77
3. «ПапаМама.kz. Семейный портал» Интернет-сайты. Бҧл сайтта денсаулық,
сәбиді дамыту бойынша әртҥрлі кеңестер және басқа пайдалы кеңестер
беріледі, бірақ негізінен олардың бәрі тӛмен жастағы балаларға қатысты.
Балаларды тәрбиелеу бойынша айдар бар, бірақ онда әлі материал жоқ.
78
4. Қазақстандағы отбасылық сәтсіздік: ахуалы мен себептері
«Отбасы ӛзінің ізін балаға неғұрлым қаттырақ қалдырса,
соғұрлым ол бала ӛзінің шағын балалық әлемін
ересек ӛмірдің үлкен әлемінде кӛруге
бейімделген болады».
Карл Густав Юнг
Ең алдымен «тұрмысы қолайсыз отбасы» немесе «тұрмысы қолайлы
отбасы» дегеніміз не екендігін анықтап алуымыз қажет. Осының алдында біз
отбасының сәттілігін баланың сәттілігіне қатысты қарастыратынымыз туралы
айтып ӛткенбіз. Бала ҥшін сәтсіз отбасы әрдайым бейәлеуметтік отбасы болып
табылмайды. Ӛмірде кӛптеген отбасы туралы формальды тҧрғыдан жаман
ешнәрсе айтуға болмайтын, бірақ бала ҥшін бҧл отбасы сәтсіз болып табылатын
отбасылар жиі кездеседі. Отбасылар да әртҥрлі, балалар да әр тҥрлі кездеседі,
«отбасылық сәтсіздік» ҧғымы тек қана «отбасы – бала» қарым-қатынасының
жҥйесі тҧрғысынан қарастырылуы тиіс, себебі кӛптеген жағдайларда бҧл ҧғым
осындай сәтсіздік әсерін тигізетін нақты бір балаға қатысты туындайды.
Шетелде «тҧрмысы қолайсыз отбасы» деген ҧғымның нақты белгілі бір
анықтамасы жоқ, бҧл ҧғымның кең тараған кӛптеген синонимдері бар:
«әлеуметтік осал отбасы» («socially vulnerable») – қҧрылымы бҧзылған отбасы,
негізгі отбасы функциялары қҧнсызданған немесе сақталмайтын отбасы, онда
тәрбиелеудің айқын немесе жасырын ақаулары орын алады, осының
нәтижесінде «қиын балалар» пайда болады; «сәтсіз отбасы» («disadvantaged
family»), «дисфункционалды отбасы» («dysfunctional family»), тәуекел топқа
жататын отбасы («at risk families»), «ҥйлеспеген отбасы» («disharmonious
family»), «проблемалық отбасы» («problem family», «troubled family»). Сәтсіз
отбасы мынадай әлеуметтік жағынан қорғалмаған халықтың топтарын
қамтиды
42
:
- аз қамтамасыз етілген отбасы (low-income families);
- толық емес отбасы (single-parent families);
-
ата-аналарының білім деңгейі тӛмен, ата-аналардың міндеттерін
орындамайтын, және/немесе психологиялық мҥкістігі бар отбасылар;
- әлеуметтік қолдауға мҧқтаж отбасылар;
- дамып келе жатқан елдердегі балалар мен отбасылар.
42
http://www.offordcentre.com/df/df_over.html
79
Бҥгінгі кҥні Қазақстанда «тҧрмысы қолайсыз отбасы» ҧғымы тек «Кәмелетке
толмағандар арасындағы қҧқық бҧзушылықтардың профилактикасы мен
балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР
Заңында ғана ресми тҥрде бекітілген. Атап айтқанда 1-тараудың 1-бабында
«тҧрмысы қолайсыз отбасы - кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе
заңды ӛкiлдерi оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-кҥту жӛнiндегi ӛз мiндеттерiн
орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-қҧлқына терiс әсер ететiн отбасы»
деп айтылған. Тәрбие беру дегеніміз «балаға қоғамда қалыптасқан және оның
рухани, дене бiтiмi, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлiк дамуына және
әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға бағытталған мiнез-қҧлық
ережелерi мен нормаларын дарыту жӛнiндегi ата-анасының немесе ӛзге де
заңды ӛкiлдерiнiң тарапынан оған әсер ететiн ҥздiксiз процесс» болып
табылады. Балаларды бағып-кҥту міндеттеріне «ата-анасының немесе ӛзге де
заңды ӛкiлдерiнiң ӛз қаржылық мҥмкiндiктерi мен қабiлеттерiнiң шегiнде оның
салауатты дамуы, оның мҥлiктiк және мҥлiктiк емес қҧқықтары мен мҥдделерiн
және мемлекеттiк ең тӛменгi әлеуметтiк стандарттарын қорғау ҥшiн жағдай
жасауы» жатады.
«Тҧрмысы қолайсыз отбасы» ҧғымының болуы бҧл заңда тҧрмысы қолайлы
және
тҧрмысы
қолаймыз
отбасыларды
анықтаудың
қажеттілігіне,
соңғыларының ата-аналарын жауапкершілікке тарту қажеттілігіне байланысты.
Бірақ бҧл анықтамада тҧрмысы қолайсыз отбасын бағалаудың нақты белгілері
жоқ.
Тҧрмысы қолайсыз отбасы ретінде біз қҧрылымы бҧзылған, ішкі шекаралары
«шайылған», негізгі отбасы функциялары қҧнсызданған немесе сақталмайтын,
тәрбиелеудің айқын немесе жасырын ақаулары орын алған, осының
нәтижесінде ондағы психологиялық климаты бҧзылып, «қиын балалар» пайда
болатын отбасыны айтамыз.
Тәжірибе жҥзінде «ӛмірлік қиын жағдай» деген ҧғым жиі кездеседі. "Арнаулы
әлеуметтiк қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29
желтоқсандағы N 114-IV Заңының негізінде «ӛмiрлiк қиын жағдай - адамның
тыныс-тiршiлiгiн объективтi тҥрде бҧзатын, ол оны ӛз бетiнше еңсере
алмайтын, осы Заңда кӛзделген негiздер бойынша танылған ахуал» болып
табылады.
Адам (отбасы) ӛмiрлiк қиын жағдайда деп танылуы мүмкiн негiздер.
80
Адам (отбасы) мынадай:
1) жетiмдiк;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық
мiнез-қҧлық
4) ҥш жасқа дейiнгi балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы
мҥмкiндiктерiнiң шектелуi;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мҥмкiндiктерiне байланысты организм
функцияларының тҧрақты бҧзылуы;
6) әлеуметтiк мәнi бар аурулардыңжәне айналасындағыларға қауiп
тӛндiретiн аурулардыңсалдарынан тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мҥгедектiгi
салдарынан ӛзiне-ӛзi кҥтiм жасай алмауы;
8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған
қатыгездiк;
9) баспанасыздық (белгiлi бiр тҧрғылықты жерi жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау негiздерi бойынша
ӛмiрлiк қиын жағдайда деп танылуы мҥмкiн.
4.1. Отбасы тұрмысы қолайсыздығының нысандары
Отбасы тҧрмысының қолайсыздығы немесе сәттілігінің кӛрсеткіші ретінде
баланың тәртібін есептеуге болады. Девиантты тәртібі бар баланың іс-әрекеті
ол бала тәрбиеленген жағдайлармен және ол бала кӛрген мысалдармен оңай
тҥсіндіріледі. Одан да сыртқы кӛзге тҧрмысы қолайлы отбасы болып кӛрінетін,
анасы мен әкесі де бар, материалдық жағдайы жақсы отбасылардан шыққан
«қиын» балалардың іс-әрекетін тҥсіндіре алу қиынға соғады. Тек қана баланың
ӛмірі ӛткен отбасын жағдайын терең талдау ғана ол сәттіліктің тек
салыстырмалы тҥрде болғанын айқындауға жол береді. Сырттан қарағандағы
отбасыдағы реттелген қарым-қатынас ондағы ерлі-зайыптың арасындағы және
бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың жақын болмауының ҥстіртін
жабыны секілді болады.
Әртҥрлі ақпарат кӛздерін біріктіре отырып
43
, барлық тҧрмысы қолайсыз
отбасыларды шартты тҥрде екі ҥлкен топқа бӛлуге болады, олардың әрқайсысы
бірнеше тҥрлерге бӛлінеді:
43
Галагузова М.А. «Әлеуметтік педагогика: Лекциялар курсы», 2000; «Тҧрмысы қолайсыз
отбасылар ҧғымы және типтері» Целуйко В.М. «Тҧрмысы қолайсыз отбасылар
психологиясы: Педагогтар мен ата-аналарға арналған кітап», 2003
Достарыңызбен бөлісу: |