Жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолыңда — демекші ата-ана мен баланың дайындаған «Бала арманы» үй тапсырмасын тамашалайық. Бұл бөлім үш критерий (өлше) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, әртістік шеберлігі, АКТ-ны қолдануы.
1. Мұратовтар отбасы — Ерасылдың арманын сахналау түрінде көрсетеді. Бала мен анасынын диалогы, «Аңса жаным» әнін орындау.
2. Ахметовтар отбасы — Аяжанның арманы «Арман журналы» түрінде ұсынылады.
Аяжан: Арманға бірге барайық,
Әуелеп әнге салайық.
Қазақ елінің кірпішін,
Бәріміз бірге қалайық.
Ән «Бала тілегі» Аяжан — орындайды, анасы — сурет салады.
Аяжан: Әкем біреу, анам біреу менің,
Мен жығылсам сүйелер тілеулерім.
Олар барда — мереке,
Әлемге тіршіліктің жылуы таралады.
3. Оразгалиевтер отбасы — Әрсеннің арманы «Әрсеннің түсі» — релаксация түрінде өтеді.
Анасы: Қане, барлығымыз денелерімізді бос ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңыздар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар.
Әрсеннің түсін тамашалайды.
Әрсен:
Ғарышкер болу арманым,
Арайлап атқан таңдарда.
Әубәкіров Тоқтардай,
Қуантқан әркез жан-жағын.
Ғарышкер асыл ағалар,
Көк аспанды аралар.
Ғарышкер болсам деп айтар,
Араңызда бала бар.
Арманы асқақ баланың,
Үміттің отын жағамын.
Ғарышкер боп өскенде,
Оттай лаулап жанамын!
Биіктер менің талабым!
Жүргізуші: (қорытынды сөз): Балалардың армандары бүкіл адамзатқа ортақ. Қай тілде бала сөйлемесе де, оның болашағы, аңсаған арманы, кейін мақсаты ата-анасына байланысты. Бұл сайысты Мұхтар Шахановтың «Арман» өлеңінің жолдарымен аяқтағым келеді:
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
Әділ қазы мүшелерінен үй тапсырмасына берген берген бағаларын сұрасақ.
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәйгеге білімділік — деп, сайысымыздың 3 бөлімі — «Сұрақ-жауап» сайысын бастайық. Отбасыдағы жағдайларға байланысты бейнесюжет ұсынылады. Мұнда берілген жағдайды келесі екі отбасы пікір алмасу түрінде ойларын айтып, нұсқа береді. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, орындау шеберлігі, тақырыптың өзектілігі.
1. Мұратовтар отбасы 1 жағдай — «Дүкендегі жағдай»
Маман пікірі Нургельдина Роза Габдуловна
2. Ахметовтар отбасы 2 жағдай — «Компьютердің пайдасы мен зияны»
Маман пікірі Төлеутайев Еркебулан Әділетұлы
3. Оразгалиевтер отбасы 3 жағдай — «Баланың таңғы оянуы»
Маман пікірі Омертаева Эльмира Ардақовна
Әділ қазы мүшелерінен жағдаяттар сайысына берген бағаларын сұрасақ.
Қорытынды сөз: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды — демекші бір-бірімізге әрқашан көмектесейік.
Сынып ішінде бір-бірімізге көмектесе білдік, ал бүкіл адамзатқа қандай көмек көрсетуге болады? Оны келесі бөлімде анықтаймыз. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беріліуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, оның барлық өміріне апат әкеледі» — деп, Әл-Фараби бабамыздың сөзінде өзекті түйіні бар. Тәрбие дегенде өзі бірінші ойға келетін ұғымдар — адамгершілік, тазалық. Жеке тұлғаның қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынасы және мәдениет пен жауапкершілік . Ендеше келесі сайысымызда қоршаған ортаның маңызды бөлімдерін таңдап, қоллаж тәсілімен безендіріп, оның мазмұнын отбасы тақырыбымен байланыстырып ашу көзделеді. Интернет ресурс, құнсыз қолдануға болады. Бұл бөлім үш критерий бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, берілген материалдың қолданылуы, сөз көркемдігі. Сиқырлы қоржын ұсыну. Қоржынның ішінде түрлі құнсыз заттар.
Достарыңызбен бөлісу: |