92
Ҧрыс, жанжалдар, тӛбелестер;
Тамаққа және балаларды асырауға қаражаттың жоқтығы.
Балаларға ата-аналық қҧқықтардан айырылу қаупі.
Дағдарысты отбасыларда «қайнау шегі» мыналар болды:
Ерінің опасыздығы;
Жҧбайдың туыстары жағынан қорлау, балағаттау;
Ӛзара тҥсінушіліктің мҥлде болмауы, осыған байланысты ӛзара сӛгіс-
ҧрыстар;
Тамаққа және балаларды асырауға қаражаттың жоқтығы.
Жанжалды отбасыларда «қайнау шегі» мыналар болды:
Балалар мен ата-аналардың жанжалдары, ҧрыстары;
Балалардың отбасыдан кетуі.
Барлық отбасыларда дерлік қалыптасқан жағдайды тҥзетуге тҥрткі болған уәж
«осылай бҧдан былай бола алмайтындығын» тҥсіну болды. Дәл осы уәж ең
ықпалды және тиімді болып табылады, себебі талдауға сәйкес, ата-аналардың
біреуі дағдарыстан шығатын жолды ӛз бетімен белсенді тҥрде іздей бастаған
отбасыларда осындай жол табылды және де отбасы бірлесіп, ӛз амандығын
қалпына келтіре алды.
Отбасыға кӛмектесушілер және жақтастар ретінде отбасы мҥшелерінің ӛздері,
кӛп жағдайларда балалар, жақын туыстар, мектеп, оңалту орталықтары және
т.б. болғанын атап айтамыз.
4.3.1.
Маскүнемдік және нашақорлық
Баланың отбасыдағы амандығына әсер тигізетін жағымсыз жақтардың бірі
болып ата-анасының маскҥнемдігі, нашақорлығы табылады. Халықаралық
статистика мәліметтеріне сәйкес, экономикасы дамыған елдерде ажырасу
себептерінің арасында ата-аналардың біреуінің маскҥнемдігі жағдайлардың 60-
80% дейін жетеді. 2009 жылы «Отбасы сәтсіздігі: себептері және алдын алу»
45
зерттеуі
шеңберінде жҥргізілген
халық сауалнамасы нәтижелерінің
кӛрсетуінше, сҧралған ата-аналар-сҧхбаткерлердің 35% спирт ішімдіктерін
ішеді. Баланың отбасы амандығына баға беруі және ата-ананың спирт
ішімдіктерін ішуі арасындағы корреляциялық байланыс байқалады (r=184***),
45
«Отбасы сәтсіздігі: себептері және алдын алу», «Сандж зерттеулер орталығы», ҚР
БҒМ Балалардың қҧқықтарын қорғау комитеті
. 2009 жыл.
93
яғни ата-аналар ішетін отбасыларда балалар олардың отбасыларының сәтсіздігі
туралы айтады
Қазақстанда отбасылық маскҥнемдіктің таралуы бойынша ресми жарияланған
статистика жоқ, алайда халық арасында маскҥнемдіктің таралуының мәліметіне
сәйкес, осы «әлеуметтік кеселдің» бейнесін кӛрсетуге болады.
2011 жылы Қазақстан бойынша ересек халықтың 100 мыңына «маскҥнемдік»
диагнозы қойылып диспансерлік есепке 1347,5 адам алынды, оның ішінде 321,2
әйелдер. Осы кӛрсеткішті ӛңірлік тҧрғыда қарастыратын болсақ, ең жағымсыз
жағдай Алматы қаласында байқалатынын кӛруге болады, онда талданатын
санаттар бойынша ең жоғары маскҥнемдік кӛрсеткіштері байқалады және
осында сәтсіз отбасылардың ең ҥлкен ҥлесі. Жағымсыз жағдай сондай-ақ
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қалыптасып
отыр..
Балалар және жасӛспірімдер маскҥнемдігінің кӛрсеткіштері қорқынышты: 14
жасқа дейінгі 100 мың балаға 14,2 маскҥнем бала, ал 15-17 жастағы 100 мың
жасӛспірімге – «маскҥнемдік» диагнозы қойылған 458,4 жасӛспірім келеді (қар.
кесте 3)
3-кесте. Маскүнемдікке салыну салдарынан диспансерлік есепте тұрған адамдардың
саны, және КІБ есепте тұрған тұрмыс жағдайы қолайсыз отбасылардың үлесі, 2011
жыл бойынша мәліметтер.
Тҧрмыс
жағдайы
қолайсыз
отбасы,
ҥлесі*
"Д" есепте тҧрған
адамдардың
саны, 100 мың
халыққа
шаққанда
"Д"
есепте
тҧрған
әйелдердің
саны, 100 мың
халыққа
шаққанда
"Д"
есепте
тҧрған
14
жасқа дейінгі
балалардың
саны, 100 мың
халыққа
шаққанда
"Д"
есепте
тҧрған
15
жастан
17
жасқа дейінгі
балалардың
саны, 100 мың
халыққа
шаққанда
Ақмола
8
1664,8
597,3
2,5
2,5
Ақтӛбе
5
1011
259,2
2,6
2,6
Алматы
8
440
111,1
0,8
0,8
Атырау
3
1539,6
248,6
-
0
ШҚО
10
2061,1
522,8
16,1
16,1
Жамбыл
6
791,1
169
0,6
0,6
БҚО
4
1405,1
355,6
0,7
0,7
Қарағанды
17
1446,1
552,4
10,8
10,8
Қызылорда
3
1530,5
129,1
0,5
0,5
Қостанай
9
1087,8
309,4
8,4
8,4
94
Маңғыстау
2
426,6
123
-
0
Павлодар
5
2091,9
648,5
7,4
7,4
СҚО
6
1773,1
327,2
9,7
9,7
ОҚО
4
605,5
96,1
0,7
0,7
Алматы қ.
7,8
3089,9
478,8
161,5
161,5
Астана қ.
3
1747,6
515
7,3
7,3
Қазақстан
6
1347,5
321,2
14,2
458,4
*Дерек кӛзі: «ҚР халқына кӛрсетілетін наркологиялық кӛмек» статистикалық жинағы 2010-
2011 жж., ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
*Сәтсіз отбасылардың ҥлесі ҚР БҒМ Балалардың қҧқықтарын қорғау комитетінің
мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы сәтсіз отбасылардың абсолютті санынан есептеліп
шығарылған.
Осылай Қазақстанда маскҥнемдік мәселесі ерлерге ғана емес, әйелдерге де,
балаларға де қатысты екенін айтуға болады. Атап айтқанда, 2008-2011 жж.
аралығында халықтың 100 мыңына есепте тҧрған адамдар саны тек 236 адамға
ғана азайды, әйелдер саны – 55-ке. Спирт ішімдіктерін ішу бойынша статистика
ӛз кӛңілсіз тенденцияларын сақтап тҧрғанша, осындай отбасылардағы
балалардың амандығы туралы айту орынсыз.
Осы зерттеу барысында сҧралған әрбір дағдарысты және бейәлеуметтік
отбасыда ата-аналардың біреуі немесе екеуі спирт ішімдіктерін ішті, есірткі
пайдалану қосымша аталды. Сҧралған ата-аналардың белгілі бір бӛлігі олардың
ӛздерінің ата-аналарының маскҥнемдік мысалына ие болды, басқаша айтқанда
отбасылық алкогольдік тҧқым қуалаушылық байқалады. Созылмалы
маскҥнемдік салдары ретінде, сҧхбаткерлер ӛздерінен ауыр тиетін психикалық
кҥйлерді (жабығу, есеңгіреу, ҥрейлер). Маскҥнемдік отбасыдағы ӛзара қарым-
қатынастарға жағымды әсерін тигізді: әрбір отбасыда дерлік спирт ішімдіктерін
ішу салдарынан жҧбайлар арасында ҧрыс-керістер, тіл тигізу, қорлау, отбасы
мҥшелеріне және ең қорқыныштысы – балаларға кҥш жҧмсау байқалды.
«Жолдасым салынып ішкеннен үйде проблемалар басталды, ол баламызға
себепсіз тиіскен. Баламыз үйден қайда кеткенін бізге айтпаған, тіпті әжесіне
оның үйінде қонып жатқанын айтуға тыйым салған. Бір күні жолдасым
баламызды іздеуге кеткен, әжесінің үйінде тапқан, қатты ұрып-соққан, оны
бас сүйек - ми зақымымен ауруханаға жатқызған. Осыдан кейін балам
күйеуіммен кездесуден қашатын болды, балам тұйық болып кетті, жаман
компаниямен араласып, оны милицияға есепке алды…» (отбасымен
сұхбаттан)
Достарыңызбен бөлісу: |