түнеп жүрдік, мүмкіндігімізше жұмыс істеп, баланың тамағын
тауып бердік. Мектептен баланы тартып аламыз деген хабар келгеннен кейін
ол үшін қорқа бастадым. Бұл маған үй іздеуге түрткі болды. Бірге тұрып
жүрген адамымның туған ағасы уақытша салынған баспанасына бізді
жіберді, алайда онда ешқандай жағдай жоқ. Мен балық саттым, бірге тұрған
адамым түсті металл жинаумен айналысты. Биылғы кӛктемде бізге бір
жақсы ұсыныс жасалды, мал бағуға жалдайтын болды, бірақ арақ ішуден бас
тартыңдар деген бір талаппен. Біз келістік. Қазір жұмыс істеп жүрміз, бір
бірімізге бас-кӛз болып, арақ ішіп кетпесін деп қарап жүрміз. Бірге тұрған
адамның анасы бізге тамақ жіберіп кӛмектеседі, баламызға қарайды. Біз
бәріне ӛзіміз кінәлі екенімізді түсінеміз, бізге ешкім кӛмектесуге міндетті
емес және кӛмектеспейді де. Қазіргі уақытта біз жұмыс пен тұрғын үй
проблемасын шешуіміз керек. бүгінгі күнімізді ғана кӛріп, болашақ туралы
ойламаймыз. Отбасы ӛзі ғана ӛзіне кӛмектесе алады, қиындықты жеңуден
қорықпау керек. келешектегі менің тірегім – менің қызым. Оған білім беру үшін
барлығын жасаймын және әрқашан оның қасында боламын…» (анамен
сұхбаттан)
Отбасы тарихынан:
«Тұрмыстық ӛмір кенеттен басталған, жанұя құрған себебім, әйелімнің
жүктілігі. Ӛміріміз әр түрлі болды, кӛбінесе жақсы тұрдық, нәрестенің
дүниеге келуін қуанышпен күттік. Бала дүниеге келгенде бақытты болдық. 2
бӛлмелі пәтер сатып алдым, Еуропадан машина айдап келіп жүрдім, әйелім
сатушы болып істеген. Әйелім үйде жиі жалғыз қала бастады да, біртіндеп
96
іше бастады. Мүмкін әйелім барлық отбасы мүшелері ішетін тұрмысы
қолайсыз отбасында тұрғаны да ӛз әсерін тигізген болар. Ешкімнен кӛмек
сұрамадым, ұят болар деп ешкімге айтпадым. Барлығын ӛзім еркек ретінде
шешуге тырыстым. Әйелім ауру екендігін түсінбеді, ішуді қоямын деп сӛз уәде
берді, баланы ұратын болды, балам одан тығылатын болды. Мен оған қол
кӛтере бастадым, ӛміріміз тозаққа айналды. Әйелім ішуін тоқтатпады,
жұмыстан қуылды. Бірнеше рет шарт қойып, ажырасамыз деп те
қорқыттым осылай одан ары ӛмір сүруге болмайтынын түсіндім, бір нәрсе
істеу керек болды. Балам мектепті босата бастады, мен баламның ӛмірі үшін
қорқатын болдым. Мен отбасымды құтқаруға бел будым. Біріншіден,
жұмысымды ауыстырдым, іссапарға барудан бас тарттым, екіншіден,
күштеп оны емдедім, туыстарынан қасына жолатпадым. Менің әкем бұл
ретте үлкен роль атқарды, балаға ана керек екендігін, және де ол туған анасы
болуы керек екендігін айтты. Әзірше осы үшін барлығын жасап келемін. Бәрі
де жақсы болады деп үміттенемін. Қазір ол ішпей жүр, бірақ мен әлі
қорқамын. Мен үшін әйелім осы жолдан шығып кетпегені ӛте маңызды, тағы
бір рет мен оған кӛмектесе алмаймын. Бірақ мен баламның анасымен тұрғым
келеді, оны туғаны үшін мен рахмет айтамын. Отбасымызды нығайту үшін
қолдан келгеннің бәрін істеймін.» (дағдарыстық отбасындағы әкемен
сұхбаттан).
4.3.2.
Отбасылардың кедейлігі
Сәтсіз отбасылардың материалдық жағдайы келесі себептерге байланысты ӛте
тҧрақсыз екендігін атап кетеміз:
(1) тҧрақты жҧмыс орны, жалақы жоқтығы,
(2) балалардың ата-аналарының спирт ішімдіктерін ішуі, есірткі пайдалануы.
Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, сҧралған отбасылардың жартысы ӛз
материалдық жағдайларын ӛте тӛмен (тамаққа, киімге ақша жетпейді) деп
бағалады, сҧхбаткерлердің тӛртінші бӛлігі орташа ауқат деңгейін кӛрсетті және
тағы бір тӛртінші бӛлігі – тамақ пен киімнен басқа тағы бірнәрсе сатып алу
мҥмкіндігін беретін қалыпты деңгейді кӛрсетті.
Сонымен қатар сҧралған отбасылар тҧрғын ҥймен байланысты қиындықтар
туралы айтты: отбасылар негізінен жалдамалы бӛлмелерде, уақытша
баспаналарда, керек-жарақсыз, туыстармен бірге қиналған жағдайларда тҧрды,
кейбіреулерінде ғана тҧрғын алаңы жеткілікті ӛз пәтерлері, ҥйлері болды.
Достарыңызбен бөлісу: |