83
оған деген шексіз махаббатымның салдарынан баламнан айырылып қаламын
деген ойдан ӛте қорқамын…» (отбасымен сұхбаттан үзінді)
Ішкі (жасырын) отбасылық тұрмысының қолайсыздығы бар
отбасылар арасында, «В.В. Юстицкис ҧсынған отбасылық одақтың
жіктеуішіне сәйкес» неғҧрлым кең тараған мынадай типтер блып табылады:
1. «Сенімсіз отбасы»: отбасы қарым-қатынас жасайтын қоршаған адамдарға
аса сенімсіздікпен қарау (кӛршілерге, таныстарға, жолдастарға). Отбасы
мҥшелері барлық адамдарға сенім білдірмей, оларды ӛздерінің отбасы ҥшін жау
немесе селқос ретінде кӛреді. Осындай отбасылардан шыққан балалар қоғамға
қарсы топтардың әсеріне жиі шалдығады, себебі олар ҥшін осы топтардың
агрессия мен жау ретінде танушылық секілді психологиясы тым жақын болып
табылады.
2. «Жеңілтек отбасы»: ол болашаққа деген ешбір кӛзқарасы қалыптаспаған,
бҥгінгі кҥнін ғана ойлайтын, бҥгінгі істеген қылықтары болашақта қандай
әсерін тигізетінін ойламайтын отбасы. Осындай отбасының мҥшелері қазіргі
ойын-сауық пен ләззат алуды ғана ойлауымен ерекшеленеді. Бҧл отбасы
мҥшелерінің болашаққа деген белгілі жоспарлары болмайды.
3. «Айлакер отбасы»: ӛмірлік мақсаттарға жету жолында ептілігімен және
пысықтығымен ерекшеленеді. Бҧл отбасы керек адамға ӛзін кӛрсете біле алады,
пайдалы адамдармен араласуды жӛн кӛреді. Егер бала тәртіп ережелерін
бҧзатын болса, ата-анасы ол тәртіп бҧзушылықты талқыламай, оның
залалдарын талқылайтын болады.
Ішкі сәтсіз отбасылардың – ата-аналары балаларға кӛңіл бӛледі деп
саналатын әдеттегі қалыпты отбасылардың мҥмкін боларлық тҥрлері:
1. баланың жетістігіне бағыт алған отбасылар: ата-анасы балада жетістікке
жету қағидатын ғана тәрбиелейді, ал ол әдетте ол мәреге жетпей қалудан қатты
қорқумен бірге жҥреді. Баласының ӛмірдегі жолын ойламай анықтап, оған аса
кӛп салада жҧмыс жасауға пиғыл танытқан ата-аналарды «соқыр ата-ана» деп
атауға болады.
2. Жалған дос, жалған жау отбасылар: бҧл отбасы мҥшелері бір бірімен
шексіз қайталанатын эмоционалдық ӛзара елеу стереотиптерімен байланысқан
және бір біріне қатысты белгіленген жайғасымда орналасқан. Ол отбасы
мҥшелерінің бір-бірінен жеке тҧлғалық және психологиялық бӛлінуіне кедергі
келтіреді. Есейген кезде осындай отбасыдан шыққан бала қаншалықты мейірім
мен махаббатты қажет еткенімен, адамдардың жеке басының істеріне
араласқысы келмейді.
84
3. Белгілі адамдардың отбасылары: осындай отбасы мҥшелері, соның ішінде
балалар да қоғамның әрдайым кӛз астында болады. Осындай отбасылардан
шыққан балалардың кӛпшілігі балалық кезінен ақ ӛздерін ерекше етіп санайды.
4. Ауқатты адамдардың отбасылары: балалар ата-анасының ақшасын
қадағалаусыз пайдалана отырып, еркін ӛмір сҥруге ҥйреніп кетеді. Ал ол ӛз
тарапынан кейде ӛте нашар жағдайларға әкеліп соқтыратын жеке басының
деформациясына және іс-әрекетінің ауытқуына әкеледі. Ата-ана, әдетте әкесі
ӛзінің жҧмысына кӛп кӛңіл аударады да, ӛз балаларымен болуға уақыттары
жетпейді, оларға тек сыйлықтар беріп қана қояды.
5. Толық, формальды сәтті отбасы: осындай отбасымен алғашқы танысу
кезінде толық отбасылық тҧрмысының қолайлығы анықталады. Бірақ оларды
аса терең зерделеген кезде тереңде жатқан қиын проблемаларды кӛруге
мҥмкіндік береді. Осындай отбасыларда жасӛспірімге деген кӛзқарастың
әртҥрлі болуы жасырылмайды. Ата-анасы ӛз талаптарын белгілі бір тәртіппен
жеткізбейді, олар ӛз балаларының мінездемелік ерекшеліктерін тҥсінуге
тырыспайды. Бала ата-анасы арасындағы қиын қарым-қатынас кезінде тӛреші
болатын жағдайлар да жиі кездеседі»
44
.
Сонымен қатар Шекаралас отбасыларды да бӛліп атауға болады:
1. Қабілеті жоқ мүшелері бар отбасылар: стрессогенді жағдай,
жҧбайлардың ӛзара қарым-қатынасының тҧрақтылығына теріс әсерін тигізеді
және баланың айналасында арнайы әлеуметтік және психологиялық фон
қалыптастырады, ал ол ӛз тарапынан баланың жеке қасиеттерінің
қалыптасуына әсерін тигізбей қоймайды. Ата-анасының невроздары мен
психоздары болуы мҥмкін. Аурудың кҥрделі болуы соншалықты, балаға деген
қатал кӛзқарас садизмдік, қылмыстық сипат алуы да ықтимал. Мҥгедек және
созылмалы аурулармен ауыратын балалары бар отбасылар: балалардың
осындай отбасыда тҧруының кӛптеген қиындықтары, олар шартты тҥрде екі
топқа бӛлінеді: бірінші – отбасы ауру баланың жағдайына қаншалықты әсерін
тигізеді, екінші – созылмалы аурумен ауыратын ауру баланың жағдайы
отбасындағы психологиялық климатты қаншалықты ӛзгертеді.
2. Отбасылық рольдер құрылымы бұзылған отбасылар – бҧл тҧлға аралық
рольдер ӛз қҧрылымына және мазмҧнына қарай отбасы мҥшелеріне психикалық
жарақат ететін отбасылар (патологизирленген отбасылық рольдер). Олар
отбасының әлеуметтік ортамен немесе отбасы ішінде тікелей қарым-қатынас
жасау нәтижесінде пайда болуы мҥмкін.
44
В.М. Целуйко «Сіз және Сіздің балаларыңыз. Отбасы психологиясы», 2004
85
«Менің әйелім тұрмыс жағдайы тӛмен отбасыдан шыққан, оның ата-
анасы маскүнемдікке салынып, кӛп ішкен, әсіресе анасы, ағасы қамауда
отырған. Кішкентай кезінен жақсы ӛмір кӛрген жоқ, ӛзі мұның
жамандығы жоқ деп ойлайды. Қазір ӛзі де ішеді, ауру екенін
түсінбейді…. Ӛте қатыгез болып кетті, балағаттап, жаман сӛздер
айту ол үшін қалыпты жағдайға айналды, баланы ұрады…» (бұрынғы
бейәлеуметтік отбасымен сұхбаттан).
«Басында бізде барлығы жақсы болды, тек күйеуім нашақорлық пен
маскүнемдікке салынбағанда ғой. 3-5 күн бойы үйге қонуға келген жоқ, ал
егер келсе, түрі жаман, аш, арықтап келеді. Күйеуімнің ата-анасы мені
жұбатып, бала туғанда жолдасым түзеледі деп айтқан. Бала туғаннан
кейін барлығы одан да жаман болды. Ерте тудың деп күйеуім мені
кінәлаған, пәтеріміз болмаған, жұмыстан шығарып жіберген. Кӛп
жыладым, бірақ шыдадым. Ішуді қояды, мені түсінеді деп үміттенгем.
Бұлай енді болмайды, бұл ауру екенін бір күні түсіндім, одан кетемін
деген шешім қабылдадым…» (бейәлеуметтік отбасымен сұхбаттан).
«Менде барлығы жақсы болған, аңсап күткен баламды құшағыма
бастым. Балам ӛскенше барлығы жақсы болды. Жоқшылықты оған
ешқашан кӛрсеткен жоқпын, бір рет сұраған бір затын сатып алуға
мүмкіндігім жоқ болғандықтан ұрыс басталған. Балам қатыгез болып,
ұрыс-жанжал шығаратын болды. Менің оған деген шексіз
махаббатымның салдарынан баламнан айырылып қаламын деген ойдан
ӛте қорқамын. Мәселелер мектепте және үйде басталды. Мектептегі
тәртіп «2», үйде қатты ашуланады, қандай себеп болса да, біресе
айғайлайды, біресе жылайды, біресе күледі, ол үшін маған ӛте
қорқынышты…» (конфликтті отбасымен сҧхбаттан).
4.2. Ӛмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың статистикасы
2011 жылғы Сандж зерттеулерінің қорытындысы бойынша отбасы сҧрау
қойылған Қазақстанның тҧрғындарының 63% ҥшін ең бағалы нәрсе болып
табылатын болса да, ҚР БҒМ Балалар қҧқықтарын қорғау жӛніндегі комитеттің
ресми статистикасы бойынша КТИ есепте тҧрған отбасылардың саны іс
жҥзінде тӛмендемейді. Осылайша, 2010 жылы осындай отбасылар саны 13 038
болса, 2011 жылы - 12 866, айырмасы тек қана 172 отбасы. Ӛңірлік қимада
абсолюттік кӛрсеткіштерді салыстыру кӛрсеткендей, тҧрмысы қолайсыз
отбасылардың ең кӛп ҥлесі Қарағанды облысында (2180 отбасы), Қостанай
Достарыңызбен бөлісу: |